Файл: Негізгі орта білім беру дегейіні 59сыныптарына арналан "азастан тарихы" оу пні бойынша лгілік оу бадарламасы 1тарау. Жалпы ережелер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 252
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
21. -тоқсандағы бөлімдер және бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
22. Осы оқу бағдарламасы Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады.
23. Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар білім алушылардың ойлау қабілетін белсендіретін және олардың сын тұрғысынан ойлау, проблемалық сұрақ қою, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған.
3-параграф. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар
1) 5-сынып:
Бөлім | Тақырыптар | Оқыту мақсаттары |
1-тоқсан | ||
1-бөлім. Терімшілер-аңшылардан бастап егіншілер мен мал өсірушілерге дейін | Алғашқы адам қалай пайда болды? | 5. 1. 1. 1 түрлі теориялар негізінде адамның пайда болуын түсіндіру; 5. 1. 1. 2 адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа секілді алғашқы бірлестік формаларын және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру |
Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған? | 5. 2. 2. 1 ежелгі адамдардың тұрмыс салтын сипаттау үшін "алғашқы қауымдық өнер" ұғымын пайдалану; 5. 2. 1. 2 тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу | |
Неліктен адамдар егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналыса бастады? | 5. 4. 1. 1 кәсіп және шаруашылық түрлерін (терімшілік, аңшылық, балық аулау, егіншілік, мал шаруашылығы, металл өңдеу, айырбас сауда) сипаттау; 5. 4. 1. 2 "неолиттік төңкеріс" ұғымын түсіндіру, оның мәнін ашу; 5. 4. 2. 1 экономикалық ілгерілеуді түсіну үшін шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерін салыстыру | |
2-бөлім. Өзен алқаптары өркениеттері | Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды? | 5. 4. 1. 3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау |
Өзен алқаптарындағы өркениеттер туралы қалай біле аламыз? | 5. 4. 1. 3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау; 5. 2. 2. 3 ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру | |
3-бөлім. Ежелгі Египет | Неліктен Египет "Қара жер" деп аталған? | 5. 2. 4. 2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау; 5. 4. 1. 3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау |
Ежелгі Египет пирамидалары қалай салынды? | 5. 2. 1. 2 тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу; 5. 2. 2. 2 Ежелгі Египет ғибадатханалары мен пирамидаларын сипаттау; 5. 1. 2. 1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау | |
Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді? | 5. 1. 2. 1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау; 5. 4. 1. 3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау | |
Ежелгі Египет тұрғындарының өмірі туралы Тутанхамон табытханасы қандай сыр шертеді? | 5. 2. 1. 2 тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу; 5. 2. 2. 2 Ежелгі Египет ғибадатханалары мен пирамидаларын сипаттау; 5. 1. 2. 1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау | |
2-тоқсан | ||
4-бөлім. Қос дөңгелекті арбалар және империялар | Қос дөңгелекті арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті? | 5. 3. 2. 1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін "империя" ұғымын білу және пайдалану; 5. 3. 2. 2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау |
Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды? | 5. 3. 2. 1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін "империя" ұғымын білу және пайдалану; 5. 3. 2. 2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау | |
Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды? | 5. 3. 2. 2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау; 5. 1. 2. 1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау; 5. 4. 1. 3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау | |
Ежелгі Орта Азия империялары қаншалықты қуатты болды? | 5. 3. 2. 2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгерткенін талдау; 5. 1. 2. 1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау; 5. 4. 1. 3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау | |
5-бөлім. Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің салтанат құруы | Ежелгі Мохенджо-Даро қаласы қалай жойылып кетті? | 5. 4. 1. 3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау; 5. 2. 2. 3 ежелгі дүние өнеріне сипаттама беру |
