Добавлен: 01.02.2019
Просмотров: 16568
Скачиваний: 27
Санитарлы ағартудың нақты әдісін таңдау көбінесе материальды, кадрлық, ұйымдастырушы факторлармен анықталады. Санитарлы ағартудың адресаты кім болып табылатындығына байланысты жеке, топтық және популяциялық жобаларды ажыратады:
-
жеке санитарлы-ағарту жұмысы бір немесе бірнеше науқастарға есептелген;
-
санитарлы ағартудың топтық түрлері стоматологиялық денсаулық үшін маңызды қандай да бір жалпы факторлармен біріккен адамдарға есептелген (жасы, білім алу деңгейі, кәсіби жағдайы және т.б.);
-
коммунальды санитарлы-ағарту жобалары адамдардың үлкен топтарына адрестелген.
Жеке және топтық санитарлы ағартудың ерекше түрін бөлу маңызды – мақсатты, администраторларға, педиатрларға, балалар мекемелерінің жетекшілеріне және басқа адамдарға адрестелген, оларға көбінесе тұрғындар үшін біріншілік алдын-алуды ұйымдастыру байланысты.
Балаларды оқыту мен санитарлы тәрбиелеудің ерекшеліктері
Үйретудің маңызды құрамы есте сақтау болып табылады. 3-4 жасқа дейін бала тек еріксіз есте сақтауға қабілетті (бәрі «өзінен, кездейсоқ» сақталады), кейін тапсырма бойынша есте сақтау әрекеттерін көрсетеді және ұмытқысы келмейтінді қайталайды. Қайталауларға қолдау беру қажет (алдымен дауыстап, кейін – ішінен), өйткені бұл ақпаратты қысқа мерзімді есте сақтаудан ұзақ мерзімдіге ауыстыруға көмектеседі. Есте сақтаудың дамуы еріксізден еріктіге, механикалықтан логикалыққа, тікелейден жанамаға (басқа заттар немесе заттардың бейнелері), есте сақтау үшін дайын заттарды қолданудан бірте-бірте дамиды. Ақпаратты есте сақтау балада оған тұтынушы немесе танымдық қажеттілігі қалыптасқан жағдайда ғана мүмкін, яғни мнемонитикалық мақсаты бар: ойында жетістікке жету үшін қажетті нәрселер есте қалады.
Баланы көпсатылы әрекетпен күрделіге үйрете отырып, оның әрекетті ішкі жоспарлауына қабілеттілігінің дамудың қай сатысында екенін ескеру қажет. 2-3 жастағы бала жағдайды елестете және оны оймен өзгерте алмайды: тапсырманың берілуі және оның шешімі заттармен манипуляциялар көмегімен ғана жүзеге асырылады. Кейін тапсырманың тұжырымдалуы сөйлеу арқылы жүзеге асады, бірақ бала оны байқап көру және қателік әдісімен заттардың көмегімен орындайды, сонымен қатар өз әрекеттерін сөзбен айтады. 4-5 жасқа таман бала тапсырманы қабылдауға және оны көрнекі-бейнелі түрде орындауға қабілетті (суреттер, мүсіндер, сызбалар бойынша) – заттармен емес, бірақ олардың бейнелері-елестетулерімен манипуляция жолымен. Жоспарлау дағдыларының шыңы мектепке дейінгі кезеңнің соңында бала ойша әрекеттің ішкі жоспарын құрады және оны табысты жүзеге асырады.
Балада жетістікке жету қажеттілігі мен табандылығының қалыптасуын мадақтай отырып, кез келген тапсырманы оны шешудің бірінші қадамдары психологиялық көзқарас жағынан аса тартымды болатындай қалыптастырады (кепілді жетістік болады), ал одан кейінгі қадамдары – аз тартымды (айтарлықтай күшті талап етеді), бірақ мақсатқа жету үшін қажет. Бұл жастағы баланың одан әрі қызметінің ең маңызды ынтасы шынайы бағалаулар болып табылады.
