Добавлен: 01.02.2019
Просмотров: 16540
Скачиваний: 27
1980 жылдың соңына дейін барлық щеткаларда олардың бекітілген беткейіне перпендикуляр, параллель орналасқан шоғырлар қатары бар жазық жұмы беткейі бар болды. Мұндай алаң щетканың барлық контакт жазақтығының өңделуші беткейге бірдей күш салуын қамтамасыз етті. Бірақ өңделетін беткейлер негізінде жазық емес қисық сызықты болған жағдайы, түрлі деңгелерде орналасқан беткейлердің бір уақытта өңделуін қамтамасыз ете алатын жұмысшы алаңның көптеген нұсқаларын жасауға әкелді.
Алдымен «ойыс»
алаңы бар тіс қатарының вестибулярлы
беткейіне «сәйкес келетін» щеткалар
пайда болды. Кейін сыртқы қатарында
иілген қалыптағы шоғырлары бар щеткалар
шығарылды. Олар шайнау беткейлерімен
ортаңғы (вертикальды) қатармен қозғалғанда
тістің вестибулярлы немесе оральды
беткейлерін өңдеуі немесе щетка
вестибулярлы беткейде горизонтальды
бағытта қозғалғанда қызылиекке массаж
жасауы қажет (сур 5.20).
Сур. 5.20. Иілген қалыптағы шоғырлары бар щеткалар.
Көп деңгейлі щеткаларда жазық баста орналасатын түрлі биіктіктегі шоғырлар болды. Щетка басында біршама қатты талшықты «күштік» шығыңқы бірнеше шоғырлар тістердің дистальды беткейлерін тазартуға арналған. «Белсенді тереңделу», яғни қысқарған сондықтан қылдардың ортаңғы қатары біршама қатты бұл тістер беткейлеріне бекітілген ортодонтиялық доғаларды, брекеттерді тазалау үшін, сонымен қатар сыртқы қатарлар тістердің бос беткейін тазартады және қызылиекке массаж жасайды. Әртүрлі биіктікті көлденең қатарлардың кезектесіп тұруы тістердің дөңес және «ойыс» аймақтарының және тіс доғасының бір уақытта өңделуі үшін керек (қара сур. 5.21).
Сур. 5.21. Тіс щеткасының көп деңгейлі алаңы.
Бұдан басқа, кей жағдайларда щеткада – 1 шоғырдың талшықтары әртүрлі биіктікте болуы мүмкін, мұнда жұмыс алаңы зигзаг тәрізді және толқын тәрізді «қиылған», бұл әртүрлі биіктікті беткейлерді тазартуға проксимальдыаралық зоналарға қылдарды енгізу үшін қызылиек массажы үшін арналған (сур. 5.22).
«Жалқаулар үшін» басы бар щеткалар жасалған: щетканың жазық басында бекіген шоғырлардың биіктігі мен иілуі жұмысшы алаңына П–әрпі тәрізді орамалы етіп қосарлаған, сондықтан бір уақыт мезетінде қылдардың ұштары тістің шайнау, оральды және вестибулярлы беткейлеріне жанасып, осылайша щетканың горизонтальды бағытта орналасқанында бірден үш беткейді тазартады.
Сур. 5.22. Зигзаг тәрізді қиылған шоғырлары бар тіс щеткалары.
Щетканың басының конфигурациясы
1960 ж дейін щеткалардың бастары тікбұрышты формалы және ұзындығы 2,5-тен 4 см–ге дейін болды, бұл сүт, аралас және тұрақты тістесудегі тіс доғаларының тік сызықты аймақтарының ұзындығына салыстырмалы сәйкес келді. Кейін қимылдарын жоғарылатуға және щетка басының жарақаттылығын азайту мақсатындағы модификациялар пайда болды. Егер басының өлшемі кішкене болса, щетканы басқару және «тар» кеңістіктерге кірудің өзі де оңай, сондықтан бірінде кішкене қысқа басы бар щеткаларды тұтынуға кеңес береді. Тазартудың тиімділігін сақтай отырып, дистальды тістерге ену мүмкіндігін жақсарту үшін бастың ұшын үшкірлеп, оған торпеда, ромб, сопақша формасын береді. Щетканың атравматикалығының басты белгісі басының ұштары контурларының жазықталуы болып табылады. Басының формасы таға тәрізді (магнитті немесе 3 секциядан құралған) бір ұзындықтағы талшықтары ортаға қарай бағытталған щеткалар да осы мақсатқа арналған (сур. 5.23).
