Файл: Книга профилактика.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Книга

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.02.2019

Просмотров: 16536

Скачиваний: 27

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Маннит - манноза қантынан өндірілетін полиол, ауыз қуысының микрофлорасымен аз мөлшерде ферменттелуі мүмкін, сондықтан тіс сықпалары өндірісінде тәттеуіштер ретінде қолданылуы мүмкін.

Синтетикалық калориялы емес қант ауыстырғыштар

Осы топқа әр түрлі химиялық сипаттамасы бар, төмен фармакологиялық белсенді болып келетін және қанттан қарқынды тәттілігі 30-100 000 есе көп натрий сахарині, натрий цикламаты, аспартам заттары жатады. Қарқынды тәттеуіштерді өндіру күрделі және қымбат болып келеді, бірақ қажетті дәмге жету үшін, осы заттың аз мөлшері «қантсыз тәттілерді» дайындауда экономикалық пайдалы. 1974 жылы тәттеуіштер дәрілерді, сусындарды, тәттілерді, шайнау сағыздарын өндіруде қолданылған. Осылайша, аспартам рН-3,9-4,3 кезінде белсенді, сондықтан кока-кола өндірісіне үйлесімді; сахарин мен аспартам «тәтті» дәмді қанттан гөрі 10 есе ұзағырақ сақтайды, Бұл заттар диабетпен ауыратын адамдар үшін ұсынылады, өйткені бұл кезде инсулин қатыспайды және семірген адамдарға, тамақ калориясының төмендеуі әдеттегі рационның өзгермеуімен сипатталады.

Бірақ қарқынды қант ауыстырғыштарды кеңінен қолдану олардың онкогенді және тератогенді потенциалдың болынан шектеледі. Осыған байланысты, қарқынды тәттеуіштерді қолдану 16 жасқа толмаған және жүкті, репродуктивті жастағы әйелдерге ұсынбаған жөн. Аспартамды қолдану (L, A-аспартил мен фенилаланиннің метильді эфирі) фенилкетонуриямен ауыратын адамдарға қарсы көрсетілген. Қалған адамдарға тәттеуіштерді қолданудың тәуліктік шектеуі анықталған: сахарин үшін - дене массасына 2,5мг/кг, цикламат үшін - 11,0 мг/кг, аспартам үшін – 40 мг/кг.

Тәттеуіштер ретінде ауыз қуысы гигиенасының заттары құрамында сахаринді, аспартам және цикламатты «жергілікті» оральды қолдану мақсаты бұл заттардың қышқылдарды түзумен микробты қақпен ыдырай алмайтындығымен байланысты, ал кейбір мәліметтер бойынша сілекейдің бөлінісін көбейту арқылы тіс жегісіне қарсы әсерді қамтамасыз етеді.

Фторид пен кальцийі бар қант

Соңғы уақыттарда тәтті ұнататын адамдарға ыңғайлы - қанттың фторидтермен бірге болуы. Басты мақсаты, қант қақ микроағзаларымен өңделгеннен кейін еріту әсерін бастағанда, бұл белсенді реминерализациялайтын агенттің қажетті аймақта болуын қамтамасыз етуге негізделеді. Ауыз қуысын 10% сахароза ерітіндісімен жүйелі түрде шайған кезде рН-тың критикалық төмендеуіне қарамастан эмаль сау күйінде қалады. Кальций препаратардың қантқа қосылу пайдасы біршама екендігі анықталды, қарапайым тәттілерді кальций лактаты бар тәттілерге ауыстырғанда тіс жегісінің өсуін 43-87 %-ға төмендетеді.


