Файл: 1. Тланы абілеті жне нышандары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 98

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1. Тұлғаның қабілеті және нышандары.

Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның қабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті – оған туа берілетін өзіндік дара табиғи қасиет.

Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілеь – адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе – қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік – нышан. Нышаның табиғи негізі – жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі.

Нышан – мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс беоеді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі – хирург дәрігер, екіншісі – гимнаст, үшіншісі – суретші т. с. с. Қабілет – жеке адамның оқшауланып тұратын құрылымы емес. Ол адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа қасиеттермен табиғи бірлікте болады.

Жеке адамның потенциалды күшін қаншалықты толық пайдаланатындығы және қабілетін дамытуы оның қасиеттерінің жиынтығына тәуелді болады.

Маңызды әлеуметтік талпыныстар адамның белсенділігін арттырады. Іске деген сүйіспеншілік талант пен қабілеттің дамуы мен көрініс беруінің басты шарты. Қабілеттің дамуындағы маңызды кезең – кедергілерді жеңе білу / мұндайлар адамға қолайсыз сыртқы жағдайлардың, не мүше кемістігінен: сақау, соқыр, сңырау/ және адамның өз көңілі ауған және бұған біршама ыңғайы бар істі меңгеруі.

Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екеншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылық істің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік – нақты әс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы соалалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылық мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.


Іс-әректпен айналысқан адамның жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, бойындағы жетістік, кемістігін икемі мен күшқуатын, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапарларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.


2. Әлеуметтік әлемдегі Мен. Мен-концепциясы.

Өмірлік стильді қалыптастырудың бастауы адамның өзі туралы елестетулер болғандықтан, өзіндік сананың индивидуалды нүсқалығын қысқаша қарастырып отыру керек. Индивидтің мінез-құлқының тенденциасын және бағасын пайымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын «МЕН» концепциясы деп атайды, яғни адамның өзі жайлы жалпы ұстанымдар жүйесі. 
 «МЕН» концепциясы шынайылықтың әртүрлі шеңберіндегі және оның енжарлылығының үш рөлін атқара отырып, адамның сәттілік шегін анықтайды, біріншіден, тұлғаның іштей өзімен кесісушілікке жетуге қабілеттендіреді; екіншіден, адамның тәжірибесінің интерпретациясын анықтады. Үшіншіден, күтудің бастамасы болып табылады. Осылайша, «МЕН» концепция барлық тұлғалық және мінездік процестерді реттеуші ретінде көрінеді. Мен – концепциясы өзінің шығу тегі жағынан – негізінен жүйке жүйесінің қасиеттерімен мазасыздық деңгейіне генетикалық бекітілген фенотиптік құрлым.

Өзінің сананы құрайтын негізі өзіндік баға У. Джемстің қарапайым формасы арқылы шығуы мүмкін: Өзіндік баға = Сәттілік / Талаптар . 

Ол дифференциалдылық (өзі туралы жеке ойлардың нақтылануы), жоғарғылық (ол жоғары, обьективті жетістіктерге сәйкес келуі керек), сияқты өлшеулерді қамти отырып, жасы жағынан өзгереді. Өзіндік баға бала кезде өзіндік қатынасқа айналып, сыртқы орта бағасымен интериоризацияланады. Бұл интеллектуалды даму кейбір тұлғаның деңгейінен ғана басталуы мүмкін. Өзіндік жалпылауы жоқ олигофренді – балаларда тұрақты өзіндік баға болмайды және қалыптаспайды.

Өзіндік бағаны дифференциялауға арналған зерттеулер бойынша, өзіндік бағаның бес параметрлері (физикалық сапа, сәттілік, интеллектуалды даму, тұлғааралық қатынас және жауапкершілік) бар. Егер әр жас категорияларының өзіндік қырларын салыстырсақ ( мысалы: жетінші сыныптар, жоғары сыныптар және отыз жасқа дейінгі ересек адамдар), индивидуалдылық вариациялар туындайды.



Жас бала барлық сапалар бойынша, өзін бірдей бағалайды, ал ересектеу балалар өздерінің стильдерін және өздерінің әлсіз жақтарын жақсы біледі. Бұл жеке тәжірибенің кеңдігімен байланысты және тұлғалық күрделі когнитивтілігін көбейтудің салдары, яғни өзінің «Менінің» әртүрлі қабілеттерін бағалау. Өзіндік бағаның дифференцияланбауы әлеуметтік және тұлғалық дамымай қалушылықты білдіреді («Өзің туралы еш нәрсе айта алмасаң, сен туралы басқалар не десін» деп жазған Козьма Нуфутков). Іс — әрекет табысты болу үшін адам өзін шынайы жетісіктерден жоғары етіп бағалауы керек, осылайша ол өзін мотивтендіреді. Төмендетілген өзіндік бағалау (объективті жетістіктерден төмен), дифференциялықты көрсетеді. Тұлғалық невротизацияға тез ұшырайтынын көрсетеді. Көптеген зерттеулер өзіндік баға мектептік үлгерімділікпен тікелей байланысты, бұл уақытта, интеллектуалды ерекшеліктер – тек өте қабілетті емес, бірақ өзіне сенімді оқушы дарынды, бірақ өзіне күдіктенуші балаға қарағанда жақсы оқиды деген сөз.

