Файл: Білім беру бадарламасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 54

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ


«БЕКІТЕМІН»

Ректор _______________________

тар.ғ.д., академик Қожамжарова Д.П.

«_____»______________20____ж.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6B01532-«Информатикажәне робототехника»



Тіркеу номері

6В01500259

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6B01 Педагогикалық ғылымдар

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау

Білім беру бағдарламаларының тобы

B011 Информатика мұғалімдерін даярлау

Білім беру бағдарламасының түрі

Ағымдық БББ

ББХСЖ бойынша деңгейі

6

ҰБШ бойынша деңгейі

6

СБШ бойынша деңгейі

6

Оқу тілі

қазақша, орысша, ағылшынша

Типтік оқу мерзімі

4 жыл

Оқу нысаны

Күндізгі, кешкі

Білім беру бағдарламасының еңбек сыйымдылығы, кем емес

243 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

жоқ

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

Серіктес-ЖОО (ҚДББ)

-

Әлеуметтік серіктес(ҚББ)

-



Шымкент, 20_ ж.
Құрастырушылар:


Т.А.Ә.


Қызметі

қолы

Жайдакбаева Л.К.


«Информатика» кафедрасының меңгерушісі




Айашова А.П.


Аға оқытушы




Адырбекова Г.М.


ЦПУП ДАВ бастығы




Куракбай О.


ЕП-16-5к тобының студенті




Семей А.


ЕП-16-5к тобының студенті




Оспанова Ж.


Т.Тажибаев атындағы №47 мектеп-гимназия директоры



МО



Білім беру бағдарламасы Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық Жоғары мектебінің Әдістемелік комиссиясында қаралды/ _____инновациялық технологиялар бойынша оқыту және әдістемелік қамтамасыз ету комитетінде қаралды, «_____» __________20___ж. №_____ хаттама.
ӘК (комитет) төрағасы ________________ Бозшатаева Г.Т.


М.Әуезов атындағы ОҚУ Оқу-әдістемелік Кеңесінің мәжілісінде талқыланып, бекітуге ұсынылды

_______________ ж. №___хаттама.


Университет Ғылыми Кеңесінің шешімімен бекітілді

«____» __________20__ж. №_____хаттама.

МАЗМҰНЫ





Кіріспе






Білім беру бағдарламасының паспорты






Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері






Білім беру бағдарламасын бітіруші түлектің құзыреттері




4.

Білім беру бағдарламасының модульдер кескінінде меңгерілген кредиттер көлемімен көрсетілген жиынтық кесте




5.

Пәндер туралы мәліметтер







Келісу парағы







Қосымша 1. Жұмыс берушінің пікірі







Қосымша 2. Сараптамалық қорытынды





Кіріспе

  1. Қолдану аясы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ШЖҚ РМК М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде шифр «6B01532 Информатика және робототехника»білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар дайындауды жүзеге асыруға арналған.


  1. Нормативтік құжаттар

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (04.07.2018 ж. енгізілген өзгертулер мен толықтыруларымен);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылдың 31 қазанында №17657 болып тіркелген);



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығына 2018 жылғы 12 қазандағы №563 бұйрығымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларымен;

«Атамекен» ПҒПП бекіткен «Мұғалім» кәсіптік стандарты (№ 133, 08.06.2017 ж.), «Деректер қорды басқару», «Бағдарламалық жасақтама әзірлеу», 2017 жылғы 17 шілдедегі №171 бұйрық, «Компьютерлік жүйелердің инфрақұрылымы» (бұйрық No 259 24.12.2018 ж.).

2016 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу салалық үш жақты комиссиясының отырысының №2 хаттамасымен бекітілген білім беру саласындағы біліктіліктің салалық шеңбері.
3. Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты университеттің миссиясына сәйкес және білімі үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін, кәсіпкерлік дағдыларды игерген, үш тілді еркін меңгерген, тұжырымдамалық, аналитикалық және логикалық ойлауға қабілетті, кәсіби қызметке шығармашылықпен қарайтын, ұлттық және интернационалдық ұжымда жұмыс істеуге қабілетті, өмір бойы оқу стратегиясын қолдайтын еліміздің зияткерлік элитасын дайындауға бағытталған.

Білім беру бағдарламасы ҚР Ұлттық біліктілік шеңберінің 6 деңгейімен, Дублин дескрипторларымен, Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің біліктілік шеңберінің 1 циклімен, (A Framework for Qualification of the European Higher Education Area), сонымен қатар өмір бойы білім алу үшін Еуропалық біліктілік шеңберінің 6 деңгейімен (The European Qualification Framework for Lifelong Learning) үйлесімділікте.

Білім беру бағдарламасы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру арқылы стейкхолдерлердің талаптарын ескере отырып түзетілген ғылыми-зерттеу, тәжірибелік және кәсіпкерлік қызметтің қажетті түрлерімен байланысты кәсіби және әлеуметтік тапсырысқа бағытталған.

