Файл: Абай мен шерхан мртаза шыармашылыындаы шыармашылы айнар кздері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ӘОЖ 521.95:581
мОЛДАБАЕВА а.а.
филология магистрі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, аға оқытушы,
АБАЙ МЕН ШЕРХАН МҰРТАЗА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Аннотация. В статье рассматриваются особенности Абайской традиции, степень влияния мыслительной гармонии Ш. Муртазы. Особое исследование проблемы духовного созвучия между творчеством Абая и Ш. Муртазы в казахской литературоведческой науке является определением роли творчества Шерхана в развитии Абайской традиции. Шерхан Муртаза-выдающаяся личность ХХ века. Поэтому в творчестве двух великих личностей закономерно наличие гармонии мысли и познания. Есть много направлений и каналов преемственности между наследием Абая и творчеством Ш. Муртазы, как и творчество М. Ауэзова. В частности, два слова являются секретами преемственности в мире ювелира, созвучия в общем гуманистическом, общественном, мыслительном мировоззрении.
Ключевые слова: новаторство, мышление, мировоззрение, писатель, философия.
Annotation. The article examines the features of the Abai tradition, the degree of influence of the mental harmony of Sh. Murtaza. a special study of the problem of spiritual harmony between the works of Abai and Sh. Murtaza in the Kazakh literary science is the definition of the role of Sherkhan's creativity in the development of the Abai tradition. Sherkhan Murtaza is an outstanding personality of the twentieth century. Therefore, in the work of two great personalities, the presence of harmony of thought and cognition is natural. There are many directions and channels of continuity between the legacy of Abai and the work of Sh. Murtaza, as well as the work of M. Auezov. In particular, two words are the secrets of continuity in the jeweler's world, consonance in the general humanistic, social, intellectual worldview.
Keywords: innovation, thinking, worldview, writer, philosophy.
Кез келген ақын,жазушы, қаламгер немесе дарынды тұлғаның өмірлік жолының басталған бастау көзі болады. Табиғат жаратылысы да сондай. Кішкентай бастау арқылы аққан бұлақ өзендерге, теңіздерге құйып, арнасы кең алып мұхитқа айналады. Осы секілді әрбір өнерлі тұлғаның сусындап өскен қайнар көзі болуы – табиғат заңдылығы. Онсыз өзінен-өзі өнер иесінің пайда болуы, туыла салуы мүмкін емес. Дербес өзі өмір сүре алмайды. Өзі туылған дәуірге дейінгі дәстүрден өнеге алып, соған қарап өсіп-өнген суреткер кейінгі ұрпаққа жол ашып, жөн көрсетіп отырған. Өмірдің адамға берер сапасы да осы. Олсыз өсуге,өнуге жол жоқ десе де болады.
«Әдебиет пен искусстводағы дәстүр мен жаңашылдық – творчестволық, эстетикалық және тарихи категория. Өйткені, ол қатып қалған құбылыс емес», – деп анықтама береді ғалым А.Нұрқатов [1, 7 б.]. Дәстүр мен жаңашылдық мәселесі ежелден келе жатқан барлық халықтың әдебиеті мен өнеріне тән дамып жалғаса беретін мәңгілік үрдіс деуге болады.
Ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы бар да, сондай-ақ әр халықтың әдебиет өкілдері арасындағы дәстүр сабақтастығы бар. Ақын-жазушылар арасындағы дәстүр мен жаңашылдық, әдеби сабақтастық мәселесі барлық халықтың әдебиетінде кездеседі. «Дәстүр және оның жалғасу заңдылықтары бір әдебиет тарихы көлемінде де, бір аймақ, тіпті әлемдік әдебиет аясында да көрініс таба алады», – деп профессор Ж.Дәдебаев айтқандай, дәстүрдің бір-біріне ұласуы әлем әдебиетіне тән құбылыс [2, 3 б.].