Мектепке дейінгі жаста балаға психогигиеналық қасиеттерді тәрбиелеу – ұқыптылық және тазалылық жалғасады. Бұл жаста бала өзіне-өзі қызмет етудің физикалық мүмкіншіліктерін иемденеді және біртіндеп өсіреді, бірақ қажеттілікті тәрбиелеу өзіне жүйелі күтімде мысалсыз, тұрақты бақылаусыз және отбасы көмегінсіз болмайды. Ата-аналар дұрыс мінез-құлыққа шақырып қана қоймай («Мен айтқандай жаса, бірақ жасағанымды қарама!»), еліктеу үшін нағыз үлгі болуы қажет. Мотивациялық орта дамуының негізгі тәсілі ойын болып қалады. Тәрбиелеу үшін құмарлық секілді балалардың жастық психологиялық ерекшелігін қолдану қажет – олардың барлық сұрақтарына тыңғылықты, түсінікті, шынайы жауап қайтару.
Бастауыш мектепте дидактикалық ойындар біртіндеп топтық тапсырмалармен ауысады, олар ойлауға, өзін танытуға, альтернативаны таңдауға, жетістікке жету мүмкіншіліктерін өлшеуге мүмкіндік беретін сюжетті-рольді «ересектер» ойындарына сәйкес келеді, - және біртіндеп ойын емес оқыту мен еңбекке орын береді. Оқушылардың ынтасы мен шығармашылығы әрқашан мадақталуы қажет. Оқу қызметі рахат алумен ғана емес, сонымен қатар мақсатқа жетумен дәлелденеді. Әсерлі ынталар органикалық та, материальды да, бірақ әсіресе рухани және әлеуметтік-психологиялық мадақтаулар болып табылады: мақұлдау, мақтау, басқаларға мысалға келтіру. Маңыздылығы бойынша бірінші орынға білім, іскерлік пен дағдыны бағалау, тәртіпті сақтау және мінез-құлық ережелерін орындау шығады. Тәрбиелеу мен үйретуге қолданылатын ақпарат көздерінің тобына теледидар, радио, басылым кіреді, бұл балаға әлемнің көптүрлілігін ұғынуға, эгоорталықтан кетуге және өзінікінен ерекшеленетін басқа көзқарасты мойындауды үйренуге көмектеседі.
Кіші оқушылар жиі жаңа ақпаратты нашар есте сақтайды, өйткені оны әрқашан ұғына алмайды. Демек, кез келген тапсырманы балаға түсіндіру, оның мәні мен маңызын анықтау, шешу мысалын көрсету қажет. Мықты есте сақтау баланы ақпаратты ұғыну мен когнитивті өңдеуге тарта отырып, көрнекі-бейнелі және ауызша-түсінікті операцияларды қолдану кезінде жетіледі. Осы мақсатта баланы жұмыс қорытындыларын өздігінен келтіруге пайдалы («біздің әңгімеден нені білдің?»). Кіші оқушылардың маңызды психологиялық артықшылығын максимальды қолдану қажет – олардың жоғары оқытылуы: жас келе адамның ақыл-ой даму деңгейі өседі, бірақ үйренуге қабілеттілігі, өкінішке орай, төмендейді.
10-12 жастағы балалар қабілеттіліктің жетіспеушілігі жігермен компенсацияланатындығын түсіне бастайды. Балалар өз қабілеттіліктеріне мақтаулар естігісі келетіндіктен, қарапайым тапсырмаларды орындағаны үшін жоғары бағалаулардың ынталандырушы күші жоқ және тіпті қорлық ретінде қабылдануы мүмкін. Бұл жастағы балалардың қажеттіліктерін табысты тәрбиелеу үшін нәтижені ғана емес, баланың күшін мадақтау, оның жеке тұлғасын жоғары үлгілермен емес, оның бұрыңғы дербес жағдайымен салыстыру (динамиканы көрсету), оның қызметіне тікелей радикальды кірісулерден бас тарту, бірақ оны дәлелді кеңестермен дұрыстау қажет.
