Добавлен: 01.02.2019
Просмотров: 16518
Скачиваний: 27
Эргономиканың талаптары
Жұмыс орнында дәрігер мен ассистенттің эргономикалық рациональды ережесі манипуляциялар кезінде қимылдың максимальды дәлдігін қамтамасыз етеді және минимальды күштенуді талап етеді. Тепе-теңдікті ұстап тұру өзінің дене салмағын бірнеше тірек нүктелеріне: жамбас пен табанға тарата отырып дәрігер отырғанда оңай. Сандары еденге параллельді (оны орындықтың биіктігін ыңғайға келтіріп қамтамасыз ету қажет), сирақ – санға перпендикулярлы болуы қажет. Табан бүкіл ауданымен еденде болуы қажет, сондықтандәрігердің аяқ-кимі төмен тақада болуы керек. Дәрігердің кеудесі науқасқа сәл еңгейген болуы мүмкін, орындықтың арқасына сүйенуге тек демалыс уақытында болады.
Жұмысшы алаң (науқастың басы, оның ауыз қуысы) дәрігердің оптимальды көру зонасында болуы қажет, яғни саусақ терісінің капиллярлы суреті жақсы ажыратылатын дәрігер көзінен арақашықтықта 30-35 см. Басқаша айтқанда, науқастың басы дәрігердің жүрегі деңгейінде орналасуы қажет. Дәрігердің қолы аз шаршап, ал саусақтары максимальды бос болуы үшін иықтары төмен түскен, ал шынтақтары кеудеге жақын және шынтақшаға сүйенбеген, білек пен қол ұшы бір жазықтықта («тіке білек»), ал саусақтары құралдарды толық тыныштық жағдайын қайталай отыра «ұйқыдағы қол ұшына» сәйкес өзара орналасуында ұстайды.
Таблица 3.1
Ыңғайлылық пен жабдықтың минимальды және оптимальды деңгейлерінде кеңселік алдын-алу үшін жұмысшы орынды ұйымдастырудың сызбасы
Жабдықталуы |
Минимальды нұсқа |
Оптимальды нұсқа |
Ыңғайлылықтар |
Табиғи жарық, су құбыры жоқ, жылу көздері жоқ, канализациясы жоқ |
Электрлік жарық, ыстық және салқын су, канализация, залалсыздандыру үшін жылу көздерінің болуы |
Дәрігердің жұмысшы орны |
Орташа биіктіктегі орындық |
Орындықтың биіктігін реттейтін ауыстырылатын кресло |
Науқасқа орын |
Жазық орнықты кушетка немесе науқасқа басын алға-артқа және оңға-солға бұруға мүмкіндік беретін үлкен емес жастықшасы бар кереует; оператор артта отырып, науқастың басын көру қажет* |
Орындықтың биіктігін және иілуін реттейтін кресло |
Көмекшіге орындық |
Оператордан сәл көтеріліп отыратын көмекшінің орындығы |
Орындықтың биіктігін реттейтін ауыстырылатын кресло |
Қосымша жарық |
Қосымша жарық жоқ, немесе рефлектор дәрігердің басында, немесе лампа |
Дәрігердің басынан жоғары орналасқан және науқастың аузын жарықтандыратын ауыстырылатын көлеңкесіз лампа |
Құралдары бар табақ |
Дәрігердің білегімен жасалатын қимылдар деңгейінде |
|
Столдар |
Қол жууға арналған тазиктер мен құралдары бар табаққа арналған столик |
Қол жууға арналған жабдықтары және сақтау үшін жәшіктері бар ұзын стол |
*Эпидемиологиялық тексеруді жүргізген кезде мүмкін абсолютті минимум: дәрігер «түрікше» жерде отырады, науқастың басы дәрігердің тізесінде. |
Науқасты үйдегі алдын-алу процедуларына үйрету және мотивация үшін зона көрнекі нұсқаулардың (щетка, жақ мүсіндері, плакаттар және т.б.), науқасқа ыңғайлы биіктікте айнаның және қол жуғыштың (мүмкіншілігі бойынша) болуын қажет етеді.
Дәрігердің физикалық және эмоциональды шаршауын төмендету үшін жұмысқа орташа қызметкерді – медбике, ассистент, гигиенистті белсенді қатыстыру қажет. Орташа қызметкерге науқастың ауыз қуысы тіндеріне келесі келесі процедуралар тапсырылады:
-
науқаспен жұмыс: оған қажетті ақпаратты беру; мотивация, нұсқау; тамақтануды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар;
-
қызылиектің қанағыштығы және тіс қағы индекстерін анықтау;
-
сілекейлі тесттер;
-
жұмсақ және қатты тіс жұғындыларын алып тастау;
-
фтор препараттарымен ауыз қуысында гигиеналық шараларды өткізу;
-
фиссуралар мен шұңқырларды инвазивті емес жабу;
-
қайта келуін ұйымдастыру.
