Файл: Білім беру бадарламасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 52

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- оқу-тәрбие процесі оның құндылық-мақсатты бағдарларының, мазмұнының, әдістерінің, формалары мен нәтижелерінің бірлігінде;

- математика, қолданбалы математика, педагогика, психология және математиканы оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми-зерттеу, инновациялық, ақпараттық-талдау қызметі.

- желілік технология және роботты жобалау.
1.3.4 Кәсіби қызмет түрлері

«6B01532 Информатика және робототехника» БББ мамандығы бойынша бакалавр келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:

• ғылыми-зерттеушілік;

• ғылыми-техникалық;

• ғылыми-өндірістік;

• ұйымдастырушы-басқарушылық;

• білім беру.
2. Білім беру бағдарламасы бойынша оқу нәтижелері
ОН1 Кәсіби ортада және социумда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса алу

ОН2 Жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік салаларда, математикалық деректерді өңдеу әдістерінде, теориялық және эксперименттік зерттеулер, нормативтік құжаттар және элементтері экономикалық талдау бойынша білімін кәсіби қызметте көрсету

ОН3 практикалық есептерді шешу үшін математикалық әдістері мен есептеу техникасын қолдану; салыстырмалы параметрлерін талдау; олимпиада есептерін шешу әдістері мен негізгі идеясын информатика пәнінде, қиындығы жоғары есептерде пайдалану; жергілікті технологиялар және корпоративтік компьютерлік желілерді принциптері әкімшілендіру; сондай-ақ қолданбалы хаттамалар және сервистер INTERNET

ОН4 Өзінің болашақ мамандығы бойынша әлеуметтік талдаулар жүргізу, педагог қазіргі қоғамдағы ролі; сондай-ақ заманауи мектептегі оқу-тәрбие процесінің құрылымдық компоненттері туралы тұжырымдамалар қалыптастыру

ОН5 Танымдық құралдарын және әдістерін пайдалану, оқыту және өзін-өзі бақылау, интеллектуалды даму, мәдени деңгейін көтеру, кәсіби құзыреттілік; сондай-ақ, алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану

ОН6 критериалды бағалау жүйесін білім алушылардың оқу жетістіктерінің аясында жаңартылған білім беру мазмұнын сәйкес білу


ОН7 педагогика және психология салалары бойынша білімдерді меңгеруі, теориялық білімдерді кәсіби қызметте критериалды бағалау ескере отырып қолдану, ақпараттарды басқару, кешенді мониторингін жүзеге асыру негізінде психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез, қабілетті болу, педагогикалық рефлексия, үнемі зерттеу мәдениеті жетілдіруге ұмтылу; педагог кәсіби борышын сезіну, педагогикалық қызметің нәтижелері үшін жауапкершілікті білу.

ОН8 инклюзивті білім беру жағдайында баланың дамуының бұзылу түрлері бойынша әсер ету жобасының бағытын түзету

ОН9 қолданбалы есептерді шығара білу, базалық алгоритмдер, ақпаратты өңдеу, орындауға, бағалауға, бағдарламалауға, ақпараттық жүйе құру, жасанды интеллект жүйесіндегі нейрондарды құру, робот құрастыру дағдысы болуы тиіс, алынған нәтижелер бағалау және бағдарламаларды сынамадан өткізу

ОН10 өзінің біліктілігі және оның қажеттілігін сыни тұрғыдан бағалай білу, жинақталған практикалық тәжірибені қайта ой елегінен өткізу, қажет болған жағдайда өзінің кәсіби қызметіннің түрі мен сипатын өзгерту.

ОН11 Зерттеушілік, кәсіпкерлік дағдылары мен жұмыс дағдыларын өз саласында пайдалану

ОН12 жеке және команда мүшесі ретінде де тиімді жұмыс істеу, өз көзқарасын дәлелдей білу, іс-әрекеттерді түзете және әртүрлі әдістерді пайдалануға болады

3 БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН БІТІРУШІ ТҮЛЕКТІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ
3.1 Білім беру бағдарламасы бойынша оқуын табысты тәмамдау түлектің келесідей құзыреттіктерін қалыптастыруға ықпал етеді:

  • шешуші құзыреттіліктер (ШҚ)

  • кәсіби құзыреттіліктер (КҚ).

