Файл: Г222,9222 топ студенттеріні атааналарына ткізілген жиналыстын хаттамасы топ жетекшісі Г. М. Дегенбаева Таырыбы Туелсіздік тыры биік болсын.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 116
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.
4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.
5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.
6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.
7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады. (Оқушылар түсініктеме берген соң заң қызметкері заңға сүйене отырып, өз ойын айтады.)
Мұғалім: Ендігі бөлім «Заңсыз арал» деп аталады.
Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? ( Оқушылар пікірі тыңдалады.)
Оқушылар пікірі тыңдалады.
Осы бөлімді қорытындылау. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет.»Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.
Мұғалім: «Қызыл, сары, көк ауыл» деп аталатын 4 - бөлімді айтып, әр топтың ортасына әр түрлі лента қояды.
Мұғалім: Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір - бірімен дос, бауыр болыпты, бір - бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын алыпты.
Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек - бөлек қорған тұрғызыпты (Осы кезде мұғалім: ленталарыңызбен өздеріңізді қоршап алыңыздар дейді.) Біраз уақыттан соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар су жоқ, сары ауылда азық та, су да бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіздер? ( Оқушылар жауабы тыңдалады.)
Әр түрлі ой айтқан олар қорғанның келегі жоқ, біз дос болуымыз керек деген ойға тоқталады. Бұл әңгіменің астарында бір жұмбақ жатыр, сол жұмбақты кім шешеді деген сұрақ тасталады.
Жауап: Адамдардың ауыл - ауыл көше - көше болып бөлінетіндігін, сол бөліну кезінде құқықтары бұзылатындары айтылады.
Мұғалім: 5 - бөлім. (Қылмыскер бала қайдан шығады»?
Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі ол - мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы.. Келесі бөлім балалардың жасаған қылмысы туралы болмақ.
- Құқық бұзушылықтың себебі неде деп ойлайсыздар? ( Ата - ана мен оқушылардың жауаптары тыңдалады. )
Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан, Абай атамызша айтқанда «көйлегі көктік, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын». Ата - аналарға екі сурет көрсетіледі: Біріншісі тіп - тік әдемі салынған үйдің суреті.
Екіншісі - фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті.
Мұғалім: Бұл тек үйдің суреті ғана емес, көріп отырып бала тәрбиесі туралы не айтуға болады?
( Сурет жайлы ата - ана ойы тыңдалады.) Бұдан соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала екендігін, екінші сурет тәрбиесі дұрыс болмаған бала жайында екендігі айтылады. Бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталатынына ата - ананың назарын аудару керек.
«Отбасы – барлығының басы, жан - жақты негізі болатын тәрбие институты. Ата - анамен баланың қарым - қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері»- деп В. А. Сухомлинский айтқандай, алғашқы тәрбиешілердің алғашқы тәрбиесі ерте бастан яғни бесіктен басталуы тиіс. Яғни, екінші сурет бала тәрбиесінің о бастан дұрыс басталмағанын көрсетіп тұр.
Дөңгелек үстел бала тәрбиесінде басты ролді ата - ана атқаратындығын, сондықтан олар әр уақытта мектеппен, ұстаздармен байланыс жасауы және достарының кім екенін біліп отыру керектігі айтылып, қорытындыланады.
МЕББМ Halyqaralyq Siforlyq Tehnologialar, Saylet jane Quqyq kolledji
«Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
________Д.Ж Маканова
«__»________202__ж.
«!»
(тәрбие сағаты)
0518000«Есеп және аудит» мамандығы
Г-322,9-322 топ
Топ жетекшісі:Габбасова.З.Е
Тақырыбы: «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ!»
Мақсаты: студенттерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан - ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.
Барысы:
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ой қозғау. «Салауатты өмір салты» дегеніміз не?
ІІІ. Салауатты әдеттер бөлімшелері.
• Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі
• Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану бөлімшесі
• Зиянды әдеттер бөлімшесі
IV. Пайдалы кеңестер бөлімшесі (Дәрігердің сөзі).
V. Қорытындылау.
1 – жүргізуші:
Студенттер бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. Біздің халқымыз «Деннің саулығы – бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда.
2 – жүргізуші:
Енді маған мынадай сұраққа жауап беріңіздерші: салауатты өмір дегенді қалай түсінесіздер? Осыған байланысты біз сіздерді 3 топқа бөліп отырмыз. Әр топ өздеріне тапсырған тапсырмалар бойынша дайындық жүргізеді. Сонымен сайысымызды бастайық. Біз келген бірінші бөлім «Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімі» деп аталады.
Сұрақтар тізімі:
1) Денсаулықты сақтауға үйрететін ғылым?
а) биология
б) валеология
в) анатомия
2) Оқушының орындығына қай жақтан жарық түсіп тұру керек?
а) арқасынан
б) оң жақтан
в) сол жақтан
3) Даладан терлеп келсеңіз, не істеу керек?
а) құрғақ киім кию керек.
б) аяқты суық суға салу керек.
в) желдеткішті қосып, денеңді құрғатып отыру керек.
4) 10 - 15 жастағы балалар тамыр соғуы қалыпты жағдайда қанша болуы керек?
а) 60 - 70 рет
б) 70 - 80 рет
в) 80 - 90 рет
5) Дене сымбатының бұзылуы неден болады?
а) ұзақ жүгіріс, жеткіліксіз демалыс
б) демалыс алудың ритмі бұзылуы
в) аз қозғалыс, бұлшық еттің әлсіздігі
6) Қандай ережелер көз ауыруын төмендетеді?
а) бір жетіде 6 рет 120 минуттан үзіліссіз жұмыс істеу.
б) көз үшін арнайы жаттығуды жұмыстың арасында 7 - 8 мин тан кейін жасау керек (1 мин)
в) төсекте ынғайлы жатып оқу
7) Фаст-фут тағамдардың қандай пайдасы бар?
а) пайдалы заттармен бай.
б) күні бойы қуаттандырады
в) асқазанды қорғайды.
Шын мәнісінде барлық осы жауаптар дұрыс емес. Азық - түліктер біздің денсаулығымызға зиян келтіреді. Бірінші кесірлі продукт - чипсы. Чипсыдың құрамында адам денсаулығына еш пайдасы жоқ қайта кері әсер етеді: канцероген, май, бояғыш заттар және дәмін үдеткіштері мол -
Фаст-фуд онкологиялық ауруға шалдығу, салмақ арттыру мәселелерімен салмақпен қорқытады.
8) Таңертеңгі ботқа немен пайдалы?
а) оянуға көмектеседі
б) күні бойы қуаттандырады
в) асқазанды қорғайды
9) Қандай бейнемен сендердің бойларыңа Д дәруемені түседі?
а) жеміс, жидек жегенде
б ) сиырдың етін жегенде
в) күнде қыдыра
10) «Кір қол» қай ауруға келтіреді?
а) грипп
б) асқазан ауруы
в) гепатит
2 - жүргізуші:
Спорт (француз тілінен алынған) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл - ой немесе құрал - жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл - ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін - өзі дамыту үшін шұғылданады.
1) Шахматтың тақтасында неше тор бар?
а) 64
б) 78
в) 68
2) Лондон Олимпиадасында 2012 жылы қандай спорт түрінен әйелдер бірінші рет қатысуға рұқсат алды?
а) күрес
б) бокс
в) гандбол
МЕББМ Halyqaralyq Siforlyq Tehnologialar, Saylet jane Quqyq kolledji
«Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
________А.Е Дуйсенгалиева
«__»________202__ж.
