Добавлен: 01.02.2019
Просмотров: 16537
Скачиваний: 27
Ысқылау
Минимальды абразивті әсер ететін жұмсақ заттарды қолдану арқылы тістерді механикалық тазарту. Гиппократ тісті жұмсақ теңіз губкасымен немесе балға батырылған жүннің шариктерімен ысқылауды ұсынады. Біздің уақытта сұқ саусаққа оралған дәкенің жолағы жиі әсерлер бола алады.
Тістерді ысқылу – салыстырмалы қауіпсіз манипуляция, сондықтан да ол бала өміріндегі бірінші оральді гигиеналық процедукра болып табылады. Ысқылау күрек тістер беткейлерін онша аз және көп те емес тазартуға мүмкіндік береді, алтыайлық балоны оның ауыз қуысындағы манипуляцияларға бейімдеуге көмектеседі және тіс щеткасын қолдануға ауысуын жеңілдетеді. Қолмен тісті ысқылағанда барлығы есем, тек қана шығыңқы беткейлер тазаратындығын есте ұстау керек: күрек тістер мен ит тістердің вестибулярлы беткейлері, төмпешіктер, уақытша молярлардың қызметтік зоналары, тұрақты молярлар мен премолярдың экваториальды зоналары. Бұл беткейлердің тазаруының сапасы қолдың қозғалыс күшіне және дәкенің сапасына (қаттылығы, тығыздығы, рельефі) байланысты. Баланың тістерін ысқылауды қызылиек тінін жарақаттап алмау үшін үнемі көзбен бақылап отырып жүргізу керек.
Шаю және оған арналған заттар
Шаю – ежелгі уақыттан гигиеналық және косметикалық мақсаттарда қолданылатын қарапайым гигиеналық процедура; ауыз қуысын шаюдың бірінші жазба ұсыныстары XVI ғасырға және Амбруаз Пареге жатады.
Шаю кезінде сұйықтықты ұрт және тіл бұлшықеттері көмегімен ауыз қуысы бойымен ауыстырады, сұйықтықты тістер арасына және осылайша бос жатқан тағам қалдықтарын және тіс қағының сыртқы қабаттарын ығыстырады. Шаюдың жоғары емес тазартушы механикалық әсері гигиеналық (шаюғыштар, дезодоранттар), сонымен қатар арнайы (бальзамдар, тонизаторлар және шөп қайнатпалары) мақсаттармен қолданылатын сұйық оральды заттардың химиялық белсенділігімен толықтырылады.
Ресми сұйық заттардың компоненттері су, ароматизаторлар, дәм қоспалары, бояғыштар, алкоголь, детергенттер және емдік-алдын-алу қоспалары болып табылады.
Ароматизаторлар (жалбыз майы, анис, корица, мирра, лаванда, шалфей, мускатты жаңғақ, эвкалипт, цитрус, тимол, қалампыр, тиіннің майлары, шырша экстракттар және т.б.) дәмдеуіштер (цикломат, сахарин) және бояғыштар (сары С1.19140; көкшіл С1.42051, с1.69800; жасыл С1.74260) бұл тұтынушы таңдаудағы негізгі критерииі болып табылатын буклетті құрайды.
Этил спирті шайғыштар көлемінің 6-27 % және эликсирлердің 30%-дан артық көлемін құрайды. Алкоголь препарат «формуласын» тұрақтандырады, оның дәмі мен исін ашады, ұзақ «дәмнен кейін» қамтамасыз етеді. Препараттардың құрамында алкогольдің болуы оларды балалардың, жүргізушілердің ауыз қуысы гигиенасы үшін қолдануды шектейді. Соңғы уақытта алкогольдің ауыз қуысының кілегей қабатына теріс әсеріне байланысты (қыздыру, дискомфорт, дегенеративті өзгерістер, плазморрия) (8% дейін) құрамында спирті аз немесе тіпті жоқ заттарды тұтынуды және өндіруді ұсынады.