Қауіпсіздік техникасының ережелері
Электрлік жабдықта қауіпсіздік техникасы оның жер қосылуын талап етеді, оған емдік мекеменің қауіпсіздік техникасы бойынша инженері немесе басқарма жауапты болады. Науқаспен жұмысты бастамас бұрын қондырғыны желіге қосып, оның барлық агрегаттарының жұмыс қабілеттілігін тексеру қажет. Күйген резина немесе пластмассаның, түтіннің иіс пайда болған кезде қондырғыны электр желісінен дереу сөндіру қажет. Жұмысты аяқтаған кезде қондырғының жұмыс істейтін агрегаттарын сөндіру қажет.
Бормашинаны қолданумен жұмысты бастамас бұрын механикалық байланыстардың беріктігін бақылау қажет, соның ішінде ұштықтың ротациялық щетканың, бордың және т.б. бекітілуін: егер щетка ұштықтың басына еркін кірсе немесе жұмыс кезінде шығып кетсе, онда аспирация немесе науқастың щетканы жұтуын алдын-алу үшін жұмысты дереу тоқтатады. Жұмыс барысында қызып кету және термиялық күйікті алдын-алу үшін ұштықтың температурасын қадағалау қажет. Қондырғы немесе ұштықтың жұмысында бөгде дыбыстар, құралдардың айналуы кезінде тоқтап қалуы пайда болған кезде жұмысты тоқтату қажет. Айналуды ашық шнурлардың көмегімен беретін қатты шлангысы бар қондырғыларда жұмыс кезінде шаштың машинаға оралу қаупі пайда болады, сондықтан қызметкер медициналық бас киімде жұмыс істеу қажет.
Фармакологиялық алдын-алу препараттарын және биоактивті заттарды қолданған кезде науқасты уланудан сақтау қажет, ол үшін препараттардың бөлек, науқасқа қол жетпейтін жерде сақталуын қадағалау, препараттардың және олардың байланысының мөлшерін дәл таңдау қажет. Жергілікті алдын-алу процедураларын орындаған кезде науқасты қалдыруға болмайды: науқастар аппликация үшін немесе шаю үшін ауыз қуысына енгізілген препараттарды жұтпауын қадағалау қажет.
Инфекция ауа-тамшылы, қатынасты, оральды-фекальды және парентеральды жолдармен берілуі мүмкін екені белгілі. Стоматологияда инфекцияның бір адамнан басқа адамға барлық берілу жолдары мүмкін: жұқтырылған құралдар арқылы, ауамен, жеке қатынас кезінде, қан арқылы, жұқтырылған тағам және су арқылы. Инфицирленудің алдын-алуы үшін инфекцияның барлық аталған таралу жолдарын бақылауда ұстау қажет. Алдын-алу қабылдауында инфекция көзі науқас та, персонал да болуы мүмкін екенін есте сақтау қажет. Ең қолайсыз таблицада (табл. 3.2) аталған патогенді микрофлорамен инфицирлену факті болып табылады.
Таблица 3.2
Стоматологиялық алдын-алу қабылдауында ең қауіпті инфекциялар
Ауру |
Тасымалдаушы |
Орта, берілу тәсілі |
Вирустар |
||
В гепатиті |
HBV |
Қан |
С гепатиті |
HCV |
Қан |
D гепатиті |
HDV |
Қан |
E, F гепатиттері |
|
Қан |
ЖИТС |
АИВ |
Қан, сілекей (?) |
соның ішінде ауыз қуысында көбірек |
||
Ұшықты стоматит, Herpes labialis |
Herpes simplex |
Тері, АҚКҚ, сілекей, қан |
Белдеме теміреткі жел шешек |
Herpes zoster |
Тері, АҚКҚ, сілекей, қан |
Герпангина |
Coxaki A |
Тері, АҚКҚ, сілекей, қан |
Инфекциялық мононуклеоз |
Эпштейн-Барр |
Тері, АҚКҚ, сілекей, қан |
Бактериялар (көзі – аурудың оральды белгілері бар науқастар |
||
Мерез |
Treponema pallidum |
Тері, АҚКҚ, сілекей, қан (тікелей қатынас жолымен) |
Гонорея |
Neisseria gonorrhoeae |
Тері, АҚКҚ, сілекей, қан |
Туберкулез |
Mycobacterium tuberculosis |
Ауа-тамшылы, алиментарлы, қатынасты (қан, сілекей, тері, АҚКҚ) жолдары |
Санитарлы тәртіп дезинфекция мен залалсыздандырудың физикалық және химиялық әдістері мен заттарын қолданумен ұйымдастырушы шаралардың көмегімен персоналдың, науқастың, қоршаған ортаның инфекцияға қарсы қорғанышын жорамалдайды.