Сур. 5.23. Тістердің үш беткейін бір уақытта тазарту үшін тіс щеткалары.
Дегенмен клиникалық зеттеулер жұмыс алаңы конфигурациясының ерекшеліктері тістерді тазартудың жалпы тиімділігі үшін шешуші мәнге ие болмайтындығын көрсетеді.
Щетканың басы жайлы әңгімені аяқтай отырып, оның бактерицидті вариантын еске түсірейік: тіс тазарту үрдісінде ионды формада бөлінетін, жоғары құрамды күмісі бар металлды негізі бар щетканың ауыспалы бастары жасап шығарылған.
Щетканың сабы
Тіс щеткасының сабы тістердің беткейлеріндегі түрлі манипуляциялар негізінде щетканы қолда ұстап тұру үшін қызмет етеді. Сондықтан щетканың сабы иілуге берік, сықпа компонеттеріне және ылғалға төзімді, әрі сырғанамайтын болуы керек.
Ертедегі щеткалардың сабы ағаштан жасалатын болған, бұл ең қол жетімді, бірақ сенімсіз материал болған: щеткалар сынатын немесе ылғалданып бұзылатын болған. Тіс щеткасының өнеркәсіптік өндірісі ірі қара малдың сан сүйегін жеткілікті күшті көтеретін және суда бұзылмайтын материал ретінде қолданады. 1900 жылдардың басында целлулоидтың химиялық өндірісі жөнделе бастады, оны жайлап щеткалардың сабын жасау үшін қолдана бастады. Бірінші Дүниежүзілік соғысында жазылғандай щеткалардың синтетикалық негізге ауысу үрдісін тездетті, өйткені жануарлардың сүйектері арзан сорпаларды дайындау үшін қажет болды. 1930 жылдың соңына таман біршама қатты және щеткалар жасап шығаруға сәйкес келетін пластиктер пайда болды, олар қазір ең танымал материал болып шықты. Соңғы жылдары базарда полипропиленнен, стирол сополимерінен жасалған щеткаларды кездестіруге болады.
Щеткалар эволюциясындағы маңызды қадам 1990 жылғы көлемді «сырғанамайтын» рельефті «жолақтарымен» және «тікенектері» табалдырықтар қырлары бар саптардың жасап шығарылуы болды, олар саусақтар үшін сүйеніш қызметін атқарды.
Тісті тазарту үрдісінде шоғырлар негізінде беріліп тұратын сабында ауыз қуысы гигиенасына арналған сұйық заты бар 1 немесе 2 контейнер (сұйық сықпа, шайғыш) орналасқан щеткалар сипатталған.
Щетканың мойны
Щетканың мойны - амортизатор ретінде болуы мүмкін, ол щетканың басына түсетін күшті иілгіштігінің күшімен азайтады, осы арқылы тіндерді жарақаттардан қорғайды. Ыстық суда ұстау арқылы пластикалық щетканың мойнының иілгіштігін ұлғайтуға болады. Соңғы уақытта өзектер аймағында резиналық «өткелдер» немесе пластикалық қатпар серіппелер пайда болған (сур 5.24).
Сур. 5.24. Саптың щетканың басымен байланысуы: а – эластикалық шар түрінде; б – серіппе-қатпар түрінде.
