Добавлен: 01.02.2019
Просмотров: 16539
Скачиваний: 27
Жергілікті алдын-алудың уақыт тәуелді әсері
Жергілікті препараттар құрамындағы фторидтердің тіс тіндерімен байланысу ұзақтығы олардың алдын-алу жетістігіне әсер етеді: препарат ауыз қуысында қаншалықты көп болса, соншалықты фтор ионының мөлшері кальций ионымен байланысып үлгереді және кальций фториді және фторопатиттер түзіледі.
Ауыз қуысында фтор ионының жоғары концентрацияда ұзақ уақыт сақталуы мыналарға тәуелді:
а) препараттың дәрілік формасының физико-химиялық қасиетіне және «сулы ерітінді→сықпа→гель→лак→пломба материалы» қатарында жоғарылайды;
б) препараттардың қолдану ерекшелігіне: ерітінділерді қолдану кезінде аппликацияға және шаю ұзақтығына, лакты қолдану алдында тісті кептіру мұқияттылығына және т.б.;
в) ауызды шаю кезінде фторидтерді ауыз қуысынан шығару ұзақтығына (мысалы, тісті фторы бар сықпамен тазалағаннан соң) және сілекеймен бірге жұтып қою кезінде, ол фторид препаратының диссоциациялау және эмаль беткейінде кальций фторид түзілу қабілетіне, ауыз қуысының жұмсақ тіндерінде депоға жиналу мүмкіндігіне, сілекейдің тұтқырлығына және сілекей бөліну жылдамдығына тәуелді;
Әртүрлі препараттарды бір реттік қолданғаннан кейін ауыз қуысында фторидтің жоғары деңгейі бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін сақталады (сур. 5.39).
Жергілікті фторы бар препараттардың белгілі біреуін қолдану жиілігі осының алдында қолданған әсері қаншалықты жылдам «бейтараптануымен» анықталады және сондықтан күніне 5-6 реттен (мысалы, фторланған ауыз суы) жылына 1-2 ретке дейін теңселеді (лактар үшін).
Сур. 5.39. Фторпрепараттармен қайта аппликациялар кезінде эмальдың беткейлік қабатындағы фторидтердің концентрациясы.
Жергілікті фторпрепараттардың дәрілік формасы
Дәрілік формалар физико-химиялық қасиеттермен ерекшеленеді, және осыған байланысты олардың қолданылу әдістері және тиімділігі ажыратылады.
1. Фторид ерітінділері фтормен алдын-алу үшін 1940 жылдан бастап қолданылады. Қазіргі уақытта АҚШ, Скандинавия және басқа елдерде жеке және топтық деңгейде алдын-алу мақсатында қолданылады; препараттың бұл түрін дүниежүзінде 20 млн. адам қолданады.
0,05-тен 2%-ға дейін натрий фториді ([F¯]=0,025-1%) бар сулы ерітінділер тек қолданар алдында ғана дайындалады. Балаларда процедураларды жүргізу үшін препараттарды негізінен медициналық қызметкерлер натрий фторидінің ұнтақ түрін және дистилденген суды (немесе қайнатылған су) қолдану арқылы дайындайды. Қайнаған суда дайындалған ерітіндіде F¯ белсенділігі тәулік бойы, ал дистилденген суда – апта бойына сақталады. Мұндай ерітінділер балалар қол жетпейтін жерде сақталуы тиіс: 10 мл 2% натрий фторидінде дене салмағы 20 кг бала үшін токсикалық болып табылатын фторид мөлшері бар. Препараттарды күңгірт әйнектен жасалған бөтелкеде салқын жерде сақтау керек. Дайын фторы бар ауыз шайғыштарда, элексирлерде натрий фториді, аминофторид, қалайы фториді құрамында 0,001-0,5% F¯ болады, дәріханаларда, косметикалық және парфюмериялық бөлімдерде тіс пасталарымен бірге сатылады және өзіндік көмек мақсатында тағайындалады.