Бет пен қолдың терісі, ауыз қуысының кілегей қабығы, аыз сұйықтығы және науқастың тіс жұғындылары, жөтелу және түшкіру кезінде шығарылатын мұрынжұтқыншақты секреттің аэрозолі патогенді инфекцияның потенциальды резервуарлары болып табылады. Өзін қорғай отыра, медициналық қызметкерлер жарамен және тінмен, қанмен, секреторлы және экскреторлы бөліністермен немесе осы биологиялық субстраттармен ластанған заттармен тікелей қатынастан құтылуға мүмкіндік беретін қорғанудың жеке заттарын қолданылуы қажет. Манипуляцияларды орындау кезінде медициналық қызметкерде халат, бас киім болуы қажет. Бетті және көздің, мұрынның және ауыздың кілегейін қорғанышы үшін қорғаныш көзілдіріктер және маскалар (төрт қабатты дәкелі маска жаңаға әрбір 3 сағат сайын ауыстырылады немесе таза жуылған және үтіктелген; бір реттік маска алты сағат мерзімінде қолданылады) немесе бүкіл бетті жауып тұратын пластикалық экрандар қолданылады. Қолдың терісі қолғаппен қорғалады, киюден бұрын бар микрожарақаттарды пластырьмен жабу қажет және
АИВ-инфекциясы таралуының өсуіне байланысты терінің, кілегей қабықтың кез келген зақымдалуы, олардың медициналық көмек көрсету кезінде науқастың биологиялық заттарымен ластануы құрамында АИВ немесе инфекциялық аурудың басқа агенті бар материалмен мүмкін болатын қатынас ретінде қарастыру қажет. Сондықтан зақымдалған тері немесе кілегей қабықтың науқастың биологиялық сұйықтықтарымен қатынасының әрбір жағдайында бірқатар сақтық шараларын қолдану қажет.
-
Мұрынның кілегей қабығына қан немесе сілекей түскен кезде 20-30% альбуцид ерітіндісін (сульфацил-натрий) тамызу; көзге биоматериалдар түскен кезде - көзді сумен жуып (таза қолмен), 20-30% альбуцид ерітіндісін тамызу.
-
Ауыз қуысы кілегей қабығына биологиялық сұйықтық түскен кезде - ауызды 70% спиртпен шаю.
-
Дәрігер қолының зақымдалмаған терісіне (қолғап) биологиялық сұйықтық түскен кезде:
-
теріні дезинфектанттардың бірімен өңдеу қажет (70% спирт, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 3% хлорамин ерітіндісі);
-
қолды ағын судың астында сабынмен жуу қажет;
-
теріні қайта 70% спиртпен өңдеу қажет.
-
Егер биологиялық сұйықтықпен қатынас тері жамылғысының тұтастығының бұзылуымен болса (шаншу, кесу), онда зақымданған адам:
-
жұмысшы бетін ішке қаратып қолғапты шешу қажет;
-
жарадан қанды
-
зақымдалған орынды дезинфектанттардың бірімен өңдеу қажет (70% спирт, кесілген кезде 5% йод тұнбасы, шаншу кезінде 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі); қолды ағын судың астында сабынмен жуу қажет;
-
теріні қайта 70% спиртпен өңдеу қажет
-
жараны лейкопластырмен қорғап, қолға арналғанды кию, жұмысты жалғастыру қажеттілігі кезінде жаңа қолғап кию қажет.
-
Егер науқастың биоматериалы персоналдың киіміне түссе, онда оны дезинфектанттардың біріне (матаны ірітетін 6% сутегі асқын тотығы ерітіндісі мен бейтарап кальций гидрохлоридінен басқа). Ластану орнының астындағы қолдың және дененің басқа бөліктерінің терісі 70% спиртпен өңделеді, сумен жуылады, содан кейін қайтадан спиртпен өңделеді.
-
Қызметкердің ауыз қуысы кілегей қабығына немесе ауқымды жаралы беткейге көп мөлшерде қанның немесе биологиялық материалдардың түсуімен байланысты апаттық жағдайлар апатты тіркеу журналына тіркелуі қажет. Көрсетіледі:
Зақымданған адамның аты-жөні, апат күні және уақыты, апат кезінде орындалған жұмыс түрі, апаттың сипатын баяндау, мүмкін жұғу көзін бейнелеу және оны АИВ-ке тексеру. Осы және басқа да мәліметтер негізінде медициналық қызметкерде АИВ анықталған жағдайда, жұғу кәсіби болып табылады ма сол шешіледі. Болған апат және жүргізілген шаралар туралы мекеменің бастығына хабарланады. Медициналық қызметкердің АИВ-инфекцияға тексеру нәтижелері қатаң болып табылады. Бірінші тексеру апаттан кейін бірден жүргізіледі. Оң нәтиже қызметкердің бұрын инфицирленгенін дәлелдейді және жұғу апаттың нәтижесінде емес, яғни кәсіби емес болып табылады. Теріс нәтиже кезінде қайта тексеру 6 айдан кейін жүргізіледі.
