Файл: Книга профилактика.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Книга

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.02.2019

Просмотров: 16522

Скачиваний: 27

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Стоматологиялық зонд қарауға кедергі жасайтын тағам бөліктерін тістің беткейінен алып тастау үшін, сонымен қатар зерттеу объектілерінің: тіс тіндері, пломба, тіс жұғындылары және т.б. механикалық қасиетін бағалау үшін қолданылады. Зондты сабының ортаңғы немесе төменгі үштен бір бөлігінен оң қолдың І, ІІ және ІІІ саусақтарымен ұстайды, тісті тексерген кезде қиығын тексерілетін беткейге перпендикулярлы орналастырады. Зондтаудың мүмкін болатын зиянын есте сақтау қажет:

  • зонд тіндерді механикалық зақымдауы мүмкін (жетілмеген эмаль, бастапқы тіс жегісі зонасындағы эмаль, қызылиекасты аймағының тіндері);

  • фиссураларды зондтау қақтың енуіне әсерін, яғни оның терең бөлімдерінің инфицирленуі;

  • зондтау ауырсыну тудыруы мүмкін (әсіресе ашық жегіленген қуыстарды зондтау кезінде);

  • инеге ұқсас зондтың түрі жиі науқастарды қорқытуы мүмкін, бұл науқаспен психологиялық байланысты бұзады.

Осы себептерге байланысты зонд бейнені бұрмалайтын ауыз сұйықтығынан тістің беткейін кептіруге, онымен байланыспайтын басқа объектілерден тістің беткейін босатуға мүмкіндік беретін ауалы пистолетке жиі орын береді.

Ауыз қуысын клиникалық зерттеу келесі тәртіпте жүргізіледі:

1. Ауыз қуысы кілегей қабығын қарау:

  • еріннің, ұрттың, таңдайдың кілегей қабығы;

  • сілекей бездері шығару жолдарының жағдайы, бөлінісінің сапасы;

  • тілдің арқасының кілегей қабығы.

  1. Ауыз қуысы кіреберісінің архитектоникасын зерттеу:

  • ауыз қуысы кіреберісінің тереңдігі;

  • еріннің үзбелері;

  • бүйір ұрттық тәждер;

  • тілдің үзбесі;

  • периодонт жағдайын бағалау;

  • тістесу жағдайын бағалау;

  • тістер жағдайын бағалау.

Ауыз қуысы кілегей қабығын қарау. Қалыпты жағдайда ауыз қуысының кілегей қабығы ақшыл-қызыл түсті, таза, біркелкі ылғалды. Кейбір аурулар кезінде кілегей қабықтың зақымдалу элементтерінің пайда болуы, оның ылғалдылығының және иілгіштігінің төмендеуі мүмкін.

Сілекей бездері шығару жолдарын қарағанда құлақмаңы аймағының массажы көмегімен сілекей бөлінуінің жоғарлауын ж.ргізеді. Сілекей таза, сұйық болуы қажет. Сілекей бездерінің кейбір аурулары, сонымен қатар соматикалық аурулар кезінде ол жеткіліксіз, тұтқыр, бұлдыр болады.

Тілді қарағанда оның түсіне, емізікшелердің айқындылығына, мүйізделу дәрежесіне, қақтың болуына және оның қасиетіне көңіл аударады. Қалыпты жағдайда тілдің арқасында емізікшелердің барлық түрлері болады, мүйізделу біркелкі, қақ жоқ. Әр түрлі аурулар кезінде тілдің түсі, оның мүйізделу дәрежесі өзгеруі, қақ жиналуы мүмкін.

Ауыз қуысы кіреберісінің архитектоникасын зерттеу. Тексеруді бекіген қызылиектің биіктігін анықтаудан бастайды: ол үшін төменгі ерінді горизонтальды жағдайға дейін тартады және қызылиек емізікшесі негізінен бекіген қызылиектің қозғалмалы кілегей қабыққа өту сызығына дейінгі арақашықтықты өлшейді. Бұл арақашықтық 0,5 см-ден төмен болмауы қажет. төменгі фронтальды тістердің периодонты үшін қаупі болады, оны пластикалық операция көмегімен жоюға болады.


Еріннің үзбелерін ерінді горизонтальды жағдайға дейін тарта отырып қарайды. альвеолярлы өсіндіні жауып тұратын тінге үзбенің (қалыпты жағдайда – тісаралық емізікшеден тыс) қосылу орнын, үзбенің ұзындығы мен қалыңдығын (қалыпты жағдайда – жіңішке, ұзын) анықтайды. Ерінді тартқан кезде қызылиектің орналасуы мен түсі өзгермеуі қажет. Тісаралық емізікшелерге қосылатын қысқа үзбелер тағам қабылдау және сөйлеу кезінде созылады, қызылиектің қанмен қамтамасыз етілуін өзгертеді және оны жарақаттайды, бұл периодонттың патологиялық қайтымсыз өзгерістеріне әкелуі мүмкін. Сүйектысына қосылатын еріннің қалың үзбесі орталық күрек тістер арасында саңылаудың болуын қамтамасыз етеді. Ерін үзбесінің патологиясын анықтаған кезде үзбенің пластикасы немесе тілу туралы сұрақты шешу үшін науқасты стоматолог-хирургқа консультацияға жібереді.

