Файл: Курсты Жмыс таырыбы Карта параы брыштарыны тбесі координаталарын жне номенклатурасын анытау абылдаан.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 72
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ
Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасы
«Картография» пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Карта парағы бұрыштарының төбесі координаталарын және номенклатурасын анықтау»
Қабылдаған: Жумадилова Д.К.
____________
(баға) _________________________
(қолы) (күні)
Комиссия мүшелері:
Касымжанова А.Е.
_____________________ Орындаған: Сембек А.Д.
(қолы)
______________________ Тобы: ЦАФ-21-1
(қолы)
Қарағанды 2022
Тау-кен факультеті
Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасы
Курстық жобалау (жұмыс) бойынша
ТАПСЫРМА
ЦАФ-21-1 тобының 6В07303 мамандығының студенті
тегі: Сембек аты: Арайлым әкесінің аты: Дәркенқызы
Жобалау жетекшісі: Қасымжанова А.Е. ,
Жобалау мерзімі 05.09 бастап 05.12 дейін
Курстық жобалаудың (жұмыстың) тақырыбы: Карта парағы бұрыштарының төбесі координаталары және номенклатураларын анықтау
2. Жобаның (жұмыстың) (мазмұны қандай графикалық жұмыстар мен есептеулер орындалуы қажет): топографиялық карталардың торлануы мен номенклатурасы, карта парақтарындағы бұрыш төбелерінің координаталары мен номенклатурасын анықтау, картографиялық проекциялар.
3. Негізгі қосымша талаптар: ______________________________________
__________________________________________________________________
4. Курстық жобаны (жұмыстың орындау жоспары)_____________________
Элементтер атауы | Мерзімдер | Ескерту | Орындалғаны туралы белгі |
Топографиялық карталардың торлануы мен номенклатурасы | 05.09-19.09 | жоқ | орындалды |
Карта парақтарындағы бұрыш төбелерінің координаталары мен номенклатурасын анықтау | 26.09-31.10 | жоқ | орындалды |
Картографиялық проекциялар | 07.11-05.12 | жоқ | орындалды |
5. Курстық жоба аяқталды: 09.12.2022 .
6. Жобаның бағасы:_______________________________________________
Жетекші: Жумадилова Д.К. .
Бекітемін: Каф.меңгерушісі Хмырова Е.Н. .
ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БМСК РМК
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ
АНЫҚТАМА
ҚарТУ БМСК РМК ақпараттық технологиялар орталығында ЦАФ-21-1 тобындағы студенті Сембек Арайлымның курстық жұмыстың салыстырмалды талдауы жүргізілді. Талдау нәтижесінде курстық жұмыстық жұмыстар қорымен сәйкестіктер табылмады.
Барлық мәліметтер Антиплагиат жүйесінің технологиясына сәйкес алынды. Толық ақпарат алу үшін сарапшымен толық талдау жүргізілуі тиіс. Жұмыстың бірегейлігі – 91,87%.
МІ және Г кафедрасының меңгерушісі _____________________ Хмырова Е.Н
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................6
1 Топографиялық карталардың торлануы мен номенклатурасы...................7
2 Карта парақтарындағы бұрыш төбелерінің координаталары мен номенклатурасын анықтау.................................................................................14
3 Картографиялық проекциялар........................................................................24
Қорытынды..........................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................32
Кіріспе
Картография-бұл географиялық карталарды жан-жақты зерттеуді, оларды құру мен қолданудың әдістері мен процестерін дамытуды қамтитын шындықты бейнелеудің ерекше тәсілі ретінде карталар туралы ғылым. Мемлекеттік нормативтік басылымдарда картография-бұл картографиялық туындыларды зерттеуді, жасауды және пайдалануды қамтитын ғылым, техника және өндіріс саласы.
Картографияның өзіндік нысаны мен тақырыбы бар. Нысан-бұл жерде және ғарышта болатын барлық табиғи және әлеуметтік құбылыстар. Пән-карта жасалатын және шығарылатын әдістер, әдістер мен әдістер.
Картаға түсіру процесі модельдеудің бір түрі болып табылады. Барлық картографиялық жұмыстар картографиялық белгілер арқылы табиғат пен қоғамның әртүрлі құбылыстарының тіркесімдері мен өзара байланыстарын көрсететін кеңістіктің көрнекі модельдері ретінде қарастырылады.Кеңістіктік бейнені беретін бұл модельдер белгілі бір модельдердің мақсатына сәйкес құбылыстарды іріктеу және жалпылау арқылы белгілі бір математикалық ережелерге сәйкес құрылады. Осылайша, неғұрлым толық анықтама картография-бұл картаға түсіру және зерттеу туралы ғылым табиғат пен қоғам құбылыстарының кеңістіктік орналасуы, үйлесуі және өзара байланысы (және олардың уақыт бойынша өзгеруі) шындықтың белгілі бір бөліктері мен жақтарын жалпыланған және көрнекі түрде бейнелейтін бейнелі-символдық модельдер арқылы. Мұндай анықтама картографияның мүдделерін тек географиялық карталармен шектемейді, бірақ оларды аспан денелері мен жұлдызды аспан карталарына, глобустарға және бедерлі карталарға, блок-диаграммаларға, карта денелеріне, электрондық карталарға және т. б. таратады.