Неліктен Ежелгі Үндістанда индуизм буддизмнен басым болды? | 5. 1. 2. 3 қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін "касталық жүйе" ұғымын қолдану; 5. 2. 1. 3 ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау | |
Ежелгі сауда орталығы ретіндегі Үндістанның рөлі қаншалықты маңызды болды? | 5. 4. 1. 3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау; 5. 2. 4. 2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау | |
Ежелгі Үндістанда ғылыми білімдер қаншалықты дамыды? | 5. 2. 4. 2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын анықтау | |
3-тоқсан | ||
6-бөлім. Ежелгі Қытай | Ежелгі Қытайдың ойшылдары нені үйретті? | 5. 2. 3. 1 ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру |
Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді? | 5. 3. 1. 1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау | |
Ежелгі Қытайдың қандай ғылыми жаңалықтары бүгінгі күнге дейін жетті? | 5. 2. 4. 2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау | |
7-бөлім. Ежелгі Грекия | Ежелгі Грекия өркениеті бастауын қайдан алады? | 5. 2. 2. 3 ежелгі дүние өнеріне сипаттама беру |
Неліктен Ежелгі Грекияны демократияның отаны деп атайды? | 5. 3. 1. 1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау; 5. 3. 1. 2 Афина мемлекетінде демократияның пайда болуын түсіндіру; 5. 1. 2. 1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау | |
Ежелгі Спарта Афиныдан несімен ерекшеленді? | 5. 3. 1. 1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау; 5. 1. 2. 1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау | |
Неліктен Александр Македонский скифтерді бағындыра алмады? | 5. 3. 2. 1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін "империя" ұғымын білу және пайдалану; 5. 3. 2. 2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау | |
8-бөлім. Ежелгі Грекия мәдениеті | Ежелгі Грек философтары мінсіз қоғамды қалай елестетті? | 5. 2. 3. 1 ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру |
Ежелгі Грекия өнері қандай болды? | 5. 2. 2. 3 ежелгі дүние өнеріне сипаттама беру | |
Ежелгі Грекияның гимназия, лицей, академиялары нені үйретті? | 5. 2. 4. 2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау; 5. 2. 4. 1 ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың рөлін сипаттау | |
4-тоқсан | ||
9-бөлім. Рим империясының гүлденуі | Рим ежелгі дүниенің ең қуатты империясына қалай айналды? | 5. 3. 2. 1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін "империя" ұғымын білу және пайдалану; 5. 3. 1. 1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін анықтау; 5. 3. 2. 2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау |
Ежелгі римдік қоғамның дамуы мәдениет арқылы қалай айқындалады? | 5. 1. 2. 1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау; 5. 2. 2. 3 ежелгі дүние өнеріне сипаттама беру | |
Спартактың көтерілісі ежелгі Римдегі құлдықты қалай сипаттайды? | 5. 1. 2. 2 ежелгі дүниедегі құлдықтың ерекшеліктерін анықтау; 5. 3. 2. 3 Ежелгі Римдегі Спартак көтерілісін сипаттау, себептерін анықтау | |
10-бөлім. Дәуірлер кезеңіндегі Рим | І-ІІІ ғасырларда Рим империясы қалай дамыды? | 5. 3. 2. 2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін түсіндіру; 5. 2. 1. 3 ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау; 5. 2. 1. 1 негізгі діни ұғымдарды (Құдай, ғибадатхана, абыз, қасиетті жазбалар, пұт) түсіндіру |
IV-V ғасырларда Рим империясы қалай өзгерді? | 5. 3. 2. 2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін түсіндіру; 5. 2. 1. 3 ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау | |
Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай? | 5. 2. 4. 1 ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың рөлін сипаттау; 5. 2. 2. 3 ежелгі дүние өнеріне сипаттама беру; 5. 2. 4. 2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау |
2) 6-сынып:
Бөлім | Тақырыптар | Оқыту мақсаттары |
1-тоқсан | ||
1-бөлім. Рим империясының құлауы | Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады? | 6. 3. 1. 1 "ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар" хронологиялық шегін білу және уақыт сызығында белгілеу; 6. 3. 2. 1 Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу |
Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? | 6. 3. 2. 3 Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу | |
Неліктен Византия 568 жылы түрік қағаны Истемиге елші жіберді? | 6. 3. 2. 4 Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау | |
Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті? | 6. 3. 2. 4 Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау | |
2-бөлім. Феодализм | Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? | 6. 4. 2. 1 экономикалық қатынастардың формаларын түсіндіру арқылы феодалдық шаруашылықтың ерекшеліктерін сипаттау; 6. 4. 1. 1 қолөнер мен сауданың рөлін анықтай отырып, ортағасырлық қалалардың даму ерекшеліктерін сипаттау; 6. 1. 1. 1 феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттау |
Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан? | 6. 1. 1. 1 феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттау; 6. 1. 2. 1 үстемдік етушілер мен бағыныштылардың (феодалдар мен шаруалардың) өзара қатынасын сипаттау | |
Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді? | 6. 4. 1. 1 қолөнер мен сауданың рөлін анықтай отырып, ортағасырлық қалалардың даму ерекшеліктерін сипаттау; 6. 2. 2. 2 өнердің (сәулет, сурет өнері) дамуына қоғамдағы өзгерістердің ықпалын анықтау | |
3-бөлім. Ислам тарихы | Исламның тарихында 610 - 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? | 6. 3. 2. 5 ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың сипатын түсіндіру |
Неліктен VIII-XII ғасырды ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды? | 6. 2. 2. 1 тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау; 6. 2. 2. 4 Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау; 6. 2. 3. 1 Шығыс ойшылдары жетістіктерінің маңызын бағалау | |
2-тоқсан | ||
4-бөлім. Крест жорықтары | Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды? | 6. 3. 2. 6 картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарын анықтау |
Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгертті? | 6. 3. 2. 6 картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарын анықтау; 6. 2. 2. 1 тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндердің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау | |
5-бөлім. Моңғолдар | Монғолдар әлемдік империяны қалай құрды? | 6. 3. 2. 5 ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау |
Моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгертті? | 6. 3. 2. 5 ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау | |
6-бөлім. XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам | "Қара індет" не себепті жылдам таралды ? | 6. 2. 4. 1 адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру |
"Қара індет" шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? | 6. 3. 2. 2 У.Тайлер, Г. Каль жетекшілігімен болған антифеодалдық көтерілістердің себептері мен маңызын анықтау; 6. 3. 1. 4 феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату | |
Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды? | 6. 3. 1. 4 феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату | |
Неліктен Жанна д̓ Арк француз халқының есінде сақталады? | 6. 3. 1. 4 феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату | |
3-тоқсан | ||
7-бөлім. Абсолютизм: Батыс пен Шығыс | XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? | 6. 3. 1. 3 феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін сипаттау; 6. 3. 1. 2 Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату; 6. 3. 1. 6 "парламент", "Бас штаттар", "сейм", "кортес", "Боярлар Думасы" ұғымдарын түсіндіру |
Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілерінің билігіндей шексіз болды ма? | 6. 3. 1. 2 Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату; 6. 3. 1. 5 саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әр түрлі елдердің билеушілерінің қызметін салыстыру | |
Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз монарх бола алмады? | 6. 3. 1. 2 Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату; 6. 3. 1. 5 саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әртүрлі елдердің билеушілерінің қызметін салыстыру | |
8-бөлім. Сауда, қолөнер және әлемді игеру | Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды? | 6. 4. 1. 2 ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру |
Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? | 6. 4. 1. 2 ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру; 6. 2. 4. 3 картада XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау | |
Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті? | 6. 2. 4. 3 картадан XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау; 6. 3. 2. 7 "отаршылдық саясат" ұғымын түсіндіру (Испания және Португалияның жаулап алуының мысалында) | |
4-тоқсан | ||