Көмірсутекті тағамдарды, тамақтану рационы мен тәртібін таңдауды бақылау мүмкіншіліктері

Тамақтану үшін өнімдерді таңдау әртүрлі факторлар әсерінен адаммен жүзеге асады. Бұл үрдісте басты рөлді қандайда бір тамақтың қол жетімділігін анықтайтын экономикалық және әлеуметтік жағдайлар атқарады. Әрбір адам өз ағзасының физиологиялық қажеттілігіне, денсаулық жағдайына, гастрономикалық құмарлығына тіреліп ақырғы таңдауды жасайды. Қазіргі заманғы диеталық ұсынымдар бойынша адамның энергетикалық және пластикалық қажеттіліктері туралы ғылыми мәліметтерге негізделеді, сонымен қатар диетотәуелді ауруларды (жүрек-қан тамыр, эндокринді, кейбір онкологиялық және т.б.) алдын-алуға бағытталған болып келеді. Ересек адамның рационына дәнді тағамдар (нан, ботқа, тәулікке 6-11 қабылдаулар), көкөністер (3-5 қабылдаулар), жемістер (2-4 қабылдаулар) және жануар текті өнімдер (сүт, йогурт, ірімшік-2-3 қабылдаулар; ет, балық, жұмыртқа -2-3 қабылдау) (сур. 5.18) кіреді. Барлық аталған өнімдерді 3 немесе 4 тамақ қабылдауына реттеген жөн (таңғы ас, түскі ас, бесіндік, кешкі ас), тәтті өнімдерді осылардың біреуіне қосып, жүрек жалғауларды азайту керек.




Сур. 5.18. Тағамдық пирамида (ДДҰ, 2002 ж.).


Тіс жегісін алдын-алу жағынан қарастырғанда қажетті тағам тізімі ішінен «пайдалылар» қатарына барлығы кіре бермейді: жасыл көкөністер, ет мен сүт төмен кариесогенді потенциал болса, онда крахмалды көкөністерде, нанда, макарон мен ботқалар кариесогенді болып саналмайды. Тістерді сақтау мақсатымен өмірге қажетті көмірсутекті тағамнан бас тарту мүмкін емес, ал олардың тұтынуын шектеу соматикалық денсаулыққа зиян келтіріп (әсіресе, жүкті әйелдерге, балаларға), стоматологиялық мәселелерді шешпеуі мүмкін.

Тәттілерден бас тарту немесе оларды тұтынуды шектеу денсаулыққа әкелмейді, бірақ кейбір адамдарға ғана. Сондықтан стоматологтың диетологиялық міндеттеріне 2-3 аз көмірсутекті арасында тағамдану бар 3-4 ретті тамақтанудан тұратын ауыз қуысында тамақтың ұзақтығының қысқаруын реттейтін саналы тамақтану режимін насихаттаумен шектелу болып табылады.

Қант құрамды тәттілерді тұтынуға қатысты ұсынылады:

  • толығымен тісті тазарту жүретін негізгі тамақтанудың аяғында тәтті десерттерді қабылдауды шектеу;

  • арасында тағамдану санын күніне 2 ретке дейін шектеу;

  • арасында тағамданусыз болмаған жағдайда (асқорыту жолының аурулары, қлоайсыз жұмыстар кезінде), тәтті жемісті жүрек жалғауларды сілтіліге ауысытру: ірімшік, сүт, салат, орамжапырақ, жаңғақтар және т.б.;

  • ұйықтар алдында тістерді кешкі тазартудан кейін тәттілерді жемеу және ішпеу;

  • соктар мен қышқылды тәтті газдалған сусындарды түтікше арқылы ішу;

  • арасында тағамданулардан кейін ауызды сілтілі ерітінділермен шаю (сумен емес)

  • қантсыз сағызды шайнау;

Тамақтану тәртібін психологиялық жағынан негативті емес (ұйықтар алдында тәтті жеме!), позитивті көзқараспен (кешкі астан кейін өзіннің тәттіңді жеп, бірден тіс тазартуға бар) түзету керек. Балалар кейін ештеңені айырматынын біле тұра, дәрігерді қызықпен тыңдайды.

Науқас қызығушылық танытса, дәрігер тамақтану өнімдерін және оларды қолдану режмін таңдаудан жеке ұсынымдар құруы мүмкін. Мысалы, кішкентай балдардың анасына баланың адекватты жасына сәйкес печеньенің орнына ірімшік немесе тәтті емес йогурт, жемістер, компоттар сияқты қабылдауға болатын нақты тағамдар тізімін алуы керек. Тәжірибе көрсеткендей, науқастар қызығушылық таныттырмайтын жаңа мәілметтерді сирек қабылдайды, жиі жалпы ұсынымдарға емес, нақты тағайындауларға сүйенеді.