«Электронды темекі - ғасыр дерті»
(тәрбие сағаты)
Топ жетекшісі: Г.М.Дегенбаева
Тақырыбы: «Электронды темекі - ғасыр дерті»
Сабақ мақсаты: Темекінің зиянды әсерлерін ашу, жас жеткіншектердің темекі шегуді бастамауы туралы сезімін қалыптастыру. Темекінің тарихы оның, адам ағзасын улайтыны туралы түсініктерін кеңейте түсу. Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, сақтану жолдарын, ұжым болып жұмыс істеуге, бірін-бірі тәрбиелеуге үйрету, денсаулығын сақтауға жауапкершілігін ояту.
Сабақ барысы:
- Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!!! Дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Үстел үстіне арақ бөтелкесін, шылым қорабын, шприц қойып, оқушыларға сұрақ:
Бүгінгі сабақта не жайлы айтамыз екен?
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді
« Қазақстан – 2030 » стратегиясында халық денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
Топтық жұмыс жүргізу.
Алдымен әр топ өз спикерін таңдайды. Сол спикерлер өз тобына тапсырма таңдайды да топтарында талқылап, ойларын қағаз бетіне түсіріп, сыныпта қорғау.
Жеке жұмыс 1 мин.
Жұпта жұмыс 1 мин.
Топта жұмыс 3 мин.
Сыныпта қорғау 3 мин.
Темекінің зияны
Ішімдіктің зияны
Ңашақорлықтың зардабы
ЖҚТБ ғасыр індеті
Осы тақырыптардың ішінде қайсысы мектеп оқушылары арасында жағдай табады?
Сондықтан да бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы:
Темекі тартқаның - өзіңді құртқаның
Оқушылардың баяндамасын тыңдау.
1: Темекі шегіп үйренудің негізгі шыңы 13-19 жас. Темекінің негізгі әсер етуші компоненті-никотин. Бұны тұңғыш рет1828 жылы Почельт пен Рейман бөліп алған. Темекі жапырағында никотин мөлшері 1-1,5 , кейбір сорттарында 6-8 , ал салмағы 1г бір темекіде 10-15 мг, ал салмағы 10г темекіде 150мг никотин болады. Химиялық таза күйдегі никотин - дәмі ащы, майлы мөлдір сұйықтық. Шылымқұмарлар шылымды никотин жинақталатын тұқылына дейін сорған кезде осындай дәмді сезеді.
Никотин- негізінен жүйке жүйесіне, ас қорыту, тыныс алу және жүрек қан тамырлар жүйесіне әсер ететін күшті у.
Никотинмен уланудың белгісі қандай?
Бұл кезде – сілекейдің шұбыруы, лоқсу, терінің бозаруы, әлсіздік, бас айналу, ұйқының бөлінуі байқалады. Бұған-қорқыныш сезімін, бастың ауруы, құлақтың шыңылдауы, тамыр соғуының жиілеуі, организмнің басқа қызметтерінің бұзылуы себептерін қосуға болады.
Темекінің денсаулыққа әсері
Қазақстанда шамамен халықтың 1/3 бөлігі 62 пайыз ерлер, 18 п-з әйелдер темекі тартады. Жыл сайын елімізде 23-24 мың адам темекі тарту салдарынан болған аурулардан қаза болуда.
«Өз денсаулығың - өз қолыңда».
2-топ Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1-2 қорабында никотиннің өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірден емес, бөлшектеніп түсетіні.
«Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды күйзелтеді, тұтас ұлтты топастандырады».
Темекінің түтінінде өте улы зат -никотин бар. Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін де жұтады.Бұл түтіннің ішінде улы газ, шаң, күйе болады. Шылымның күніне 20-сын тартқан адам 90мл г никотин жұтады.
Алғаш темекі тартқанда адам уланады: басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі құрамындағы никотин тыныс жолдарының сілекейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Сөйтіп, қорғаныш қасиеті нашарлаған сілекейлі қабықша арқылы ауру туғызатын микробтар енеді.