Науқасты қызметкер жағынан инфирцирленуінен қорғау мекеменің барлық медициналық қызметкерлерінің денсаулық жағдайын тұрақты бақылаумен қамтамасыз етіледі. Дәрігерлер және орташа медициналық қызметкер жұмысқа алынғанда медициналық кітапша алады, онда келесі ақпарат үнемі көрсетіледі: дифтерияға қарсы егулер болуы; вирусты гепатитке қарсы егулер болуы; жыл сайынғы флюорографиялық тексеру нәтижелері; HBS-қа қанның тексеру нәтижелері (жарты жыл сайын өткізіледі). Инфекция таралуын алдын-алу үшін дәрігер сау емес кезінде аурулық қағаз алуы қажет. Даладан, үйден және басқа мекемелерден инфекцияның тасымалдануын алдын-алу үшін медициналық қызметкер ластануына байланысты ауыстыратын екінші аяқ-киімді және арнайы киімді (халаттар, костюмдер) қолдануы қажет.
Науқас дәрігердің терілік микрофлорасынан, оның ауыз- және мұрын-жұтқыншақты секреттерінен қолғаппен, маскамен, қорғаныш экранмен қорғанады, қызметкер олармен жабдықталуы қажет.
Келесі науқасты және келесі зонаны алдыңғы науқастың инфекциясынан қорғау қолданылған құралдардың, материалдардың дезинфекциясы және залалсыздандыруы бойынша шараларды жүргізу жолымен қол жетіледі.
Дезинфекция бактерия спораларының мүмкін сақталуы кезінде патогенді ағзаларды жою болып табылады. Химиялық дезинфекция В гепатиті мен ЖИТС қоздырғыштарын толық жоюды қамтамасыз етпейді. Дезинфекциялық агенттерді жиі жұмысшы беткейлерді, қондырғыларды және кабинеттің мебелін өңдеу үшін қолданылады. Қанмен және кілегеймен жанасқан құралдар міндетті түрде залалсыздандыруға ұшырайды. Залалсыздандыру ең төзімді бактерия спораларын қоса барлық микроағзаларды толық жою болып табылады. Қуыс денелі және бірнеше бөліктерден тұратын құралдарды өңдеуге ерекше көңіл аударылу қажет.
Қазіргі кезде залалсыздандыруды өткізудің бірнеше әдістері тиімді болып табылады: автоклавтау (құралдардың 3-15 мин мерзімінде жоғары қысымның астында болатын ыстық бумен өңделуі); салқын химиялық залалсыздандыру (құралдарды 7-12 сағатқа бактерия спораларын өлтіретін химиялық заттардың ерітінділеріне салу); химиялық бумен залалсыздандыру (бу түрінде залалсыздандырғыш ерітіндіні қолданумен герметикалық жабық камерада жүргізіледі); улы газдармен залалсыздандыру (этилен тотығының, формальдегидтің төмен температуралы булары қолданылады); құрғақ бумен залалсыздандыру (155-1750С температура кезінде 20-120 мин мерзімінде ұстау); қыздырылған болат немесе шынылы шариктердің көмегімен залалсыздандыру.
Залалсыздандыру сапасын немесе орындау тәртібін бақылау үшін бірқатар индикаторлар қолданылады: биологиялық индикаторлар немесе себулер (микроағзалардың толық жойылуы туралы ақпарат береді); химиялық индикаторлар (объекттің индикатор жағдайын өзгерту, сонымен қатар залалсыздандыруға жету үшін бірдей мөлшерде қажетті физикалық жағдайлар әсеріне ұшырағанын дәлелдейді); механикалық және термиялық индикаторлар (залалсыздандыратын факторлардың – қысымның температурасы және т.б. жағдайын тіркейтін өлшеу аспаптары).
Стоматологиялық құралдарды өңдеу реттілігі
Қолданылған стоматологиялық құралдар мен материалдар әрбір науқасты қабылдағаннан кейін залалсыздандыруға ұшырайды.
Егер құралдар мен материалдар бір реттік болып табылса, олардың пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Мақталы тампондар, пластмассалы сілекей сорғыштар және т.б. қалалық қоқыс тастайтын жерге жіберілгеннен бұрын, оларды 1 сағатқа 1% хлорамин ерітіндісіне, немесе 6% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне, немесе 3% хлорлы әк ерітіндісіне, немесе 30 минутқа инкрасепт ерітіндісіне сала отырып, дезинфекциялау қажет.