Өте жұмсақ мойынның тіндерді жарақаттан соншалықты жақсы қорғайтынымен, ол щетканың тістерді тазарту үшін тиімді қолданылуын азайтатынан есте ұстау керек. Бұдан басқа жұмсақ мойын тісті тазаларту үрдісінде басы мен сабы арасындағы иілуді өзгертуге мүмкіндік береді, бұл кезде тіс доғасының ыңғайсыз жерлеріне қылдардың енін жақсартады.
1940 жылдарда бекітілген иілістері бар, яғни басы мен сабы бір-біріне (≠1800) бұрышта орналасқан щеткалар пайда болды. Жиі басы щеткалардың алақандық беткейіне иілген бұл доғаның дистальды аймақтарының вестебулярлы беткейімен щетканың қозғалысын жақсартады, сирек – оральды дистальды беткейлерге енуге көмектесу үшін «шалқайған». Сондықтан бұрыштық щеткалар тікелеріне қарағанда тиімсіз.
Балалардың қол щеткалары
Балаларға арналаған щеткаларға талаптар ересектердің щеткаларына қойылатын талаптарды қайталайды, бірақ тұтыну қасиеттері және қауіпсіздігі бойынша біршама қатаң болып табылады. Сондықтан щеткадағы қыл салыстырмалы қысқа және тек жұмсақ, басы жіңішке (шоғырлардың 2 қатары) және қысқа (2,0-2,5 см) және ашық түсті болады.
Егер щетка балалардың өз бетімен тісін тазартуға арналатын болса, оның сабы ұзын емес, бірақ рельефті және көлемді болуы қажет, ол оны ыңғайсыз баланың қолында ұстауын жеңілдетеді. Егер балалардың тісін ата-анасы тазартатын болса, - щетканың басы «балалардікі», бірақ ұстағышы «ересектердікі» ұзын болуы керек. Баланы тісті тазарту үрдісіне тарту үшін балалар щеткасын ойыншықтарға ұқсатып жасайды: олар «музыкалық», адам тәрізді және аң тәрізді және т. б. бола алады. Мұндай әшекейлер щетканың қауіпсіздігі мен тиімділігін төмендетпеуі керек.
Балалардың резиналы саусаққа арналған–щеткалары да қысқа жұмсақ резиналы шығыңқы бірнеше қатардан түзілген жасалып шығарылған, олардың жоғарғы үштен бірінде құйылған сопақша формалы «басы» бар бұл щеткалардың тиімділігі жоғары емес.
Ерекше қажеттіліктерге арналған қол щеткалары.
1960 жылдары базарда үйден тыс жерде тісті тазартатын щеткалар пайда болды (мектепте, жолда және т.б.). Щеткалардың компактты нұсқасына ие болу өте ыңғайлы, оның сабының бөлігін бөліп алып, оның басы үшін футляр ретінде қолдануға болады. Бұл щеткалар сөзсіз көп орын алмайды және «далалық жағдайда» ластанудан жақсы қорғалған, бірақ «қосылған» сап энергиялық қозғалыстарды сирек көтереді және сынып кетеді. Щетка сынып кетпеу үшін оның сабын барлық ұзындығы бойымен ұстауға тура келеді, ал бұл оның қимылдауын бірден төмендетеді. Осылайша бұл щетка тек төтенше жағдайларда қолданылуы мүмкін.
Протездерге арналған щетка сабына қарай иілген басының екі жазықтығында да орналасқан биік қылдармен ерекшеленеді (сур. 5.25). Мұндай дизайн әрі дөңес, сонымен қатар ойыс протездің беткейлеріне күтім жасауға көмектеседі.
Сур. 5.25. Тіс протездерін тазарту үшін щетка.
Қол щеткасына күтім және оны ауыстыру
Тіс щеткасына гигиеналық күтім жасау жұмыс бөлігінің талшықтарында микрофлораның көбеюі мен тіршілігін сақтау мүмкіндігін азайту үшін қажет. Сондықтан тісті тазалағаннан кейін щетканы ағын суда жуу керек және ашық стаканда кептіреді немесе арнайы ұштағышта басын жоғары қаратып кояды.