Детергенттер – (сурфактон, беткей–белсенді заттар, ББЗ) беткей–белсенді қасиеттерге ие болатын химиялық заттардың ерекше тобы. Олар ауыз сұйықтығының және гигиеналық заттың керілуін азайтады, сөйтіп тіс беткейінде, ауыз қуысында заттың біркелкі таралуына көмектеседі. ББЗ көбік түзіп, тіс қалдықтарының жұмсақ құрылымын жұмсартады, оларды эмульгациялайды, бұл әрі қарай тіс щеткасымен тістің механикалық тзалауына көмектеседі. Одан басқа, ББЗ микробқа қарсы қасиет көрсетіп, қақтың ферменттерінің тобын бөгеді және сол арқылы олардың өсімін азайтады.
Гигиеналық заттардан біріншілік детергент сабын болды, бірақ оған тән сілтілік реакция және өткір, жағымсыз дәмі оны оральды гигиенадан ысырып тастады. Кокос жаңғағының майынан алынатын натрий лаурильсульфаты – табиғи детергент болып табылады: оңай жасырылатын дәмі бар, рН бейтарап мәнінде жұмыс жасайды. Оральды гигиеналық заттар құрамына кіретін синтетикалық ББЗ натрий диактисульфосукцинат, натрий лоурилсульфоацетат, натрий саркозинап N-лаурал, жасанды жасалған натрий лаурилсульфат, бетолен таурида май қышқылдарының натрий тұзы болып табылады. Олар рН өзгерісіне шыдайды (яғни сілтілі, нейтральді, тіпті қышқыл ортада да жұмыс жасайды), сілекейде және қатқыл суда тұнба түзбейді. Натрий додецилсульфат, цетавлан, натрий олеаты, цетилпиридин сирек қолданылады. Ауыз қуысы гигиеналық заттардағы ББЗ конценрациясы қатаң қадағаланады (оларды жұтуға болмайды), өйткені олар жоғары улы болғандықтан, тамырлар өткізгіштігін арттырып және ауыз қуысы кілегей қабығының дегенеративті өзгерістерін тудыруы мүмкін.
Сұйық гигиеналық заттарды тұрақтандыру үшін оларға буферлі компонеттер (фасфаттар), консерванттар–антисептиктер (метилпарабен, пропилпарабен, бензоаттар), тұтқыр заттар (глицерин) қосады.
Көптеген сұйық гигиеналық заттар алдын-алу әсерге ие болады: алдын-алу тіс жегісіне қарсы қоспалар арасында сұйық гигиеналық заттарға ең танымалысы антисептиктер (триклозан, хлоргексидин, фекол) және фторидтер.
Ауыз қуысын шаятын заттарға мынадай гигиеналық талаптар қойылады:
-
микробты қақпен ферметтелетін көмірсудың болмауы;
-
рН=3,0-9,0 деңгейіндегі қышқылдық;
-
тірі ағзаларға тәжірибеде дәлелденген биологиялық қауіпсіздігі;
-
1 қорабында 300 мг артық емес фторидтің құрамында болуы;
Жұтуға болмайтын компонеттердің бар болуына байланысты сұйық гигиеналық заттар жұтуды өздері басқара алатын науқастарға – ересектер мен 6 жастан жоғары балаларға ұсынылады. Осы және басқа да сұйық гигиеналық заттармен ауыз қуысын шаюда қолдануда ұсынады;
-
бұдан да тиімді әсер ету шаралары периодонт тіні үшін қауіпті болғанда (тромбацитопения, қызылиектің операциядан кейінгі жағдайында т.б) немесе техникалық жағынан мүмкіндік болмаған (дала жағдайында) жағдайларда ауыз қуысы күтімінің бір ғана гигиеналық әдісі ретінде;
-
тіс жұғындыларын жұмсарту мақсатында ауыз қуысын біріншілік гигиеналық өңдеу үшін;
-
ауыз қуысы туалетін аяқтауда – ауыз қуысы тіндерінде химиялық әсер ету үшін (эмаль беткейінің адгезивті қасиеттерінің модификациясы үшін, минерализацияны жоғарылату үшін, периодонт тіндері ауруларын алдын-алу үшін және т.б.)
