Файл: 14. ожждегі тежелу. Трлері, механизмдері. Орталы тежелу (Сеченов тжірибесі).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 55
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
14.ОЖЖ-дегі тежелу. Түрлері, механизмдері. Орталық тежелу (Сеченов тәжірибесі).
Тежелеудің механизмдері
Орталық жүйке жүйесінде тежелу арнайы тежеуші нейрондар қозған кезде басталады (Экклс, Реншоу, Пуркинье еңбектерінде дәлелденді).
Тежелуші жасушалар мидың әр жерінен табылды.
Тежеуші нейронның аксон ұшынан тежеуші медиатор (гамма-амин май қышқылы – ГАМҚ, не глицин) бөлініп шығады да нәтижесінде айналасындағы мотонейрондарда тежелу үрдісін тудырады
Постсинапстық (синапстан кейін) тежелу – Реншоу жасушасы тәрізді тежеуші
Орталық жүйке жүйесінде туатын тежелу үрдістерінің пайда болу механизмдеріне қарай 4 түрге бөлінеді
1.нейрондардың қатысуына байланысты туады (постсинапстық мембрана гиперполяризацияланады).
2. Пресинапстық (синапсқа дейінгі) – Реншоу жасушасы қатысады (деполяризация салдарынан мотонейронды қоздыратын жүйке талшығынан медиатор бөлінбей қалады).
3. Пессимальды тежелу - күшті серпіністердің жиі-жиі келіп түсуіне байланысты медиаторлар көбейеді де – постсинапстық мембранада тұрақты деполяризация пайда болады.
4. Қозудан кейін туатын тежелу - реполяризация кезеңі аяғында туындайтын
гиперполяризацияға байланысты
-ОЖЖ интеграциялық қызметі қозу және тежелу үрдістері арқылы іске асырылады.
1863 жылы академик М.И. Сеченов «Орталықтағы тежелу» атты тақырыпта тәжірибе жасап, орталық жүйке жүйесінде қозумен қатар тежелу де болатынын дәлелдеді.
Сеченов Тежелу механизмі-тәжірибе жасап,орталық жүйке жүйесінде қозумен қатар тежелу де болатынын дәлелдеді.Бұл тежелу механизмі мидың барлық бөлімдерінде орын алатынын көрсете білді.Тәжірибе қысқаша былай жасалады:көлбақаның миын көру төмпешігінен жоғарырақ жерінен кесіп алып тастайды да,тілік үстіне натрий хлоридінің кристалын қояды.Сол сәтте көру төмпешігі тітіркенеді де жұлынның қимылдатқыш рефлекстері біртіндеп ұзарып барып ақыры рефлекс тоқтайды.Бұл деген тежелу шеткі қабылдағыштарды қатты тітіркендіру салдарынан да туатынын байқауға болады.Яғни,орталдықтағы нейрон қозса,шеткі ағзалардың қызметі күшейеді де,олардағы тежелу қозу үдерісін бәсеңдетеді немесе мүлдем тоқтатады.Сондықтан,тежелуді қозу сияқты белсенді үдеріс деп қарастырамыз.
15.Жүйке орталықтары. Жүйке орталықтарының қасиеттері.
ОЖЖ рефлекстерді үйлестіру механизмдері
Жүйке орталығы деп бірыңғай қызмет атқаратын, ОЖЖ-нің белгілі бір жерінде топтасқан нейрондар жиынтығын айтады.