1 Топографиялық карталардың торлануы мен номеклатурасы
Жұмыстың мақсаты: карта мен пландағы торлануларды еркін меңгеру және номеклатураны оқып уйрену.
Негізгі теориялық түсініктеме
Территорияның картасы көппарақты болып келеді. Картаның әрбір парағы меридиан және параллель сызықтармен шектелген, олардың ұзақтығы картаның масштабына байланысты болады. Әртүрлі масштабтағы көппарақты карталарды тез табу үшін картаның жеке парақтарының есеп жүйесін жасауды қажет етеді. Мұндай көппарақты карталардың жеке парағын жүйе арқылы белгілеу номенклатура деп аталады. Әртүрлі масштабтағы карталар номенклатурасының негізіне халықаралық карта торлануының масштабы 1:1000000 болып бекітіледі.
Бұл масштабтағы картаның бір парағын алу үшін жер шары Гринвич меридианынан басталып, алты градустық бойлық бойынша меридиандар 60 колоннаға бөлінеді. Алты градустық зоналардан колонналарлың өзгешелігі меридианнан 180° ендікпен батыстан шығысқа қарай нөмірленеді, Гаус-Крюгер проекциясында топографиялық карталарды жасау кезінде есептелуі сол бағыт бойынша алынады да, бірақ Гринвич-нолдік меридианынан басталады. Сондықтан зона нөмірі колонна номерінен 30-ға ерекшеленеді (1.1-сурет). Әрбір колонна 4° арқылы ендік бойынша параллелдермен қатарларға бөлінеді, олар жазбаша түрдегі латын әріптерімен белгіленеді, олар А дан V әрпіне шейін солтүстікке қарай 22 қатардан және А дан V әрпіне дейін экватордан оңтүстікке қарай 22 қатардан тұрады. Сондықтан, жер шарының барлық беті 2640 карта парақтарында көрсетіледі.
1:1 000 000 масштабты парақтың номенклатурасы екі индекстен тұрады: колоналардың номерлері мен белдеулердің белгілері. Сонымен, Мәскеу қаласы №37 парақта орналасқан. Халқаралық келісім бойынша 1:1000000 масштабтағы карта парағының номенклатурасы барлық мемлекеттер үшін ортақ карта болып саналады, ал басқа масштабтағы карталар үшін ол әр түрлі болуы мүмкін [1]. Бір масштабтағы карта парақтарын одан ірі масштабтағы карта парақтарына бөлу торлану деп аталады. Карта парақтарын бөліктерге торлау бірдей өлшемді әртүрлі масштабты карта парақтарын алуды қарастырады. Біздің елімізде 1:1 000 000 масштабтағы карта парағы іpi масштабтағы карта парағының номенклатурасын орнату үшін нұсқа болып табылады.
Көпбетті карталарды топтастыруды жобалау негізі оның торлануында болып табылады, яғни белгілі бір жүйе бойынша картаны жеке парақтарға бөлу. Картаны парақтарға бөлу жүйелері: картографиялық тор сызығы; координаталық тор сызығы (көп қолданылмайды); қосалқы сызықтар бойынша, яғни ортаңғы меридианға перпендикуляр немесе параллель сызық (тікбұрышты торлану, ұсақмасштабты карталарды жасау кезінде пайдаланылады) [2].
Түрлі масштабтағы топографиялық карта жеке парақтарға бөлінеді, ондағы картографиялық көріністер рамкамен шектеледі, трапеция түрінде болады, оның жоғарғы және астыңғы қабырғалары параллель тіліктермен, ал бүйір қабырғалары меридиандармен көрсетілген.
16-нұсқа
1 -есеп. Алты градустық Loc зонасындағы 10 мен 50 осьтік меридианның бойлығын анықтау керек.
Осьтік меридианның (6°зона) бойлығын мына [3] формуламен шығаруға болады
Lос=(Nзон*6°)-3° (1.1)
Lос=(Nзон-1*6°)+3° (1.2)
мұндағы Nзон- зона нөмері;
- батыс жарты шар үшін
Lос=180°-(Nзон-30)*6°+3 (1.3)
Lос=180°-(Nзон-31)*6°-3 (1.4)
Мысал: Берілгені: а) Nзон = 19, б) Nзон = 39.