Бүйір (ұрттық) тәждерді зерттеу үшін ұртты жанына тартады және ұрттан альвеолярлы өсіндіге баратын кілегей қабық қатпарларының айқындылығына көңіл аударады. Қалыпты жағдайда ұрттық тәждер әлсіз айқын немесе орташа түрінде сипатталады. Тісаралық емізікшелерге қосылатын қатты, қысқа тәждер тіл мен еріннің қысқа үзбелері сияқты периодонтқа негативті әсер етеді.

Тілдің үзбесін қарау науқасты тілін көтеруін сұрап немесе айнаның көмегімен оны көтеріп жүргізеді. Қалыпты жағдайда тілдің үзбесі ұзын, жіңішке, бір ұшымен тілдің ортаңғы үштен бір бөлігіне, басқа ұшымен – тіласты валиктерден дистальды ауыз қуысы түбінің кілегей қабығына қосылады. Патология кезінде тілдің үзбесі қалың, тілдің алдыңғы үштен бір бөлігіне және төменгі орталық күрек тістердің периодонтына қосылады. Бұл жағдайда тіл нашар көтеріледі, науқастың тілді шығару әрекетінде оның ұшы екі еселенуі («жүрек» симптомы) немесе төменге иілуі мүмкін. Тілдің қысқа қалың үзбесі жұтыну, сору, сөйлеу ([р] дыбысын айту бұзылысы) қызметтерінің бұзылу, периодонт пен тістесу патологиясының себебі болуы мүмкін.

Периодонт жағдайын бағалау. Қалыпты жағдайда қызылиек емізікшелері айқын, бір қалыпты ақшыл-қызыл түсті, үшбұрыш тәрізді немесе трапеция тәрізді формалы, тісаралық амбразураларды толтыра отырып, тістерге тығыз бекиді. Сау периодонт өздігінен және оған сәл тигенде қанамайды. Фронтальды тістерде қалыпты қызылиек жүлгесінің тереңдігі 0,5 мм-ге дейін, бүйір тістерде – 3,5-ке дейін. Қалыптыдан ауытқулар (гиперемия, ісіну, қанағыштық, зақымдалу элементтерінің болуы, қызылиек жүлгесінің бұзылуы) периодонт патогиясының белгілері болып табылады және зерттеудің арнайы әдістері көмегімен бағаланады.

Тістесу жағдайын бағалау. Тістесу үш позиция бойынша сипатталады:

  • жақтардың қатынасы;

  • тіс қатарларының формасы;

  • бөлек тістердің орналасуы.

Жақтардың қатынасын орталық окклюзия жағдайында жұтыну кезінде науқастың жақтарын бекітіп бағалайды. Үш жазықтықта: сагиттальды, вертикальды және горизонтальды кілтті антагонист-тістердің негізгі қатынастарын анықтайды. Ортогнатиялық тістесу белгілері мыналар:


  • сагиттальды жазықтықта:

  • жоғарғы жақ бірінші молярдың мезиальды төмпешігі төменгі жақ аттас тісінің көлденең фиссурасында орналасады;

  • жоғарғы жақтың ит тісі төменгі жақтың ит тісінен дистальды орналасады;

  • жоғарғы және төменгі жақтың күрек тістері тығыз оральды-вестибулярлы қатынаста орналасады;

  • вертикальды жазықтықта:

  • антагонистер арасында тығыз фиссурлы-төмпешікті байланыс болады;

  • күрек тістік жабылу (төменгі күрек тістер жоғарғымен жабылады) сауыт биіктігінің жартысынан аспайды;

  • горизонтальды жазықтықта:

  • төменгі молярлардың ұрттық төмпешіктері антагонист жоғарғы молярлардың фиссураларында орналасады;

  • бірінші күрек тістер арасындағы орталық сызық төменгі жақ бірінші күрек тістері арасындағы сызықпен сәйкес келеді.

Тіс қатарларын бағалау жымдаспаған жақтар кезінде жүргізіледі. Ортогнатиялық тістесуде жоғарғы тіс доғасы полуэллипс түріне, ал төменгі – парабола түріне ие.