Шешуші құзыреттіліктер:

(ШҚ1) ана тілі саласында

- жаратылыстану-ғылыми білім беру саласындағы түсініктерді, ойларды, фактілер мен пікірлерді жазбаша және ауызша түрде (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) білдіру және түсіну, сондай-ақ қоғамдық және мәдени мәнмәтіндердің барлық алуан түрлерінде лингвистикалық сәйкес және шығармашылық түрде өзара әрекет ету: оқу кезінде, жұмыста, үйде және бос уақыттарда;

(ШҚ2) шет тілдері саласында

- шет тіліндегі коммуникациялардың негізгі дағдыларын – кәсіби саладағы ұғымдар, фактілер мен пікірлерді тиісті әлеуметтік және мәдени контексте ауызша және жазбаша түрде (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу) түсіну, білдіру және түсіндіру дағдыларын, медиация және мәдениетаралық түсінік дағдыларын меңгеру қабілеті;



(ШҚ3) іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық

- ЖОО-да математикалық, жаратылыстану-ғылыми, техникалық пәндерді оқытуда білім беру әлеуетін, тәжірибесі мен жеке қасиеттерін қолдана білуге дайын болу және меңгеру, кәсіби міндеттерді шешуде бақылау және бағалау тәсілдерін айқындау, математикалық және жаратылыстану-ғылыми жағынан ойлауды дамыту қабілеті;

(ШҚ4) компьютерлік

- жұмыста, бос уақытта және коммуникацияларда заманауи ақпараттық және сандық технологияларды сенімді, әрі сыни тұрғыда пайдалану, оларды қолдануда, қалпына келтіру, бағалау, сақтау, өндіру, таныстыру және компьютер арқылы ақпарат алмасу дағдыларын меңгеру, кәсіби қызмет саласында Интернет арқылы ынтымақтас желілерде қарым-қатынас жасау және қатысу қабілеті;

(ШҚ5) әлеуметтік

- қоғамдық пікірге, дәстүрлер, салттар, нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды меңгеру және оларға өзінің кәсіби қызметінде сүйене білу қабілеті; Қазақстан халықтарының мәдениетін білу және олардың дәстүрлерін сақтауға бағытталу; Қазақстанның құқықтық жүйесінің негіздері мен заңнамасын білу; қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу; түрлі әлеуметтік жағдайларда жұмыс істей білу; мәмілеге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен сәйкестендіре білу; іскери әдеп нормаларын, әдеп және құқықтық нормаларды меңгеру; кәсіби өсу және жеке тұлға ретінде дамуға талпыну; командамен жұмыс жасай білу, өз көзқарасын жетік дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсына білу; басқа индивидтарға қатысты толеранттылық таныта білу қабілеті.

(ШҚ6) экономикалық, басқарушылық және кәсіпкерлік

- экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін білу және түсіну; экономикалық білім негіздерін меңгеру; сыни ойлау, интерпретация, талдаудың креативтілігін, қорытынды шығару, бағалау дағдыларын меңгеру; кәсіби міндеттерге қол жеткізу үшін жобаларды басқару, персоналды басқара білу, кәсіпкерлік дағдыларын көрсете білу қабілеті.

(ШҚ7) оқыту

- информатика және ақпараттық технологиялар саласындағы базалық білімді меңгеру, негізгі түсініктерді, заңдарды, теориялар мен процестерді түсіндіруге және қолдануға, оларды ақпараттандыру міндеттерін шешуге қолдануға, есептерді орындауға, нәтижелерді талдауға және қорытындыларды шығаруға, ғылыми-зерттеу қызметін табысты жүзеге асыруға; критериалды бағалауды, педагогикалық инновацияларды және технологияларды ескере отырып, студенттердің психологиялық және физиологиялық дамуын, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар және олардың әртүрлі жас кезеңдеріндегі білім беру үдерісіндегі көріністерін білу, педагогиканың, психологияның және кәсіби қызметтегі оқытудың әдістерін білу олардың педагогикалық дағдыларын дамытуға ұмтылу; магистратурада кәсіптік күнделікті іс-әрекеттер мен үздіксіз білім алу үшін қажетті жаңа білім алу дағдыларын қалыптастыру;


(ШҚ8) мәдени дайындау

- Қазақстан халқының дәстүрі мен мәдениетін білу және түсіну, әлемнің басқа халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне толерантты болу, толеранттылықта төзімділік таныту, жоғары рухани қасиеттерге ие бола білу, зиялы адам ретінде қалыптасу қабілеті.