9-бөлім. Қайта өрлеу дәуірі | Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? | 6. 2. 2. 3 Антикалық мәдениетпен байланыс орнату арқылы Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу, мүсін өнері) сипаттау; 6. 2. 3. 2 гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау |
Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? | 6. 2. 3. 2 гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау; 6. 2. 2. 4 Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау | |
10-бөлім. Реформация | Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? | 6. 2. 1. 1 адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеру себептерін анықтау; 6. 2. 1. 2 тарихи процестердің контекстінде "гуманизм", "реформация", "протестантизм", "лютеранство", "кальвинизм", "контр- реформация", "кезуиттер ордені" ұғымдарын түсіндіру |
11-бөлім. Ғылыми революция | Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды? | 6. 2. 4. 2 жаратылыстану ғылымдарының келешектегі дамуы үшін кейінгі орта ғасырлар кезеңінде Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтау; 6. 2. 4. 1 адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру |
Орта ғасырлар тарихы бойынша қорытынды сабақ | Бөлімдер бойынша негізгі оқыту мақсаттарын қайталау |
3) 7-сынып:
Бөлім | Тақырыптар | Оқыту мақсаттары |
1-тоқсан | ||
1-бөлім. Жаңа заманның басталуы | Курсқа кіріспе. XVII ғасырдың ортасындағы Ағылшын бұржуазиялық революциясы қандай маңызға ие болды? | 7. 4. 2. 3 дүниежүзі тарихының жаңа кезеңін сипаттау үшін "жаңа заман" ұғымын қолдану; 7. 3. 2. 1 Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау; 7. 1. 1. 1 "капитал", "буржуазия", "жұмысшы табы" \пролетариат\ ұғымдарын қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін қолдану; 7. 1. 2. 1 экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау |
Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті? | 7. 4. 1. 1 себеп-салдарды анықтау арқылы Еуропадағы феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа (мануфактура, фабрика) өту процесін түсіндіру; 7. 1. 1. 2 мануфактура, фабрикалардың пайда болуы мен жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы арасындағы байланысты анықтау; 7. 4. 1. 2 Англияның әлемдік жетекші держава ретінде қалыптасуындағы өнеркәсіп төңкерісінің рөлін сипаттау; 7. 4. 2. 2 қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің арасындағы айырмашылығын анықтау | |
2-бөлім. XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания | Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды? | 7. 2. 2. 1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану; 7. 1. 1. 3 Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау (Қытай, Үндістан, Жапония); 7. 3. 2. 6 еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау; 7. 4. 1. 4 "экспорт", "импорт", "экспансия", "отарлау", "фактория" ұғымдарын қолдану арқылы, тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру |
3-бөлім. Ағартушылық идеяларының таралуы | Ағартушылық дәуірдің қандай идеялары еуропалық монархтардың қызметінде көрініс тапты? | 7. 2. 1. 1 қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау; 7. 2. 3. 2 Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау |
Ағартушылық идеялар американдықтарға қалай әсер етті? | 7. 3. 2. 7 еуропалық революциялардың солтүстікамерикалық қоғамның дамуына ықпалын сипаттау; 7. 2. 3. 2 Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау; 7. 3. 1. 1 республикалық басқару құрылымның ерекшеліктерін анықтау | |
2 -тоқсан | ||
4-бөлім. Француз бұржуазиялықреволюциясы ның көрінісі | 1789-1799 жылдар аралығында Францияда қандай өзгерістер орын алды? | 7. 3. 2. 1 Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау; 7. 1. 2. 1 экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау; 7. 1. 1. 1 "капитал", "буржуазия", "жұмысшы табы" \пролетариат\ ұғымдарын тарихи оқиғаны жан-жақты түсіндіру үшін қолдану |
Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды? | 7. 2. 2. 1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану; 7. 2. 2. 2 өнердегі негізгі стильдер мен ағымдардың белгілерін (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау; 7. 3. 1. 1 республикалық құрылымның ерекшеліктерін анықтау | |
Наполеон империясы қалай құрылды және оның құлдырау себептері неде болды? | 7. 2. 2. 1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану; 7. 3. 2. 4 империалистік соғыстардың әлемдік саясаттың өзгеруіне ықпалын бағалау (Наполеон соғыстары мысалында); 7. 2. 3. 2 Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау | |
5-бөлім. XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы | Ресей мен Британия Иранға ықпал ету үшін неге бақталас болды? | 7. 3. 2. 2 XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау; 7. 4. 2. 1 түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін салыстыру |
Танзимат саясаты Осман империясын күшейтуге әсер етті ме? | 7. 4. 2. 1 түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін салыстыру; 7. 3. 2. 2 XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау | |
Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды? | 7. 3. 2. 2 XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау | |
3-тоқсан | ||
6-бөлім. XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері | Англия және Қытай үкіметтерінің хат алысуынан империализм туралы не біле аламыз? | 7. 3. 2. 2 XVIII - XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау |
Неліктен Апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде? | 7. 1. 1. 3 еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау; 7. 2. 1. 2 миссионерліктің міндеттерін анықтау; 7. 3. 2. 6 еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау; 7. 4. 1. 4 "экспорт", "импорт", "экспансия", "отарлау", "фактория" ұғымдарын қолдану арқылы, тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру | |
7-бөлім. Революциялық идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға әсері | 1848 жылғы революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды? | 7. 3. 2. 1 Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялар дың себептерін сипаттау; 7. 1. 2. 1 экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау; 7. 2. 3. 2 Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау; 7. 2. 3. 3 К. Маркстың көзқарастарын және марксизмнің қоғамдық өмірге ықпалын түсіндіру; 7. 3. 2. 5 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "либерализм", "консерватизм", "социализм", "марксизм", "ұлтшылдық" ұғымдарын қолдану |
Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады? | 7. 3. 1. 4 әртүрлі елдердің бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттердің (Италия, Германия) қалыптасу маңызын анықтау; 7. 3. 2. 5 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "либерализм", "консерватизм", "социализм", "марксизм", "ұлтшылдық" ұғымдарын қолдану | |
8-бөлім. XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы | Неліктен ІІ Александр патша "Халық еркі" ұйымының құрбаны болды? | 7. 2. 3. 1 Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың (халықшылдық, либерализм) пайда болу себептерін анықтау; 7. 3. 1. 3 тарихи оқиғаны түсіндіру үшін "басыбайлы құқық", "декабристер", "халықшылдар", "жеке террор", "пролетариат диктатурасы" ұғымдарын қолдану |
9-бөлім. XІX ғасырдағы еуропалық отаршыл үстемдік | 1857-1859 жылдардағы. Үндістандағы оқиғаларды XIX ғасырдағы британдықтар мен қазіргі кездегі үндістер қалай баяндайды? | 7. 1. 1. 3 Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау; 7. 3. 2. 6 еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау |
Әлемдік отарлау жүйесі қалай қалыптасты? | 7. 3. 2. 6 еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау; 7. 3. 2. 3 отаршылдық экспансияның салдарын талдау арқылы XIX ғасырдағы әлемнің саяси картасындағы негізгі өзгерістерді анықтау | |
4-тоқсан | ||
10-бөлім. Америка Құрама Штаттарының күшеюі | АҚШ-тың батыс бағыттағы аумағы қалай кеңейді? | 7. 3. 1. 2 XIX ғасырдағы Америка Құрама Штаттары территориясының кеңею үдерісін сипаттау |
АҚШ-тағы құлдық қалай жойылды? | 7. 1. 2. 2 трансатлантикалық құлдықтың ерекшеліктерін анықтау; 7. 4. 2. 1 түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау | |
Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді? | 7. 4. 1. 3 АҚШ-ғы капиталистік монополиялардың даму ерекшеліктерін анықтау; 7. 3. 2. 6 еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау; 7. 4. 2. 2 қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің арасындағы айырмашылығын анықтау; 7. 2. 1. 2 миссионерліктің міндеттерін анықтау | |
11-бөлім. Суретшілер мен жазушылар дың көзқарасы мен XІX ғасырдағы өзгерістерге шолу | XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? | 7. 2. 2. 2 өнердегі негізгі стильдер мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау; 7. 2. 2. 1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану |
Эмиль Золяның "Мен айыптаймын!" атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді? | 7. 2. 2. 1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану; 7. 3. 2. 5 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "либерализм", "консерватизм", "социализм", "марксизм", "ұлтшылдық" ұғымдарын қолдану | |
