Файл: Негізгі орта білім беру дегейіні 59сыныптарына арналан "азастан тарихы" оу пні бойынша лгілік оу бадарламасы 1тарау. Жалпы ережелер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 256

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3-параграф. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Қазақстан тарихы" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар

      1)5-сынып:

Бөлім

Тақырыптар, мазмұны

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Кіріспе сабақ

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады?

Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу

Алғашқы адамдардың өмірі

Зерттеу сұрағы: Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?

5.1.1.1алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау;

5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде көрсету

Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары

Зерттеу сұрағы: Археологтар Қазақстан жерінен тас дәуіріне жататын қандай олжаларды тапты?

5.2.3.1 қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу;

5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау;

5.4.2.1 еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау

Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер және еңбек құралдарының жетілдірілуі

Зерттеу сұрағы: Мезолит пен неолит дәуірлерінде алғашқы адамдардың өмірі қалай өзгерді?

5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау;

5.4.2.1 еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау

Ботай мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды?

5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау

Қазақстан аумағында металлургияның пайда болуы

Зерттеу сұрағы: Қазақстан жерінде металды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті?

5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру

Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері

Зерттеу сұрағы:

Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінің қандай ерекшеліктері бар?

5.2.2.2 археологиялық деректерге сүйене отырып, андронов және беғазы-дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау;

5.2.2.5 Ә.Марғұланның Қазақстан археологиясының дамуына қосқан үлесін айқындау

Қазақстандағы жартастарға салынған ежелгі суреттер

Зерттеу сұрағы: Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді?

5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным-сенімдерін сипаттау;

5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау

Ежелгі адамдардың өміріне саяхат

5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс- тіршілігін шығармашылық түрде көрсету

Өлкетану

Туған өлкенің аңыз-ертегілері

5.2.2.9 өлкенің аңыз-ертегілерінің мән-мағынасын түсіндіру

2- -тоқсан

Ежелгі көшпелілер өмірі

Қазақстан аумағында темірдің игерілуі

Зерттеу сұрағы: Темір өндіру адамдар өмірін қалай өзгертті?

5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру

Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

Зерттеу сұрағы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен Қазақстанның ежелгі тұрғындары шаруашылығының негізгі түріне айналды?

5.4.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру;

5.2.2.6 көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу

Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде?

5.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;

5.2.2.6 көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну

Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы

Зерттеу сұрағы: Көшпелілердің қандай салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды?

5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау

Сақтар

Сақтар туралы тарихи мәліметтер

Зерттеу сұрағы: Қандай тарихи дереккөздер сақтар туралы мәлімет береді?

5.3.1.1 картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;

5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру

"Алтын адам" археологиялық олжасы

Зерттеу сұрағы: Есік обасынан табылған "Алтын адам" кім болды?

5.2.3.1 қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу;

5.2.2.4 Есік обасынан табылған "Алтын адам" археологиялық олжасының ерекшеліктерін анықтау;

5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау

Өлкетану

Өлкенің тарихи ескерткіштері

5.2.2.8 өлкедегі тарихи ескерткіштердің құндылығын түсіну

3-тоқсан

Сақтар

Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары

Зерттеу сұрағы: Неліктен Шілікті мен Бесшатыр "патша қорғандары" деп аталады?

5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау;

5.1.2.2 әлеуметтік топтардың ерекшелік терін түсіндіру;

5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау

Берел қорғандары

Зерттеу сұрағы. Берел қорымынан табылған олжалар сақтардың мәдениетін қалай сипаттайды?

5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау;

5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау;

5.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау

Тасмола археологиялық мәдениеті

Зерттеу сұрағы: "Мұртты обалардың" ерекшелігі неде?

5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау;

5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау

Сақ патшайымы Томирис

Зерттеу сұрағы: Тарихи деректерде Томиристің бейнесі қалай сипатталған?