Орталық жүйке жүйесінің ең көрнекті және маңызыды қызметінің бірі рефлекстерді келістіру,үйлестіру,координациялану.Мысалы, оң аяқты бүгетін еттердің орталығы қозып тонусы көтерілсе,дәл сол сәтте бүгілген аяқты жазатын еттердің орталығы тежеледі және жұлының екінші жартысындағы аталған орталықтарда қарама қарсы үрдістер туады,яғни бүгу орталығы тежеледі, ал жазу орталығы қозады.Сондықтан оң аяқ бүгілгенде сол аяқ жазылады.Осының арқасында ада жүре алады.Орталық жүйке жүйесі де қозу мен тежелу үрдістернің тууы мен сөнуін,орталықтардың қарым қатынасын үздіксіз жөнге келтіріп үйлестіріп отырады.Рефлекстерді келістіріп үйлестіруде орталық жүйке жүйесіндегі субординация құбылысы мен қозуды өткізу ерекшеліктері әсірессе жинақы қозу, конвергенция мен окклюзияның маңызы өте зор.Бұлармен қатар орталық жүйке жүйесіндегі кездесетін бірнеше құбылыстар рефлекстерді үйлестіру негізін құрады:қозу мен тежлудің жайылысы бір жерге шоғырлануы үрдістердің индукциясы мен реципроктық тежелу,доминаттық қозу, кері бацйланыс, соңғы жалпы жол.
Орталықтағы қозу сол жерде қалмай,қызметі байланысты басқа оратлықтарға жайыла бастайды.Қозудың жайылуын қозу жайылысы дейді.
Индукция репрокциялық тежелудің арқасында бір сәтте орталықта қарама қарсы қозғалтатын қимыл рефлекстері тумайды.Бұл құбылыс рефлекстердің бір бірімен үцйлесуін қамтамасыз етеді.Осыған орай дем алған сәтте дем шығарылмайды,ауыздағы ас шайналып тұрғанда жұтылмайды,бүгілген аяқ дәл сол арада жазылмайды.
Доминаттық қозу - бұл орталықтың ерекше қасиеттері бар
-
Өте қозғыш келеді.Қозу табалдырығынан төмен күштерге жауап береді -
Басқа орталықтарға бағытталған серпіністерді өзіне тартып,өзіндегі қозуды күшейтеді де,басқа орталықтардың қызметін тежейді -
Қозу созыңқы болады -
Қозудың күші жиілігі тітіркендіргіштің күші мен жиілігінен көп артық -
Қозу тез жинақталады
Кері байланыс жолдары.Рефлекс тоқтаған соң оның нәтижесі көптеген қабылдағыштарды тітіркендіреді.
Соңғы жалпы жол құбылыс.Конвергенцияға негізделген.Бұл құбылыс рефлекстердің келісімді болуын қамтамасыз етеді.
16. Вегетативтік (автономдық) жүйке жүйесі (ВЖЖ). Қызметтері.
Морфологиялық-физиологиялық ерекшеліктері.
Вегетативтік рефлекстер. Данини-Ашнер (көз-жүрек), Гольц рефлекстері
Вегетативтік немесе автономдық жүйке жүйесі арлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі.
Вегетативтік жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.
Вегетативті жүйке жүйесінің, симпатикалық жүйенің бірі денені әрекетке дайындау үшін жауап береді, қауіп төндіретін тітіркендіргіштерге қарсы күрес немесе ұшу реакциясын жеңілдету. Мұны істеу үшін ол кейбір дене жүйелерінің үдеуін тудырады және басқаларының жұмысын тежейді, бұл процесте көп энергия жұмсалады.
Парасимпатикалық
Вегетативті жүйке жүйесінің бұл тармағы неде жоғары энергия шығыны кезеңінен кейін тыныштық күйіне оралуға жауапты. Ол әртүрлі жүйелердің жұмысына мүмкіндік беріп, энергияны қалпына келтіруге мүмкіндік беретін денені реттеуге және баяулатуға жауап береді. Басқаша айтқанда, ол организмнің қалпына келуіне жауап береді, дегенмен ол организмды генерациялауға араласады, бірақ оның биологиялық тамырымен бөлісетін функциялардың көпшілігіне онша қатысы жоқ сияқты
Орталық жүйке жүйесі морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты денелік және вегатативтік деп екіге бөлінеді
Денелік жүйке жүйесі ДЖЖ қаңқа еттерімен байланысқан, ол организмнің түрлі қимылдарын,сыртықы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді.Бұл негізінен жануарларға тән қызмет болғандықтан ДЖЖ кейде анимальдық деп те атайды.Ал вегатативтік жүйке жүйесі ВЖЖ ішкі ағзалардың қызметін,заттар алмасуын,өрбу үрдістерін реттейді.Дегенмен де вегатативтік жж тек өсімдіктерге тән істерге ғана емес,ол жануарлар мен өсімдіктерге ортақ үрдістерге әсер етеді.