Ерітінділер ауыз қуысын шаю және тістерге аппликация жасау мақсатында қолданылады.
Ауызды шаю үшін ең аз, натрий фторидінің 0,05-тен 0,2%-ге дейінгі концентрациясын абайсызда жұтып қойғанда интоксикация қаупі аз тудыратын препараттар қолданылады. Ауызды шаю үшін қолданылатын ерітінділер сықпаларға қарағанда фторид мөлшері аз болғанда тиімділігі жоғары болады, себебі фтор ионының белсенділігін шектейтін компоненттер аз және F¯ ауыз қуысында жақсы жайылып, тіс шөгінділерінің ретенциясы жоғары аймағына дейін жетеді. Ауызды шаю үшін қолданылатын ерітінділер фторы бар сықпаларға оральды ортада F¯ жоғары деңгейінің сақталуын ұзартатын құрал ретінде қолданылады, бұл әсіресе кариесрезистенттілік төмен болғанда өте маңызды.
Ауызды шаю үшін 30-50 мл көлемдегі ерітінді қолданылады (қалыпты жағдайда ауыз қуысына бір жұтым алатын мөлшер). Коммунальды бағдарламаларда шаюды 6 жастан жоғары балаларға ұйымдастырады, себебі осы жасқа жеткен балалар препаратты жұтып қоймауды өздері қадағалай алады. Процедураны жүргізбес бұрын әрбір баланың ерітіндіні жұтып қоймайтынына көз жеткізу керек: бастапқыда мензурканы сумен толтырып ауызды шаюды (тамақта емес!) сұрайды, кейін суды қайтадан мензуркаға құяды. Шаю алдында тісті тазалау қажеттілігі әлі шешілмеген (бір жағынан тіс қағы фторидтің эмальға өтуіне кедергі жасаса, екінші жағынан – олар үшін депо болып табылады), сондықтан ұйымдастыру жағдайына байланысты шешіледі.
Процедураның ұзақтығы негізінен 2 мин құрайды, ол жұту рефлексінің даму уақытына сәйкес. Фторы бар ерітіндімен шайғаннан кейін бірнеше сағат бойы ауызды сумен шаюға немесе тамақ қабылдауға болмайды, себебі бұл уақытта шаю кезінде ауыз қуысы кілегей қабығына жиналған фторид-иондар қайтадан ауыз сұйықтығына жиналады.
Шаю жиілігі ерітіндідегі фторид концентрациясына кері пропорционал: [NaF]=0,05%–күнделікті, [NaF]=0,1%-апта сайын, [NaF]=0,2% - 2 аптада 1 рет. Үй жағдайында ауыз қуысын шаю фторидті ауыз қуысына енгізу фторы бар тіс пастамен таңертеңгі және кешкі тіс тазарту арасында немесе ұйықтар алдында тіс тазартудан бұрын қосымша шара ретінде тағайындайды.
Жүйелі түрде ауыз қуысын 0,025% ерітіндімен 2 жыл бойы шаю тіс жегісі редукциясын 50%, 3-5 жыл бойы 0,2% натрий фторидімен аптасына бір рет шаю тіс жегісі редукциясын 15%, вестибулярлы және оральды беткейінде тіс жегісі редукциясын 60%-ға дейін, жанасу беткейінде - 30%-ға дейін және балаларда окклюзиондық беткейде 7%-ға дейін және тіс түбірінің тіс жегісі редукциясын 45% қамтамасыз етеді.
Аппликация үшін құрамында 1% фтор ионы (2% натрий фториді) бар арнайы заводтық немесе ex tempore дайындалған ерітінділер қолданылады. Фторид-ионының жоғары концентрациясына байланысты аппликация арнайы қауіпсіздік шараларын сақтауды талап етеді: науқас жұтып қоймауын қадағалау керек, процедура медициналық қызметкер немесе басқа да жауапты адамдардың қадағалауымен жүргізілуі тиіс. Тіс аппликациясын жүргізбес бұрын тісті тіс қағынан тазалап, кептіру керек.