5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау

Шырақтың ерлігі

Зерттеу сұрағы: Сақтар тәуелсіздік үшін қалай күресті?

5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау

Сақтардың Александр Македонский әскеріне қарсы күресі

Зерттеу сұрағы: Неліктен Александр Македонский дің сақтарға жасаған жорығы сәтсіз аяқталды?

5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау

Үйсіндер мен қаңлылар

Үйсіндер туралы жазба деректер

Зерттеу сұрағы: Қытай авторлары үйсіндердің өмірін қалай сипаттады?

5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру;

5.1.2.2 әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру;

5.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау

Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы

Зерттеу сұрағы: Қаңлыларда қала мәдениетінің дамуы немен байланысты?

5.4.2.3 Ұлы Жібек жолының пайда болуын түсіндіру;

5.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау

Қаңлылардың қоғамдық құрылысы

Зерттеу сұрағы: Сыма Цянь қаңлы қоғамын қалай сипаттады?

5.1.2.2 әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру;

5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру

Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Үйсіндер мен қаңлылар мәдениетінің ерекшеліктері қандай?

5.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;

5.2.2.6 көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну

Өлкетану

Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар және ақындар

5.3.1.3 тарихи тұлғалардың туған өлке тарихындағы ролін түсіндіру

4-тоқсан

Ғұндар

Ғұн тайпаларының бірігуі

Зерттеу сұрағы: Неге Мөде шаньюй "Жер – мемлекеттің негізі" деді?

5.3.1.1 картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;

5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру

Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары

Зерттеу сұрағы: Ғұндармен Ұлы Қытай қорғанының салынуы арасында қандай байланыс бар?

5.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау

Ғұндардың Батысқа қоныс аударуы

Зерттеу сұрағы: Ғұндардың Батысқа қоныстануы қандай өзгерістерге әкелді?

5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету

Аттила және оның жаулаушылық жорықтары

Зерттеу сұрағы: Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді?

5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету;

5.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау

Сарматтар

Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылық өмірі

Зерттеу сұрақтары: Сармат қоғамы несімен ерекшеленеді?

5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау;

5.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;

5.3.1.1 картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;

5.1.2.2 әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру

Сарматтардың саяси тарихы

Зерттеу сұрағы: Сарматтар қандай мемлекеттермен өзара қарым-қатынаста болды?

5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау

Ежелгі Қазақстан тарихына шолу

Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпаты

Зерттеу сұрағы: Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпаты қалай өзгерді?

5.1.1.2 Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпатын анықтау

Ежелгі Қазақстанға саяхат

5.4.1.1 ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау;

5.4.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру;

5.4.2.1 еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау;

5.4.2.3 Ұлы Жібек жолының пайда болуын түсіндіру

Өлкетану

Өлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер

5.2.2.7 тарихи мұраны жеткізудегі жәдігерлердің рөлін сипаттау

Қайталау


      2)6- сынып:

Бөлім

Тақырыптар, мазмұны

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

VI - IX ғасырлардағы Қазақстан

Кіріспе сабақ

Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы нені оқытады?

Орта ғасырлардағыҚазақстан тарихына жалпы шолу

Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Зерттеу сұрағы: VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?

6.3.1.1 оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау;

6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;

6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттау үшін "Ұлы Дала" ұғымын қолдану

Көне түркі жазуы

Зерттеу сұрағы: Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай деректерден белгілі?

6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6.2.3.1 көне түркі жазуының маңызын түсіндіру

Атлах шайқасы

Зерттеу сұрағы: Неліктен Атлах шайқасын "халықтар шайқасы" деп атайды?

6.3.2.3 Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау;

6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау

Оғыз мемлекеті

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның орта ғасырлар тарихында Оғыз мемлекетінің алатын орны қандай?

6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

Қимақ қағанаты

Зерттеу сұрағы: Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді?

6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;

6.4.1.1 көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарды анықтау

Түріктер туралы тарихи деректер

Зерттеу сұрағы: Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді?

