Файл: азастан Республикасыны 2025 жыла дейінгі Стратегиялы даму жоспары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 280
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әрбір индикатор бойынша әлемдік үздік практикаға сәйкес келетін деңгей, әлемнің 30 дамыған елінің мәндері негізінде айқындалды.
Индикаторлардың әрқайсысы бойынша 2025 жылға арналған нысаналы мән 2050 жылға арналған нысаналы мән негізінде есептелді, бұл Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдер қатарына кірудің ұзақ мерзімді бағдары болып табылады. Осылайша нысаналы мән бастапқыда 2050 жылға белгіленді және әдеттегідей бүгінгі көшбасшы елдердің арасында 2015-2016 жылдар деңгейінің орташа мәніне тең қабылданды.
Есептеу негізінде алынған 2021, 2025 және 2050 жылдарға арналған нысаналы мәндер сарапшылар пікірлері ескеріле отырып тексерілді және бейімделді. Бұдан басқа, әрбір көрсеткіштің нысаналы мәндерін бағалау кезінде бастамалардың 2017-2021 жылдардағы іске асырылуының кейінге қалдырылған әсері болжанды: бастаманы енгізуді бастау мен алғашқы нәтижелер алу арасында белгілі бір кезең өту керек. Көрсеткіштерді бағалау әдісіне қарамастан өршілдіктің жоғары деңгейі мен нысаналы мәндерге қол жеткізу арасында теңгерімділік сақталды.
Түйінді ұлттық индикаторлардың нысаналы мәніне қол жеткізу мақсатында Стратегиялық карта әзірленген. Стратегиялық карта жылдар, салалар және өңірлер бөлінісінде (бөлініс мүмкін болған жағдайда) олар қол жеткізу үшін жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды, ұлттық холдингтерді және компанияларды бекітумен екінші және үшінші деңгейдегі индикаторларға арналған түйінді ұлттық индикаторлардың декомпозициясын қамтиды.
Түйінді ұлттық индикаторларды салалар және өңірлер бойынша бөлу кезінде қорытынды нәтижеге қол жеткізу үшін жауапты әрбір тиісті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның, ұлттық холдингтің және компанияның үлесі айқындалатын болады.
_________________________________
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 15 ақпандағы
№ 636 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған
кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ
1. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
1 ақпандағы № 922 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2010 ж., № 10, 115-құжат).
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы
№ 371 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 976-құжат).
3. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
1 ақпандағы № 922 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 11 қарашадағы № 689 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 65, 679-құжат).
_______________________