Ерітінділер тіске әр түрлі жолмен жағылуы мүмкін. Стоматологиялық кабинетте жиі аппликация жасау үшін қолданылатын ерітінділерге батырылған мақта тампондары немесе дәкелік көп қабатты сызықтар қолданылады. Валиктерді жаққа 3-5 минутқа қояды, кейін ерітіндіні жаңартады: тампондарды алмастырады, немесе, егер процедура сілекей сорғышпен жасалып, тампондар ластанбаса, ерітіндінің жаңа порциясын пипетка немесе резеңке груша көмегімен енгізеді. Аппликацияның жалпы ұзақтығы 10-15 минут, осы уақыт ішінде сілекейді жұтып қоюдан сақтану керек. Сондықтан минимальды жағдайда жұмыс жасау кезінде науқас алға қарай еңкейіп отырады, аузы ашық, төменгі ерінге лоток қойылады, оған еркін сілекей ағып тұрады. Төменгі мектеп жасындағы балаларда процедура екі сатыда жүргізіледі – оң және сол квадрант үшін. Егер тампондар, дәкелік немесе поролондық сызықтар арнайы стандарттық немесе жеке дайындалған қасықтарға орналастырылса аппликация тиімділігі жоғарылайды. Процедурадан кейін 1,5-2 сағат ішінде тамақ қабылдауға және тіс тазалауға болмайды. Үй процедураларында аппликация үшін қолданылатын ерітінділерді жағу мақсатында тіс щеткасын қолдануға болады, оған 3-5 тамшы ерітіндіні жағады және тісті 3 мин бойы тазалайды.
Аппликацияны қайталау жиілігі тіс жегісінің қауіп дәрежесіне тәуелді болады: тіс жегісінің минимальды қаупінде - 6айда 1 рет, орташа қауіпте -3 айда 1 рет, жоғары қауіпте – әр апта сайын 4 рет, 3 ай сайын қайталау курсын жүргізеді. Жүйелі түрде аппликацияны қолдану арқылы тіс жегісі редукциясына 30-50% қол жеткізуге болады.
Кнаппвост ұсынған және «терең фторлау» деп аталатын фторы бар препараттар аппликациясының технологиясы белгілі. Терең фторлау мынадай химиялық реакциялар көмегімен жүзеге асырылады: әлсіз қышқылды фторлы магний силикаты және фторлы мыс силикаты (1-ші ерітінді) Са(ОН)2 (2-ші ерітінді) суспензиясымен әсерлесуі кезінде ұсақ кристаллдары бар СаҒ2 фторсиликатты комплекс (диаметрі 50А, кальций фторидінің «қалыпты» кристалы диаметрінен жүз есе аз) және MgF2, сонымен қатар полимеризацияланған кремний қышқылы түзіледі. СаҒ2 және MgF2 кристалдарының мөлшері эмаль апатитінің кристалдары мөлшерімен тең, ол апатит кристалдары арасындағы микроақауларға енуіне және реминерализация үшін жеткілікті F¯ концентрациясын бөліп, ұзақ (жыл бойына) сақталуына жағдай жасайды. Кремний қышқылы бұл кристалдардың алынып қалуының алдын-алатын қорғаныш жабындыны түзеді. Бұдан басқа екіншілік аппликация үрдісінде бактерицидті әлсіз еритін сілтілі мыс фториді Сu(ОН)Ғ түзіледі (қосылыс бозғылт-көкшіл түсті және эмальдың түсін өзгертеді). Терең фторлауды жүргізу әдістемесі бірінші және екінші ерітінділері бар тампон немесе дентальды лента көмегімен 1-2 минуттан кезекпен аппликациялауға және ауызды сумен шаюға негізделген. Процедураны 5-7 күннен кейін қайталауға болады. Авторлардың дәлелдеуінше, терең фторлау фторлактарды қолдануға қарағанда айқын тіс жегісіне орнықты әсер береді.