6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;

6.4.1.2 көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау;

6.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру

Түркі әлемі қалыптасуының басталуы

Зерттеу сұрағы: Түрік тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді?

6.3.2.1 тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру;

6.1.1.1 түркі тілдес тайпаларды атап, картадан олардың аумақтық орналасуын көрсету

Өлкетану

Топонимдер – өткен заманнын куәгерлері (жер-су атауларының тарихы).

6.2.2.6 жергілікті жер, қала, өзен, көл, тау атауларының шығу тарихын түсіндіру

2-тоқсан

X ғасыр –

XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан

X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы саяси процестер

Зерттеу сұрағы: X ғасыр - XIII ғасырдың басында саяси карта қаншалықты өзгерді?

6.3.1.3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6.3.1.7 ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау

Қарахан мемлекеті

Зерттеу сұрағы: Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады?

6.3.1.3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6.2.1.2 ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау;

6.3.1.4 тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру

Наймандар, керейіттер және жалайырлар

Зерттеу сұрағы: Наймандар, керейіттер мен жалайырлардың ортағасырларлық саяси сахнадағы рөлі қандай болды?

6.3.1.3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

Қыпшақ хандығы

Зерттеу сұрағы: Не себепті Еуразия даласы "Дешті Қыпшақ" деп аталды?

6.3.1.3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6.3.2.4 қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау;

6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;

6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда "Ұлы Дала" ұғымын қолдану

Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі

Зерттеу сұрағы: Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың дамуына ықпал етті ме?

6.4.2.2 Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау

Ортағасырлық Қазақстанның экономика лық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы

Зерттеу сұрағы: Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті?

6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;

6.4.1.1 көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау;

6.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру

Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Әлем өркениетінің дамуына түрік мәдениеті қандай үлес қосты?

6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау;

6.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру;

6.2.3.2 Әл-Фарабидің және басқа да ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау;

6.2.2.4 түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М. Қашғари, Ж. Баласағұн және А. Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру;

6.2.3.3 "Кодекс Куманикус" сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау

Өлкетану

Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері

6.2.2.7 өлкенің дәстүрлі көркем мәдениетін жандандыруға үлесін қосқан шеберлерді айқындау

Қайталау

3-тоқсан

XIII - XV ғасырдың

бірінші

жартысындағы Қазақстан

Моңғол империясының құрылуы

Зерттеу сұрағы: Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?

6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;

6.3.1.6 картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси процестерді түсіндіру

Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы

Зерттеу сұрағы: Неліктен Шыңғыс хан әскерлері Отырарды алты ай бойы ала алмады?

6.3.1.6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси процестерді түсіндіру;

6.3.1.5 Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау

Моңғол шапқыншылықтарының салдары

Зерттеу сұрағы: Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті әкелген кімдер: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма?

6.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

6.3.1.8 Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау

Қазақстан аумағында ұлыстардың құрылуы

Зерттеу сұрағы: Моңғол ұлыстарының құрылуы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды?

6.3.1.6 картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси процестерді түсіндіру;

6.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

6.3.1.7 ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау

Ақ Орда

Зерттеу сұрағы: Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Ақ Орданың рөлі қандай болды?

6.3.1.6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;

6.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

6.3.2.5 тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру

Моғолстан. Әбілқайыр хандығы

Зерттеу сұрағы: Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай саяси өзгерістерге әкелді?

6.3.1.6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;

6.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

6.3.2.5 тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII - XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру

XIII - XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті

Зерттеу сұрағы:

XIII - XV ғасырлардағы өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді?

6.2.2.1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау

Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері

Зерттеу сұрағы:

Ортағасырлық саяхатшылар Қазақстанды қалай сипаттады?

6.4.1.2 көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау;

6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау

Қазақ халқының қалыптасуы

Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы

Зерттеу сұрағы: Ұлы Дала мұрагері – қазақ халқы қалай қалыптасты?

