Файл: Интерактивті маркетингті артышылытары мен кемшіліктері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 32
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ғаламтор желісіндегі тұтынушылар мен сатушылар арасындағы қарым-қатынастың негізінен вербалды сипатта орын алуыда интерактивті маркетингтің келесі бір кемшілігі. Қарым-қатынастағы берілетін ақпараттың 35% вербалды жолмен, 65% вербалды емес жолмен беріледі. Ғаламтордағы ақпараттың көптеген жағдайда вербалды жолмен берілуі тұтынушы және ұйым жайлы психологиялық ақпараттың біржақтылық сипатына және жеткілісзідігіне алып келеді.
Интерактивті маркетинг қызметіндегі жеке тұлғаға немесе компанияға тиесілі ақпараттың сенімді сақталуы өте маңызды. Тұтынушылар электрондық несие картасының номерін және оның коды жайлы құпия ақпаратты басқа адамдардың біліп алу мүмкіншілігі бар екендігіне байланысты уайымдайды. Ал компаниялар олардың компьютерлерін бопсалау немесе аңду мақсатында электрондық қарақшылардың бұзу мүмкіншілігіне байланысты уайымдайды. Яғни, бұл жердегі интерактивті маркетингтің басты кемшілігі ғаламтордағы қажетті деңгейдегі сақтандыру жүйесінің болмауымен байланыстырылады. Қауіпсіздік мәселесімен қоса интерактивті маркетингтің бір кемшілігі этикалық сұрақтарға келіп тіреледі. Көптеген веб-сайттарда тұтынушылар тіркелген уақытта өзі жайлы көптеген ақпараттарды енгізеді. Тұтынушылар жайлы осы ақпаратты компаниялар маркетингтік жарнамалары үшін немесе басқа компанияның тұтынушылар базасымен алмасу мақсатында тұтынушының келісімінсіз пайдалануы мүмкін.
Жалпылай келе интерактивті маркетингтің тұтынушылар мен ұйымдар үшін қандай артықшылықтар мен кемшіліктерге ие екендігі 1-кестеде көрсетілген.
Кесте 1. Интерактивті маркетингтің тұтынушылар мен ұйымдарға ұсынатын артықшлықытары мен кемшіліктері
Интерактивті маркетинг | |||
Артықшылығы | Кемшілігі | ||
Тұтынушылар | Экономикалық қатынастың белсенді мүшесі | Электронды тұтынушылардың жеке тұлғалық және қаржылық ақпараттарының қауіп астында болуы | |
Сатып алу үрдісінің ыңғайлылығы | Тұтынушылар жайлы жеке тұлғалық ақпараттарды тұтынушыларға ескертей компанияның өз мақсатында пайдалануы | ||
Бәсекелестер, тауар, қызмет, компания жайлы ақпарат алу жеңілдігі | |||
Сатып алу үрдісінде сыртқы әсерлердің төмендігі | |||
«Электрондық сатып алу» үрдісінің белсенділігі мен салыстырмалы түрде минимум уақытты талап етуі | Ғаламтордағы ақпараттың вербалды жолмен берілуі ұйым жайлы психологиялық ақпараттың біржақтылық және жеткіліксіздік сипатына ие болуы | ||
Коммуникативтік және ақпараттындырылу үрдісінің жеңілдігі | |||
Тұтынушылардың виртуалды сауда нарығына әлеуметтік желілер, онлайн арналар және онлайн хабарландыру құралдары арқылы әсер етуі | Ғаламтор желісіндегі шамадан тыс ақпараты ағыны | ||
Ұйымдар | Ұйым мен тұтынушыны байланыстыра отырып, сенімділік қарым-қатынасты қалыптастыру | Қазақстан Республикасындағы ғаламтор желілерін белсенді пайдаланушылардың санының төмендігі | |
Тұтынушылардың нақты қажеттіліктер базасын қалыптастыру | |||
Тұтынушылардың өзгермелі қажеттіліктеріне икемделе отырып, ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылату және тұтынушылық құндылығын жақсарту | Ғаламтор желілеріне қолжеткізу мүмкіншілігінің төмендігі электрондық сату көлемінің төмендеуіне алып келеді | ||
Ұйымның жиынтық шығынын төмендету (жалға алу, дүкенді ұстау, сақтандыру, коммуналдық шығындар) | Қазақстан Республикасындағы ғаламтор тұтынушыларының жас шамасына байланысты, ұйымның тұтынушылардың жиі өзгеретін қажеттіліктері мен талғамдарына икемделуінің теріс салдары | ||
Ұйым мен сатушылар арасында ақпараттың бұрмалануының минимумы | Ғаламтордағы ақпараттың вербалды жолмен берілуі сатып алушы жайлы психологиялық ақпараттың біржақтылық және жеткіліксіздік сипатқа ие болуы | ||
Интерактивті маркетингке негізделген виртуалды сауданың дәстүрлі бизнес инфрақұрылымымен бірлесуі | Ұйым жайлы ақпаратқа электрондық қарақшылардың шабуылы | ||
Автормен құрастырылған |
Қорытындылай келе, шетелдік және отандық ғалымдар интерактивті маркетингті ұйымның бәсекеге қабілеттілігін мен қызметінің тиімділігін арттырушы құрал ретінде жүйелі түрде зерттеулер жүргізбей тек оқшау жағдайда қарастырған. Бірақ бүгінгі таңдат интерактивті маркетингті оқшаулау тұрғысынан зерттеу дұрыс нәтиже бермейді. Себебі, интерактивті маркетинг түсінігі қазіргі уақытта ғаламтордағы маркетингтік зерттеулер, интернет-коммуникациясының технологиялары, телемаркетинг, интернет маркетинг, тікелей жауап беру жарнамасы, электрондық сауда құралдарымен байланысты қарастырылуы тиіс. Сонымен қоса интерактивті маркетингтің ғаламтор тұтынушылармен тікелей байланысын ұмытпау қажет. Өз кезегінде тұтынушылардың қажеттіліктерін тиімді түрде қанағаттандыру үшін интерактивті маркетингтің табиғатын, жұмыс жасау қағидасын түсіне отырып, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін жалпылама айқындай білу қажет. Қазіргі уақытта интерактивті маркетингтің артықшылықтары ақпарат алу жеңілдігі, қарым-қатынас орнату жылдамдығы, сату және сатып алу ыңғайлылығы, уақытты үнемдеушілік, ұйым шығынының азаюы мен жоғары икемділікке ие болуы, тұтынушының виртуалды нарықтың белсенді мүшесіне айналуы секілді сипаттамалармен анықталады. Интерактивті маркетингтің аталған артықшылықтарын тиімді және уақытылы қолдану ұйымға тұтынушылары алдында, бәсекелестері мен әріптестері алдында және жалпы нарықта жоғары дәрежедегі ұйым имиджын, бәсекелестік артықшылығын және қызметтік тиімділігін қамтамасыз етеді.
Ғаламтор желісі танымалдылығының артуы мен техникалық революциялардың қарқындауы интерактивті маркетингтің артықшылықтарын пайдалануға ұмтылушы ұйымдар мен тұтынушылардың санының артуына алып келеді. Алайда кез-келген механизм, жүйе, әдіс артықшылықтарымен қоса кемшіліктергеде ие болатыны белгілі. Сондықтан интеракивті маркетингтің артықшылықтары мен бірге оның кемшіліктерін анықтау ұйымның болашақтағы қауіптерінің алдын алып, интерактивті маркетингтің әлеуетін жоғарылатуға септігін тигізеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Ф. Котлер
2. Л.В. Балабанова
3. (Дж. Бернет)
4. (В. Руделиус)