Диеталық консультациялардың «жалпы» деңгейі коммунальды алдын-алу бағдарламаларының құрам бөлігі болып табылады. Ашылған диеталық консультациялар көп уақытты, стоматологиялық және психологиялық білімді, стоматологиялық қызметкер мен науқастың жеткілікті түрде мәдениеттілік деңгейін керек етеді, сондықтан тағамдық күнделіктер жеке қабылдауларда тартымды атрибут болып табылады.


Соңғы екі онжылдықтар бойы өнеркәсіпті мемлекеттерде тіс жегісі таралуы мен қарқындылығын эпидемиологиялық зерттеулер қант қабылдау деңгейі мен ЖПЖ арасындағы тікелей байланыстың жоғалуын анықтады. Бұл феномен дамыған мемлекеттерде жүйелі және жергілікті фторид препараттарын енгізумен маңызды болып келетін ауыз қуысы гигиенасына үлкен көңіл бөлумен түсіндіріледі. Сондықтан стоматологиялық диетологияда диетаны дұрыстау, тағамның кариесогенді әсерін болдыртпау бойынша адамның жүріс-тұрысын дұрыстауға біртіндеп ауысуға басым назар аударылады.


Көмірсутекті тағамды қабылдаудан кейін ауыз қуысына күтім жасау

Тағамдық өнімдерге кариесогенді әсерлерін төмендетудің оптималды тәсілі щетка, сықпа мен жіптер көмегімен тіс тазарту сияқты гигиеналық шараларды орындау болып табылады.

Тіс сықпаларында фторидтерді қолдану, көптеген зерттеушілер пікірі бойынша жалпы алғанда көмірсутектерге, әсіресе қанттарға қарсы популяциялық деңгейде әсер ететін негізгі қорғаныш болып табылады. Қант жүктемесі қаншалықты көп болса, эмальды сақтауға және қалпына келтіруге соншалықты көп фториді керек екен.

Тәтті тағамды қабылдағаннан кейін ауыз қуысын қарапайым сумен шаю қышқыл және қақ түзу үрдістеріне әсер етпейді. Тістерге 1-2% сода ерітіндісін немесе 0,1% лимон қышқылы ерітіндісін қолдану тиімдірек болып келеді, бірақ бұл тіс тазартқаннан әлдеқайда тиімділігі жағынан төмен.

Тіс жұғындылары мен ауыз қуысы жағдайына біртұтас әсер ету үшін тағам мен ауыз қуысы өнімдері арасындағы жағдай шайнау сағыз болып келеді.

Шайнау үрдіс ретінде адамды әрқашан тартатын - өйткені психофизиологтар айтуынша, шайнау жиырылысты түсіріп, босаңсытып, оймен жиналуға көмектеседі.

Қанты бар шайнау сағыздарын қолдану ауыз қуысында екі қарама-қарсы құбылыстарды туындатады: қант қақтағы гликолиз үрдісін белсендіреді, ал шайнау сілекейдің бөлінуін ынталандырады. Бақылаулар бойынша, мұндай сағыздардың кариесогенді әсері қорғаныш әсерден басымырақ болады.

Қант ауыстырғыштары бар шайнау сағыздары ауыз қуысы рецепторларына механикалық және химиялық бірегей әсер ету арқылы сілекей бөлінудің жылдамдығының өсуін біршама жоғарылатады. Шайнау сағызына сілтілі (карбамид) немесе минералды қосылыстардың болуы (кальций мен фторидтің еріген тұздары) ауыз қуысы ортасына қолайлы әсер етеді. Сондықтан қант құрамды сағыздардан гөрі ксилиті немесе басқа да қант ауыстырғыштары бар мұндай сағыздар кариесогенді болмайды, кейбір деректер бойынша бұл тіптен сағыздың алдында қабылданған басқа тағамдармен байланысты қақта белсенетін қышқылдарды бейтараптай алады. Зерттеулер бойынша мұндай шайнау сағыздарын үш жыл бойы қолдану тіс жегісі редукциясының 8-11% қамтамасыз етеді.

Бірақ шайнау сағыздарын қолдану тістердің толықтай механикалық тазарылуын ауыстыра алмайды. Осыдан шайнау сағыздардың «жағымсыз әсерлерін» де естен шығармағпн жөн:


  • шайнау асқазандағы сөл бөлінісін ынталандырады және қорытуға субстрат болғанда ғана, яғни тағамның біраз мөлшерін қабылдағаннан кейін ғана пайдалы болады;

  • шайнау асқазандағы сөл бөлінісін күшейтеді, сілекей бездердің ұзақ жүктемесі салдарынан әлсіреу мен атрофияға әкелуі мүмкін;

  • резинканы шайнаудың биомеханикасы тамақты қалыпты жағдайда шайнаудан ерекшеленеді, сондықтан сағызды шайнаған кезде шайнау бұлшықеттерге, самай-төменгі жақ буынына және периодонтқа таралатын жүктеме бұл тіндерде патологиялық өзгерістерді одан сайын нашарлатуы мүмкін.

Осылайша, қанты бар сағызды шайнау тістерге зиянды деп санаған жөн, ал қант ауыстырғышы бар сағыздарды сілекейі аз бөлінетін барлық адамдарға, тіс тазартуы қиындаған кезде тіс жегісі қарқындылығының жоғары деңгейі бар нашар шайнайтын адамдарға өз алдына гигиенаның бөгде заты және сілекей бөліністің стимуляторы ретінде ұсынған жөн. Шайнау сағыздың қауіпсіздігі мақсатында тамақтан кейін бірден және 10 минуттан ұзақ емес шайнаған жөн. Оларды 4 жасқа дейінгі балаларға (аспирация мен жұтып қалу мүмкін) және периодонтта патологиясы бар адамдарға ұсынбаған жөн. Шайнау сағызын таңдаған кезде қандай қантауыстырғышы бар (валды немесе қарқынды) екенін және балалар мен жүкті әйелдер үшін бұл өнімнің қаншалықты қолжетімді екенін білу керек.


5.3.5. Жұмсақ тіс жұғындыларын механикалық бақылау: ауыз қуысы гигиенасының бұйымдары мен заттары, гигиеналық оқыту.

Ауыз қуысы гигиенасының стратегиясы

Гигиена (грек сөзінен hygienas – сау) – денсаулықты қамтамасыз етумен байланысты фактілерді түсіндіретін және зерттейтін ғылым. Ауыз қуысының гигиенасы – тістер мен периодонт тіндеріне қауіпсіз деңгейге дейін тіс жұғындылары санының азаюын қамтамасыз ететін ғылым мен тәжірибе.

Тіс сауытының анатомиялық формасы және олардың тіс доғасында өзара орналасуы тағамды механикалық өңдеудің міндеттеріне сәйкес келеді. Дегенмен тағамдық талшықтар (майлы және ет) тістер арасында тұрып қалуы, ал жұмсарған тағам – жұмсақ тіс жұғындыларын қалыптастыруы мүмкін, бұл ыңғайсыздық тудырып, ауруларды тудырады. Тағам бөлшектерін алып тастау бойынша кейбір шараларды жануарлар жасады: үлкен балықтардың аузында тазартушы-балықтар қоректенеді, тістері тари құстары үшін тағам болып табылады – осылайша тістердің тазалануына септігін тигізетін табиғи симбиотикалық өзарақатынастар қалыптасады. Адам маймылдар тіс тазартқыш-таяқшаларымен өздеріне өзі көмектеседі. Ежелгі адам да тіс тазартқышпен амалдады, мәдениеттіліктің дамуына байланысты қатты талшықты тағам жұмсарған химиялық және термиялық аспаздық технологиялармен алмасты, бұл ауыз қуысының гигиеналық статусын өзгертті және тістерге күтім үшін

Ауыз қуысы гигиенасының стратегиясы тіс жұғындыларына физикалық және химиялық әсер етуге негізделеді:


а) олардың ішкі құрылымын бұзу үшін;

б) олардың субстратпен байланысын бұзу үшін (эмальмен, цементпен немесе жалаңаштанған түбірдің дентинімен, протезбен, ауыз қуысының жұмсақ тіндерімен);

в) ауыз қуысынан фрагменттелген тіс жұғындыларын алып тастау.

Әсер ету түрін және оның қарқындылығын таңдау тиімділік пен қауіпсіздіктің арасында компромисс сақталсын. Осылайша, егер тістерді тазалағанда үлкен күш жұмсалса, онда тістер жақсы тазартылады, бірақ бұл кезде эмаль, цемент, периодонт және т.б. зақымдалуы мүмкін, ал егер ысу күші аз болса – ол тісті жұғындылардан құтқармайды.

Тістерге гигиеналық күтім техникалық күрделі міндет болып табылады: тіс жұғындылары тікелей әсер етуге аз қолайлы , өйткені

  • қисаюдың әр түрлі радиустарымен тістердің қисық сызықты, ойыс және дөңес беткейлерінде жатады (тіс доғасы, тістің әрбір беткейі);

  • жіңішке ретенционды пунктерде жатады (эмальда тереңделулерде, проксимальды аралық кеңістіктерде);

  • басқа мүшелер мен тіндерге тығыз жанасатын тістердің бөліктерін жабады (тіл, төменгі жақ тармағы және т.б.);

  • тістердің беткейлері үлкен аумақты алады.

Сондықтан ауыз қуысы гигиенасының жақсы деңгейін қамтамасыз ету үшін гигиенаның әр түрлі заттары мен құралдарын қолданатын әр түрлі әдістердің тұтас арсеналы қажет.

Гигиенаның құралы деп тіс жұғындыларына механикалық әсер ететін қарапайым және күрделі (қолмен, механикалық, электрлік және т.б.) құрылғылар – щеткалар, жіптер, тіс тазартқыштар, ирригаторлар және т.б.

Гигиенаның заты деп сықпа тәрізді (сықпалар, гельдер) немесе сұйық (эликсирлер, шаюлар) препараттарды атайды, олар тіс жұғындыларына механикалық әсер етеді және жиі химиялық табиғатты алдын-алу қоспалары бар.

Ауырлық дәрежесіне байланысты гигиеналық процедуралар үй жағдайында науқаспен өздігінен (ауыз қуысының үй, жеке гигиенасы) немесе тек стоматологиялық кабинет жағдайында гигиенисттің, ассистенттің, стоматологтың күштерімен (ауыз қуысының кәсіби гигиенасы).


Өз бетімен тазарту

Қатты тағамды тістеу және шайнау кезінде ысу күштері тағаммен тікелей қатынасқа түсетін тістер мен тіс доғаларының бөліктерін тазартады. Мұндай тағамды белсенді шайнау кезінде күрек тістер мен ит тістердің кескіш жиектері, шайнау тістерінің төмпешіктері, сонымен қатар олардың дөңес беткейлері тазартылуы мүмкін. Дөңес (күрек тістерде оральды) беткейлері, сонымен қатар экватор мен қызылиек арасындағы бөліктер тазартушы ысуды сезінбейді, сондықтан тағамның ұсақ фрагменттерін тұндыру үшін болады, яғни тіс жұғындыларының қалыптасуына. Бұл үрдіске ауыз сұйықтығының токі, тіл, ұрт және ерін бұлшықеттерінің қозғалыстары сияқты табиғи тазартушы күштер. Дегенмен ретенционды пунктердің өз бетімен тазаруының әсері жоғары емес және сілекей бөлінудің жылдамдығына және ауыз сұйықтығының тұтқырлығына байланысты, ол сілекей бөліну жылдамдығы төмен және ауыз сұйықтығының тұтқырлығы жоғары болған сайын төмен. Сондықтан, тағамға көкөністер мен жемістерді, сілекей айдағыш азықтар (кептірілген нан, тағам) қолдану, резеңке шайнау – осының бәрі тістердің ретенционды пунктерін тіс жұғындылардан механикалық тазаруы проблемасын шешпейді.