6.1.1.3 ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді анықтау;

6.1.1.4 "қазақ" этнонимінің мағынасын түсіндіру

Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы

Қазақ хандығының құрылуы

Зерттеу сұрағы: Неліктен Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет деп саналады?

6.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау;

6.2.3.4 М.Х.Дулатидің "Тарихи-Рашиди" еңбегінің маңыздылығын түсіндіру;

6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда "Ұлы Дала" ұғымын қолдану

Өлкетану

Бір халық – бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халықтары)

6.1.2.2 өлкедегі әр түрлі ұлттардың

тарихын,салт-дәстүрін сипаттау

4-тоқсан

Қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі

Зерттеу сұрағы: Не себепті Қадырғали Жалайыр: "Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді..." деп жазды?

6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты

Зерттеу сұрағы: Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының "қайта жаңғыруы" деп атайды?

6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы

Зерттеу сұрағы: Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды?

6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы

Зерттеу сұрағы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды?

6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар қарсылығы

Зерттеу сұрағы: Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихындағы алатын орны қандай?

6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау;

6.3.2.7 Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау

Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі

Зерттеу сұрағы: Неліктен А. Левшин Тәуке ханды "Дала Ликургі" деп атады?

6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы

Зерттеу сұрағы: Әлеуметтік топтар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды?

6.1.2.1 Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау;

6.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау

XVI - XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет

XVI-XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті

Зерттеу сұрағы: XVI - XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениетінде халық өмірі қалай көрініс табады?

6.2.2.1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі

маңыздылығын айқындау

XVI - XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Неліктен киіз үй көшпелілердің материалдық мәдениетінің ең жоғарғы үлгісі деп саналады?

6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнердегі жетістіктерін сипаттау

Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы

Зерттеу сұрағы: Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшелігі неде?

6.4.1.2 көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау

Өлкетану

Туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлері

6.3.1.12 туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлерінің ерлік істері мен еңбегін сипаттау

Қайталау


      3)7-сынып:

Бөлім

Тақырыптар, мазмұны

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

Қазақ-жоңғар соғыстары

Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы

Зерттеу сұрағы: Не себепті "Елім-ай" бүкілхалықтық әнге айналды?

7.1.1.1 жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру;

7.2.2.1халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;

7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;

7.4.1.1 жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау

Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы

Зерттеу сұрағы: Неліктен Ордабасы ел бірлігінің нышаны болды?

7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;

7.3.1.1 Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру

Қазақ-жоңғар шайқастары

Зерттеу сұрағы: Неліктен Аңырақай шайқасы қазақ-жоңғар соғысындағы түбегейлі бетбұрыс деп саналады?

7.3.2.1 Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру

XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы

XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы

Зерттеу сұрағы: Неліктен Ресей Қазақстанды Азияға шығудың "кілті мен қақпасы" деп санады?

7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;

7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталауы

Зерттеу сұрағы: Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдары қандай болды?

7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;

7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты

Зерттеу сұрағы:Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай?

7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;

7.3.2.3 Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын бағалау

Өлкетану

Туристік маршруттар

7.2.3.5 туристік маршруттарды құру жолдарын ұсыну

2-тоқсан

XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті

XVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиеті

Зерттеу сұрағы: XVIII ғасырда ақын-жыраулар шығармаларында тарихи оқиғалар қалай көрініс тапты?

7.2.2.1 халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;

7.2.1.1 салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау

XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде?

7.2.2.4 қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау

Отарлау және ұлт-азаттық күрес

XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы

Зерттеу сұрағы: Қазақстанды отарлауды Ресей империясы қалай жүзеге асырды?

7.3.1.3 Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

Зерттеу сұрағы: Сырым Датұлы Кіші жүз қазақтарының қандай құқықтарын қорғауды көздеді?

7.3.1.5 халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

7.3.1.6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

1822-1824 жылдардағы патша реформалары

Зерттеу сұрағы: Неліктен XX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақстанда әкімшілік реформалар жүргізілді?