Щетканың көмегімен тістерді тазарту
Қол және моторлы щетка құрылғысы
Қол тіс щеткасының көмегімен тістерді тазарту ауыз қуысының үй жеке гигиенасының негізгі әдісі болып табылады. Классикалық щеткада тазартушы әсерді қылдардың (талшықтардың) ұштары және бүйір беткейлері жүргізеді. Щетканың құрылымында басын, сабын және оларды байланыстыратын өзегін (мойнын) ажыратады (сур. 5.19).
Щетка басының өзекке өтетін «тұмсығы» және «өкшесі» бар. Щетканың басында шоғырға жиналған қылдар орналасқан, олар қатарлар түзеді. Негізгі жұмысшы беткей (жұмысшы алаң) қылдардың ұштарымен түзілген.
Қазіргі заманғы тіс щеткасы әр түрлі тілдерде мисвак, сивак немесе квесем деп аталатын ағаш шайнау таяқшасын санайды. Мисвак антисептикалық және дезодорирлеуші қасиеттерге ие ағаштың сау тіке бұтақтарынан (диаметрі 0,8-1,0 см) дайындалады. Таяқшаның бір ұшы талшықтан (шайнайды) және осындай «қыл» әрбір тісті тазалайды. Шайнау ағаштары Ежелгі Египет, Ежелгі Үнді мәдениетінде, араб елдерінде анықталған. Мисвак бүгін де он миллионнан аса адамдардың ауыз қуысы гигиенасы үшін қызмет етеді, зерттеулер көрсеткендей, оның алдын-алу әсері кәдімгі тіс щеткасынан жоғары.
өзек (мойын)
сабы
басы
Сур. 5.19. Мануальды тіс щеткасының дизайн элементтері.
Дәстүрлі құрылымды тіс щеткасының пайда болуы туралы бірінші куәлік 1490 ж. жатады: Қытайда шошқа қылдары бар ағаш щеткаларын дайындады. XVI ғасырда щеткалар Европада және Ресейде пайда болды (тіс «сыпырғыш»). Щеткаларды шығару массалық масштабта XVIII Германияда, Англияда (1780 ж., W.Addis) басталды, 1857 ж. N.H.Wadsworth мануфактурасы ашылды – американ щеткаларының әкесі.
1954 ж. Басс тіс щеткасын сипаттайтын критерийлер тізімін ұсынды:
-
тиімді, қауіпсіз, манипуляицяда ыңғайлы;
-
ауыз қуысы мен тістердің жеке мөлшеріне әйкес келеді;
-
тістерді тез тазартуға және ауыз қуысын таза ауамен толтыру мүмкіндік береді;
-
ылғалға төзімді;
-
мықтылық;
-
қымбат емес.
Тіс щеткасын қолданудың негізгі міндеттері жұмсақ тіс жұғындыларының құрылымын бұзу және жақын беткейден олардың фрагменттерін ығыстыру болып табылады. Ол үшін щетканың жұмысшы алаңы ластанған беткейлерге жетуі қажет және қылдары оның тазаруына жеткілікті қолдан тіс беткейіне қысымды беруі қажет, бірақ тіндерді (қызылиек, цемент, эмаль) зақымдайтындай аса жоғары емес.
Тіс беткейлеріне щетканың талшықтарының мүмкіншіліктері басының мөлшеріне және формасына, оның сабына қатысты орналасуына, жұмысшы алаңның конфигурациясына және т.б. байланысты. Тазартылатын беткейге көрсетілген қысым физика заңдарына сәйкес күштен және аумақтан бөлек ретінде анықталады және сондықтан бірнеше факторларға байланысты:
-
адам щеткасының сабы түсіретін күштің шамасына;
-
бұл күшті оның әрбір берілу сатысында бағыты мен мөлшерін өзгертуден: қолдан→щетканың сабына→щетканың өзегіне→щетканың басына→қылдарына→тазартылатын беткейге;
-
тазартылатын беткей алаңнан және қылдары байланысатын әрбір алаңнан.