Табу керек: Loc=?
Шешуі: а) шығыс жарты шар
Loc= (N зон *6°) -3° = ( 19* 6°) -3° = 111°
Loc= (Nзон - 1 )* 6°+ 3°= (19-1) 6°+3°=111°;
б) батыс жарты шар:
Lос=180°-(Nзон-30)*6°+3=180°-(39-30)*6°+3=129°
Lос=180°-(Nзон-31)*6°-3=180°-(39-31)*6°-3=129°
Жауабы: а) Loc=111°; б) Loc=129°
2 -есеп. Егер А нүктесі солтүстік ендік пен шығыс бойлықта орналасқан болса, онда 1:1000000 масштабты карта парағының номенклатурасын анықта.
Варианттары 1.2 кестеде берілген.
Мысалы: φc = 63°30', λш = 21°45' .
Шешуі:
1.1 суретін пайдаланамыз. А нүктесі 63°30' солтүстік ендікте, Р-34-ші қатарында және 21°45' бойлықпен алтыградустық аймақта немесе 34-шы колоннада жатыр.
Берілген бойлық пен ендік орналасқан нүкте парағының номенклатурасы мынадай: N. Р-34- мұндағы N-солтүстік белгісі.
М 1:1000000
64°
60°
18° 24°
Жауабы: N. Р-34
3 - есеп. Егер А нүктесі оңтүстік ендік пен батыс бойлықта орналасқан болса, 1:1000000 масштабында карта бетінің номенклатурасын анықта. 1.2 кестеде варианттар келтірілген.
Есеп алдыңғы есепке сәйкес шығарылады, тек карта парақ номенклатурасы-ның алдында S белгісі (оңтүстік) қойылады.
-
φo=75°40´ αб=112°00´
М 1:1000000
76°
72°
108° 114°
4 есеп. Берілген карта рамкасының географиялық координаталарының мәліметтері бойынша масштаб пен номенклатураны анықта. 1.4 кестеде варианттар келтірілген.
Берілген есепті шығару үшін, алдымен бойлық пен ендік бойынша рамка өлшемдері мен карта парағының номенклатурасы, масштабы арасындағы байланысты табу керек.
1) Мысалы: карта парақ рамкасының географиялық координаталары келесідей берілген болсын:
φo =69°27´30´´ φс =69°30´
α б =122°52´30´´ αш =122°56´15´´
Картаның масштабы мен номенклатурасын анықта.
Шешуі:
1.Рамка өлшемдерін есептейміз φс-φо=2´30´´ λш-λб=3´45´´ карта масштабы 1:10000 ( кесте 1.3).
2.1:10000 карта масштабының парағын тізбектей трапецияларды жүзмыңдық және елумыңдық масштабтағы орта параллель мен орта меридиандарға бөлу арқылы табамыз. Жүзмыңдық карта парағын алған кезде бастапқы нұсқасы болып 1:1000000 карта парағының масштабы алынады, сондықтан алдымен берілген картаның парағы орналасқан шегінде оның номенклатурасын анықтау қажет. Берілген нүктелер О 15-інші ендік қатарында және 43 колоннада орналасқан, яғни, номенклатура 1:1000000-
R-51 (1.1 суретті қара).
72°
68°
120° 126°
3. Сонан соң алынған парақтың схемасын салып және трапеция рамкасының ендігі мен бойлығын белгілеп, парақты 144 бөлікке бөледі, 1:1000000 масштабты трапеция рамкасының өлшем мәндерін пайдалана отырып, осы масштабта карта парағының номенклатурасын анықтаймыз, берілген нүктелер R-51-90 квадратта орналасқан (1.2 сурет). Бұл схема 1:50000; 1:100000; 1:200000; 1:500000 масштабындағы карта рамкаларының ендігі мен бойлығын анықтауға арналған, сонымен қатар координаталар нүктелері бойынша карта парағының номенклатурасын анықтау үшін қажет [3].
М 1:100000
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | | | | | | | | | | | 24 |
25 | | | | | | | | | | | 36 |
37 | | | | | | | | | | | 48 |
49 | | | | | | | | | | | 60 |
61 | | | | | | | | | | | 72 |
73 | | | | | | | | | | | 84 |
85 | | | | | 90 | | | | | | 96 |
97 | | | | | | | | | | | 108 |
109 | | | | | | | | | | | 120 |
121 | | | | | | | | | | | 132 |
133 | 134 | 135 | 136 | 137 | 138 | 139 | 140 | 141 | 142 | 143 | 144 |