7.3.1.4 Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;

7.1.2.1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау

1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі

Зерттеу сұрағы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді?

7.3.1.5 қазақ халықының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

7.3.1.6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

Зерттеу сұрағы: Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды?

7.3.1.5 халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

7.3.1.6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

Өлкетану

Жомарт жүрек

7.4.1.3 өлкені дамытуға қолдау көрсеткен тұлғалардың қызметіне баға беру

Қайталау

3-тоқсан

Отарлау және ұлт-азаттық күрес

XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары

Зерттеу сұрағы: Неліктен Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейді?

7.3.1.5 халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

7.3.1.6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының ерекшеліктері қандай?

7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;

7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау

Қазақстан Ресей империясы

ның құрамында

XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар

Зерттеу сұрағы: Патша өкіметі тарапынан "бөліп ал да, билей бер" ұстанымы қалай жүзеге асты?

7.3.1.3 Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау;

7.3.1.4 Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;

7.1.2.1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау

Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі

Зерттеу сұрағы: XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы неден көрінді?

7.3.1.5 қазақ халықының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау

Қазақстандағы жаппай отаршылдық қоныс аудару саясаты

Зерттеу сұрағы: Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ қоғамының өмірін қалай өзгертті?

7.4.1.2 отарлау саясатының қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген әсерін талдау;

7.1.1.2 Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдау;

7.1.2.1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау

Қазақстан Ресей империясы

ның құрамында

Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы қалай басталды?

7.4.2.1 капиталистік қатынастар дамуының Қазақстанның экономикасына ықпалын анықтау

Жәрмеңке саудасының дамуы

Зерттеу сұрағы: Қазақстанда неліктен жәрмеңке саудасы дамыды?

7.4.2.2 сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау

XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы

Зерттеу сұрағы: "Зар заман" өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарастары қандай факторлардың әсерінен қалыптасты?

7.2.1.2 ұлттық құндылықтарға отаршылдық саясаттың кері әсерін талдау;

7.1.2.2 қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын түсіндіру

Өлкетану

Туған өлкенің шежіресі

7.4.1.4 өлке дамуының маңызды кезеңдерін анықтау;

7.2.2.5 өлкенің тарихи оқиғалар хроникасын

құру

4-тоқсан

XIХ ғасыр -XX ғасырдың басындағы

Қазақстанның мәдениеті

XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы

Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады?

7.2.1.1 салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау;

7.2.2.1 халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;

7.2.2.3 ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау

XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі

Зерттеу сұрағы: XIX ғасырда Қазақстанда оқу-ағартушылық мекемелер қандай түрде дамыды?

7.2.3.2 XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін түсіндіру

Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы

Зерттеу сұрағы: Неге С. Мұқанов Шоқан Уәлихановқа арналған шығармасын "Аққан жұлдыз" деп атады?

7.2.3.1 Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау

Ы. Алтынсарин – жаңашыл –педагог

Зерттеу сұрағы: Ыбырай Алтынсариннің халық ағарту саласындағы жаңашылдығы неден байқалады?

7.2.3.3 Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалау

Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл

Зерттеу сұрағы: Неліктен Абай Құнанбайұлын "Хәкім Абай" деп атады?

7.2.2.2 Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға беру

XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Қазақтардың ауызша тарихи дәстүрлерінің дамуы

Зерттеу сұрағы:

Ш. Құдайбердіұлы, М. Көпейұлы, Қ. Халид еңбектерінің тарихи құндылығы неде?

7.2.3.4 Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау

Өлкетану

Менің мектебімнің тарихы

7.2.2.6 түрлі дереккөздер негізінде өз мектебінің тарихын анықтау

Қайталау


      8- сынып:

Бөлім

Тақырыптар, мазмұны

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Зерттеу сұрағы: Не себепті А. Байтұрсынов: "Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды", - деп санады?