2. Гельдер өзіндік көмек жүйесіне 30 жыл бұрын АҚШ стоматологиясына енді және осы уақытқа дейін тіс жегісіне тұрақсыз адамдар үшін фторы бар сықпаларға үй жағдайында немесе кәсіби түрде қолданылатын қосымша құрал болып табылады; гельдердің Еуропада қолданылуы төмен.
Гельдер – жоғары тұтқырлы зат, соның арқасында сұйықтыққа қарағанда тіс беткейінде ұзақ сақталады. Гельдер тіс сықпаларына қарағанда компоненттері аз, ол фторид белсенділігін сақтауға мүмкіндік береді. Гельдердің ерітінділерден гөрі, қолдануға ыңғайлы қасиеттердің тағы бір артықшылығы: тұтқыр гельдердің тіске аппликациялауға жеңілдігінде.
Фторидтер құрамына байланысты үйде қолданылатын ([F¯]=0.1-0.5 %) және кәсіптік ([F¯]=1-2%) түрлерін ажыратады. Гельдердің құрамына натрий фторидін, аминофторидті, қышқыл фосфатфторидті, сирек қалайы фторидін қосады: сапасын жақсарту үшін байланыстыратын қоспалар, ұзақ уақыт мерзімінде сақтау мақсатымен консерванттар қосады.
Гельді сілекейден оқшауланған, құрғатылған тістерге кисточкамен, мақта немесе поролон тампонымен, щеткамен немесе гельді аппликациялауға арналған қасықпен жағады. Қасықты 1/3 бөлігін толтырып, тістерге кигізіп, тісаралық кеңістіктерге ену үшін сәл қысады (кейбір гельдердің артықшылығына жоғары токсикотроптылығы, яғни ауыз қуысына қасықтан гельдің артығын тиюге қауіптенбей, тар тісаралық кеңістікке гельді «сығуға» мүмкіндік беріп, қысыммен аққыштығын жоғарылату қабілеттілігі). Гельдің аппликациясы 1-ден 4-ке дейін минут, процедураның ұзақтығы тіс жегісінің қауіп дәрежесіне сәйкес келеді. Осы уақыт аралығында науқасқа сілекейді жұтуға тыйым салынады. Ауыз қуысынан қасықты алып тастағаннан кейін бірден фторидтің көп мөлшерін жұтып қоймас үшін тістер мен ауыз қуысы кілегей қабығынан гельдің қалдықтары сілекей сорғыш пен тампонмен алынып тасталу қажет.
Үй жағдайында жасалатын алдын-алу гельдерін аппликациялауды 10 жастан жоғары балаларға ұсынылады. Процедураны 4 минут бойы орындайды.
Аппликацияларды гельдегі фторид концентрациясына және тіс жегісі қауіп дәрежесіне сәйкес қайталайды: үйде жағылатын гельдерді күн сайын қолданады, кәсіптік – 2 аптада 1 рет, жарты жылда 1 рет. Жыл бойы гельдерді қолдану кезінде тіс жегісі өсуінің 15-60%-ға редукциясын мәлімет етеді. Кәсіби гельдерді аппликациялау қымбат процедураға жатады, сондықтан тіс жегісі қауіптілігі жоғары науқастарға тағайындалады: алғашқы жылдарда тұрақты тістердің жарып шығуы мен ксеростомия кезінде.
3. Фториді бар сықпалар 1945 жылдары тіс жегісін алдын-алу қолданыла бастады. Бастапқыда бұл 75% натрий фториді бар жоғары концентрациялы кәсіби сықпалар болды. Кейін бұл сықпалардан бас тартыла бастада, өйткені жергілікті аппликация кезінде фторидтің қауіпті мөлшерін жұту жағдайларымен аяқталып жүрді. Қазіргі кезде 90% тіс сықпалары нарықта фторид құрамды болып келеді. Фторидті әр түрлі қосылыстар түрінде сықпаларға кіргізеді: әр түрлі сықпаларды: жиі жеңіл еритін қосынды (натрий фториді) және депо (монофторфосфат, аминофторид).
