Файл: Г222,9222 топ студенттеріні атааналарына ткізілген жиналыстын хаттамасы топ жетекшісі Г. М. Дегенбаева Таырыбы Туелсіздік тыры биік болсын.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 115

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





Г-222,9-222 топ студенттерінің ата-аналарына өткізілген жиналыстын

ХАТТАМАСЫ

Топ жетекшісі: Г.М.Дегенбаева

Тақырыбы: «Тәуелсіздік- тұғыры биік болсын»


Барысы:
1 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

1 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ән «Қазақстан» орындайтын Мұхамбетқалиев Бекзат

2 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Ән «Алға, қазақ, жігіттері»


«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 125 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

1 - жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: «Қазақстаным»
(Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)
2 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
26 жылдығына арналған «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


«Бекітемін»

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

________А.Е Дуйсенгалиева

«__»________20__ж.

Тақырыбы: «Тәуелсіздік- тұғыры биік болсын»

(тәрбие сағаты)

Топ жетекшісі: Г.М.Дегенбаева

Сабақтың тақырыбы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.

Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар

Мұғалімнің іс-әрекеті: «Достық торы» әдісі арқылы бір-бірлеріне сәттілік тілейді. Студенттер ән шумақтарын ұйқастыру арқылы 4 топқа бөлінеді. Топтың ережесін еске түсіру Таныстырылым: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.



І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын.

1. Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

2. Прагматизм Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

4. Білімнің салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды.

6. Сананың ашықтығы Оқушының іс-әрекеті: Бір-бірлеріне сәттілік тілейді.

1-топ. "Қазақстан" Ән: Көк тудың желбірегені.

2-топ. "Салт дәстүр" Ән: Қазақы дәстүрлер-ай.

3-топ. "Мәдени құндылықтар және өнер". Ән: Қара жорға.

4-топ "Ұлттық ойындар мен тағамдар" Ән: Қазақы дастарханым.

Студенттер сабақтың тақырыбын ашады. Студенттер үйге берілген тапсырманы қорғайды. Топтағы ең үздік «Рухани жаңғыру» тақырыбында коллаж қорғайды ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз.

Тапсырма: 1 - Қазақстан - Еуразия жүрегінде.

2 - Қазақ халқының салт – дәстүрі.

3 - Қазақ халқының мәдени құндылықтары және өнері.

4 - Қазақ халқының ұлттық тағамдары және ойындары.

Студенттер қазақ халқының рухани мәдениетін шет елге таныстырады.

Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» бейне ролик қарап, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.

Аяқталмаған сөйлем «Рухани жаңғыру - ........»


«Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру».

«Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу".

«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі».

«Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту»




«Бекітемін»

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

________А.Е Дуйсенгалиева

«__»________20__ж.
«Адамгершілік – рухани байлық»

(тәрбие сағаты)
0515000 - «Менеджмент»мамандығы Г-632 тобы


Топ жетекшісі: Габбасова.З.Е

Сабақтың тақырыбы: «Адамгершілік – рухани байлық»

Мақсаты: Адамгершілік сана мен мінез-құлықтың маңызды компоненті адамгершілік қажеттілік,ерік,тілек,тұрақтылық,өмірде адамагершілік таңдауын жүзеге асыра білу білігі.
Студенттерге адамдық асыл қасиеттерді, өмір заңдылықтарын оқып үйренуге тәрбиелеу, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауды үйрету. Студенттердің бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой толғау,

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Жүру барысы:

Адам өмірінің алтын бесігі мектеп қабырғасында адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді.

Студенттер, адамгершілік дегеніміз не......?

Адамгершілік – қоғамдық өмірдің заңдылығына сәйкес адамдар арасындағы қарым – қатынастарды зерттеуге негіз болатын, белгілі бір ізгілік ұстанымдарын білдіретін моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың бірін – бірі құрметтеуінен, оған сенуінен, басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен, шыншыл болу әрекеттерінен байқалады. Осы адамдық асыл қасиетке қарсы нәпсі деген ұғым бар.

Нәпсі деген не?

Нәпсі – адам бойындағы ең жаман қасиеттерінің жиынтығы. Адамның бойында адамгершілік қасиеттер мен нәпсі қатар жүреді.

Жаман қасиеттерге нелер жатады?

Жаман қасиеттерге ұрлық, қорлық, тонаушылық, арақ – шарап ішу, біреуге жамандық ойлау, күндеу, өтірік айту, балағаттау, ұру, жер –жебіріне жете ұрсу т.б жатады. Осындай жаман қасиеттерден әрқашан да аулақ болу қажет.

Ал адамгершілік қасиеттерге нелер жатады?

Адамгершілік қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, адалдық, үлкенді сыйлау, кісілік т.б жатады.

Әдептілік - өзге біреудің жанын жараламауды, адамға қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуді, басқа біреудің уайым – қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам әрқашан қоғамға, басқа адамға қиянат жасаудан бойын аулақ ұстайды. «Әдебі жақсы - әдемі» деген қанатты сөз осының айқын дәлелі.


Намыс, ерлік, рухтандырушылық, адамгершілік, патриоттық сынды игі қасиеттерді бастан ұрып, көзден шұқып үйретпейді. Мұндай дүниелер тәрбие, ұлттық мәдениет, тарих пен ана тілін білу арқылы келеді. Тек білу аздық етеді. Бойға сіңірмейінше, ұлттық рух пайда болмайды.

Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары көшпелі заманда болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр, әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Кәсіби тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан бала 5-6 жасынан бастап ат құлағында ойнаған.

Ғалым Ш.Ахметов өзінің қазақ отбасындағы тәрбие ісі зерттеулерінде негізінен басты сегіз түрлі мәселені қамтыған.

Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген. Әке-шеше баласына «Әдепті бол»дегенді басты міндет етіп алған.

Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген.

Үшіншіден, тіл алғыш,елгезек болуға баулыған.

Төртінші, адал, шыншыл болуға үйреткен.Өтірік өрге баспайды деген сөздің мәнін түсіндіре білген.

Бесіншіден, өнегелі ұстазбен көпті көрген қариялардың сөзін тыңдап, зерделеп есте сақтауға дағдыландырған, ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол деп үйреткен, біздерге жүрегінің есігі бар, құлағының тесігі бар, зерделі құйма құлақ бала керек деген.

Алтыншыдан, үлкендерді, ата-анасын сыйлап, құрметтеп, оларды риза қылып, бата алуға тәрбиелеген.

Жетіншіден, кісі айыбын әшкерелемей, біреуге тіл тигізбей, адамның табиғи кемдігін бетіне баспауға тәрбиелеген.

Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса, адам баласына қайырымдылық, жақсылық, қамқорлық жасауға үйреткен.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев өзінің шығармаларында адамгершілікке байланысты көп үгіт-насихаттар айтады. Егер санатты білікті адамдардың қатарына қосылғың келсе, күн сайын күннің аясында өзіңе-өзің есеп бер, күн сайын есеп бере алмасаң 3 күн есеп бер. 3 күнде есеп бере алмасаң 1 апта есеп бер.Егер есеп бере алмасаң, онда сен санатты адам емессің, сонымен бірге бес нәрсе асық бол, бес нәрседен қашық бол деген.
«Ситуациялық сұрақтар»

Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдың шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жолдастарының жол шетінде тұрған қарияға қарар түрі жоқ. Жарыстың аты – жарыс. Қанат қарияның жолын кесіп кетті. Қанаттың қылығы дұрыс па? Егер Қанаттың орнында болсаңдар не істер едіңдер?