Щетканы тиімді және қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз ететін басты ереже деформацияланған қылды қолдануға тиым салу болып табылады, ол ауыз қуысы тіндерін жарақаттайды және тістің беткейіне жұмыстық күш салуды нақты бере алмайды. Әсіресе балалар щеткаларының әрі қарай жарамдылығын бақылауда мұқият болу керек, өйткені бір жағынан баланың ауыз қуысының тіні механикалық зақымдалуға өте сезімтал. Әдетте щетканы 3 ай сайын ауыстыруды ұсынады – оның қызметінің орташа мерзімі осындай. Бірақ щетканы жазу жылдамдығы ол уақытқа ғана байланысты емес, оның талшықтың бастапқы сапасына және щетканың тозған белгілерін білуді үйренуі керек «Ескірген» табиғи қылдар сынады, қысқарады, ұяларынан шыға бастайды (щетка «тақырланады»). «Ескірген» жасанды талшықтар «шаршағыштықты» жинайды, бұрынғы қалпына қайта келмейді, бірақ оған тазарту кезінде берілетін иілу мен бұрылысын сақтайды, сондықтан щетка «шашақты», тікенекті болып кетуі, жұмыс алаңы тарап кетеді. Щетканың жағдайының диагностикасын жеңілдету үшін салыстыруға үлгі болатын жаңа щетканы қорда үнемі ұстауға кеңес береді.
Қол тіс щеткасы көмегімен тістерді тазарту әдістері
Қол щеткасы көмегімен тістерді тазарту әдістері қол щеткасымен тістерді тазартудың қауіпсіздігі мен тиімділігі тек қана оның құрылымынан емес, оны дәл қалай – қай бағытта және қандай күшпен қылдар тазартатын беткеймен қозғалатынына байланысты. Тістерге щетканы 60–80 г сәйкес келетін күшпен қысу керек деп болжайды (аз күш тиімділігін азайтады, ал көп күш зиян келтіруі мүмкін).
Адам щетка басының қозғалысының 4 негізгі түрін қамтамасыз ете алады, оларға қылдардың әртүрлі қозғалыстары сәйкес келеді: вибрациялаушы, горизонтальды, вертикальды, айналмалы.
1. Вибрациялаушы қозғалыстар: щетканың басы өте ұсақ қайталамалы-үдемелі қозғалыстарды жасайды, бұл кезде қылдардың ұштары вибрация жасайды, «пульсациялайды» немесе жан-жаққа кетеді. Қылдардың микроқозғалысы тіс жұғындыларының құрылымын бұзады, бірақ олардың бөлшектерін тіс беткейінен алып тастай алмайды. Бұл қозғалыстар өте әдепті, сондықтан тіс сауытының қызметтік аймағын өңдеу үшін, жалаңаштанған түбірдің беткейін өңдеу үшін, қызылиек массажы үшін қолданылады.
2. Горизантальды қайталамалы-үдемелі қозғалыстар: щетканың басы тістің ұзын осіне перпендикуляр бағытта қозғалады, яғни «анда–мында». Қылдар бүгіліп тіке аймақтарда бастың жалпы бағытымен жүреді, бұл кезде қылдардың ұштары беткейді қырады, «тарайды». Ойыққа еніп, қылдар бір нүктеге жиналады, кейін тереңделулерден «секіріп шығады», тарап кетеді және құрамды сыпырып шығады, - оны әрі қарай келесі ойыққа алып кетеді. Бұл қозғалыстар жұмсақ тіс жұғындыларын бұзады және оларды жобасы жатқан беткейлерден ығыстырады. Қозғалыстар дөңес беткейлерді, оральды және вестибулярлы беткейлерді, төмпешіктің окклюзионды беткейлерді тиімді тазалайды, бірақ проксимальдыаралық аймақтарды босатпайды. Горизонтальды қозғалыстар ең қарапайым және де мысалы мойын аймағында тістің гипоминерализацияланған тіндерін өшіру қабілетті болады.