Орта және жоғары сыныптарда ой біржолата сөзбен байланысады, сондықтан ішкі сөйлеу басқа танымдық үрдістерді ойлау мен реттеудің негізі болады, көрнекі-әрекетті және көрнекі-бейнелі ойлау мен оқытудан сөзді-абстрактты және абстракттыға өту жүреді. Жасөспірімді оқыта отырып, оны дайын тезистерді жаттап алуға мәжбүрлемей, бірақ үрдістің шындыққа негізделген және логикалық базасын қамтамасыз ете дербес «ашылуға» әкелу пайдалы («проблемалық» оқыту деп аталатын). Бұл жаста кез келген оқыту, соның ішінде санитарлы, тәжірибелік ақылдың дамуына септігін тигізуі қажет:
-
тапқырлық – күрделі тапсырманы шешудің бірнеше варианттарын көру іскерлігі және жағдайдан рациональды шығуды іздеу және табудың тұрақты дайындығы;
-
есепшілдік – алға алысқа қарау, қандай да бір шешімнің нәтижелерін есептеу іскерлігі, яғни шешім неге тұратындығын бағалау;
-
үнемділік – қолайлы нәтижеге жету үшін аз шығынды талап ететін тапсырманы шешу тәсілін таңдау іскерлігі;
-
тапсырманы шешуде - аз уақытта шешім қабылдау іскерлігі.
Жасөспірімдерді, балалар мен қыздарды тәрбиелеу көптеген жағдайда оларға ересектер емес, құрбылары жоғары әсер ететіндігімен қиындайды. Жасөспірімдер өз проблемаларын ашық талқылай алатын топтарда әңгімелесуді қалайды, көбінесе ересектердің назарына лайық еместер өздерін әр түрлі әлеуметтік рольдерде (ұйымдастырушы – орындаушы) байқап көреді, қажеттіліктер иерархиясын меңгереді. Кіші жасөспірімдерге құрбыларынан келетін әлеуметтік-психологиялық ынталар жоғары мәнге иемденеді. Алдыңғы кезеңнен өзгешелігі аса маңызды білімнің, іскерліктің, дағдының және мінез-құлықтың сыртқы түрлерінің бағалаулары емес, оның жеке қасиеттері болады. Тек мектепті бітіру уақытына таман ересектердің бағалаулар маңызы – ата-аналар және мұғалімдер – жоғарылайды, бірақ бұл бағалаулар да жасөспірімнің өзін-өзі бағалауы арқылы ұйғарылады, бұл қоршағанның реакциясына қарағанда аса маңызды болады.
Санитарлы ағарту жасөспірімдердің 12-13 жастан бастап өзін тәрбиелеуге қатты ұмтылатындығына тірелуі қажет: өз мүмкіншіліктері туралы ойланады, оларды жетілдіруге саналы, мақсатқа жетерлік жігер салады. Балалар батылдықты дамыту, төзімділікті, өзін ұстай білуді, өзіне сенімді (физикалық және өзін-өзі тәрбиелеу) жоғарылату үшін спортпен белсенді айналысады. Көпшілік жасөспірімдер үшін рухани даму, көмекке келу дайындығы, сүйгеніне берілгендік, досына адалдығы, жомарттық, мейірімділік, парасаттылық секілді қасиеттерді қалыптастыру үшін өздігінен жетілу маңызды болады. Бұл жағдайларда жасөспірімдер ересектер көмегін өте қажет етеді, бірақ оны әрқашан ұғынбайды және оны іздемейді. Ересектер негізді дауды жеңуде жасөспірімдерге көмекке қабілетті, бұл оларға жасөспірімдердің романтизмінің ересектердің прагматизмімен сәйкес еместігінде көрінеді – ақылды келісім табу. Жасөспірімдер істеріне ересектер кірісулерінің тиімді түрі маңызды қиын тапсырмаларды бірге орындау болып табылады. Кіші жасөспірімдер көмекшілер ролін сүйсініп орындайды, бұл кезде құқықтар мен міндеттердің қалыпты жүйесін игереді, үлкендер тең құқылы ынтымақтастыққа талаптанады (оны мектепте санитарлы одақты қалыптастыру кезінде қолдануға болады). Жасөспірімдер ересектердің басунышылығын, оның тікелей қысымын және талаптарын қабыл алмайды (дәрігер мінез-құлқының беделді стилі), бірақ тең құқылы, қызығушылық, мейірімді, құрметті, ақылды қамқорлығын қабылдайды (серіктестік стиль). Жасөспірімдердің дәлелдеулерін басқаруда көмекті бұқаралық ақпарат заттары көрсетуі мүмкін: 12-13 жастан бастап балалар «ересектік» газеттер мен журналдарға қызыға бастайды, бұл оларға (дұрыс таңдау кезінде) өз әлеуметтік позициясын, мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді, қажеттіліктер баспалдағы бойынша көтерілуіне көмектеседі.