12-бөлім. Ғылыми ойдың дамуы | XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды? | 7. 2. 4. 1 өзгерістер мен сабақтастықты көрсету арқылы адам мен қоғам өміріндегі ғылыми жаңалықтардың маңызын талдау; 7. 2. 1. 1 қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау |
4) 8-сынып:
Бөлім | Тақырыптар | Оқыту мақсаттары |
1-тоқсан | ||
1-бөлім. ХХ ғасырдың басындағы әлем | ХХ ғасырдың басында әлем бейнесі қандай болды? | 8. 3. 2. 5 ХХ ғасырдың басындағы әлемнің аумақтық бөлінуін және мемлекеттердің саяси құрылымын сипаттау |
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қандай ғылыми ашулар мен жаңа технологиялар ерекше маңызды болды? | 8. 2. 4. 2 тарихи оқиғалардың себептерін, нәтижелерін, маңызын тұжырымдау арқылы ғылымның әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлін бағалау; 8. 4. 1. 1 XX ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің (конвейер өндірісі, стандарттау) мемлекеттердің шаруашылық жүйесінің дамуына ықпалын бағалау; 8. 4. 1. 2 индустриялық қоғамның даму процесін түсіндіру үшін "модернизация" ұғымын пайдалану | |
XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында өнер қалайша өзгерді? | 8. 2. 2. 1 XIX ғасырдағы - XX ғасырдың басындағы өнердегі негізгі ағымдарды сипаттау (модернизм, символизм, реализм, авангардизм); 8. 2. 2. 2 ХХ ғасырдың бірінші жартысында бұқаралық мәдениеттің (кинематограф, радио) қоғамның рухани дамуына ықпалын талдау | |
2-бөлім. Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары | Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері қандай? | 8. 3. 2. 1 Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін айқындау; |
Бірінші дүниежүзілік соғыстың негізгі шайқастары қандай? | 8. 2. 4. 3 тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегияларының рөлін бағалау | |
Бірінші дүниежүзілік соғыс әлем картасын қалай өзгертті? | 8. 3. 2. 2 әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді сипаттау арқылы империялардың (Австро - Венгрия, Ресей империясы, Осман империясы) ыдырау себептерін тұжырымдау | |
Неліктен Ұлттар Лигасы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде бейбітшілікті сақтай алмады? | 8. 3. 2. 4 Ұлттар Лигасының қызметі мен Версаль-Вашингтон жүйесін талдау және бағалау | |
2 -тоқсан | ||
3-бөлім. 1917 жылғы Ресейдегі революция | Ресейдегі самодержавие не себепті жойылды? | 8. 3. 1. 1 қоғамдық-саяси даму үлгісін сипаттау: әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия |
Большевиктер Уақытша үкіметтің билігін қалай жойды? | 8. 1. 1. 1 тарихи оқиғаның нәтижелерін талдау арқылы әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан төңкерісінің әсерін сипаттау | |
Неліктен қоғам "қызылдар" мен "ақтарға" қақ жарылды? | 8. 1. 1. 1 тарихи оқиғаның нәтижелерін талдау арқылы әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан төңкерісінің әсерін сипаттау | |
1917-1924 жылдарда Ресей қаншалықты өзгерді? | 8. 1. 1. 1 тарихи оқиғаның нәтижелерін талдау арқылы әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан төңкерісінің әсерін сипаттау; 8. 2. 1. 1 тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыру арқылы мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау | |
4-бөлім. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері | Неліктен Мұстафа Кемалді "Ататүрік" деп атады? | 8. 2. 1. 1 тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыру арқылы мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау |
Сунь Ятсеннің үш қағидаты Қытайды қалайша өзгертті? | 8. 3. 1. 1 қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалын талдау | |
"Танака меморандумы" қаншалықты қауіпті болды? | 8. 1. 2. 1 қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеялогиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау; 8. 3. 1. 2 тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын түсіндіру; 8. 4. 1. 5 1930 жылдардағы құрылымдық экономикалық дағдарыстың нәтижесінде экономикада орын алған өзгерістерді анықтау | |
Махатама Гандидің идеялары Үндістандағы ұлттық сананың өсуіне қалай әсер етті? | 8. 2. 1. 1 тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыру арқылы мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау | |
3-тоқсан | ||