3. Вертикальды қозғалыстар: щетканың басы тістің ұзын осі бойымен оральды немесе вестибулярлы беткейде ауысып тұрады, бұл кезде өзі ось бойымен немесе оған көлденең орналасады. Қайталамалы-үдемелі және сыпырушы вертикальды қозғалыстарды ажыратады.
Қайталамалы-үдемелі вертикальды қозғалыста щетканың басы айналмайды, «қызылиектен окклюзионды беткейге қарай» маршрутымен тек вертикаль бойымен жүреді; бұл кезде бірге жымдасқан екі жақтың тістері бір уақытта өңделуі мүмкін. Қылдар жазық беткейлерді сыпырып шығады, шығыңқы аймақтарда тарап кетеді және проксимальдыаралық зоналарда жиналады, олармен бұзылған тіс жұғындыларын алға жылжытады. қайталамалы-үдемелі тең күшті қозғалыстар кезінде (щетка бірдей күшпен қызылиекке және қызылиекктен қозғалады) қызылиектен ығыстырылған қақ оған қайта қайтып келеді және қызылиектік науаға енуі мүмкін; бұл кезде қызылиектің жарақаттану мүміндігі де жоғары. Едәуір қауіпсіз, ажыратылған қайталамалы-үдемелі вертикальды қозғалыстарды жасай отырып, ең көп күшті оның қызылиектен окклюзионды беткейге қарай қозғалғанда түсіреді («қызылдан аққа қарай»), ал кейін тіпті күш түсірмей оны қызылиекке әкеледі. Вертикальды қозғалыстар дөңес беткейлердің жақсы тазартылуын, ал проксимольдыаралық тереңделулер, мойыналды аймақтар жақсы тазартылмайды.
Сыпырушы вертикальды қозғалыстар щеткаға тек бір векторлы күш (қызылиектен) түсіріледі, бұл кезде вертикальды ығысуларға оның 900–1000-та қызылиек жиегінен тіске қарай бағытта айналу қосылады. Қылдар беткейді «сыпырады», біршама дәрежеде иіледі – сондықтан серпімділігі үлкен күшімен проксимальдыаралық тереңделулерге енеді, соңғыны (щеткаға қаншалықты мүмкін болса) жақсы тазартады. Әдіс қауіпсіз, бірақ техникалық қатысты күрделі.
4. Айналмалы (циркулярлы, айналатын) қозғалыстар: щетканың басы шайнау, вестибулярлы немесе оральды беткейлерінде дөңгелекті салады, қылдар түрлі аймақтарды жоғарыда аталған қозғалыстардың барлық траекториясын орындап олармен ілесіп жүреді. Айналмалы қозғалыстармен дөңес және жазық беткейлер жақсы тазартылады. Вестибулярлы беткеймен қозғалыстың үлкен радиусында мойыналды аймақ горизонтальды өшірілуге ұшырауы мүмкін.
Тістерді тазарту әдістеріне үйретілмеген адамдар тек қана горизантальды, сирек - айналмалы немесе вертикальды қайталамалы-үдемелі қозғалыстар жасайды. Ережеге сай, оңқайлар тісті тазартуды сол жақ тістердің ұрттық беткейлерінен бастайды және оң жаққа әрқашан жетпеуі мүмкін. Тісті тазартудың минуттық процедурасы кезінде әдетте оральды беткейлердің тазартылуына уақыттың 1/5 бөлігі кетеді. Ауыз қуысының тиімді және қауіпсіз гигиенасы үшін қол щеткамен тістерді тазартудың арнайы және стандартты әдісін жасап шығарған дәрігерлердің дұрыс ұсынымдарын қолдану қажет.