Негативті «Мен» концепциясы адамдардың қарым – қатынасы мен іс — әрекетін шектеу, психологиялық қорғанысты шектен тыс пайда болдырады. Өзін қабылдау – тұлғаның өзін — өзі өзектендірудің негізі болып табылады. Әлеуметтік мазмұны көп мамандықты таңдаған адамдарға өзін тануға мүмкіндік беретін ғылымдарды көп тереңдетіп оқу керек, ал негативті Мені – бұл мамандыққа қарама – қарсы болып табылады.

Ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда, Мен – концепциясы позитивті көрінеді (сонымен қатар интегацияланған). Сонымен қатар ер адамдардың өзін — өзі өзектендіруіндегі альтернативті және прагмативті мәселелерін біріктіруге болады. Өзін бағалауды мынадай шарттарда жоғарлатуға болады:

а) Іс — әрекеттің біреуінде жеке табысқа жеткен жетістіктің қолда болуы.

б) Сәтсіз жағдайда қоғамның теріс айналуынан қорықпайтынымен шартталса.

в) Жақсы тұста оған деген сенімділіктің болуы және басқа адамдармен қатар қоюдың жоқтығы.

Шынайы өмірде индивидуалдық мүмкіндіктеріне байланысты ситуацияны бақылағанда мінез-құлық тәсілдерінің барлық спектрлерін қолдану керек.

3. Психологиядағы құндылық түсінігін зерттеу. Құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде. Тұлғалық құндылықтарҚұндылық – бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы. Ол қашанда әлдекімнің (немесе әлдененің) бағалылығын, яғни объективті болмысты және сонымен бір мезетте оның әлдекім (немесе әлдене) үшін құндылығын, яғни субъективті бағалауды білдіреді. Дүние құндылыққа толы – материалды (заттар, әшекей бұйымдар, алтын мен асыл тастар, ақша, меншік және т.б.), табиғи (күннің атуы мен батуы, теңіздер мен таулар, гүлдер және т.б.), көркем (әдебиет пен өнер туындылары) және адами (сұлулығы мен ізгі қасиеттері) құндылықтар. Бір нәрсені екіншісінен артық көру жалпы тірі табиғатқа тән. Аң екеш аңның өзі төлін қызғыштай қорғайды. Дегенмен, құндылықтың антропогенді, яғни адамға тән екендігін баса айту қажет, өйткені барлық жаратылыстың ішінде адам ғана табиғи және мәдени туындыларды, идеялар мен амал-әрекеттерді, жалпы басқа адам мен қоғамды, сондай-ақ өзін-өзі бағалауға қабілетті. Құндылықтар адамның әлеуметтік болмысына тартылған, адам құндылықтарға мүдделі әрі мұқтаж болып табылады.   


Адам құзырындағы заттар, қоғамдық қатынастар жəне олар қамтыған табиғат құбылыстары құндылықты қатынастар нысандары ретінде танылған және бағалы заттар сипатында іс-əрекетке қосылады. Яғни бұлардың бəрі де жақсылық пен жамандық, шындық пен жалған, əсемдік пен ұсқынсыздық, əділдік пен əділетсіздік жəне т.б. Тұрғысынан пайымдалады. Белгілі құбылыстарды бағалауға негіз болған тəсілдер мен өлшемдер субъективті баға түрінде қоғамдық сана мен мəдениетте бекиді де, адам əрекетін бағыттаушы құралдарға айналады.  Алайда құндыны қарапайым бағалыдан, қажеттіден, тиімдіден, пайдалыдан ажырата да білу керек. Барлық тірі және шынайы сүйікті нәрселер құрал бола алмайды. Әдетте материалдық игілік пен тұтынушылық нарықты, еңбек өнімі мен тауар айырбасының нәрсесін білдіретін қарапайым құндылықтар экономикалық құндылықтар болып табылады. Айырбасқа көнбейтін, орны толмайтын жоғары құндылықтар да болады, әдетте оларды «баға жетпес» деп жатады. Бұл тұрғыдан алғанда олар қасиеттілік ұғымына жақындайды. Діндар адамдар үшін барынша қастер тұтып, қадірленетін құндылықтар бұл – діни құндылықтар.

