Файл: Негізгі орта білім беру дегейіні 59сыныптарына арналан "азастан тарихы" оу пні бойынша лгілік оу бадарламасы 1тарау. Жалпы ережелер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 248
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5) 9-сынып:
Бөлім | Тақырыптар | Оқыту мақсаттары. | | ||
1-тоқсан | | ||||
1-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси картасы | Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің саяси картасы қалай өзгерді? | 9. 3. 2. 8 ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді айқындау; 9. 3. 2. 4 "қырғи қабақ соғыстан" кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық процестерді айқындау; 8. 3. 2. 3 Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипаты мен салдарын талдау | | ||
ХХ ғасырдың екінші жартысында отарсыздандыру процесі неліктен күшейді? | 9. 1. 1. 1 социалистік даму жолынан бас тартуға байланысты әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді анықтау; 9. 3. 1. 3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9. 3. 2. 1 отаршылдық жүйе күйреуінің себептері мен салдарын талдау | | |||
Әлемнің екі полюсті жүйесі қалай қалыптасты? | 9. 3. 2. 2 "қырғи қабақ соғыс" ұғымын түсіндіру үшін тарихи оқиғаларды талдау; 9. 3. 2. 3 тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау; 9. 3. 2. 8 ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді айқындау | | |||
1946-1963 жж. қырғи қабақ соғыстың ерекшелігі неде? | 9. 3. 2. 2 "қырғи қабақ соғыс" ұғымын түсіндіру үшін тарихи оқиғаларды талдау; 9. 3. 2. 3 тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін анықтау | | |||
2-бөлім. Халықаралық ұйымдардың қалыптасуы | Неліктен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей адам құқығы Декларациясын жариялады? | 9. 2. 3. 2 адам құқықтарын қорғау идеяларының қазіргі халықаралық құқық қорғау ұйымдарының қызметіне ықпалын сипаттау; 9. 3. 1. 2 Еуропа мен Азияның жетекші мемлекеттеріндегі конституциялық-құқықтық идеологияның қалыптасу жолдарын талдау (Жалпыға бірдей адам құқығы Декларациясы, ЕҚЫҰ, Еурокеңес, Гаагадағы Халықаралық сот) | | ||
Соғыстан кейінгі уақыттағы еуропалық интеграцияның себептері қандай? | 9. 2. 3. 2 адам құқықтарын қорғау идеяларының қазіргі халықаралық құқық қорғау ұйымдарының қызметіне ықпалын сипаттау; 9. 3. 2. 4 "қырғи қабақ соғыстан" кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық процестерді айқындау | | |||
2-тоқсан | | ||||
3-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемдік экономиканың дамуы | Неліктен XX ғасырдың екінші жартысында "әл-ауқатты мемлекеттер" экономикалық дағдарысқа ұшырады? | 9. 3. 1. 1 "әл-ауқатты мемлекеттер" ұғымын 1970 - 1980 жж. әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін қолдану; 9. 4. 1. 1 XX ғасырдың 70-жылдарындағы жұмыссыздықтың себеп-салдарын талдау; 9. 4. 1. 2 "инфляция", "дағдарыс", "стагнация" ұғымдарын пайдалана отырып, XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын интерпретациялау | | ||
XX ғасырдың 60-70- жылдарында КСРО қандай экономикалық қиыншылықтарға тап болды? | 9. 4. 1. 2 "инфляция", "дағдарыс", "стагнация" ұғымдарын пайдалана отырып, XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын интерпретациялау; 9. 4. 1. 4 себеп-салдарлық байланыстарды талдау арқылы социалистік шаруашылық жүйесінің дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау; 9. 4. 2. 1 экономикалық жүйелердің тиімділігін интерпретациялау және негіздеу | | |||
4-бөлім. Екі полюсті әлемнен көп полюсті әлемге | 1979-1985 жылдар аралығындағы "қырғи-қабақ соғысы" оқиғаларының ерешеліктері қандай? | 9. 3. 2. 3 тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау; 9. 3. 2. 5 аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын тұжырымдау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | | ||
Саманта Смиттің КСРО-ға сапары неге мүмкін болды? | 9. 3. 2. 4 "қырғи қабақ соғыстан" кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық процестерді айқындау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | | |||
Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуының себептері қандай болды? | 9. 3. 2. 4 "қырғи қабақ соғыстан" кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық процестерді айқындау; 9. 3. 1. 3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау | | |||
Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуымен әлемдегі қауіпсіздік артты ма? | 9. 3. 2. 4 "қырғи қабақ соғыстан" кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық процестерді айқындау; 9. 3. 2. 8 ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді айқындау; 9. 3. 2. 5 аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын тұжырымдау | | |||
5-бөлім. Аумақтық мәселелерді шешудегі халықаралық ұйымдар | БҰҰ Таяу Шығыстағы дағдарысты шешудің қандай бейбіт жолдарын ұсынады? | 9. 3. 2. 5 аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын тұжырымдау; 9. 3. 2. 6 халықаралық шиеленістерді реттеудегі БҰҰ-ның қызметін бағалау | | ||
"Араб көктемінің" себептері мен салдары қандай? | 9. 3. 2. 5 аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын тұжырымдау; 9. 3. 2. 6 халықаралық шиеленістерді реттеудегі БҰҰ-ның қызметін бағалау; 9. 1. 2. 4 қоғамдық сананы қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін анықтау | | |||
3-тоқсан | | ||||
6-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы батыс елдерінің даму ерекшеліктері | Неліктен Ұлыбританияда консерватизм жаңа консерватизммен ауысты? | 9. 3. 1. 3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9. 1. 2. 2 әлемнің жетекші және дамушы мемлекеттеріндегі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | | ||
Социализмнің "шведтік моделінің" белгілері қандай? | 9. 1. 2. 1 батыс және шығыс мемлекеттеріндегі әлеуметтік құрылымның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, мобильділікке тігінен және көлденеңінен мысал келтіру; 9. 1. 2. 2 әлемнің жетекші және дамушы мемлекеттеріндегі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау; 9. 3. 1. 1 "әл-ауқатты мемлекеттер" ұғымын 1970 1980 жылдардағы әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін қолдану | | |||
Германдық "әлеуметтік-нарықтық шаруашылық" ерекшеліктері қандай? | 9. 3. 1. 3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9. 1. 2. 2 әлемнің жетекші және дамушы мемлекеттеріндегі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау; 9. 3. 1. 1 "әл-ауқатты мемлекеттер" ұғымын 1970 1980 жылдардағы әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін қолдану | | |||
7-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Азия елдерінің даму ерекшеліктері | 1949 жылғы коммунистік партия жеңісі нәтижесінде Қытай қалай өзгерді? | 9. 4. 1. 4 себеп-салдарлық байланыстарды талдау арқылы социалистік шаруашылық жүйесінің дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау; 9. 3. 1. 3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | | ||
"Азиялық серпіліс" неліктен мүмкін болды? | 9. 4. 2. 1 экономикалық жүйелердің тиімділігін интерпретациялау және негіздеу; 9. 4. 1. 5 Оңтүстік - Шығыс Азия мемлекеттерінің қарқынды экономикалық дамуына ықпал ететін негізгі факторларды талдау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін анықтау | | |||
Тәуелсіз Үндістанның қандай мәселелері отарлық өткенімен байланысты? | 9. 2. 1. 2 қазіргі қоғамдық-саяси мәселелерді түсіну және интерпретациялау үшін дін туралы білімдерін пайдалану; 9. 3. 1. 3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | | |||
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кемализм эволюциясы қалай айқындалды? | 9. 3. 1. 3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9. 2. 1. 3 тарихи процестің сабақтастығын орнату арқылы адамзаттың өркениетті даму жолдарын қалыптастырудағы әлемдік діндердің рөлін анықтау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | | |||
4-тоқсан | | ||||
8-бөлім. Қазіргі әлемнің жаһандануы | Жаһанданудың негізгі ерекшеліктері қандай? | 9. 1. 2. 3 қоғамның тарихи даму бағытын үлгілей отыра, жаһандану процесіне байланысты қазіргі әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді (еңбек миграциясы, әлеуметтік интеграция) бақылау; 9. 1. 2. 4 қоғамдық сананы қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін анықтау | | ||
Жаһандану саясат пен әлемдік экономиканың дамуына қаншалықты ықпал етеді? | 9. 1. 2. 3 қоғамның тарихи даму бағытын үлгілей (модельдеу) отыра, жаһандану процесіне байланысты қазіргі әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді бақылау (еңбек миграциясы, әлеуметтік интеграция); 9. 4. 1. 3 жаһандану жағдайындағы экономикалық интеграцияның маңызын бағалау; 9. 4. 2. 2 постиндустриалды қоғамның басты экономикалық ресурсы ретінде ақпараттың рөлін анықтау | | |||