Сондықтан щетканың қауіпсіздік және тиімділік дәрежесі (оның басқа да қасиеттері) щетканың әрбір құрылымды элементінің сипаттамасына байланысты.
Қыл
Қылдардың қысым күшін өзінің негізінен жұмыс беткейіне берілу қабілетін қаттылық (жұмсақтық) деп атайды. Қылдардың қаттылығы байланысты:
-
қыл дайындалған материалдың қасиеттеріне;
-
қылдың диаметріне (неғұрлым қалың болса, соғұрлым қатты);
-
қылдың ұзындығына (неғұрлым қысқа болса, соғұрлым қатты).
Көп жағдайда тазартылатын беткеймен контакта болатын қыл алаңы қыл ұштарының формасына байланысты. Қылдардың ұштары цилиндрлі, пирамидалы және конусты түрде болса, жұмыс беткейі тек жазық беткей ғана емес, оның қабырғасы да, бөлетін жазықтар, немесе пирамиданың ұшы да (конус) болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жұмыс беткейінің алаңы минимальды, ал түсетін күш біркелкі және қауіпсіздеу таралады.
Қылдарды дайындауда қолданылатын 2 негізгі материалдың түрі белгілі: табиғи (шошқа шашы, жылқы, барсук, ешкі жүні) және синтетикалық (нейлон, полиэфирлер). Табиғи қыл – ылғалданғанда едәуір жұмсаратын эластикалық материал. Табиғи материалдан қылдың диаметрін таңдау мүмкін емес – қылдың қалыңдығы 0,05-тен 0,5 мм аралығында ол қай жануардың дене жамылғысы екеніне байланысты ауытқиды - сондықтан табиғи щетканың қаттылығын қатаң талап қою тәжірибеде мүмкін емес. Табиғи қыл кесу, шабумен өңделеді содан ұштан жазық (горизонтальды немесе диагональды) болады. Сонымен қатар қолданғаннан уақыт өте келе қылдар сынады, ол түрлі биіктіктегі шоғырларға қосымша «жарақаттаушы» пункттерді түзеді. Шошқа қылының сынғыштығы щеткамен тиімді жұмыстың уақыт ресурсын бес сағатпен шектейді. Бұдан басқа табиғи қылға мынадай санитарлық талаптар шығарылады: әрбір шаштың ішінде ашық канал бар, беткейінде – қабыршақтардан тұратын тұтас қаңқа, мұнда еш кедергісіз микроағзалар көбейеді және сақталуына мүмкіндік бар.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде табиғи қыл Европа мен АКШ өндірушілері үшін қымбат әрі қол жетпейтін зат болды, өйткені ертеде Қытай мен Сібірден импортталатын қыл әскерлік амуниция үшін қолданыла бастады. Базарды 1938 жылы щетканы дайындауда апробирленген синтетикалық нейлонды талшық жаулап алды.
Қазіргі заманғы синтетикалық талшықтарының басты қасеттерінің бірі – қаттылықтың бақыланатын дәрежесі. Талшықтың стандартты ұзындығында оның қаттылығы талшықтың қалыңдығына байланысты, бұл технологтың көзқарасы бойынша формаланған полимер массасын итеріп шығаратын саңылаулардың диаметрімен анықталады. Талшықтың стандартты диаметрі – 10,56 мм болатын, ересектер үшін щетканың полимер қылы қаттылығының келесі градиациясы қабылданған: өте жұмсақ, жұмсақ, орташа қаттылық, қатты, өте қатты (табл. 5.12)
Таблица 5.12
Полимерлі қылдың қаттылығы
Талшықтың диаметрі, мм |
Шартты номер |
Щетканың сипаттамасы |
0,17-0,22 |
7, 8, 9 |
Жұмсақ |
0,23-0,32 |
10, 11, 12 |
Орташа қаттылықта |
0,33-0,34 |
13, 14 |
Қатты |
0,35 |
15 |
Өте қатты |
Балалар үшін, яғни механикалық күшке шамалы төзімді тін болатындықтан тек жұмсақ қыл ұсынады. Балалардың щеткасының талшығы қысқа (7,6 мм) болғандықтан ересектердің жұмсақ щеткаларына (диаметрі – 0,12 мм) қарағанда кіші болғасын жұмсақ деп есептеледі.