Дәстүрді қабылдап, оны табиғи түрде дамыту, ол дәстүрге жаңалық енгізіп, жаңаша түрде, жаңа сапаға көтеру – әдебиет тарихының даму сатысын айқындайды. Қазақ әдебиетінде Абай дәстүрі деген кең құлашты арна қалыптасты. Абай дәстүрін сан ғасыр ұрпақтары әлі де жалғастыруы сөзсіз. Абай дәстүрінен тәлім алып, оны көркемдік шеберлікпен жалғастырып, прозада жаңа сатыға көтерген М.Әуезов болса, әрбір сөз зергері Абай дәстүрін өзінше дамытып, жалғастыруға, өз шығармашылығында тәлімді ой түйіндеуде басшылыққа алып, сүйенді.
Қазақ әдебиетінде бұтағын кеңге жайып, үлкен сала болып қалыптасқан Абай дәстүрі сияқты, орыс әдебиетінде Пушкин дәстүрі тамырын тереңге тартып, алып бәйтерекке айналған.
Абайды танытуда М.Әуезов қандай еңбек сіңірсе, қазақ әдебиетінде Мұхтар секілді тақырыпқа адалдық танытқандардың бірі Шерхан Мұртаза болды. Ұлттық әдебиетімізде «Абай жолы» роман-эпопеясынан кейін бір қайраткердің өмір жолын жан-жақты мазмұндаған келелі еңбектің авторы да Шерхан Мұртаза болды. Яғни, Т.Рысқұлов туралы бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе» ғұмырнамалық романдар циклін жазды. Бұл тұста, Шерхан Мұртазаның әдебиеттегі озық дәстүрлерді жалғастырушы, Абай тағылымын насихаттаушы десек қателеспегеніміз.
Адам өзінің туған, жаратылған топырағына тартып туады, содан нәр алып өседі. Шерхан Мұртаза дүниеге келген Жуалы өңірі, Мыңбұлақ мекені өзінің тамылжыған табиғатымен қатар, ұлтының мақтанышына айналған көптеген жайсаң азаматтарды дүниеге әкелген. Арғы замандар перзенттерін айтпағанда, кешегі өткен Бауыржан Момышұлын айтса та жетерлік. Қаршадай кезінен бастап ел басына түскен қиындықтарды солармен бірге көріп өскен Шерхан Мұртаза сол халқының бар жақсы қасиеттерін пір тұтты. Заман қанша қытымыр болса да ол кезде халықтық асыл қасиеттер қалыбын әлі бұзбаған болатын. Ал, мұндай рухани қуат болашақ жазушы үшін өмірлік нәр беріп отыратын қайнар бұлақ болған. Киелі жердің ұрпағы саналатын Шерхан Мұртаза нешеме еңбектерден соң халқының сеніміне ие болып, жоқтаушысына, үмітіне, айбарына айналған ірі тұлға.
Шерхан Мұртазаұлы 1932 жылғы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылында дүниеге келіп, 2008 жылдың 9 қазанында дүниеден өтті.
Өзінің отбасы турасында Ш.Мұртазаның естеліктерінде былай делінеді: «Орта шаруа отбасында дүниеге келдім. Орта шаруа деп отырғаным, артық малдың барлығын алып қойған кезі. Әйтпесе әкем Мұртаза бұрын Бердімбет байдың баласы болған. Бірақ әкесі ертерек қайтыс болып кетіпті. Ол кісінің бәйбішесі – Күнікей – Төле би елінің қызы екен. Сол кісі күйеуі қайтыс болғаннан кейін бүкіл шаруаны өз қолына алып, бай бәйбіше атанған. Елдің көбісі сол кісінің малын бағып, басқа да жұмысын істеп, қызметінде болған. Ол кезде қалыңмал төлей алмағандықтан, сүрбойдақ болып қалатын жігіттер көп болатын. Қазақта «Шаңырақ болмас, шарана да болмайды» деген сөз бар. Күнікей әжем үйі жоққа үй салып беріп, үйленбегендерді үйлендіріп, елді шашыратып жібермей, жетім-жесірді асырап жеткізіп, көп адамның сауабын алған дейді». Демек, «ата-ененің топырағынан» дегендей, Айша ананың да қайсарлығы мен өжеттігі осы Күнікей әженің киесі болар.