Адамзат үшін лаңкестік несімен қауіпті? | 9. 3. 2. 7 қазіргі кездегі халықаралық лаңкестік және экстремизм проблемасын талдау; 9. 2. 1. 1 қоғам өміріндегі дәстүрлі және деструктивті діни ұйымдардың іс-әрекетіне баға беру; 9. 2. 1. 2 қазіргі қоғамдық-саяси мәселелерді түсіну және интерпретациялау үшін дін туралы білімдерін пайдалану | | |||
Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті қалай сақтауға болады? | 9. 2. 3. 3 жаһандану жағдайында ұлттық мәдени құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын дәлелдеу; 9. 2. 2. 2 ХХ ғасырдың екінші жартысы - ХХI ғасырдың басындағы бұқаралық мәдениеттің қоғамның рухани дамуына ықпалын бағалау | | |||
9-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы- ХХI ғасырдың басындағы ғылым, білім, технология | АҚШ тағы Ғылыми техникалық революцияның қазіргі әлемдегі елдердің дамуына әсері қандай? | 9. 2. 4. 1 ғылыми-техникалық революцияның әлеуметтік және экологиялық салдарын бағалау және интерпретациялау; 9. 2. 4. 3 ғылыми жаңалықтардың (генетика, микробиология, ақпараттық технологиялар, нано технологиялар, ядролық физика) қоғам дамуына ықпалын талдау; 9. 2. 4. 2 адамзат өркениетінің дамуын үлгілеу арқылы жаһандық мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің маңызы туралы қорытынды жасау | | ||
Әлемдік ғылымның дамуында Байқоңыр ғарыш айлағының маңызы қандай? | 9. 2. 4. 1 ғылыми-техникалық революцияның әлеуметтік және экологиялық салдарын бағалау және интерпретациялау; 9. 2. 4. 2 адамзат өркениетінің дамуын үлгілеу арқылы жаһандық мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің маңызы туралы қорытынды жасау | | |||
Қазіргі әлемдегі білімнің маңызы неде? | 9. 2. 4. 2 адамзат өркениетінің дамуын үлгілеу арқылы жаһандық мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің маңызы туралы қорытынды жасау | | |||
10-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы- ХХI ғасырдың басындағы мәдениет | ХХ ғасырдағы мәдениет қайраткерлері адамзаттың рухани дамуына қандай ықпал жасады? | 9. 2. 2. 1 танымал өнер қайраткерлерінің қоғамның дамуына ықпалын талдау және олардың қызметіне дүниежүзілік тарих контекстінде өзіндік баға беру; 9. 2. 2. 3 ақпараттық қоғам жағдайындағы көркем шығармашылықтың жаңа түрлерінің қалыптасуын талдау; 9. 2. 3. 1 түрлі философиялық көзқарастардың қазіргі қоғамдық өмірге ықпалын бағалау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | | ||
Қоғамның рухани дамуына бұқаралық мәдениеттің әсері қандай? | 9. 2. 2. 2 ХХ ғасырдың екінші жартысы - ХХI ғасырдың басындағы бұқаралық мәдениеттің қоғамның рухани дамуына ықпалын бағалау; 9. 1. 2. 4 қоғамдық сананы қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін анықтау | | |||
| Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына 63-қосымша |
Негізгі білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған "Құқық негіздері" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. "Құқық негіздері" пәнінің мақсаты - құқық жөнінде негізгі білімдерді игеру арқылы құқықтық тұрғыдан сауатты азаматты тәрбиелеу және олардың бойында заңды құрметтеу дәстүрі мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту.
3. Пәннің міндеттері:
1) Қазақстандық құқық салаларының негізгі түсініктері мен мазмұны туралы білімдерді қалыптастыру;
2) іргелі құқықтық және әлеуметтік құндылықтар жүйесі: адам құқықтары, демократия, азаматтық қоғам, заңдылық пен құқықтық тәртіп туралы білімдерін қалыптастыру;
3) құқықтық мемлекеттің белгілері мен ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру;
4) оқу және практикалық іс-әрекетте құқықтық ақпаратты табу, талдау және қолдану дағдыларын қалыптастыру;
5) құқықпен реттелетін әртүрлі өмірлік жағдайларда құқықтық білімдер мен дағдыларын қолдануды қалыптастыру және дамыту;
6) бүгінгі күнгі өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту;
7) сын тұрғысынан талдау және қоғамда құқықтық қатынастармен байланысты практикалық жағдаяттарды бағалау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту.
2-тарау. "Құқық негіздері" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 1-параграф. "Құқық негіздері" пәнінің мазмұны
4. "Құқық негіздері" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
9-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. Оқу пәнінің мазмұны бөлімдерге бөлінген. Бұл бөлімдер білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыруды көздейтін бөлімшелерден тұрады.
6. Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға және олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
7. "Құқық негіздері" оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді құрайды.
8. "Құқық және мемлекет" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) құқық түсінігі;
2) құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.
9. "Конституциялық құқық" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары;
2) мемлекеттік органдардың конституциялық жүйесі.
10. "Азаматтық құқық" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) азаматтық құқық түсінігі;
2) меншік құқығы;
3) азаматтық құқықтағы міндеттеме мен жауапкершілік;
4) тұтынушылар құқығын қорғау.
11. "Еңбек құқығы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) еңбек құқығы түсінігі;
2) еңбек жағдайлары;
3) еңбекті қорғау;
4) еңбек шарты.
12. "Отбасы құқығы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) отбасы құқығының түсінігі;
2) некені қию және тоқтату жолдары;
3) отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері;
4) отбасының қоғамдағы маңыздылығы.
13. "Әкімшілік құқық" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әкімшілік құқық түсінігі;
2) әкімшілік жауапкершілік;
3) әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу.
14. "Қылмыстық құқық" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) қылмыстық құқық түсінігі;
2) қылмыс ұғымы;
3) қылмыстық жауапкершілік;
4) жазалау және гуманизм мәселесі.
15. "Құқық негіздері" пәнінің базалық мазмұны:
1) құқық түсінігі. Құқық түсінігі және оның белгілері. Құқықтың басқа әлеуметтік нормалардан айырмашылығы: мораль, діни нормалар, дәстүрлер, корпоративтік нормалар;
2) адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары. Конституциялық құрылыс негіздері. Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері;
3) азаматтық құқық түсінігі. Тараптардың теңдігі негізіндегі мүліктік қатынас. Жеке мүліктік емес қатынастар: өмір, денсаулық, ар, абырой;
4) еңбек құқығы түсінігі. Еңбек бостандығының конституциялық кепілдігі;
5) неке және отбасы құқығы түсінігі. Отбасы мен неке (ерлі-зайыптылық) түсінігі;
6) әкімшілік құқық түсінігі. Басқару құқығы. Әкімшілік құқық бұзушылық;
7) қылмыстық құқық түсінігі. Қылмыстық мінез-құлық пен жазаланушылық;
8) мемлекеттік басқару органдардың конституциялық жүйесі. Жоғарғы билік органдарының негізгі қызмет бағыттары. Мемлекеттік биліктің өкілетті органдары;
9) меншік құқығы. Қазақстан Республикасындағы меншік түрлері. Меншік құқығына ие болу және тоқтатылуының негізгі жолдары;
10) еңбек жағдайлары. Жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтары мен міндеттері;
11) некені қию және тоқтату жолдары. Некеге тұрудың шарттары мен кедергілері. Некені тоқтату мен бұзу;
12) қылмыс ұғымы. Қылмыстың түрлері мен белгілері. Қылмыстың объектісі, субъектісі. Қылмыстың объективті және субъективті жақтары;
13) азаматтық құқықтағы міндеттеме мен жауапкершілік. Міндеттемелерді орындамағаны үшін мүліктік жауапкершілік. Міндеттемелерді қамтамасыз ету амалдары;
14) еңбекті қорғау. Еңбек дауларын шешу жолдары. Жасөспірімдер еңбегінің құқықтық реттелуі;
15) отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері. Бала құқығы;
16) әкімшілік жауапкершілік. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері мен түрлері. Әкімшілік өндіріп алу түрлері мен оларды қолдану тәртібі;
17) қылмыстық жауапкершілік. Құқыққа қарсы әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік және жаза түрлері. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың субъектілері;
18) құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен белгілері. Құқықтық мемлекеттің қызметіндегі азаматтық қоғам институттарының маңызы мен рөлі;
19) тұтынушылар құқығын қорғау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдары. Тұтынушылардың өз құқықтарын қорғау құқығы;
20) еңбек шарты. Еңбек шартының мазмұны;
21) отбасының қоғамдағы маңыздылығы. Отбасы қатынастарын мемлекеттік қолдау және қорғау;
22) әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу. Қоғамдық қатынастарды реттеудегі әкімшілік құқық бұзушылық нормаларының рөлі мен маңызы;
23) жазалау мен гуманизм мәселесі. Қылмыстық құқықтағы гуманизм қағидаты.
2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі
16. Бағдарламада "оқыту мақсаттары" төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді Мысалы, 9.2.1.2 кодында: "9" – сынып, "2.1." – бөлім мен бөлімшенің, "2" – оқыту мақсатының реттік саны.