Құндылықтар әлемі шексіз десе де болады, тіпті жаратылыстың өзі біз үшін танымдық, философиялық және эстетикалық тұрғыдан құнды болып саналады.  Діни құндылықтар Құдайға сенуге негізделеді және әрбір дін адамның Жаратушымен рухани-практикалық байланысын анықтап қана қоймай, оның жалпы қоғамдағы және тұтас әлемдегі орнын реттейді. Жоғары діни құндылықтар адамдардың өмірінің мәні мен қамын айқындайды. «Құндылықтық фактор» Құдай идеясының өзінде болады, өйткені құндылықтық басымдылықтардың мазмұны мен мәртебесі Жаратушының өзінен туындайды. Көптеген діни жүйелерде этикалық, яғни моральдық-адамгершілік қасиеттердің эталоны Құдайдың аты мен затынан, сипаттарынан алынады, содан әрбір діни ағым құндылықтық императивтерді, парыздар мен тыйымдарды қалыптастырады.  Бір Құдайға табынушылықтың тәухид концепциясы мейлінше жетілген соңғы дін ислам діні болып табылады. Оның негізгі қайнар көздері – қасиетті кітап Құран және пайғамбардың өсиеттері Сүннет. Осы қайнарлардан шыға отырып, мұсылманның тал бесіктен жер бесікке дейінгі бүкіл отбасылық және қоғамдық өмірқамын Шариғат айқындайды. Шариғаттағы ақида иман негіздерімен айналысса, фыкх мұсылмандардың жүріс-тұрыс ережелері мен қалыптарын қамтиды.  Шариғат бойынша қорғалатын исламның негізгі құндылықтары мыналар: дін, өмір, ақыл, бала тудырумен  ұрпақ жалғастыру, меншік. Дін кәлима-шахадат айту, намаз, ораза, зекет, қажылық тәрізді бес парызды қамтиды.


Құндылықтар сатысында дін алдыңғы орында тұрса, оның ең маңыздысы – кәлима келтіріп, Алладан басқа құдай жоқ екеніне, Мұхамедтің Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік ету. Келесі құндылықтар – өмір (біреуді өлтіруге, өзіңе қол салуға тыйым салынады, өлімге әрқашан дайын болып, толыққанды өмір сүру құпталады) және ақыл (амал ақылға сай саналы, таза әрі әділ болуы тиіс, ал ақылды қашыратын ашу-ыза, сананы улап, мас қылатын нәрселер құпталмайды) Жаратқанның адамға берген ең құнды сыйы әрі аманаты.  Исламда әлеуметтік прогрес пен экономикалық дамудың негізі ретінде меншік пен адал еңбек барынша қорғалады, оған қол сұғу жазаланады, бос қиял мен лақпа сөзбен қатар әрекетсіздік те, тілену де жағымсыз қылық болып табылады. Бала тудырып ұрпақ өсіруге ислам үлкен мән береді, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастарды шариғат бүге-шүгесіне дейін мұқият зерделейді, ерлі-зайыптылардың құқықтарын нақты анықтап береді. «Үйленген адам өз дінінің жүктегенінің жартысын орындаған болады». Баланы алдырып тастауды, монах болып оңашалану мен бойдақшылық өмір салтын ислам құптамайды, белсенді өмір сүруге үндейді.       Кәсіби философияда құндылықтар туралы ілім аксиология деп аталады және өзінің бастауын жүзеге асқан құндылық – пайдалылықты игілік деп қарастырған ежелгі гректерден алады.

Қазақтың кім екені оның философиясы мен дүниетанымынан, тілі мен дінінен, ділі мен дәстүрінен, мәдениеті мен өнерінен, күнделікті өмірқамы мен әдет-ғұрпынан, мінген аты мен тартқан домбырасынан көрінеді. Бүгінгі біздің қоғамда ата-бабаларымыз берік ұстанған бұл кісілік құндылықтардың көмескілене бастағаны байқалады. Оны күнделікті отбасының тұрмысынан да, қоғам өмірінен де аңғарып жүрміз. Ба-тыстық бұқаралық мәдениеттің тегеуірінді ықпалы интернеттен де, теледидардан да, басқа ақпарат құралдарынан да қарқынды жүргізілуде. Әрине, поэзия мен ән-күй өнерінде қазақы қоңыр үн мен ырғақ, бояу мен нақыш сақталып отыр, оған да шүкір дейсің, әйтпесе дүниеге келген нәрестеге не тыңдатып, не көргізеріңді білмей дал боласың. Дегенмен, жалаң еліктеушілік, «өзгенің асылын малшылау» басым, оған тоғышар¬лық, көзбояушылық, науқаншыл¬дық, ұраншылдық, әсіреқұмарлық, шенқұмарлық, даңғазалық, мақтаншақтық сияқты антиқұндылықтар қосылып отыр. Ол күнделікті тіршіліктен де, ғылым, әдебиет, өнер тәрізді «рухани» мәдениет салаларынан да анық байқалады. Мұндай келеңсіз құбылыстарда құндылық қайдан болсын, рух қайдан болсын.  Не құнды? Рухы бар нәрсе құнды. Риясыз, өз болмысына сай болған шынайы дүние құнды.