Санитарлы жобаны дайындаудың жалпы сызбасы
Кез келген санитарлы-ағартушылық жоба психология мен педагогиканың негізгі ережелерін есепке ала отыра жасалуы қажет. Стоматологиялық санитарлы-ағартушылық жобаларды дайындау мен жүзеге асырудың негізгі сатылары болып табылады:
-
Нақты адресатты анықтау (науқастың, топтың, популяцияның).
-
Жобаның принципті мазмұнын анықтау:
а) адресатта стоматологиялық аурулардың дамуының өзекті қауіп-қатер факторларын анықтау;
б) қажеттіліктер, санитарлы сауаттылық және қандай да бір денсаулық деңгейін қамтамасыз етуде потенциальды мүмкіншіліктер деңгейін бағалау үшін науқастың (топтың, популяцияның) нақты психологиялық, материальды-экономикалық статусын анықтау.
3. Адресатпен жұмыс өткізу үшін ұйымдастырылған және материальды мүмкіншіліктердің талдауы.
4. Жұмыстың бірдей әдістерін таңдау (сөйлесу, тәрбиелеу, оқыту).
5. Санитарлы міндеттерге және психологиялық талаптарға сәйкес жобаның нақты мазмұнын қалыптастыру.
6. Жобаны жүзеге асыру.
7. Жоба тиімділігін талдау.
8. Жобаны дұрыстау және оны жалғастыру.
ІІІ тарау. Стоматологиялық ауруларды біріншілік алдын-алудың шараларын өткізу үшін жұмыс орнын ұйымдастыру
Стоматологиялық ауруларды біріншілік алдын-алу әр түрлі жағдайларды талап ететін әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Популяциялық алдын-алу медициналық мекеме қабырғасынан тыс әкімшілік-техникалық деңгейде ұйымдастырылады. Топтық алдын-алудың шаралары (мысалы, ауыз қуысы гигиенасының сабағы) қарапайым мектеп ғимараттарында, клубтарда және тіпті ашық алаңдарда жүргізуге болады. Бірқатар арнайы процедуралар (соның ішінде инвазивті) кіретін жеке кеңестік алдын-алу медициналық мекемелерде жүзеге асырылады. Минимальды физикалық күш кезінде максимальды өнімділікпен және бұл кезде қабылдаудың барлық қатысушыларына толық техникалық, химиялық және инфекциялық қауіпсіздігі кепілімен қызметкердің жұмысын қамтамасыз ету үшін жұмысшы орынды рациональды ұйымдастыру принциптерін қолдану қажет, олар өз кезегінде қатаң санитарлы нормативтерге сәйкес келеді.
Стоматологиялық кабинетті ұйымдастыруға санитарлы талаптар
Стоматологиялық емханаларды персоналға және тұрғындарға максимум ыңғайлылықтар жасайтын бөлек типтік ғимараттарға орналастырған жөн. Емхананы тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың 1-2 қабаттарында орналастыру рұқсат етіледі; стоматологиялық кабинеттерді үй астындағы жай төледе орналастыру тыйым салынған. Негізгі ғимарат – бір стоматологиялық креслада жұмыс үшін қажет 14 м2 минимальды ауданы бар емдік-алдын-алу кабинеті. Әрбір қосымша кресланы орналастыру үшін кабинеттің ауданын 7 м2-қа; әмбебап қондырғысы бар кресла үшін – 10 м2-қа үлкейту қажет. Кабинеттің биіктігі 3,3 м-ден кем емес, тереңдігі – 6 м-ден аспауы қажет. Кабинеттерде стоматологиялық креслалар 1 немесе 2 қатарға жарығы бар қабырғаға параллельді орналастырылады. Бір қатарлы орналастыру жақсырақ, өйткені екінші қатарда жарықтану 3-4 есе төмендейді, бұл жасанды жарықты үнемі пайдалануды талап етеді және тері мен кілегей қабықтың түстерін ажыратуды қиындатады. Егер клиникада 4 немесе одан жоғары креслалар болса, материалдар мен құралдарды залалсыздандыру үшін ауданы 8 м2 бөлек бөлме талап етіледі. Қабылдауды күтуге арналған ғимарат бір келушіге 1,2 м2 есебінен жоспарланады.
Стоматолог-дәрігердің, әсіресе терапевттің жұмысы тексерудің, науқасты емдеудің барлық сатыларында көрудің тұрақты, айтарлықтай ынтасын талап етеді. Көру жұмысының қалыпты жағдайларын қамтамасыз ету үшін стоматологиялық кабинеттерде жарық қарқындылығы бойынша жеткілікті, біркелкі болуы талап етіледі. Жарықтың спектрлі құрамының ерекше маңызы бар, ол тері жамылғылары мен тістердің түстерін өзгертпей түстерді ажырату мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Стоматологиялық бөлімнің барлық ғимараттарында табиғи жарық болуы қажет. Жұмыс орнында жарықтың айтарлықтай өзгерістерін жасайтын тіке күн сәулесінің жағымсыз әсерін алдын-алу үшін және терезелердің қызып кетуін болдыртпау үшін солтүстік, солтүстік-шығыс немесе солтүстік-батысқа бағдарлану ұсынылады. Кабинеттерде жарық коэффициенті 1:4-1:5 құрайды; жарықтану коэффициенті – 1,5%–дан кем емес. Барлық стоматологиялық кабинеттерде жалпы жасанды жарық жұмысшы беткейлерде люминесцентті лампалар кезінде 500 лк, қызу лампалар кезінде - 200 лк-ға тең жеткілікті жарықты қамтамасыз етуі қажет. Бұған қосымша әрбір стоматологиялық креслада жергілікті жарық светильниктері орналасады. Олардан жарық ағымы жіңішке, концентрирленген, ауыз қуысына бағытталған, жұмыс үшін 3000-4000 лк жарықтану қажет.
Температура және ауаның ылғал дәрежесі белгіленген нормадан аспауы қажет: 200С және 40-60%. Стоматологиялық кабинеттерде ауаның гигиеналық жағдайын ұстап тұру үшін орталықтандырылған келу-сору желдеткіші болуы қажет (ауа алмасу – келуі бойынша 1 сағатта 2 рет, сору бойынша 3 рет). Кабинетте жасанды желдеткіштің болуына қарамастан форточкалар немесе фрамугалар болуы қажет, оларды жұмыс күні аралығында жүйелі түрде ашу қажет. Ауаның сауықтыруын бактерицидті лампалар көмегімен жүзеге асырған жөн.
Кабинетте жұмысты ұйымдастыру
Кеңселік алдын-алу барысында бірнеше ұйымдастырушылық сатыларды ажыратады, олардың әрқайсысы жұмыстың сәйкес жағдайларын талап етеді:
-
науқаспен алдын-ала әңгімелесу;
-
стоматологиялық тексеру;
-
алдын-алу процедураларын өткізу;
-
науқасты үйдегі процедураларды өткізу әдістемесіне үйрету.
Науқаспен әңгімелесу стоматологиялық кресладан алыс басталуы мүмкін. Науқас пен дәрігер (гигиенист, медбике) әңгімелескенде бір-бірінің «жеке кеңістіктеріне» физикалық жақындамағаны дұрыс. Ол үшін созылған қол арақашықтығында науқастан алыстау қажет. Тәжірибелік әңгімелесу зонасы столмен бөлінген екі ұқсас орындық немесе кресламен көрсетілуі мүмкін.
Жұмысшы зонаның минимальды және оптимальды жабдықталуы
Науқасты стоматологиялық клиникалық тексеру және кеңселік алдын-алу процедуралары арнайы жабдықталған жұмысшы зонада жүргізіледі. Алдын-алу көмегі стоматологиялық қызметтің тұрғындарға ең қолайлы, бірінші бөлімі ретінде қарастырылады. Стоматологиялық көмек бүгінде су- және электрожабдықталуының, канализацияның сәйкес деңгейін талап ететін қымбат бағалы жабдыққа негізделетіні белгілі. ДДҰ стоматологиялық шаралардың біріншілік алдын-алуының тұрғындарға максимальды жақындауын талап етеді, бұл көп жағдайда техникалық жабдықталудың рациональды шектелуі жағдайында ғана жүзеге асады. Ыңғайлылық пен жабдықтың минимальды (далалық жағдайда) және оптимальды деңгейлерінде кеңселік алдын-алу үшін жұмысшы орынды ұйымдастырудың сызбасы ұсынылған (табл.3.1).