(ШҚ9) қосымша құзыреттіліктер

- сыни ойлай білу, түсіндіру, шығармашылық талдау, қорытынды шығару, бағалау дағдыларын меңгеру; креативті және белсенді өмірлік позициясы бар болуы; кәсіби сипаттағы тәуекел және белгісіздік жағдайларда шешім қабылдай алу қабілеті.

Кәсіби құзыреттіліктер:

КҚ1 - Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби орта мен социумда еркін қарым қатынас жасай алады.

КҚ2 - Кәсіби қызметте жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік білімдерді, деректерді математикалық өңдеу әдістерін, теориялық және эксперименттік зерттеулерді, нормативтік құжаттарды және экономикалық талдау элементтерін қолдана алады.

КҚ3 - Ақпараттық және есептеу техникасы сауаттылығына, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған қол жеткізу жолдарын меңгереді.

КҚ4 -Педагогикалық үдерісті диагностикалық және түзету жұмыстарында кезінде психологиялық-педагогикалық жобалау әдістері мен техникасын меңгеру, оларды өзінің кәсіби қызметінде тиімді пайдалану;

КҚ5 – Мектеп информатика және робототехника есептерін шешу дағдыларын меңгеру, өзінің кәсіби қызметінде оқытудың түрлі әдістерін қолдану.

КҚ6- Педагогикалық, оқу-тәрбиелік және ғылыми-әдістемелік міндеттерді шешу кезінде алған білімдерін оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерімен кәсіби ұйымдастыру.

КҚ7- Педагогикалық ынтымақтастықты ұйымдастыру дағдылары (мұғалім-оқушы, мұғалім-мұғалім, мұғалім-ата-ана);стандартты емес жағдайларда тез және дұрыс шешім қабылдай білу.

КҚ8-Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал ететін информатиканы оқытудың инновациялық технологияларын кәсіби қолдану;

КҚ9- Ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен енгізудің отандық және шетелдік тәжірибесін пайдалану; бағдарламалық қамтамасыз ету мен деректердің проблемаларын шешу; ұйымның интернет-ресурстарының құрылымы мен сервистеріне қойылатын талаптарды сақтай отырып, теориялық, іргелі және Қолданбалы информатика білімі негізінде қазіргі заманғы аспаптық құралдарды қолдана отырып бағдарламалау. Тестілік мысалдардың сапасын тексеруді жүргізу


КҚ10- Педагогикалық (оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу) қызметінің нәтижелілігін сыни талдау негізінде білім беру сапасын арттыру.

КҚ11- Жағдайында зерттеу жұмыстары, кәсіпкерлік дағдылар мен жұмыс кезінде цифрландыруды тиімді пайдалану.

КҚ12- Жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өз көзқарасын дәлелдеу, өз әрекеттерін түзетуде түрлі әдістерді қолдану.

3.2 Білім беру бағдарламасы бойынша оқу нәтижелері мен модульдердің жалпы қалыптасқан құзыреттіліктері ара қатынасының матрицасы





ОН1

ОН2

ОН3

ОН4

ОН5


ОН6

ОН7

ОН8

ОН9

ОН10

ОН11

ОН12

ШҚ1

+


































ШҚ2

+


































ШҚ3




+

+




























ШҚ4










+

























ШҚ5

























+







+

ШҚ6






















+







+




ШҚ7































+




ШҚ8



















+
















ШҚ9
















+






















КҚ1













+

+













+




КҚ2

+































+

КҚ3



















+
















КҚ4










+













+










КҚ5










+

























КҚ6




























+







КҚ7




+
















+




+