Ш.Мұртазаның әкесі қатардағы колхозшы болған. Алайда малының бәрін сыпырып алса да, «байдың баласы» деген аты қалып қоя берген. Осыған орай 1937 жылы желтоқсан айында «халық жауы» деген айып тағылып, ұсталып кете барады.
Әкесінің айдауға кеткендігі турасында Ш.Мұртазаның естелігі мынадай: «Әкемді қыстыгүні, қақаған аязда алып кетті. Мен ол кезде бес жасар баламын. Төсекте әкемнің қасында жатамын. Менен кіші қарындасым және бір жасар кіші інім шешемнің қасында жататын. Түн ішінде терезені, есікті қағып бір кісілер келді. Барлығымыз оянып кеттік. Балалардың ішінде – ес білетіні менмін. Біздің үй сол елдегі тәп-тәуір үйдің бірі болатын. Бір қызыл әскер, қасында куәгер ретінде бастықтың баласы бар. Оны «понятой» дейтін. Әкем күндегі киіп жүрген етігін, тонын киді. Келгендер үйдің ішін тінтіді. Сайдың жағасында әдемі мешіт бар еді, біздің аталарымыз салдырған, оны қиратып тастапты. Сол мешітте байғыз шақырып отыратын. Мешіт қирағанымен, әкемнің үйде намаз оқитын гүлді жайнамазы болатын. Жайнамазы қабырғада ілулі тұратын. Біреуі мылтығының ұшымен іліп алып, шылғау жасауға жақсы екен деді. Екеуі мылтықпен үйдің ішінде, үшіншісі қашып кетпесін деп сыртта аңдып тұрды...» Сол әкесі кеткен күннен бастап Ш.Мұртаза жетімдіктің ащы дәмін сезініп, өмірдің тауқыметтерін көреді. Әкесі Мұртазаның 1940 жылы қайтыс болғандығы туралы хат келіп, себебі жазылады. Қиыр Шығыста Хабаровский крайда Зее деген өзеннің бойында, орманның ішінде намаз оқып отырған жерінде үстіне ағаш құлап өлген делінген ол хатта. Ол ағаштың расында құлағанын, немесе біреулердің әдейі құлатқандығы осы күнге дейін жұмбақ болып қала береді.
«Халық жауының баласы» деген аты бар Ш.Мұртазаның мектепке қабылдануы да үлкен қиындықтармен келеді. 1941 жылы ауылындағы бір комсомол көсемі болған бір ағасының арқасында ғана мектеп табалдырығын аттайды.
Бесінші сыныпты бітірген Ш.Мұртаза нағашылары тұратын Жамбылға көшеді. Оған екі түрлі себеп болады. Бірі – көмектесетін тірі жан болмады. Заманның нағыз тоқырап, аштықтың белең алған кезі. Екіншіден, «халық жауының баласы» деген атақ жабысып, ол жерде тұру мүмкін болмай қалды. Анау да, мынау да түрткілейтін жағдайға душар болды. Айша ананың нағашысы Сәли деген кісі Алшын руынан шыққан. Сол есек арбамен көшіріп Жамбыл қаласына тұрақтандырады. Сол Жамбылдағы интернатқа орналасқан Шерханның тәп-тәуір көзі ашылып, нағыз білім нәрімен сусындай бастайды [3,24б.].
Болашақ қаламгер мың тоғыз жүз елу бесінші жылы Мәскеудегі М.В. Ломоносов атындағы мемлекеттік университетті бітірген. Жоғары оқу орынын тәмамдаған соң оның қызмет жолы басталып кетеді. 1955-1956 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында, 1956-1960 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), 1960-1963 жылы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970-1972 жылы «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және «Жалын» альманахының бас редакторы, 1972-1975 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 1975-1980 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ІІ хатшысы, 1980-1989 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1989 жылдан - «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы, «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы. 1990 жылдан - Ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту жөніндегі комитет мүшесі. 1994 жылдан - Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитет мүшесі, Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитеттің мәдениет, әдебиет және өнер бөлімдік комитетінің төрағасы. 1990-1993 ҚазКСР Халық депутаты. 1994-1995 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесінің, 1999-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-ші шақырылым депутаты. 1992—1994 жылы «Қазақстан» мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. 1995 жылдан - шығармашылық жұмыспен айналысты. 1996 жылдан - «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкері болған.
«Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен марапатталған (1999). «Қара маржан» романы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының (1978); Қазақстандық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы, Жалпыодақтық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы, «Тарлан» тәуелсіз сыйлықтарының лауреаты (2000). ҚазКСР мәдениетіне Еңбек сіңірген қызметкері. Қазақстанның Халық жазушысы (1992). Қырғыз Республикасының Халық ақыны. Өзінің жазушылық шеберлігі мен отансүйгіштік қасиеттерінің нәтижесінде халқының қалаулысына айналған дара тұлға.
Жалпы Шераға болмысын біліп-тану оңай емес. Ол болмысы биік тұлғалардың санатынан. Жалпы, тұлғаға айналу дегеніміз не және ол кім? Қазіргі қоғамымызда осы бір «тұлға» деген сөзді барынша байыптап, байсалды қорытынды жасап, елеп-екшеп қолданған дұрыс сияқты. Бұл сөздің өте салмақты, екінің біріне қолданыла бермейтін қасиеті бар. Ал кейбір сөз қадіріне жете бермейтін «танушылар» көбейіп, әдебиет пен тарихтың өзі тұрмақ иісі мұрнына бармайтын, қоғамы үшін, елі үшін қасқайып бірде бір ақиқат айтпақ түгілі сөзін жеткізе алмаған, басшылықты өзінің ой-санасымен иіріп әкете алмаған, халық оны қайсар ұл ретінде мойындамаған адамдарды «тұлға» деп, оларды танытуға барынша жан салып, қарекет қылып отырғандығы қынжылтады.
Қазақ халқында тарихта есімі алтын әріптермен жазылып қалып жатқан тұлғаларды жарық жұлдызға теңейтіндігі белгілі. Бұл жарық жұлдыздар күндіз әлемге нұрын шашатын болса, қараңғы түнде бағдаршам тәрізді адасқанға жол көрсетіп, жөн сілтейді. Осы жақсылардың арқасында қоғам мен өмір нұрланып, дүние көріктене түседі. Мұндай ұлық туған тұлғалардың жеткен жетістіктерінің арқасында халықтың да беделі үстем болып, өсіп-өркендейді. Халқының қолын жақсылықтарға жеткізіп, туған еліне шынайы қызмет жасап, мемлекетіміздің идеалогиясының қалыптасуына елеулі үлес қосқан жарық жұлдыз – жанынан жалынын аямай жұмсаған азаматтардың бірі – Шерхан Мұртаза. Тәуелсіз Қазақстан жұртшылығы үшін үлкен ұғымға айналған, елінің сүйіспеншілігіне бөленген айбарлы есім.
Орыс халқының ұлы жазушысы М.Горький айтқандай: «Жазушылық – өзгеше өмірбаяннан басталады». Шыр етіп жарық дүние есігін ашқан сәттен-ақ Ш.Мұртазаның сол өзгеше өмірбаяны басталған еді. Әкесінен ерте айырылған ол жетімдіктің тауқыметін көре бастады. «Жетімдік - жұрттың қабағын оқитын ілім» деген бар. Ылғи да жетімдігін, әкесіздігін айтып, «менде балалық шақ болған жоқ», - деп шағына беретін Шерханның жетімдігі - жаутаңкөз жетімдік емес. Оның жетімдігі - әз аты күстаналанған әкеге деген сартап сағыныш, бір өзі бірнеше ер азаматтың батпан-батпан міндетін көтеріп алған талайсыз шешеге аяныш, таршылықтың тырнағында шырылдап кете барған балалыққа жоқтау, аласапыран дәуірдің астында аяусыз жаншылған аяулы тағдырларға нала. Қаршадай жасынан ел басына түскен қиындықтарды көріп, сезініп өскен Ш.Мұртаза халқының бар игі қасиеттерін – салт-дәстүрін, сенім-нанымын бойына сіңіріп, ділін ұғынып, тілін қасиет тұтты.