Таблица 5.13
Щеткалар қаттылығының сипаттамасы
Сипаттамасы |
Қаттылық дәрежесі сН/мм2 |
Қаттылық индексі |
Жұмсақ |
6< |
3 |
Орташа қаттылықта |
6-9 |
5 |
Қатты |
>9 |
7 |
Щеткалар жиі 1987 ж қабылданған ISO 8627 стандартқа сәйкес қаттылық индексімен таңбаланады (табл. 5.13).
Нейлонды талшықты қолданудың алғашқы 10 жылдығында оны жарақаттануы осындай табиғи қылдан айырмашылығы болады, өйткені талшықтарды тапқан. 1950 жылдан бастап өндірушілер талшық ұштарын тегістеуге кірісе бастады. Сол заманғы талаптарға сай щетканың жұмысшы бөлігінің талшықтарының 75 % кем емес дөңгеленген болуы қажет болған. Бірақ бұл деңгейге барлық щеткалар сәйкес келе берген жоқ, әсіресе көп деңгейлі «ойылған» жұмыс беткейі бар щеткалар (зигзак тәрізді, толқынды және т.б.).
Табиғи қылдан айырмашылығы, полимерлі талшықтар суда тіпті де ісінбейді, гигиеналық өңдеуге жақсы көтереді, олардың сынғыштыққа беріктігі 10 есе жоғары. Полимерлі талшықтың басты қасиеті олардың деформацияға төзімділігі: талшықтың сапасы қаншалықты жоғары (және бағасы!), соншалықты талшықтар тазартудан кейін бастапқы қалпына оралады.
1990 жылдың ортасынан өндірушілер полимерлі талшықтың жұмыс беткейін тазартуға оның қаптал беткейлерін тарту арқылы ұлғайту шараларын қабылдаған: талшықтардың жұмыс алаңын 10 есе ұлғайтатын микротестуралары (эмаль релефін қайталайтын микробудырларымен) және твистері (жгутпен екі рет айналдырылған) талшықтар пайда болды.
1980 ж талшықтарды оларды өндіру барысында бояудың техникалық мүмкіндіктері қолданылады:
-
щетканың эстетикалық тартымлылығын арттыру үшін;
-
жұмыс «санатын» және ұсталып болғанын индикаторлау үшін (жасыл немесе көк түсті) тағамдық суда ерігіш бояғыштар біртіндеп талшықтардан жуылады және щетканың ауыстыру қажеттілігіне белгі береді
Дәстүрлі шошқалық немесе нейлонды талшықтардан басқа кішкене шашада каучукті элементтері бар тіс щеткалары өндіріледі, олар нейлонды шоғырлардың бір бөлігін орнына орналасады немесе барлық жұмыс алаңын толтырады. Каучукті элементтердің негізгі ролі – тіс беткейін тегістеу және қызылиектің массажы. Кейбір модельдердегі щетканың тазарту полировкалау қабілеті әрбір каучукті элементтің үшқатарлы цилиндр формасының болуымен ұлғаяды.
Полимерлі талшықты щетканың функциональдық қасиеттері әрбір бөлек талшықтың сапасына ғана емес, олардың ұйымдастыруларына да байланысты. Сонымен шоғыр қатты болған сайын оған талшықтардың сонша көп саны (25-тен 50-ге дейін түрлі өндірушілер) қосылған және шоғыр бекітілген «ұяның» диаметрі сонша кіші болады. Қатардағы шоғырлр қаншалықты қалың орналасса (кейде шоғырлар негізі көрінбейді), қаншалықты қатарлар тығыз орналасса, - соншалықты щетка қатты жуылуы қиын болады. Қаттылықтың шоғыр саны қатарларымен де тура байланысы бар: 2,3,4 және 5 шоғыр қатарлары бар, сонымен бірге қатарлар саны үзілісті (2 – «мұрнында» және 2 «табанында», 3-4 бастың ортаңғы бөлігінде) щеткалар бар.