Бөлек тістердің орналасуын бағалау жымдаспаған жақтар кезінде жүргізіледі. Әрбір тістің тіс қатарларының дұрыс формасын және тегіс окклюзионды жазықтықтарды қамтамасыз ете отырып, топтық орналасуына сәйкес орны болады. Ортогнатиялық тістесуде тістердің проксимальды беткейлері арасында нүктелі немесе жазық контактты пункт болуы қажет.

Тістер жағдайын бағалау және тіркеу. Клиникалық қарау барысында тіс сауыттары тіндерінің және сәйкес жағдайларда түбірдің жалаңаштанған бөлігінің жағдайын бағалайды. Тістің беткейін кептіреді, содан кейін визиальды , сирек тактильді зерттеу әдістерімен келесі ақпаратты алады:

  • тіс сауытының формасы туралы (қалыпты жағдайда бұл тіс топтарына тән анатомиялық эталонға сәйкес келеді);

  • эмальдың сапасы туралы (қалыпты жағдайда эмальдың тұтас макроқұрылымы, біртекті тығыздығы бар, ашық түске боялған, жартылай мөлдір, жылтырайды);

  • реставрацияның, ортодонтиялық және ортопедиялық алынбайтын құрылымдардың болуы және сапасы, олардың қасындағы тіндерге әсері туралы.


Тіс сауытының әрбір көрінетін беткейін зерттеу қажет: оральды, вестибулярлы, медиальды, дистальды, премолярлар мен молярлар тобында – окклюзиондыны да.

Ештенені жіберіп алмау үшін тістерді қараудың белгілі бір реттілігін сақтайды. Қарауды жоғарғы оң жақтың соңғы тісінен бастайды, жоғарғы жақтың барлық тістерін кезекпе-кезек қарап, төменгі сол жақтың соңғы тісіне түседі және қарауды төменгі оң жақтың соңғы тісімен аяқтайды.

Стоматологияда әрбір тіс және тістердің негізгі жағдайлары үшін шартты белгілер қолданылады, бұл жазуды айтарлықтай жеңілдетеді. Тіс қатарлары төрт квадрантқа бөлінеді, олардың әрқайсысына қаралу реттілігіне сәйкес реттік сан беріледі: тұрақты тістесуге 1-ден 4-ке дейін және уақытшаға – 5-тен 8-ге дейін (сур. 4.1).






Жоғарғы Жоғарғы

жақ, жақ,


оң жағы сол жағы








Төменгі Төменгі

жақ, жақ,

оң жағы сол жағы


Сур. 4.1. Тіс қатарларының квадранттарға бөлінуі.


Күрек тістерге, ит тістерге, премоляр мен молярларға шартты сандар беріледі (табл. 4.1).

Әрбір тістің белгіленуі екі саннан тұрады: бірінші сан тіс орналасатын квадрантты, ал екіншісі – тістің шартты саны. Осылайша, жоғарғы оң жақ тұрақты орталық күрек тісі 11 тіс түрінде ( «бір бір тісі» деп оқу қажет), төменгі сол жақ тұрақты екінші моляр – 37 тіс түрінде, ал төменгі сол жақ уақытша екінші моляр – 75 тіс түрінде белгіленеді (қара сур. 4.2).

Таблица 4.1

Уақытша және тұрақты тістердің шартты сандары



Уақытша тістер

Тұрақты тістер

Орталық күрек тіс

1

1

Бүйір күрек тіс

2

2

Ит тіс

3

3

Бірінші премоляр


4

Екінші премоляр


5

Бірінші моляр

4

6

Екінші моляр

5

7

Үшінші моляр


8


Таблица 4.2

Тістер жағдайының шартты белгілері



Тістің жағдайы

Шартты белгілер

тұрақты тістерге

уақытша тістерге

сауыты

түбірі

Сау

0

0

A

Тіс жегісі және оның асқынулары

1

1

B

Ақауы бар тұрақты пломба, пломба және тіс жегісі

2

2

C

Тұрақты пломба, тіс жегісі жоқ

3

3

D

Тіс жегісі нәтижесінде жұлынған

4*

-

E**

Басқа себеп бойынша жұлынған (30 жасқа дейін)

5

-

-

Герметигі бар сау

6

-

F

Тірек сауыты, арнайы сауыт немесе винир/имплантант

7

7

G

Жарып шықпаған тіс (сауыт)/көрінбейтін түбір

8

8

-

Жарақат

Т

-

Т

Кодталмайды

9

9

-

Ескерту:

* 30 жастан асқан адамдарда жұлу себебін анықтамай әрбір жұлынған тіс болып табылады.

** Тістің физиологиялық ауысуының стандартты мерзімдеріне дейін екі жылдан көп тіс қатарында болмаған әрбір тіс болып табылады.


Тістер жағдайының ең кең таралған нұсқалары үшін ДДҰ 4.2 таблицада келтірілген шартты белгілерді ұсынады.



Сур. 4.2. Тұрақты және уақытша тістесудің тіс қатарлары.


Стоматологиялық құжатта «тіс формуласы» болады, оны толтыру кезінде барлық қабылданған белгілер қолданылады.


5 тарау. Тіс жегісін біріншілік алдын-алу


5.1. Тіс жегісінің этиологиясы мен патогенезінің теориялары. Тіс жегісін біріншілік алдын-алудың негізгі бағыттары


Тіс жегісінің табиғатын зерттеу тарихы

Тіс жегісі (лат. сөзінен сaries - сүйек сырқырау)- тіс тінінің жергілікті деструкциясының патологиялық үрдісі. Адамның тістері тіс жегісімен неолит дәуірінде зақымдалған: Кроманьон үңгірінің қабырғаларында ауру тістер туралы суреттердің жасы 22000 жылдан асады. Адам мәдениеттілігінің дамуына байланысты тіс жегісі агрессивті болды және адамдарды принципиальды маңызды сұрақтарға жауаптар іздеуге мәжбүр етті: неге тістер бұзылады және одан қалай құтылады?


Жегіленген аурудың табиғаты бұрын адамдарға парадоксалды болып саналды: тістердің «шіруі» адам тіршілігі кезінде ғана дамып, өлгеннен кейін ешқашан болмайды деп есептелді. Сондықтан тіс жегісінің себептерін бастапқыда-ақ ағзаның жалпы жағдайымен байланыстырылды: ежелгі гректер тістердің саулығы, жан мен тәннің саулығы сияқты – қан, лимфа, ақ және қара өт - 4 сұйықтықтың қатынасымен анықталады деп есептеген.

Тірі табиғатты зерттеу тәжірибесі тіс жегісінің инфекциялық себептері туралы тұжырымның туындауына негіз болды: құрттар «тістерді жеп, олардан қанын ішеді»,- деп Гомер мен Шекспир туындыларындағы басты кейіпкерлер шағымданады.

Жегіленген патологияның үшінші аспектісі - оның химиялық үрдістермен байланысы - алғашында Гиппократ пен Аристотель еңбектерінде, тіс жегісі, тамақ тұрып қалып, шіритін аймақтарда дамиды делінген, сондықтан тістерге ең зиянды – тәтті жабысқыш фигалар болып келеді деп атап өтіледі.

Тіс жегісінің пайда болуының химиялық және инфекциялық версияларын қосатын тістердің химико-паразитарлы теорияны құру, Пастер мен Кохтың жұмыстары көмегімен ХІХ ғасырдың екінші жартысында мүмкін болды. Тіс жегісінің инфекциялық теориясының дамуы Кларк жұмыстарында маңызды түрткі болды: 1924 ж. ол деминерализацияланған эмальға қонатын микроағзаларды зерттеп, тіс жегісінің туындауында елеулі әсер ететін микроағзаларды анықтады, оларға Streptoccus mutans атауын қойды (атауы инкубация жағдайына байланысты баған түрінің өзгерісін сипаттайды).

ХХ ғасырда тіс жегісінің инициация мен дамудың механизмдерін зерттеу жалғасады. 1940 жылдары тіс жегісі кезінде эмальдың белокты матрицасының жағдайына көңіл бөліне бастады. Протеолитикалық теорияның авторлары Готлиб, Пинкус пен Фрисби, қышқылдың эмальды деминерализацияға әкеліп, оны ақ дақ сатысына айналдырып, бірақ шынайы жегіленген қуыстарды түзбейді деп тұжырымдады. Авторлар пікірлері бойынша шынайы тіс жегісін тудырып, эмальдың екіншілік деминерализациясын қамтамасыз ететін, тіннің ішіне микробтардың инвазиясын жеңілдететін, эмаль призмалары арасында байланыстарды бұзуға, ыдырауына әкелетін маңызды үрдіс органикалық құрылымдардың біріншілік бұзылуы болып табылады.

Хелационды теорияға сәйкес (Шац, Мартин, 1955) тістер тіндерінің деминерализация үрдісі бейтарап және қышқыл ортада кальцийді ұстауға қабілетті, белоктар мен органикалық қышқылдардың хелат түзуші қасиеттерімен (тамақ, эмальдың микробты шабуылының өнімдері) жеңілдетіледі.


Морш (1971) компромиссті версияны ұсынды: жегіленген үрдіс қышқыл ортада микробты деминерализациямен басталады, ал бейтарап ортада хелатты қосындылардың түзілу жолымен жалғасады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында соматикалық, инфекциялық және химиялық версияларды қосатын тіс жегісінің пайда болуы мен дамуының интегративті концепцияның қалыптасуы үшін жағдайлар пайда болды.