Файл: Абай мен шерхан мртаза шыармашылыындаы шыармашылы айнар кздері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қолына қалам ұстап, аумалы-төкпелі замандағы ел тағдырын, азамат жайын қалың-қалың кітап етіп жазған, сонда да шаршамаған, қайта ұлт, қайсар тұлға алдындағы перзенттік парызы жігерлендіріп, талай «сарсаңға» қасқайып төтеп берген де - Ш.Мұртаза.

Жалпы, Ш.Мұртазаның болмысында сан түрлі қасиеттер бар. Сонымен қатар, ол әдебиеттің бірнеше жанрында еңбек етіп, қалам тартты.

Шерхан – қайраткер, Шерхан – қаламгерге есті қазақ бас исе керек. Солай болып та жүр, аузы дуалы ағаларымыздың Шерханды қазақтың төлқұжатына балағаны әмбеге аян. Халқы оны қатты қадірлейді. Оның бағындырған ең биік шыңы – осы».

Сусындаған қайнар көздерін бағамдай отырып, Абай мен Шерханның заманы басқа болуымен қатар, бірі болыстың, ел сұраған атақты Құнанбай қажының ұрпағы болса, енді бірі жастайынан жетімдіктің зарын тартқан, өмірдің ащы запыранын көп ішкен екендігін түйсіндік. Десек те, таным-қабілеті мен еліне деген еміренген жүректері, оқу-білімге деген жастайынан құлшыныстары, әдебиет пен өнерге деген жақындығы тұрғысынан бір-бірімен үндесіп жатыр. Абай сусындаған ауыз әдебиетті, озық туындыларды, жырларды Шерхан да тұшына оқыды, қаламгерлік қабілетіне бағыт-бағдар етті.

ХХ ғасырдың ұлы туындысы «Абай жолы» эпопеясын жазған Мұхтар Әуезов секілді ХХ ғасырдың сырын шертетін Т.Рысқұлов туралы романдар циклін жазу барысында да Шерхан мақсатына адал болды. Алдына Т.Рысқұловтың өмірбаянын жазу, оған қажетті әдеби, тарихи деректер көзін іздестіріп, жаңадан табылған ауызша немесе архивтік мағлұматтарды талдап қорыту, бір ізге түсіру міндетін қойды. Екінші жағынан, осы салада өзі танып-білген, ойда қорытқан өмір шындығын көркемдік шындыққа айналдырып, романдар желісіне сіңдіру сияқты аса күрделі шығармашылық мақсат та тұрады. Жазушының осы екі саладағы ғылыми-шығармашылық ізденістері бірін-бірі жақсы толықтырып отырды.

Абайды «ізашар ақын» деп оның дәстүрін дамытып жалғастырған «ізбасар ақындар» шығармашылығы арасындағы байланыстар арнайы аталып зерттеліп келеді. Ал ақын мен жазушы арасындағы дәстүр жалғастығы мәселесі әдебиет тарихында сирек кездесетін құбылыс. Біз зерттеп отырған ғылыми жұмыстың да басты ерекшелігі – ақын мен жазушы арасындағы үндестік пен рухани сабақтастық мәселесі арнайы қарастырылып, кең көлемде алғаш зерттеуді көздеп отырғандығында.


Сілтемелер: [1, 7 б.], [2, 3 б.], [3,24б.].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. – Алматы: Жазушы, 1966. – 348 б.

  2. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. - Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 284 б.

  3. Саурықов Е.Кембаева А. Шерхантану, Тараз: ТИГУ баспаханасы, 2019

  4. Құнанбаев А. Қалың елім қазағым. Өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2002. – 223 б.  

  5. Мұртаза Ш. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Қазығұрт, 2005. Т6. - 432 б.

  6. Мұртаза Ш. Бір кем дүние. – Тараз: ТИГУ баспаханасы, 2019. – 288б.

  7. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 284 б.

  8. Мәмесейт Т. Шерхан Мұртаза. – Астана: Елорда, 2002. – 280б.

  9. Өсерұлы Н. Мұсылмандық қағидалары. - Алматы: Өнер, 1994. - 125 б.

  10. Кopaн пep. c apaбcкoгo aкaд. И.Ю. Кpaчкoвcкoгo. Пpeдиcл. к изд. 1963

  11. Иcлaм: Энциклoпeдичecкий cлoвapь. – М.: Нayкa, 1991. – C. 315

  12. https://adebiportal.kz

  13. Дәдебаев Ж. Абай адам мен заман туралы // https://adebiportal.kz



Конференцияға қатысушының өтінімі:



  1. Аты-жөні

Молдабаева Айнур Айтмухановна

  1. Мемлекет, қала

Тараз қаласы

  1. Жұмыс орын, қызметі

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

  1. Ғылыми (академиялық) дәрежесі

Филология магистрі

  1. Байланыс телефоны

87074842070

  1. Электронды поштасы

ainur.aitmuhan_82@mail.ru

  1. Мақаланың тақырыбы

Абай мен Шерхан Мұртаза шығармаларындағы шығармашылық қайнар көзі