Файл: Книга профилактика.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Книга

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.02.2019

Просмотров: 16526

Скачиваний: 27

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дистальды фиссуралар және вестибулярлы (оральды) шұңқырлар аймағында силанттың қызылиекпен байланысуын тексереді. Бұл зоналарда силанттың артығын кіші жылдамдықта кішкентай шар тәрізді бормен алып тастайды.

Одан әрі силанты бар тіс және оның көршілері арасындағы апроксимальды аймақтардың жағдайын тексереді. Бұл аймақтарды зондпен немесе дентальды флосспен өту қажет. Мұнда тактильді анықталатын кедергілер кезінде оны (силантты) скелермен немесе зондпен алып тастайды.

Гиперокклюзиядан, яғни окклюзия және артикуляция кезінде антагонист-тістердің бұрын контактысының себебі болып табылатын силанттың артық бөлігінен құтылу қажет.

Окклюзияны бақылау коффердамды немесе валиктерді алғаннан кейін копировальды қағаз көмегімен жүргізіледі. Барлық таңба-нүктелері силантта емес, эмальда болуы қажет. Силанттың артығын композиттер үшін финирмен, №6-8 дөңгелек бормен, аз жылдамдықта жасыл немесе ақ абразивті таспен, жоғары жылдамдықта дөңгелек немесе алмұрт тәрізді бормен алынады. Аз жылдамдық жақсырақ, өйткені кірісу көлемін жақсы бақылауға мүмкіндік береді. Силант полировканы қажет етпейді.

5. Флюоризация

Тістің тіндері қышқылмен өңделуіне байланысты, герметикпен кездейсоқ жабылмаған химиялық зақымдалған зонаның реминерализациясы туралы ойлау қажет. Ол үшін кептірілген тісті фторқұрамды лак қабатымен жабады немесе фторқұрамды гельмен аппликация жасайды.

6. Герметиктермен жабылған тістердің жағдайын бақылау

Герметизацияланған тістердің жүйелі зерттеулері силанттың, сонымен қатар тістің жағдайын бақылау және уақытында жағдайды дұрыстау үшін жүргізіледі. Бұл зерттеу аббревиатурлы атау ССС: colour(түс) – coverage (жабу) – caries.

Герметиктері бар тістерді герметизациядан кейін 6 ай (жойылған герметиктердің пайызына қарағанда өте қиын мерзім), 12, 18 және 24 айдан соң қарау көрсетілген.

Көзбен және тактильді зерттеуді келесі сызба бойынша жүргізеді:

  1. тісті тазарту;

  2. тісті кептіру;

  3. тіс және силант беткейін қарау: көзбен (бес есе лупаның көмегімен) және тактильді, силанттың эмальмен байланысуының мықтылығын тексере отырып силант жиегін іліп алатын өткір зондтың көмегімен, сонымен қатар потенциальды жегіленген эмальдың ақауларын зерттейді.

Силант пен тіс тіні жағдайының әр түрлі нұсқалары 5.27 таблицада көрсетілген. Силанттың жойылуы төменгі молярлардың ұрттық шұңқырларынан, жоғарғы күрек тістердің таңдайлық шұңқырларынан және жоғарғы молярлардың дистальды фиссураларынан болуы мүмкін. Bis-GMA-силанттың айқын жойылуынан кейін оның бөлшектері қышқылмен уланған эмальдың микросаңылауларында сақталады және сол арқылы тіс жегісі дамуын тоқтатады деген мәліметтер бар. Дегенмен бұл әсер силант бөлшегінің мөлшерімен байланысты, сондықтан алдын-ала болжау қиын. 6-12 ай мерзімінде ӘИЦ-силанттың жойылуы ондай Тәжірибе ӘИЦ-силант астындағы эмаль минерализациясының дәрежесі 10-20%-ға жоғарылағанын көрсетеді. Минерализация эсерін фторқұрамды Bis-GMA-силанттан да күтеді. Дегенмен, тәжірибеде жойылған силанттарды қалпына келтіру көрсетілген. Регерметизацияны герметиктің аппликациясынан кейін бірінші 6-12 айда герметиктің жойылуы жағдайында ең міндетті процедура және бүкіл өмірінде қажетті деп есептейді. Силанттың жойылуы кезінде оның астында болған тіндерді мұқият зерттейді және жағдайға сәйкес әдістердің бірімен герметизацияны қайталайды немесе дамыған тіс жегісін емдейді.


Силанттың толық сақталуы жақсы жиектік жанасуды, яғни эмальдың жақсы механикалық қорғанышын білдіре бермейді. Сондықтын боялған немесе тактильді анықталатын жиектік жанасуының ақаулары бар силанттарды алып тастау және регерметизация жүргізу көрсетілген.

Таблица 5.27

Герметик жағдайының нұсқалары


Параметр

Жағдайының нұсқалары

Тісте силанттың сақталу дәрежесі

толық сақталған;

жартылай сақталған (бөлек тереңделулерде);

тістің беткейінде анықталмайды

Сақталған силанттың сапасы

Жиектік боялу:

боялу жоқ,

аздап боялу бар,

қатты боялу бар

Анатомиялық тозуы:

тозудың белгілері жоқ,

аздап тозу бар,

қатты тозу бар

Жиектік адаптацияның сапасы:

ақау жоқ,

аздап ақау бар (зонд кідіреді),

айқын ақау бар (саңылау)

Эмальдың жағдайы

Тіс жегісінің белгілері жоқ;

Эмальдың жегісі;

Дентиннің жегісі

Егер зондпен бақылаған кезде силанттың бір бөлігі алынып, ал қалған бөлігі эмальмен жақсы ұсталынса – оны сақтауға болады. Дегенмен «бұрынғы» силанттың беткейі сілекеймен қатынаста болғанын ескерген жөн, бұл силанттың жаңа порциясының мықты қосылуына кедергі болуы мүмкін. Сондықтан силанттың «бұрынғы» бөлігін оның беткейін жұқа ақ таспен немесе орташа абразивті тазартушы сықпамен өңдей отыра «жаңартады». Содан кейін «бұрынғы» силант пен эмальды қышқылмен өңдеп, жуып, кептіріп және зерттеуден кейін ақау зонасы мен силант қалдығын материалдың жаңа порциясымен жабады.

Науқастың әрбір қаралуы кезінде ауыз қуысы гигиенасы, тағамданудың жеке рационы бойынша нұсқау беріледі, фторқұрамды препараттармен аппликация жүргізіледі.

7. Фиссуралар мен шұңқырлардың герметизациясының клиникалық тиімділігін зерттеу

Әрбір дәрігердің тәжірибесінде герметизация әдістерін қолдану жиілігі негізінен оның бұл процедураның жетістігіне сенуіне байланысты. Сондықтан, тек зерттеушілер ғана емес, сонымен қатар дәрігерлер герметизация тиімділігін бағалай білуі қажет.

Герметиктің сақталуын бағалау ең таралған. Герметизациядан кейін 6, 12, 18, 24 ай және одан жоғары уақыт ішінде сақталған және жойылған силанттардың (тістерде, бөлек тіс топтарында, бөлек фиссураларда және шұңқырларда, т.б.) үлесі (%) туралы айтылады.

Тісті жегіден герметикпен қорғау дәрежесін бағалау ең маңызды болып табылады. Бұл жағдайда герметизацияланған және герметизацияға ұшырамаған тістер жағдайын салыстырады. Салыстыруға зерттелетін топта әрбір науқаста бір жақтың аттас тістері (мысалы, 16 – герметизацияланған, 26 – герметизацияланбаған) алынады:

Мұнда, Т – герметизацияның тиімділігі, ГТ – герметизацияланған су тістер, Б0Т – бақыланатын сау тістер саны, ГЖ – герметизацияланған жегіленген тістер саны, Б0Ж – бақыланатын жегіленген тістер саны.


Тиімділік күрделі емес түрде есептелуі мүмкін, яғни әр түрлі адамдарда жұптағы тістер емес, жегіленген тістер саны – герметикпен және герметиксіз салыстырылады:

Герметизацияның клиникалық тиімділігі герметизациядан кейін белгілі уақыт мерзімінде тіс жегісінің өсуінің редукция (Р) көрсеткіші бойынша бағалануы мүмкін:

Мұнда, ∆КПУ – герметизацияға ұшыраған (∆КПУГ) нақты топ тістері немесе герметизациясыз (∆КПУК) сол топтың бақыланатын тістері жегісінің қарқындылығының өсу индексі.

VI тарау. Периодонт ауруларын біріншілік алдын-алудың принциптері


6.1. Периодонт ауруларының этиологиясы мен патогенезі, алдын-алудың негізгі бағыттары


Периодонттың құрылымы мен қызметтері

Периодонт (пародонт) – шайнау аппаратының сақталуын қамтамасыз ететін, топографиясы мен қызметімен біріккен, тісті қоршап тұрған тіндер жиынтығы. Периодонттың компоненттері болып табылады:

  • тістің ұяшығын жақын альвеолярлы өсіндінің сүйегі; оның кортикальды табақшасы және периост;

  • тіс (цемент);

  • периодонтальды саңылауда орналасқан байланыстырушы аппарат;

  • периодонтальды саңылауда орналасқан нервті-тамырлы жиынтық;

  • қызылиек – тістерді тікелей қоршап тұрған кілегейлі шайнау қабығы: бекітілген және бос (соңғысында жиекті және тісаралық емізікшені ажыратады).

Қалыпты жағдайда қызылиектің тіндері ақшыл қызыл түсті (физиологиялық пигментация мүмкін), қызылиектік емізікшелер тістерге жақсы жабысады, үшбұрыш немесе трапеция тәрізді формалы, бірдей тығыздығы, табиғи жағдайларда және абайлап зондтағанда қанамайды. Қызылиектік жүлгелердің 1-ден 3 мм-ге дейін тереңдігі бар, тістердің фронтальды топтары аймағында қызылиектік жүлгенің тереңдігі молярларға қарағанда кіші. Тістер ұяшықта жақсы ұсталады, олардың қозғалғыштығы аз және арнайы зерттеу кезінде әрең анықталады.

Балаларда жұмсақ тіндердің жетілу ерекшеліктерімен және тістесу қалыптасуының үрдістерімен байланысты периодонттың қалыпты жағдайының ерекшеліктерін есепке алу маңызды. Балаларда қызылиек васкуляризацияланған, эпителий жіңішкелеу, сондықтан қызылиектің тсі ересектерге қарағанда ашық. Қызылиектің беткейі жиі тегіс емес, түйіршікті, тартылулармен («лимон қабығы»). Жақында жарып шыққан тісердің қасында, түбірлердің қалыптасуы аяқталмаған, қызылиектік жүлге терең (3-5 мм дейін), тістердің физиологиялық қозғалғыштығы жоғары дәрежеде.

Периодонт тісті сүйекте тағамды тістеу және шайнау кезінде ұстап тұрады, басқа механикалық әсерлер кезінде: байланыстырушы және тамырлы аппарат тістің ұяшықтан шығып кетуіне және оның кіруіне кедергі жасайды. Периодонттың бірнеше қызметтерін ажыратады, осымен оның тағайындалуы байланысты.

  • Бекітуші қызметі тістің цементі мен альвеоланың периостын байланыстыратын дәнекер тінді талшықтардың болуының арқасында жүзеге асырылады; бұл талшықтардың ұштары минерализацияланған; тіннің зақымдалған фрагменттері үшін қажет митотикалық белсенділік жоғары. Ұяшықта тісті ұстап тұру күші тісті жұлу үшін қажет күшке тең.

  • Амортизациялық қызметі тіске түсетін шайнау және басқа механикалық күшті әртүрлі бағытта альвеола жарақатын алдын-алу мақсатында таратуды қамтамасыз етеді; қалыпты жағдайда тіс ешқашан ұяшықтың сүйегімен жанаспайды. Амортизация жүзеге асырылады: а) байламдардың толқынды талшықтарының жазылуы арқасында, оның көп бөлігі тіс түбірінің қисық беткейіне перпендикулярлы орналасады, б) құрамында сулы гелі бар негізгі талшықаралық заттың арқасында.

  • Сенсорлы қызметі тіске артық қысым көрсетілген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл жағдайларда периодонт байламдарының талшықтарында болатын барорецепторлар күштің жоғарылағаны туралы ескертеді - рефлекторлы тізбектің тұйықталуы кезінде шайнау қысымы әлсірейді.

  • Периодонт қорғаныш қызмет атқарады, өйткені механикалық және иммунды тосқауылдар көмегімен ағзаның ішкі ортасына зақымдаушы факторлардың енуіне кедергі жасайды. Бірінші механикалық тосқауыл ролін көп қабатты мүйізделген эпителиймен жабылған қызылиек атқарады, ол митоздың жоғары деңгейімен ерекшеленеді (ауыз қуысы кілегей қабығына қарағанда 2-4 есе жоғары). Екінші тосқауыл қызылиек жүлгесінің түбінде тіс қызылиек эпителиальды бекітілу болады, ол гемидесмос көмегімен тіс мойнының тіндерімен байланысқан 3-30 эпителиоциттермен түзілген. Бұл тосқауылдың механикалық мықтылығы жоғары емес: клетканың 4-20 қабаты абайсыз зондтау кезінде жеңіл бұзылуы мүмкін. Эпителиальды бекітілудің қорғаныш механикалық резервтері оның жоғары регенеративті белсенділігімен байланысты: бекітілу эпителиінің толық жаңаруы әрбір 4-10 тәулік жүреді, сондықтан дәнекер эпителиінің клеткалары онда орналасқан микробтармен бірге қорғаныш күшпен алынуы мүмкін болады (қызылиек эпителиіне қарағанда 50-100 есе белсенді!). Иммунды тосқауыл қызылиек сұйықтығы болып табылады – бекітілу эпителиінің кең клеткааралық кеңістіктері арқылы қызылиектің меншікті табақшасының қан тамырларынан қызылиек жүлгесіне енген сарысудың туындысы. Қалыпты жағдайларда бекітілу эпителиі арқылы ауыз сұйықтығынан ішкі орталарға әр түрлі антигендердің көп келіп түсуі болады, оған иммунды жүйе қорғаныш факторларының кері ағымымен жауап қайтарады. Қызылиек жүлгесінің саңылауына қан тамырларынан жоғары жылдамдықпен (минутына 30 000 клеткаға дейін!) макрофагтар, нейтрофилдер, иммуноглобулиндер, комплемент жүйесінің компоненттері және басқа антимикробты факторлар келіп түседі, олардың концентрацициясы қанның сарысуына қарағанда 2-10 есе жоғары болады.

  • Гомеостатикалық қызметі өмірдің өзгеретін жағдайларына, физиологиялық және патологиялық әсерлерге периодонттың құрылымдары мен қызметтерінің бейімделуінде көрінеді: а) тістің белсенді және белсенді емес жарып шығуына қатысуы; б) тіс тіндерінің қалыптасуына (түбірдің ұшы) және олардың бұзылуына (түбірлердің патологиялық және физиологиялық резорбциясы) қатысуы.



Периодонт ауруларының пайда болу жағдайлары және себептері

Өзінің қызметтерін табысты орындайтын сау периодонт сиректік болып табылады: периодонт патологиясының белгілері біздің және көптеген басқа елдердің 15-жастағы жасөспірімдерінің 10%-ында және 40-жастағы тұрғындарының 5%-ында ғана анықталмады. Периодонт патологиясының ең таралған нозологиялық түрлері гингивит және периодонтит болып табылады. Гингивит – бұл қызылиек тіндерінің таралған және ауыр қабынуы. Периодонттың катаральды қабынуының ерте клиникалық белгілері оның жұмсақ тіндерінің ісінуі, ауырсынуы және қанағыштығы болып табылады: қызылиек қызарған, қызылиек емізікшелері мөлшерде үлкейген, олардың ұштары дөңгеленген, тығыздығы төмендеген, тіндері жеңіл қанайды. Қабынудың тереңделуі кезінде периодонтит дамиды, бұл кезде тіс қызылиек бекітілу апикальды бағытта ығысады, қызылиектің эпителиі тіс түбірі бойымен өседі, байламдар, цемент, сүйек зақымдалады. Клиникалық бұл сатыларда патологиялық қалталар анықталады, тістің патологиялық қозғалғыштығы күшейеді. Периодонттың ауруы 45 жастан жоғары адамдарда тістердің жоғалуының негізгі себебі болып табылады, периодонттың созылмалы патологиясы тұтас алғанда ағзаның жағдайына әсер етеді: бұл науқастарда миокард инфарктісінің қаупі үш есе жоғарылайтыны дәлелденген.

Дегенмен көптеген елдердің тәжірибесі дәрігермен және тұрғындармен алдын-алу шараларын адал орындау кезінде көптеген адамдарда (75% дейін) периодонт денсаулығын сақтау мүмкін екенін көрсетеді. ДДҰ 2010 ж. таман келесі мақсаттарға жету шынайы деп есептейді: 15-жастағы балаларда 5 сау секстанттардың болуы, ересек (35-40-жастағы) адамдарда 20 және одан жоғары қызмет ететін тістердің сақталуы.

Тиімді алдын-алуды өткізу және жоспарлау үшін негізгі себепші және патогенетикалық факторларды білу қажет.

Периодонт патологиясының этиологиясы және патогенезі сұрақтары белсенді зерттеледі және жиі талқылау тақырыбы болады. Ауру сыртқы және ішкі ортаның қандай да бір факторлары әсерінің деңгейі ағзаның функциональды мүмкіншіліктерінен жоғары болғанда пайда болатыны белгілі. Қазіргі уақытта периодонт патологиясының этиологиясы мен патогенезінің мультифакторлы мүсіні қалыптасты, осыған сәйкес периодонт ауруларының пайда болуының себепші факторы микроағзалар болып табылады, олар өз потенциалын қожайынның иммунды жауабының белгілі бір жағдайларында және ішкі ортаның белгілі бір жағдайларында жүзеге асырады (сур. 6.1).



Сур. 6.1. Периодонт патологиясы патогенезінің мүсіні.


Бактериальды патогендер

Бұл мүсіннің негізгі компоненті микрофлора болып табылады: гингивиттердің 80-90% жағдайлары тіс жұғындыларында өмір сүретін микроағзалардың қызметімен туады деп есептейді (сур. 6.2). Қызылиектің қабынуын сау адамдарда ауыз қуысына гигиеналық күтімді алып тастаумен тудыруға болатыны дәлелденді (Лое, 1965). Тәжірибеде гнотобионт-жануарларда периодонттың патологиясы олардың микроағзалармен жұғу жолымен тудыруы мүмкін туралы мәліметтер алынған, олар периодонтитпен ауыратын адамдардың тіс жұғындыларынан бөлінген.




Сур. 6.2. Периодонтопатогенді тіс қағының микроағзалары.


Периодонт үшін әр түрлі деңгейде патогенді қызылиекүсті және асты- жұмсақ және қатты жұғындылар болуы мүмкін.

Жинақталатын қызылиекүсті тіс қағының қалыңдығында оттегінің құрамы өзгереді, бұл қақтың микробиологиялық құрамының өзгерістерін оның зақымдаушы қасиеттерін қызылиекасты қаққа жақындата отырып тудырады.

Қызылиекасты жұмсақ тіс жұғындылары. Қызылиекасты тіс қағы қызылиек жүлгесінде орналасады, периодонтты бұза отырып, апикальды бағытта периодонтальды саңылау бойымен жылжиды. Қызылиекасты қақтың бірнеше деңгейлерін ажыратады:

а) тіске бекітілген қақ (онымен түбір тіс жегісінің дамуын байланыстырады);

б) бекітілмеген қақ (қызылиектің созылмалы қабынуының себебі);

в) қызылиек жүлгесінің эпителийіне бекітілген қақ (гингивиттің, бекітілу эпителийі зақымдалуының, сүйек резорбциясының себебі).

Қызылиекасты тіс қағы 80% судан тұрады, оның құрғақ қалдығында көлемінің 65%-ын клеткалық емес полисахаридтер және 35% - бактериялар құрайды. Нативті қақтың бір грамында 1011 дейін микробты клеткалар анықталады, бір пародонтальды қалтада жүз миллион шамасында бактериялар өмір сүреді. Қызылиекасты қақтың микробты спектрі кең. Жетілудің әртүрлі сатыларында қандай да бір пропорцияларда оған кіреді:

  • аэробтар, факультативті және облигатты анаэробтар;

  • спора түзетін және спора түзбейтін (вирулентті);

  • грамм теріс (жұқа, 7-10 нм қабығы, оның көлемінің үштен бірін липополисахаридті антиген және периодонтальды токсиндер құрайды) және грамм оң (15-50 нм қалыңдықта қабығы бар, ол генцианвиолетпен көк түске боялады, аралары, жіпшелері, фимбриялары болуы мүмкін).

Қызылиекасты қақтың микроағзалары субстратқа және бір-біріне жабысуы бастапқы сатыларда бактериялардың липополисахаридті және пектин тәрізді рецепторлары көмегімен Ван-дер-Ваальстың электростатикалық күштердің қатысуы кезінде жүргізіледі; қақтың жиналуы және бекітілуі липотеихоикол қышқылы көмегімен жүргізіледі – грамм оң микроағзалардың тіршілік әрекетінің өнімі. Тағамдық субстраттарды қызылиекасты қақтың микроағзаларына қызылиектік сұйықтық әкеледі.

Тіс қағының құрамы және оның периодонтопатогенттілігі уақыт өте келе өзгереді, негізінен тіс жұғындылары көлемінің көбеюіне байланысты олардың қойнауларында оттегінің парциальды қысымы төмендейді, осылайша анаэробты бактериялардың тіршілік әрекеті үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Қызылиекасты қақ қалыптасуының бірінші фазасында (тістерді тазартқаннан кейін төрт сағат мерзімінде) онда грамм оң кокктар басым болады, екінші фазасында (тазартудан кейін 4-5 тәулік), грамм оң жіп тәрізді және жіпшелі түрлерінің көп мөлшері пайда болады, кеш мерзімдерде микробты спектр анаэробты грамм теріс түрлердің, бактериодтардың, спириллдердің және спирохеталардың жағына ығысады. Қызылиектің қабынуы тіс жұғындыларында анаэробтар үлесінің жоғарылауына байланысты дамиды, гингивит «көне», 1-5 тәулікте жетілген қақтың ауруы болып табылады деп есептейді.