8.3.1.1 қазақ зиялыларының Ресей империясының Мемлекеттік Думасындағы қызметіне баға беру;

8.3.1.2 XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Зерттеу сұрағы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипат алды?

8.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру;

8.3.1.3 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру

1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері

Зерттеу сұрағы: Қазақстанда 1917 жылы саяси белсенділіктің артуы қандай оқиғалардан көрініс тапты?

8.3.1.2 XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру

"Алаш" қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы

Зерттеу сұрағы: Неліктен "Алаш" партиясы халық қолдауына ие болды?

8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;

8.3.1.4 "Алаш" партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау;

8.2.3.1 ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру

XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері

Зерттеу сұрағы: Қазақ зиялылары ұлттық мүдделерді қалайша қорғады?

8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;

8.2.2.1 қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру;

8.3.1.5 Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметіне баға беру

2- -тоқсан

Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы

Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар)

Зерттеу сұрағы: Қазан революциясының ұрандары халық арасында қандай үміт тудырды?

8.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру

Қазақстандағы ұлттық автономиялар

Зерттеу сұрағы: Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады?

8.3.1.6 Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;

8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы

Зерттеу сұрағы: Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуының тарихи маңызы неде?

8.3.1.6 Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;

8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу

Зерттеу сұрағы: Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың артықшылықтары қандай болды?

8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;

8.4.1.1 деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдау

Қайталау

3-тоқсан

Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде

Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру

Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы индустрияландыру саясатының қарама-қайшылығы неде?

8.4.2.1 Қазақстандағы индустриялан дырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау

Қазақстандағы ұжымдастыру

Зерттеу сұрағы: Неліктен ұжымдастыру саясаты "ұлы нәубетке"әкеліп соқтырды?

8.4.1.2 күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардап тарын талдау;

8.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау;

8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау

1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар

Зерттеу сұрағы: Сталиндік режим не себепті зиялыларға "халық жауы" деген айып тақты?

8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;

8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым

Ахмет Байтұрсынов – "ұлт ұстазы"

Зерттеу сұрағы: Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай?

8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау

XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым

Зерттеу сұрағы: Білім мен ғылым саласының қандай жетістіктері мен кемшіліктері болды?

8.2.3.2 кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау;

8.2.3.3 XX ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді талдау

Қ.Сатбаев – жан-жақты ғалым

Зерттеу сұрағы: Қаныш Сәтбаевтың феномені неде?

8.2.3.4 Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру

4-тоқсан

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер

XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиетінің дамуы

Зерттеу сұрағы: Қазақ әдебиетінде социалистік реализм қалай көрініс тапты?

8.2.2.1 қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру

XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ өнерінің дамуы

Зерттеу сұрағы: Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуі неден байқалды?

8.2.2.4 Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы рөліне баға беру;

8.2.2.1 қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру;

8.2.2.3 өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтау

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы

Зерттеу сұрағы: Ұлы Отан соғысының қандай батырлары халық есінде сақталды?

8.3.2.1 қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау;

8.3.2.2 Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау

Қазақстан – майдан арсеналы

Зерттеу сұрағы: "Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!" ұраны қалай жүзеге асты?

8.4.2.2 Қазақстан экономикасының соғыс жағдайларына бейімделгендігін дәлелдеу;

8.1.2.2 соғыс жылдарындағы халықтың әлеуметтік жағдайын анықтау

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдени жетістіктері қандай болды?

8.2.2.5 соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің халық рухын көтерудегі маңызын бағалау

Қазақстанға КСРО халықтарының депортациясы

Зерттеу сұрағы: Қазақстан қалайша депортацияланған халықтардың өлкесіне айналды?

8.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау

Қайталау


      9-сынып:

Бөлім

Тақырыптар, мазмұны

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар)

Соғыстан кейінгі Қазақ КСР-нің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Зерттеу сұрағы: Соғыстан кейінқазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді?