Вегатативтік жүйке жүйесінің морфологиялық ерекшеліктері
-
Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерден тұратын вегатативтік жүйке жүйесінің нейрондары орталық жүйке жүйесінің кейбір бөлімдерінде орналысқан. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің оратылық нейрондары ортаңғы және сопақша мида,жұлынның сегізкөз бөлімінде. Ал симпатикалық жж жұлынның кеуде бел бөліміндегі сегменттердің бүйір ашасында орналысқан -
Вегатативтік жүйке жүйесі қос нейронды. Олардың біреуі ми мен жұлын бөлімдерінде екіншесі шеткі ганглийлерде орналысқан -
Вегатативтік ж денелік жүйкеден әлдеқайда жіңішке. -
Әрбір ағзада симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер тарамданған
Физиологиялық ерекшеліктері
1.Вегатативтік жүйкелер негізінен эфферентік жүйкелер.Олар қозуды орталықтан шеткі орналысқан ағзаларға жеткізеді.
2. Вегетативтік ж жүйесінің қозу қабілеті денелік жүйке жүйесіне қарағанда әлдеқайда төмен,ал хронаксиясы, қозу табалдырығы, керсінше жоғары.
3.ВЖЖ нің талшықтары арқылы өте баяу өтеді
4.Вегетативтік жүйке жүйесінде постсинапстық қоздыру потенциалы ұзаққа созылады 50-80сс
5.Вегетативтік жүйке жүйесінің әсерленісі өте баяу.Қозу жүйке талшықтарынан өте баяу өтеді
6.Вегетативтік жүйке талшықтарының ұшынан медиаторлар ацетилхолин не адреналин бөледі
Данини-Ашнер (көз-жүрек), Гольц рефлекстері
17. Жұлын, сопақша ми, ми бағаны құрылымдарының физиологиясы.
Жұлын-ОЖЖ ең көне бөлігін құрайды.Ол омыртқа жотасының өзегеінде оранлысқан,өткізгіш және рефлексті қызмет атқаратын ОЖЖ бөлімі.Ерекшелік белгісі:оның сегменттік құрылысы.
Адамның жұлыны 31-33 сегменттен тұрады:8 мойын, 12 кеуде,5 бел,5 сегізкөз, 1-3 құйымшақ
Жұлынның қызметі: жұлынның қатысуымен зәр бөлу және жыныс мүшелерге жүйесі,тік ішектің қан тамырларын қозғалтқыш рефлекстерін,ұлпалық алмасуды реттейтін рефлекстер жүзеге асады
МИ БАҒАНЫ – орталық жүйке жүйесіндегі ми қыртысының астың- ғы бөліктері. Оған сопақша ми, ор- таңғы ми, аралық ми және мишық кіреді. Сопақша ми – жұлынның тікелей жалғасы. Ол жүрек қызметін, қанайналым мен ас қорыту қызметін реттесе, аралық ми сезім мүшелерін қи қабығымен байланыстырады. Бастың шүйке (желке) бөліміне ор- наласқан мишық денені белгілі бір күйде ұстап, бұлшық еттердің қозға- лыстарын реттейді. Ми бағанасы- ның құрамдары эволюциялық даму- дың төменгі сатысында тұрған жа- нуарлардың психикасы үшін елеулі орын алатын болса, жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдардың өмірінде негізгі рөлді ми қабығы атқарады. Денеде болатын барлық құбылыстар- ды өз қарамағында ұстайтын ми қа- бығы адамдарда ерекше жетілген. Адам миының күрділілігі оның кө- лемі мен ішкі құрылымынан жақсы байқалады.