«6B01532 Информатика және робототехника»білім беру бағдарламасының ерекшелігі қолданбалы бағдарламалау, ақпараттық және желілік қауіпсіздік, вирустардан және желілік шабуылдардан, ақпараттық коммуникациялардан, компьютерлік жүйелер архитектурасынан ақпаратты қорғау саласындағы іргелі білімді қамтамасыз ету болып табылады. Осы білім беру бағдарламасымен студенттерді оқыту келесі бағыттар бойынша студенттерге кең мүмкіндіктер ұсынады: әртүрлі салалардағы қолданбалы мәселелерді шешу, компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу, қазіргі заманғы бағдарламалау парадигмалары негізінде жоғары деңгейлі тілде бағдарламалау. Оқу деңгейі компьютерлер мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы түлектердің әртүрлі қызмет салаларында сұранысқа ие болуына мүмкіндік береді.


Білім беру бағдарламасы Болон процесінің принциптерін, студенттерді орталықтандыра оқыту, қол жетімділік пен инклюзивтілікті қолдана отырып, білім беру процесін ұйымдастыру арқылы оқыту нәтижелеріне жетуді мақсат тұтады.

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелеріне келесідей оқу іс-шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізіледі:

- аудиториялық сабақтар: дәрістер, семинарлар, практикалық және зертханалық сабақтар – инновациялық оқыту технологияларын, ғылым, технологиялар мен ақпараттық жүйелердің жаңа жетістіктерін қолдану арқылы жүргізіледі;

- сабақтан тыс сабақтар: білім алушының өзіндік жұмысы, оның ішінде оқытушының басшылығымен, жеке кеңес беру сабақтары;

- кәсіптік практиканы жүргізу, выполнение курстық және диплом жұмыстарын (жобаларын) орындау.

Университетте академиялық адалдық пен академиялық еркіндікті қолдауға, білім алушыға көрсетілген төзбеушілік және кемсітушіліктің кез келген түрінен қорғауға байланысты шаралар қабылданған.

Білім беру бағдарламасының сапасы оны әзірлеуге және бағалауға стейкхолдерлерді тарту мен оның мазмұнына жүйелі түрде мониторинг және шолу жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.
4. Оқуға түсушілерге қойылатын талаптар
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 31.10.2018ж. №600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленген.

1. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫ
1.1 Мамандық бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Жалпы білім беру жүйесінде математиканы оқыту әдістемесі мен педагогика саласында теориялық, практикалық білімді меңгерген математика бакалаврларын дайындау.
Білім беру бағдарламасының міндеттері:

- қоғамда әлеуметтік-жауапкершіліктік тәртіпті қалыптастыру, кәсіби әдеп нормаларын түсіне білу және оны сақтау;

- бүкіл өмір бойы оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін, кәсіби мансапта кездесіп отыратын барлық өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын базалық бакалавр дайындығын қамтамасыз ету;

- жалпы жоғары интеллектуалдық даму деңгейіне жету үшін жағдай жасауды, сауатты, әрі жетік сөйлей білуді, ойлау мәдениеті мен компьютерлік және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық технологиялар саласында еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдыларымен қамтамасыз ету;


- интеллектуалдық, физикалық, рухани, эстетикалық жағынан дамуы, компьютерлік техника мен IT-технологияны қолданатын облыстарда бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру, олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін немесе келесі оқу деңгейлерінде оқуын жалғастыруларына жағдай жасау.
1.2 Біліктілік және қызметтер тізімі
Осы білім бағдарламасы бойынша бітірген түлекке "білім бакалавры" дәрежесі беріледі.

«6B01532 Информатика және робототехника» ЕП бакалаврлары негізгі лауазымдарды атқара алады:

ОП 6В01530-Информатика мамандығы бойынша бакалаврлар басшылар лауазымдарына қойылатын біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтіліне қойылатын талаптарды ұсынбай жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, гимназияларда информатика мұғалімі және орта кәсіптік оқу орындарында информатика мұғалімі лауазымдарын атқара алады. , мамандар мен басқа да қызметкерлер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген.

1.3 Білім беру бағдарламасын бітірген түлекке біліктілігі туралы сипаттама
1.3.1 Кәсіби қызмет саласы

Кәсіби қызмет саласы білім беру саласы, оның ішінде жалпы білім беру ұйымдарында, білім беру мекемелері мен орталықтарда балалар мен оқушы жастарға білім беру және дамыту; білім беру ұйымдары, оның ішінде көптілде оқытатын мектептер, лицейлер, гимназиялар болып табылады.
1.3.2 Кәсіби қызмет нысандары

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері:

- орта және кәсіптік білім беру ұйымдары (мектептер, лицейлер, гимназиялар, кәсіптік колледждер);

- ғылыми-зерттеу институттары (информатика, қолданбалы математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми-зерттеу орталықтары);

- математикалық әдістерді, компьютерлер мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, интерактивті технологияларды қолданатын білім беру бөлімдері;

- өз қызметінде қолданбалы математика және есептеуіш техника әдістерін қолданатын әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар;

- педагогикалық шеберлік орталықтары;

- кәсіпкерлік құрылымдар;

- кәсіпкерлік.
1.3.3 Кәсіби қызмет пәндері

«6B01532 Информатика және робототехника» БББ бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет пәндері: