Добавлен: 01.02.2019
Просмотров: 16530
Скачиваний: 27
Инвазивті емес герметизация мақсаты – фиссуралар өзегінде, фиссуралар тереңдігін толық толтыруға тырыспай физикалық тосқауыл жасау.
Инвазивті емес герметизация – тіс тіндерін толық сақтап немесе минимальды зақым келтіретін процедура. Инвазивті емес герметизация технологиясының бірнеше қадамы бар, манипуляциялар ауырсынусыз, сондықтан процедура науқастың (баланың) стоматологиялық кірісулерге бейімделуі үшін қолданылады. Тіс тіндері зақымданбағаннан, герметик жайылған жағдайда герметизацияға дейінгі жағдайдан нашар жағжайда болмайды. Процедура техникалық тұрғыдан оңай және науқасқа қауіпсіз, сондықтан орташа медициналық қызметкерлермен тіпті медициналық емес жұмысшылармен де орындалуы мүмкін (мұғалім). Осыған орай инвазивті емес герметизация топтық немесе тіпті коммунальды деңгейде орындала алатын арзан процедура болып табылады.
Сур. 5.40. Фиссуралар герметизациясының нұсқалары.
Инвазивті емес технологияның әлсіз жері – эмальды жұғындыдан және пелликуладан тазарту қасиеті әрқашан қанағаттанарлық болмайтыны, кондиционер мен силанттың эмальмен қатынасын қиындатып, силант ретенциясының мүмкіндігін төмендетеді. Кондиционер герметикпен ұштастыруға жеткілікті көлемді дайындау үшін жіңішке фиссураларға ене алмайды. Сонымен қатар эмальды қышқылмен өңдеу фиссуралардың беткейін жабатын эмальдың призмасыз зонасында жетістікке жетпеуі мүмкін. Осы техналогия бойынша фиссураларға енгізілген герметиктердің клиникалық сақталуы туралы мағлұматтар әр түрлі: көрсеткіштер бір жыл ішінде 20%-дан 15 жыл ішінде 70%- ға дейін барады.
Себебі инвазивті емес герметизация кезінде фиссуралар ревизиясы жүргізілмейді, эмаль мен дентиннің анықталмаған жасырын жегісін "жабуға" жоғары қауіп сақталады. Кейбір авторлар потенциальды тіс жегісінің герметизациясы пайдалы деп есептейді, себебі фиссуралардағы микроағзалардың 72% кондиционерден өледі, эмаль зонасында тірі қалған микроағзалардың 80% герметик астында бір апта болғаннан кейін өледі. Осылайша эмальдің тіс жегісі герметикпен концервіленген болады және клиникалық дәлелденген: инвазивті емес герметизацияға ұшыраған тістерде болашақта ақыры жегіні емдеуге тура келеді, бірақ "герметизацияланған" тістердің жегіленген зақымдану жиілігі, герметиксіз зақымданған тістерге қарағанда едәуір аз. Соңғы уақытта бұл процедура "терапиялық герметизация" деп аталады.
Шынайы қауіп дентиннің диагностикаланбаған жегісі; микроағзалар дентинді түтікшелерде "гүлденіп" және герметик астында ұлпаға қарай тіндерді бұзады. Өкінішке орай, азу тістердегі "кішкентай" қуыстардың 75%-ті дентинге жетеді және ол инвазивті емес герметизацияны қолдануын шектейді.
Осыған орай, инвазивті емес герметизация тіс жегісінің төмен қаупі бар балаларда (яғни, анықталаған жегіні жауып тастау мүмкіншілігі аз болған кезде) клиникалық сау тістердің ерте мерзімде жарып шыққаннан кейін клиникалық және экономикалық бағытталған процедура болып табылады.
Инвазивті герметизация. Тіс тіндерін герметизацияға дайындау үшін механикалық өңдеудің заманауи техникасы айналғыш абразивті құралдарды – борларды қолдануды қарастырады. Тіс тіндеріне енумен байланысты герментизация әдістемесі "инвазивті герметизация " деп аталады, инвазивті герметизацияның көлемдірек нұсқасы - превентивті реставрация ( Гарсиа-Годой, 1994).
Инвазивті герметизация герметизацияның консервативті техникасымен байланысты талқыланған мәселелер тізбегін шешуге мүмкіндік береді:
1) эмальды силанттың механикалық ретенциясына дайындау және оның микроағуын төмендетуді қамтамасыз ету, сапасын жақсартып және эмальдың қышқылды улану көлемін үлкейту, себебі:
-
бор эмальға оттегі баруын шектейтін органикалық материалдардан эмальды түбегейлі тазартады;
-
бор жіңішке, терең фиссураларды кеңейтеді, ол қышқылдың үлкен тереңдікке толуына және қышқылмен өңдеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді;
-
бор призманың онша көп емес саны бар эмальдың беткей қабатын алып тастайды және сондықтан қышқыл әсеріне резистентті;
-
тіс тіндерінің жегіленген зақымдануларының болуын және шекарасын дәл анықтауға және сау фиссуралар тіндерін көп зақымдамай патологиялық тіндерді алып тастау.
Сонымен, инвазивті герметизация әдісі дәрігер сенімділігін жоғарылатады және силант ретенциясын жақсартады. Бұл әдістеме өзінде фиссуралар мен шұңқырлар жегісі алдын-алу әдістері артықшылығын біріктіреді және олардың көпшілік кемшіліктерінен бос. Инвазивті герметизация алдын-ала пломбалаудың жаңа философиясымен келтіріледі және ұраны " алдын-алудағы герметизация".
Тіс сапасына қарай оны тіндерді өңдеуге дейін немесе өңдеу кезінде бағалайды, инвазивті технология әртүрлі көлемде болуы мүмкін:
а) 0,1-0,5 мм барлық фиссуралар мен шұңқырлардың сау эмалін алып тастау;
б) (+) кейбір фиссуралар мен шұңқырларда жегіленген эмальді алу;
в) (+) кейбір фиссуралар мен шұңқырларда жегіленген дентинді алу.
Егер кейбір фиссураларда (шұңқырларда) эмаль мен дентиннің ауқымды қабатын алуға тура келсе –оларды жалпы ережелер бойынша пломбалайды, ал кейін пломба беткейінде дайындалған сау фиссуралар беткейінде силантпен жабады. Бұл әдіс алдын- алу (превентивті) пломбалау деп аталады.
Егер ex juvantibus диагностикасынан кейін фиссуралар мен шұңқырлар жегімен зақымданғаны анықталса, процедура реставрация категориясына өтеді және герметиктер қолданылмайды.
Инвазивті техникалық теріс жақтары:
-
тіндерге араласу тек дәрігерге беріледі, бірақ орта стоматологиялық персоналға рұқсат етілмейді, сондықтан процедура құны жоғары болады;
-
жегінің даму қауіпі төмен науқастармен жұмыс жасауда процедура үнемді емес;
-
герметиктің тісте сақталуы мүмкіндігінше ғана болып қана қоймай және де абсолютті қажет етеді (герметик жоғалған жағдайда егелген тіндер жалаңаштанады), ол герметикті таңдау жағдайын және герметик пен тістерді бақылау тәртібін қиындатады.
Тістер шұңқырлары мен фиссураларын герметизациялау сатылары
1. Жағдайды бағалау. Стратегияны анықтау
Герметизация – алдын-алу әдістерінің ең қымбат әдістерінің бірі, сонымен қатар ол науқасқа зиян келтіру қаупімен бірге жүреді. Сондықтан фиссуралардың герметизациясын жүргізу туралы шешімді тіс жегісінің даму мүмкіндігінің дәрежесін нақтылап қарағаннан кейін қабылдайды: қауіпті нақты фиссура, тіс, науқастың ауыз қуысы деңгейінде бағалайды. Нақты материал мен герметизация әдісі қауіп факторы ерекшеліктерімен – стоматолог пен науқастың жұмысқа дайындығымен анықталады (қара сур. 5.41).
Қауіп дәрежесі және тіс жегісі белсенділігі. Фиссуралардың герметизация әдісі әртүрлі елдерде біріншілік алдын-алудың коммунальді және үй деңгейінде қаншалықты дамуына байланысты үлкен және кіші танымалдылыққа ие: жегілену қауіпі жоғары емес жерлерде, герметиктер туралы соңғы реттегі шаралар ретінде қарайды, жегінің даму қауіпі жоғарылаған сайын, силанттарды қолдануға жиірек тырысады. Фиссуралар мен шұңқырлар жегісі тістер жарып шыққаннан кейін алғашқы бірнеше жылдықта белсенді дамуына орай, 6-8 және 12-14 жастағы балаларда азу тістер герметизациясы үнемді емес, бірақ соңғы жылдары окклюзионды беткей жегісі ересектерде алғашқы рет диагностикалануда, фиссуралар аймағында кірісулер жүргізу кез келген жастағы науқастарда бірегей алгоритммен – қауіп деңгейіне бағытталып шешілуде. Уақытша азу тістер фиссуралары герметизациясы балдырған және мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасау технологиясын қадағалау қиындығына байланысты сирек жүргізіледі; ӘИЦ-қорғанышы мен компомерлі силанттарды қолдану қанағаттанарлық нәтиже бергендігін айтады.
Фиссуралар герметизациясы нәтижелі және пайдалы, фиссуралар терең болған сайын окклюзионды беткей рельефі айқынырақ болған сайын: біріншіден терең фиссураларда жегінің даму мүмкіндігі жоғары, екіншіден силант кесу және ұсақ фиссураларға қарағанда жіңішке фиссураларға жақсы енеді. Сондықтан "жалпақ" тістердің инвазивті емес герметизациясы клиникалық та, экономикалық қатынаста үнемді емес. Инвазивті герметизацияны жүргізу кезінде силантты орнықтыру жағдайы дәрігермен жақсартылады, сондықтан тіс рельефтеріне талаптар қатал емес.
Шұңқырлар мен фиссуралар аймағындағы
тіндер жағдайын зерттеу
Дені сау
Күмәнді
Эмальдың жегісі
Дентиннің жегісі
Силинг
Силинг
Реставрация
Жоғары қауіп болған кезде
Техникалық мүмкіндіктер болған кезде
Науқастың келісімі кезінде
Силинг
Басқа алдын-алу шаралары, бақылаулар
Қаупі жоқ
Балаларға жоғары қауіп белгілері:
-
пайда болуы> 2 жағдайда жедел немесе қайталамалы тіс жегісінің соңғы жыл ішінде және/немесе болуы> белгіленген қауіп пунктерінде 2 басқа фактор*
Ересектерге жоғары қауіп белгілері:
-
пайда болуы> соңғы 3 жыл ішінде 3 жегіленген зақымдану және/немесе басқа факторлардың болуы, белгіленген**.
Сур. 5.41. Силингті жүргізу туралы шешімді қабылдау алгоритмі.
Герметизацияланатын тіс тіндері жағдайын анықтау қажет, себебі тіс жегісінің жоқ болуы инвазивті емес технологияны қалай қолданса, инвазивті технологияны да солай қолдануға мүмкіндік береді, ал айқындалған жегі дәл стратегияны таңдауды қажет етеді. Тіс тіндерін бағалауға герметизацияның әр сатысында оралады: мамандандырылған гигиенаны жүргізгеннен кейін, сау эмальды алып тастағаннан кейін, бұзылған тіндерді егегеннен кейін, эмальды қышқылмен өңдегеннен кейін, - силанттың аппликация сатыларына дейін. Тіс жегісінің жоғары қаупінде жасырын зақымдану мүмкіндігі жоғары екендігін ескере отыру керек, сондықтан инвазивті емес герметизация тіс жегісінің декомпенсирлі түрінде, ауыз қуысы гигиенасы нашар болғанда тіс жарып шыққаннан кейін ұзақ мерзімде кем дегенде бір көзге көрінетін жегіленген зона болса. Тістің клиникалық зерттеуін алғашқы рет тісті алдын-ала жұғындыдан тазартып (механикалық немесе сутегі асқын тотығы), кептіргеннен кейін жүргізеді. Тісті визуальды жақсы жарық пен айнаның көмегімен қарайды.
Әртүрлі шұңқырлар мен фиссуралардың зақымдану жиілігіне сәйкес тіс жегісіне тұрақсыз аймақтарға ерекше назар аударадын әсірсе фиссуралардың бірігу нүктесінде тіс жегісінің даму мүмкіншілігі жоғары. Эмаль түсінің өзгеруі немесе айналасындағы тіндердің, фиссуралар аймағындағы гипоминерализация белгілері (эмаль мөлдірлігінің өзгеруі) жегіленуге күмәндануға негіз береді және ары қарай аймақты зонд көмегімен тексеруді талап етеді. Зондтауды абайлап жүргізеді (500г-дейін күш түсіру). Зондтың фиссураларда тұрып қалуын, тіндердің жегіленген деструкциясының белгісі деп біледі.
Герметизацияны ерте мерзімдерде жүргізу шектеледі, себебі азу тістер жарып шығу кезінде ұзақ болады және ылғалдан қажет қорғанысты қамтамасыз ете алмайтын жартылай қызылиектік жабындысы бар. Мұндай жағдайларда ӘИЦ-ты қолданып, шайнау бетіндегі қызылиектен бос фиссуралар мен шұңқырларды инвазивті жабады, ал ұрттық (таңдайлық) шұңқыраларды кейін толық жарып шыққаннан кейін жабады. Егер қызылиек жамылғысы эластикалық және тістің беткейінен атравматикалық жылжытылуы мүмкін болса, онда сақиналы матрица көмегімен қызылиекті орнықтырып, тістің уақытша жалаңаштанған беткейінің барлық шұңқырлары мен фиссураларының герметизациясын жүргізеді.