9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау;

9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге

баға беру;

9.4.2.1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау

Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешені

Зерттеу сұрағы: Неліктен Қазақстан ядролық сынақтар алаңына айналды?

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау;

9.3.2.1 XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау

Сталиндік идеологияның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері

Зерттеу сұрағы: Неліктен тарихшы Ермұхан Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды?

9.2.3.1 Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау;

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

Қазақстан "жылымық" кезеңінде (1954-1964 жылдар)

"Жылымық" кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы

Зерттеу сұрағы: "Жылымық кезеңі" қоғамға қандай өзгеріс әкелді?

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

Тың игеру жылдарындағы Қазақстан

Зерттеу сұрағы: Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты Қазақстанға қалай әсер етті?

9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау;

9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру

Қазақ КСР экономикасы- ның шикізатқа бағытталуы

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның табиғи ресурстарын игеруде ұлттық мүдде қаншалықты ескерілді?

9.3.2.1 XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау;

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

2-тоқсан

Қазақстан "тоқырау" кезеңінде (1965-1985 жылдар)

1965-1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы

Зерттеу сұрағы: Не себепті 1965-1985 жылдар "тоқырау" кезеңі деп аталды?

9.4.2.1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау;

9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру

XX ғ. 60-80 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы қарама-қайшылықтар

Зерттеу сұрағы: XX ғасырдың. екінші жартысында ұлттық мүдделерді қорғау қалай жүзеге асырылды?

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау;

9.3.1.4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау;

9.3.1.2 қоғамдық-саяси қайраткерлердің ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне баға беру

"Тоқырау" жылдарындағы демографиялық процестер

Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы урбандалу процесіне қандай фактор лар әсер етті?

9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау;

9.1.1.2 өткен тарихи кезеңдермен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кезеңдегі демографиялық процестерге баға беру

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985 жылдар)

XX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы

Зерттеу сұрағы: Кеңестік білім беру саласындағы реформалар қандай мақсат көздеді?

9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру

XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы қазақстандық ғалымдардың ғылымды дамытудағы жетістіктері

Зерттеу сұрағы: XX ғасырдың екінші жартысында ғылымның қай салалары көбірек дамыды?

9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру

XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиет пен өнердің дамуы

Зерттеу сұрағы: Кеңестік идеология қазақ мәдениетінің дамуына қалай әсер етті?

9.2.2.1 кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында қоғамдық өмірдің бейнеленуін талдау;

9.2.2.2 Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын бағалау

Қайталау

3-тоқсан

Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар)

Қазақстан "Қайта құрудың" бастапқы кезеңінде

Зерттеу сұрағы: КСРО-ның ыдырауы: заңдылық па әлде кездейсоқтық па?

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау;

9.4.1.2 Кеңес үкіметі кезіндегі орын алған әлеуметтік-экономикалық проблемаларды талдау

Қазақстандағы 1986 жылғы Жел-тоқсан оқиғалары

Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы 1986 жылғы Жел-тоқсан оқиғаларының сипаты қандай болды?

9.3.1.5 1986 жылғы Жел-тоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру;

9.3.1.4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау

"Қайта құру" жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық процестер

Зерттеу сұрағы: Демократиялық процестер қоғамдық сананы қалай өзгертті?

9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау

Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1996 жылдар)

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы

Зерттеу сұрағы: "Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы" Конституциялық Заңының тарихи маңызы қандай?

9.3.1.6 Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау;

9.3.1.7 өткен оқиғалармен сабақтастықты орнатып, Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызын түсіндіру

Н.Ә. Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

Зерттеу сұрағы: Саяси көшбасшының мемлекет тарихының бетбұрысты кезеңдеріндегі рөлі қандай болды?

9.3.1.10 Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы Н. Назарбаевтың рөліне баға беру

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы мемлекеттілікті қалыптастырудағы іс-шаралар

Зерттеу сұрағы: 1995 жылғы жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи маңызы неде?