Жұтынуды нашар бақылауына байланысты 4-5 жастан кіші балалар тістерді тазарту кезінде сықпаның көп бөлігін жұтады және сондықтан балалардың ауыз қуысы гигиенасында фторқұрамды сықпаларды қолдануға қатынас қырағы. Балалар сықпаларының құрамында 500 ppmF жоғары емес, тағаммен ассоциаланатын және жұтынуды тудыратын дәмді қоспалар және ароматизаторлар (бүлдірген, карамель) болмауы қажет. Бір тазарту үшін сықпаның мөлшерін шектеу қажет: өндірушілер сықпаны тар мойны бар тубаға салуы қажет, ата-аналар сықпаның аз ғана мөлшерін қолдануы (қара табл. 5.23) және осыған балаларды үйретуі қажет. Ата-аналары балаларды сықпаны жұтудан және оны түкіруге үйретуі қажет; балалар бұл дағдыны шамамен 3-5 жасқа таман иемденеді. Егер сықпаны жұтынуды бақыламайтын балалар үшін қолданса, фторқұрамды сықпаларды баланың жүйелі фтор жүктемесінің айқын көзі ретінде қарастырады және фторидтің басқа қоспаларын тағайындамайды.
Таблица 5.23
Фторқұрамды сықпаларды қолдану бойынша Еуропа Ассоциациясы балалар стоматологтарының ұсынымдары
Жасы |
Фторид құрамы (ppm) |
Қолдану жиілігі |
Саны |
6 айдан 2 жасқа дейін |
≤500 |
дәрігердің тағайындалуымен |
Іздері |
2–ден 6 жасқа дейін |
500 |
күніне 2 рет |
бұршақ мөлшерінде, шынашақ тырнағы |
6 жастан жоғары |
1000-1450 |
күніне 2 рет |
щетканың 1/3 басындай |
Фторқұрамды тіс сықпаларды күн сайын таңертең және кешкісін тістерді щеткамен, жіппен немесе Шығыстағы елдер дәстүріндегідей ағаш таяқшасымен тазартқанда ұсынылады. Фторқұрамды сықпаларды толық қолдану үшін:
-
тістерді тазарта бастағанда, сықпаны барлық тістер беткейіне жағып, тісаралық кеңістіктерге басты назар аудару керек;
-
тістерді тазартқаннан кейін сықпаны шаю керек (ауыз сұйықтығымен) «тістер арасымен» - тістердің проксимальды беткейлеріне фторидтердің енуін қамтамасыз ету;
-
ауызды сумен шаю;
-
сықпаны қабылдағаннан кейін бірден ішуге болмайды;
-
кешкі уақытта тістерді ұйықтар алдында тазарту (сілекей бөлінісінің жылдамдығының физиологиялық төмендеуі көмегімен сықпаның фторидінің клиренсі төмендейді).
Кәсіби фторқұрамды сықпалар тіс жұғындыларын кәсіби тазарту кезінде қолданылады. Бұл сықпаларды ротационды щеткалар және резиналы басшықтармен жағылатындықтан, жұмыс істегенде қызылиек жиегі мен тісаралық емізікшелерді жылжытатындықтан фторидтердің сіңуі кең ауқымды жүреді. Кәсіби сықпалар жоғары абразивті болғандықтан, олар тістің беткейінен минерализацияланбаған қақтың барлық қабаттарын (соның ішінде пелликуланы) алып тастайды, сондықтан фторидтер эмальмен тасымалдаушысыз тікелей байланыста бола алады. Кәсіби гигиена процедурасы сирек жүргізіледі, сондықтан тіс жегісі тұрақтылығына әсер етпейді.
4. Лактар - ауыз қуысында бірнеше сағат (тәулік) бойы сақталуға қабілетті, бірден ісініп ауыз сұйықтығында баяу фтор иондарын бөлетін құрғақ, таза эмаль беткейіне бекитін желімді композиция.