2. Герметизацияға тістің алдын-ала дайындығы
Тістің окклюзионды контакттарын анықтау. Герметик окклюзионды жүктеме аймағында болмауы керек, сондықтан силант аппликациясының мүмкін шекарасын алдын-ала нақтылап алу керек. Зерттеуді көшірме қағазымен жүргізеді (жақсысы - арнайы екі жақты бояғыш қабаты бар артикуляциялық). Тістерді кептіргеннен кейін қағазды тіске орналастырып, науқастарға жақтарын жаптырып, төменгі жақпен бүйірлік және алдыңғы–артқы қозғалыстар жасауын сұрайды.
Қағазды алып, зерттелетін тістер бетінде бастырмалар іздерін қарайды. Іздердің орналасу нүктелерін жаттап алу қажет себебі олар келесі процедуралар барысында шайылып кетуі мүмкін.
Алынған мағлұматты силант аппликациясы кезінде және превентивті пломбалау жүргізетін пломбалық материалдарды таңдағанда жүргізіледі.
Тістің жеке және кәсіби гигиенасы. Тісті тазарту қажет:
-
тіс жағдайын дәл бағалау үшін (жұғынды фиссуралы тіс жегісінің белгілерін жабады);
-
эмаль мен кондиционер және силанттың толық контактысын қамтамасыз ету үшін.
Басында науқас тіс беткейін ірі тіс жұғындылары бөліктерінен тазарту үшін тіс щëткасының айналмалы қозғалыстарымен тазартады. Келесіде тіс беткейінің мамандандырылған гигиенасын жүргізеді. Егер тіс енді жарып шыққан және қызылиекпен жабулы болса, оны тазарту үшін абразивтерді қолданбайды, тек 3% сутегі асқын тотығымен аппликациямен шектеледі. Басқа қалған жағдайларда тістерді жай жылдамдықпен айналатын құралдармен және абразивтермен тазартады. Щëтка ішкі беткейін тазалауға, ал резиналы тостақан шығыңқы беті тазартуға жақсы. Абразивтер ретінде пемза ұнтағы немесе құрамында май және глицерині жоқ маманданған тазартқыш пасталарды қолданады, пастада фторидтердің болуы кедергі болмайды. Сықпа бөлшектері фиссура тереңдіктерінде тіпті оларды активті түрде ауалы-сулы аэрозольмен жуып шайғаннан кейін де қалып кетеді және силант пен эмальдың жанасуына қатысады. Сондықтан кейбір авторлар құрғақ , таза сықпасыз щëтканы қолдануға ұсыным береді.
Соңғы уақытта эмальды тазарту үшін герметизация алдында ауалы абразия әдісін қолданады. Аппараттың арнайы ұштығын стоматологиялық қондырманың турбинді ұштығының орнына қондырады. Ұштықтан тіс бетіне ауалы қысыммен құрғақ абразивті бөлшектер түседі, диаметрі 15 тен 50 мкм. Ауа қысымы, абразивтер энергиясы соншалық, тіпті ол тіс жұғындыларын жойып (фиссуралар тереңдігінде), беткей тіс жегісін егеуді қамтамасыз етеді. Мұның кемшілігі жіңішке фиссуралар тереңдігінде абразив бөлшектерінің тұрып қалуы. Ауалы абразия әдісі экологиялық мәселелерді тудырады: кабинеттің ауалы кеңістігі абразив бөлшектерімен ластанады. Қауіпсіздік шаралары коффердам мен науқасқа арналған көзілдірікті, стоматолог пен оның ассистентіне маска-экранды, сонымен қатар үлкен мықтылықты вакуумды сорғышты талап етеді.
Фиссуралар мен шұңқырларды тазартудың тағы бір альтернативті әдісі тіс жұғындыларын алатын ультрадыбыстық приборды қолдану.
Инвазивті емес герметизация әдісі қолданарда тазалаудың агрессивті әдістері қолданылмайды. Жеке гигиенаны жүргізгеннен кейін, абразиві бар (немесе жоқ) щëтканы қолданып, ауалы абразияны немесе ультрадыбыстық құрылғыны қолданғаннан кейін тісті сутегі асқын тотығымен жуады, кептіреді, ластану іздері қалғаны анықталса, қайтадан өңдейді. Тісті тазартқаннан кейін оны тағы да тіс жегісінің бар жоқтығына тексереді және келесі сатыларға көшеді - реизоляция және эмальды улану.