9.3.1.8 Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық – саяси дамуын талдау;

9.3.1.6 Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау;

9.3.1.3 Қазақстан Республикасы Конституциясын мемлекеттің тұрақты дамуның кепілі ретінде бағалау

Қазақстан – халықаралық құқық субеъектісі

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі қалай жүзеге асты?

9.3.2.2 Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру;

9.3.2.3 Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы

Зерттеу сұрағы: Неліктен нарықтық экономикаға көшу барысында қиыншылықтар орын алды?

9.4.1.3 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесінің экономикаға ықпалын талдау;

9.4.2.2 нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін талдау;

9.4.2.3 Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуін талдау

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық процестер

Зерттеу сұрағы:

Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық процестердің ерекшеліктері неде?

9.1.1.3 Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау;

9.1.1.2 өткен тарихи кезеңдермен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кезеңдегі демографиялық процестерге баға беру;

9.1.2.1 қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық мәліметтер негізінде талдау;

9.3.2.4 қазақ диаспораларының тарихи Отанымен байланысының маңыздылығын айқындау

4-тоқсан

Қазақстан Республикасының дамуы (1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін)

Қазақстан - 2030" Стратегиясы – мемлекет дамуындағы жаңа кезең

Зерттеу сұрағы: "Қазақстан - 2030" Стратегиясын қабылдау қажеттілігі неден туындады?

9.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау;

9.1.1.3 Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау

Қазақстанның 1997 жылдан бастап экономикалық дамуы

Зерттеу сұрағы: Қазақстан Республикасының XXI ғасырдағы экономикалық дамуының негізгі бағыттары қандай?

9.4.2.2 нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін талдау;

9.4.1.4 аграрлық секторды модернизациялау бағыттарын талдау;

9.4.2.4 сыртқы сауданың экономикаға әсерін зерттеу

Қазақстанның 1997 жылдан бастап әлеуметтік дамуы

Зерттеу сұрағы: Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы қалай өзгерді?

9.1.2.1 қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық мәліметтер негізінде талдау

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның жаңа әлемдегі орны қандай?

9.3.2.3 Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау;

9.3.2.2 Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру

Астана – Тәуелсіз Қазақстанның астанасы

Зерттеу сұрағы: Астананы көшіру неліктен ұтымды стратегиялық шешім болып табылды?

9.3.1.11 Астананы жаңа Қазақстанның өркендеуінің нышаны ретінде айқындау

"Қазақстан – 2050" стратегиялары

Зерттеу сұрағы: "Қазақстан – 2050" Стратегиясы қандай жаңа саяси бағытты белгіледі?

9.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау

Қазіргі кездегі Қазақстанның дамуындағы басым бағыттары

Зерттеу сұрағы: "5 институтционалды реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам" ұлт жоспары неліктен қабылданды?

9.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау

Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін)

Тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның дамуы

Зерттеу сұрағы: Жаһандану жағдайындағы қазақстандық білім мен ғылымның даму тенденциялары қандай?

9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру

Тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің дамуы

Зерттеу сұрағы: Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мәдениетті дамыту мен сақтау жолдары қандай?

9.2.2.3 қазіргі кездегі өнер мен әдебиеттің даму тенденцияларын айқындау;

9.2.2.4 ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қажеттілігін негіздеу ("Мәдени мұра", "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру

" бағдарламасы)

Діннің қазіргі Қазақстан қоғамындағы рөлі

Зерттеу сұрағы: Қазақстан қоғамында зайырлы мемлекет және діни сенім бостандығы ұстанымдары қалай үйлесім табуда?

9.2.1.1 дәстүрлі және деструктивті діни ағымдар мен ұйымдардың іс-әрекетін талдау;

9.2.1.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау

"Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы

Зерттеу сұрағы:

"Мәңгілік Ел": идеясының біріктірушілік рөлі неде?

9.2.1.3 "Мәңгілік Ел" Жалпыұлттық идеясының маңыздылығын бағалау;

9.2.1.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау

Қайталау