Файл: Г222,9222 топ студенттеріні атааналарына ткізілген жиналыстын хаттамасы топ жетекшісі Г. М. Дегенбаева Таырыбы Туелсіздік тыры биік болсын.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 117
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Үйде отбасыңмен теледидар қарап отырсың делік. Болып жатқан бағдарлама саған мүлде ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны қатты көргің келіп отыр. Не істер едің?
Мектептегі әдептілікке нелер жатады?
Мектептегі әдептілікке мектеп ережесін сақтау, сабаққа кешігіп келмеу, мұғалімдермен, жолдастарыңмен дұрыс амандасу, мектеп мүлкін сақтау, сабаққа дұрыс дайындалып келу, үлкендер мен кішілерге дөрекілік көрсетпеу т.б. жатады.
Амандасу - әдептіліктің басы. Оқушылар, сендер бір –бірлеріңмен, ұстаздармен амандасқанда не деп айтасыңдар?
Әрқашан үлкендерге жастар бірінші болып амандасу қажет. Қол алысып амандасса, қолғабын шешу керек. Әркез инабатты, кішіпейіл бола білу керек. Екі қолыңды қалтаға салып шіреніп тұру - әдепсіздіктің, сыйламағандықтың белгісі.
«Ситуациялық сұрақтар»
Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін өтірік айтып мұғалімді алдады. Сен не істер едің?
«Дос жылата, дұшпан күлдіре айтар» дегендей жолдасыма өтірік айту жаман қылық екенін, ұстаздарды сыйлау керек екенін айтамын.
Қоңырау кезі. Сыныптағы оқушылардың барлығы сыртта жүр. Сыныпқа кіріп келсең, сенің бір сыныптасың біреудің қалтасын қарап жатыр екен. Не істер едің?
«Ұрлық түбі – қорлық» екенін айтып түсіндірер едім.
Әрбір адамда намыс оты болады. Игілікке бастаған іс намыс, қайрат, жігер берер. Бойында ерік жігері бар болса, еңбегіңнің игілігі өзіңдікі. Міне, Студенттер бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Ешқашан да адамгершілік қасиетімізден арылмайық.
«Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
________А.Е Дуйсенгалиева
«__»________20__ж.
«Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы»
(тәрбие сағаты)
0518000«Есеп және аудит» мамандығы
Г-322,9-322 топ
Топ жетекшісі: ГаббасоваЗ.Е
Тақырып: «Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы»
Мақсаты: Студенттерді адамгершілікке тәрбиелеу, жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері.
Әдісі: Пікірталас, сұрақ - жауап, әңгімелесу.
Куратор сағатының барысы:
I кезең:
Куратор сағатымен таныстыру.
II кезең: Студенттердің адамгершілік жайлы түсінігі.
III кезең: Саяхатқа шығу ойыны.
IV кезең: Адамгершіліктің негізгі қағидаларын білесің бе? (Өз ойын ортаға салу).
V кезең: Пікірсайыс (қорытындылау)
Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. «Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В. А. Сухомлинский, - бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді». Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын «Құтты білік» дастанында көрсетіп берді. Шығыстың ұлы ғалымы Әл - Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен. Бүгінгі куратор сағатымызда адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп нормаларын білесіңдер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз. Ал студенттер, сөз кезегі өздеріңде. Адамгершілік бастауы неде?
1 -студент. Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
2 - студент. Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте, университетте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата - ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.
3 - студент. Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке - шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата - анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата - ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті. Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет. Куратор. Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар: Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, т. б. Ал, студенттер, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек. Сұрақтар: –Университеттен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? – Үлкен кісімен амандасып жол беремін. – Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек? – Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды. – Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім. – Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің? – Асықпай түсіндіріп беремін. – Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн? – Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек. – Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек? – Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек. – Әдептілік деген не? – Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері.
«Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
________А. Е Дуйсенгалиева
«__»________201__ж.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
(тәрбие сағаты)
0515000 - «Менеджмент»мамандығы Г-632 тобы
Топ жетекшісі:Габбасова.З.Е
Тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
Мақсаты: студенттердің тілге деген қызығушылығын ояту; Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру; Сөздерді орынды қолдана білуге білімдерін байқап, дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, ақан – жазушылардың портреті.
Ұлағатты сөздер:
1. «Ана тілін құрметтемеу – ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеру керек». Ғабит Мүсірепов.