18 Көру талдағышы, бөлімдері.Жарықты сындыру және қабылдау.
Көру қызметтері (аккомодация, рефракция, көру өткірлігі, көз шалымы,
түсті ажырату, жарыққа және қараңғыға бейімделу). Бұзылыстары
Көдің жарық сындырушы ортасы
- Қасаң қабық
- Алдыңғы камера
- Көз бұршағы
- Шыны тәрізді дене
Фокус қашықтығы 1м болатын линзаның
сындыру күші - 1 диоптрия.
Көздің сындыру күші:
алыс заттарға қарағанда - 59 Д,
жақын заттарға қарағанда - 70,5 Д
Аккомодация – көздің түрлі қашықтықтағы нысандарды анық көруге
икемделуі.
Аккомодация 65 м қашықтықтағы заттарды қарағанда басталады,
50 м-ден 10 см дейін айқын болады.
Аккомодация механизмдері:
1. Кірпікті (цилиарлы) бұлшықет
жиырылуынан көз бұршағы
пішінінің (дөңестігінің) өзгеруі.
2. Нұрлы қабық бұлшықеті
жиырылуынан қарашық
диаметрінің өзгеруі (зат
жақындағанда қарашық тарылады)
3. Конвергенция – екі көздің көру
өстерінің қарап тұрған затына
тоғысуы.
Көз рефракциясы – сәулелердің аккомодациялық өзгерістерсіз сындырылуы
Сфералық аберрация – көз бұршағының шетінен өткен сәулелер оның ортасынан өткендерге қарағанда күштірек сынады
Жарыққа бейімделу – көздің жарыққа сезімталдығының төмендеп, қатты
жарық жағдайына бейімделуі
Қараңғыға бейімделу - көздің жарыққа сезімталдығының артып (көру
пигменттерінің қалпына келуінен), әлсіз жарық жағдайына бейімделуі
Түсті түйсіну аномалиясы – далтонизм (ерлердің Х-хромосомасында белгілі бір
геннің болмауы).
Түстерді мүлдем ажарата алмау – ахромазия (сауытшалық аппараттың
зақымдалуы).
Жекелеген түстерді ажырата алмаудың түрлері:
• протанопия (қызыл түсті ажырата алмау)
• дейтеранопия (жасыл түсті ажырата алмау)
• тританопия (көк түсті ажырата алмау)
19 Есту талдағышы, оның бөлімдері.Дыбысты өткізу және қабылдау
Есту талдағышы, бөлімдерінің сипаттамасы
1. Шеткі бөлімі – корти мүшесінің сезгіш түкті жасушалары (ішкі
құлақта орналасқан).
2. Өткізгіш бөлімі. Ұлудың спиралды түйінінен есту жүйкесі
(мидың VIII жұп жүйкесі құрамында) сопақша ми (кохлеарлы ядролардың нейрондары)
есту тракты жоғарғы олива
нейрондары ортаңғы ми төрт төмпешігінің төменгі бұдырлары ішкі (медиалды) бүгілмелі дене.
3. Орталық бөлімі – ми қыртысының самай бөлімі.
Сыртқы және ішкі құлақтың құрылысы мен қызметі
Сыртқы құлақ
(құлақ қалқаны, сыртқы есту жолы, дабыл жарғағы) – дыбыс толқындарын қағып алып,дабыл жарғағына өткізу.
Ортаңғы құлақ
(дабыл қуысы, оның сүйекшелері: балғаша, төс, үзеңгі және евстахи түтігі) –тербелісті дабыл жарғағынан ішкі құлаққа жеткізу
Иірім түтік (ұлу)– 2,5 өрімнен тұратын
жалпақ сүйек арнасы.
Сүйек арнасын 2 мембрана бөледі:
1. Вестибулярлық мембрана (Рейсснер мембранасы)
2. Негізгі мембрана
Иірім түтігінің арналары:
1. Жоғарғы арна (кіреберіс сатысы);
2. Ортаңғы жарғақты арна;