5-бөлім. Әлемдік экономикалықдағдарыс | Неліктен АҚШ-та 1920-шы жылдарды "гүлдену кезеңі" деп атайды? | 8. 4. 1. 2 индустриялық қоғамның даму процесін түсіндіру үшін "модернизация" ұғымын пайдалану; 8. 4. 1. 1 XX ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің (конвейер өндірісі, стандарттау) мемлекеттердің шаруашылық жүйесінің дамуына ықпалын бағалау |
Уолл-стриттің күйреу себептері мен салдары? | 8. 4. 1. 3 тарихи оқиғаларды талдау үшін "бағалы қағаздар нарығы", "акция", "алыпсатарлық", "қор биржасы", "несие", "банкроттық", "инфляция" ұғымдарын пайдалану; 8. 4. 1. 4 фактілерді, процестерді, оқиғаларды салыстыра отырып, индустриялық қоғам қайшылықтарының (өндіру мен тұтыну теңгерімі) шиеленісу себептерін анықтау | |
Әлем елдері Ұлы дағдарыстан қалай шықты? | 8. 2. 4. 1 әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Дж. Кейнс теориясының рөлін сипаттау; 8. 4. 1. 5 1930 жылдардағы құрылымдық экономикалық дағдарыстың нәтижесінде экономикада орын алған өзгерістерді анықтау; 8. 3. 1. 3 фактілерді, процестер мен оқиғаларды салыстыру арқылы дүниежүзілік экономикалық дағдарырыстан шығудың түрлі жолдарын түсіндіру (АҚШ, Франция, Германия) | |
6-бөлім. Еуропа елдеріндегі тоталитарлық режимдер | Сталиннің билігі тұсында КСРО қалай дамыды? | 8. 1. 1. 2 социалистік қоғамның дамуына байланысты әлеуметтік топтардың (жұмысшы табы, шаруалар, зиялылар) мәртебесіндегі өзгерісті талдау; 8. 4. 2. 1 "жоспарлы экономика", "нарықтық экономика" ұғымдарын қолдана отырып, XX ғасыр бірінші жартысындағы капитализм мен социализмнің экономикалық жүйелерін салыстыру; 8. 3. 1. 2 тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын түсіндіру |
"Адамның жандүниесінің инженерлері": Сталин халыққа ықпал ету үшін өнерді қалай пайдаланды? | 8. 2. 2. 1 XIX ғасырдағы - XX ғасырдың басындағы өнердегі негізгі ағымдарды сипаттау (модернизм, символизм, реализм, авангардизм); 8. 2. 2. 2 ХХ ғасырдың бірінші жартысында бұқаралық мәдениеттің (кинематограф, радио) қоғамның рухани дамуына ықпалын талдау | |
Неліктен фашизм Италия мен Германияда өрбіді? | 8. 1. 2. 1 қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеологиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау; 8. 3. 1. 2 тоталитаризм, авторитаризм сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын түсіндіру | |
Нацистердің саясаты Германия тұрғындарына қандай әсерін тигізді? | 8. 1. 2. 1 қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеялогиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау; 8. 3. 1. 2 тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын түсіндіру | |
Франция мен Испаниядағы "Халық майданы" қаншалықты тұрақты болды? | 8. 1. 2. 1 қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеялогиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау; 8. 3. 1. 1 қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалын талдау | |
4-тоқсан | ||
7-бөлім. Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен салдары | Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен барысында елдер арасында қандай келісімшарт қарым-қатынастары қалыптасты? | 8. 3. 2. 3 Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипаты мен салдарын талдау |
Екінші дүниежүзілік соғыстың қандай оқиғалары түйінді болып табылады? | 8. 2. 4. 3 тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегиялардың рөлін бағалау | |
Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғысы неліктен Ұлы Отан соғысы деп аталды? | 8. 3. 2. 3 Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипаты мен салдарын талдау; 8. 2. 4. 3 тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегиялардың рөлін бағалау | |
Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары мен сабақтары қандай болды? | 8. 3. 1. 1 қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалын талдау; 8. 3. 2. 3 Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипаты мен салдарын талдау | |
8-бөлім. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениет және ғылым | ХХ ғасырдың бірінші жартысында мәдениеттің даму ерекшеліктері қандай? | 8. 2. 1. 1 тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыру арқылы мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау; 8. 2. 2. 2 ХХ ғасырдың бірінші жартысында бұқаралық мәдениеттің (кинематограф, радио) қоғамның рухани дамуына ықпалын талдау; 8. 2. 3. 1 "позитивизм", "прагматизм", "экзистенциализм" ұғымдарын тарихи кезеңді сипаттау үшін қолдану |
ХХ ғасырдың бірінші жартысында ғылым қалай дамыды? | 8. 2. 4. 2 тарихи оқиғалардың себептерін, нәтижелерін, маңызын тұжырымдау арқылы ғылымның әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлін бағалау |