2. «Тілді меңгеру үшін оған өзіңнің жүрегіңді ашуың керек». Нұрсұлтан Назарбаев
Барысы:
І. Ұйымдастыру. ( топқа бөлу )
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды. Оқушыларды марапаттау.
І. Кіріспе сөз.
Армысыздар, құрметті қонақтар мен тіл жанашырлары. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты сайысымызға қош келіпсіздер. «Дүниеде ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін – түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары - қазақ тілі».
Ана тілім – арым, нәрім, қуатым,
Сенсің менің жан сырымды ұғатын.
Өзің барда ұлтым ұлы, ел аман,
Шағың келді биіктерге шығатын
Сайысымыз УІІ турдан тұрады:
І. Сәлемдесу. (топтар қазақша, орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)
ІІ. «Сөз қаруы - ой». Сурет бойынша әңгіме құрастыру (орыс тілінде )
ІІІ. «Қанат қақты». Капитандар сайысы.
ІV. « Тапқырлар». Жұмбақ сайысы. (шешуін үш тілде айту)
V. «Сен білесің бе?» Әр ұлт өкілдерінің ұлттық ас мәзірін таныстыру, қалай жасалатындығы туралы айту.
VІ. «Кім біледі?» Қазақстанның және басқа ұлт өкілдерінің әртістерін, әншілерін, еңбек қайраткерлерін және елбасыларының суреттерін көрсету.
І тур «Сәлемдесу».
Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады. Бірін – бірі көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. Имандылық шариғатында сәлемдесу тілмен айту парыз екен. (топтар қазақша, орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)
1 топ -------------------- 2 топ --------------------- 3 топ --------------------- 4 топ ---------------------
ІІ тур. «Сөз қаруы - ой».
Орыс тілін түсінемін, білемін,
Шет тілін де жаттап оқып жүремін.
Ата – бабам қастерлеген жанындай,
Ана тілім – менің нағыз жүрегім.
«Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті» орысша баламасы «Слон всех сильнее, а язык и слона сильнее» Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрастырады, сайыстың шарты бойынша орыс тілінде.
ІІІ тур. «Қанат қақты». Капитандар сайысы. Мақалдың жалғасын тап.
1. Тіл тас жарады,
(Тас жармаса бас жарады)
2. Тіземнен сүріндірсең сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
3. Піл көтергенді тіл көтереді.
4. Ат жүйрігі қасқа,
Тіл жүйрігі басқа.
5. Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
6. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ
7. Бас ойлағанда тіл тыныстайды.
8. Қырғи тіл – қиыр қылыш
9. Икемді тіл инеден өткір.
10 Құлақ екеу, тіл жалғыз,
11. Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз
Қос тіл – қос қанатың
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім.
ІV. « Тапқырлар». Жұмбақ сайысы. (шешуін үш тілде айту)
V. «Сен білесің бе?» Әр ұлт өкілдерінің ұлттық ас мәзірін таныстыру, қалай жасалатындығы туралы айту.
Біздің Республикамызда мәуелі бақтай жемісін шашқан жүз отыздан аса әр түрлі ұлт өкілдері бір – бірімен тату – тәтті тұрады. Біз қандас болмасақ та жандаспыз.
VІ тур. «Кім біледі?» Қазақстанның және басқа ұлт өкілдерінің әртістерін, әншілерін, еңбек қайраткерлерін және елбасыларының суреттерін көрсету, оқушылар олардың кім екенін анықтау керек.
Тілім тірі, тірі дербес күн кешпек,
Аты тұрып қалай артқа мінгеспек?!
Тілсіз тыныс ала алмайды мемлекет,
Бас кессе де, жоқ емес пе тіл кеспек.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз.
Жеңімпаздар марапатталады.
«Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
________А.Е Дуйсенгалиева
«__»________20__ж.
«Ата-баба дәстүрі –әдептілік негізі»
(тәрбие сағаты)
0515000 - «Менеджмент»мамандығы Г-632 тобы
Топ жетекшісі:Габбасова.З.Е
Тақырыбы: «Ата-баба дәстүрі –әдептілік негізі»
Мақсаты: Студенттердің бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру; үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай еске сақтауға және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, ата сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер.
Мұғалім: Студенттер бүгінгі «Ата-баба дәстүрі –әдептілік негізі» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Студенттер, біз егеменді еліміздің болашағын қалыптастыру үшін халқымыздың тарихын, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан мұрасын, мәдениетін, әдет-ғұрпын білуіміз керек.