Файл: 14. ожждегі тежелу. Трлері, механизмдері. Орталы тежелу (Сеченов тжірибесі).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 56
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3. Төменгі - дабыл арнасы (немесе сатысы)
Ортаңғы арнаның негізгі мембранасында корти мүшесі орналасқан.Ол ішкі және сыртқы түкті жасушалардан түрады.Түкті жасушалардың үстінде жабынды (текториалды) мембрана орналасқан
20 Иіс, тепе-теңдік талдағыштары, бөлімдері
Тепе-теңдік жүйесі адамның кеңістікте бағдарлануында
жетекші рөл атқарады
Дененің, бастың кеңістіктегі кейпі өзгергенде тепе-теңдік
рецепторлары қозып, қаңқа еттерінің тонусы реттеліп,
адамның тепе-теңдігі сақталады.
Тепе-теңдік талдағышының бөлімдері:
1. Шеткі бөлімі – самай сүйегінің лабиринтінде орналасқан (кіреберіс аппараты), кіреберіс және үш имекті арнадалардан тұрады
2. Өткізгіш бөлімі – кіреберіс жүйке талшықтары (мидың VIII жұп жүйкесінің құрамында) сопақша ми, Швалбе, Бехтерева, Дейтерса, Манакова ядролары) жұлын, мишық, ортаңғы ми (қөз қозғалтқыш ядро),вегетативті ганглилер, торлы құрылым.
3. Орталық бөлімі – артқы орталық қатпардың төменгі бөлігі
1. Шеткі бөлімі – рецепторлары мұрынның
жоғарғы кеуілдерінің кілегей қабатында
орналасқан – иіс эпителиі
2. Өткізгіш бөлімі. Иіс жүйкесі торлы сүйекті тесіп өтеді ми сауыты, иіс
пиязшығы (2-нейрон) иіс тракті (tractus olfactorius), ол маңдай бөлігінің
негізімен өтеді иіс орталығы. Иіс тракті бірнеше будадан тұрады, олар
мидың түрлі бөліктеріне бағытталады: пириформды қыртысқа, иіс сезу
ядросына, лимбиялық жүйенің жүйке құрылымдарына, гипоталамустың
вегетативтік ядроларына, торлы құрылымға және т.б.
3. Орталық бқлімі – самай бөлігінің ішкі беті, гиппокамп
21. Дәм талдағышының бөлімдері
1. Шеткі бөлімі
Дәм рецепторлары – дәм сезу баданалары,
әрбіреуі 2-6 қабылдағыш және тірек
жасушалардан тұрады.
2. Өткізгіш бөлімі
Рецепторлардан – бет жүйке (VII) талшығы (дабыл ішегі), тіл-жұтқыншақ (IX)
жүйкесі сопақша мида tractus solitarius ядросы (1-нейрон) ми бағаны
жалғыз будасы (2-нейрон), оның аксоны медиалды ілмек құрамында таламус
ядролары (3-нейрон).
3. Орталық бөлімі – артқы орталық қатпардың төменгі бөлігі (силви сайы).
22. Ішкі сөлініс бездерінің ерекшеліктері. Гормондардың жалпы қасиеттері Гормондардың жіктелуі. Гормондардың әсер ету жолдары,типтері
ІСБ – гормондарын тікелей қанға немесе лимфаға бөлетін бездер.
Нағыз эндокриндік бездерден басқа, гормон тәрізді заттар мен БАЗ бөлетін бездер болады
Ішкі сөлініс бездерінің ерекшеліктері
1Өзектері болмайды, өздерінің сөлін (гормондарын) қанға бөледі.
2Мөлшері кішкентай.
3Қан тамырларымен және жүйкемен жақсы қамтылған.
Гормондардың жалпы физиологиялық қасиеттері
1Жоғары биологиялық белсенділік.
2Дистанттық әсер көрсетуі.
3Тез және қысқа әсер етуі.
4Тез бұзылады және организмде жинақталмайды.
5Тек қызметке ғана емес, сондай-ақ құрылымға әсер етеді (акромегалия).
6Түрлік арнайылығы бар (бірқатар гормондар).
7Ферменттік белсенділігі жоқ.
Гормондардың жіктелуі
Химиялық құрамы бойынша:
Стероидтық.
Амин қышқылдарының туындылары.
Белково-пептидные
Әсерінің бағыты бойынша:
Анаболиттік (СТГ, инсулин).
Катаболиттік (тироксин).
Қызметі бойынша:
Эффекторлық.
Троптық.
Гипоталамус гормондары.
Гормондардың әсер ету жолдары
Тікелей.
Рефлекстік.
Орталық.
Шартты рефлекстік.
23. Гипоталамус-гипофиз жүйесі.
Гипоталамус - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Гипофиз - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы
24. Жекелеген ішкі сөл бездері гормондарының физиологиялық маңызы
(гипофиз, бүйрекүсті , ұйқы және қалқанша бездері
Қалқанша без
Қалқанша без:
2 гормон бөліп шығарады:Тироксин,Трийодтиронин
Олар:белок,көмірсу,май алмасуын,ынталандырады,энергия жасауға көмектеседі.Бездің организм үшін маңызы зор.Ол іштен туа дамымаған болса,бала микседема және кретинизим ауруларыңа шалдығады
Бүйрек үсті бездері - екі бүйректің жоғарғы жағында орналасқан кішкентай, үшбұрыш тәрізді эндокриндік органдар.. Бұл бездер метаболизмді, иммундық жүйені, артериялық қысымды, стресстің реакциясын және басқа да маңызды функцияларды реттеуге көмектесетін гормондардың түзілуіне жауап береді. Кортизол - организмде бірнеше маңызды рөл атқаратын zona fasciculata өндіретін глюкокортикоидты гормон.. Денедегі майларды, ақуыздарды және көмірсуларды пайдалануды бақылауға көмектеседі; қабынуды басады; қан қысымын реттейд Альдостерон - бұл бүйрек үсті безі қыртысының zona glomerularis шығаратын минералокортикоидты гормон. және қан қысымын және кейбір электролиттерді (натрий мен калий) реттеуде орталық рөл атқарады Бүйрек үсті безі мидың қабығы күресті немесе ұшу реакциясын бастайтын гормондарды басқарады. Бүйрек үсті безі шығаратын негізгі гормондарға ұқсас функциялары бар адреналин (адреналин) және норадреналин (норадреналин) жатады.
Ұйқы безі (лат. pancreas) — сыртқы және ішкі секреция безі. Сыртқы секреция безі ретінде ол ас қорыту ферменттеріне бай ұйқы безі сөлін бөледі. Сонымен қатар, ұйқы безі арақашықтарының жасушалары инсулин гормонын қанға бөледі. Сыртқы секреция без бөлігі құрылысы жағынан көпіршікше-түтікше бездерге жатады.
Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.
Гипофизден бөлінетін
гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.
25 Қанның мөлшері, құрамы. Қызметтері. Физико-химиялық қасиеттері
Қан – тіршілік етуге өте қажетті сұйықтық. Қанның жалпы мөлшері жалпы дене салмағының 6-8%-ын құрайды немесе адамда 4-6 л қан болады. Плазма 52-58%
Формалық элементтер 42-48%: Эритроциттер: Ерлер (4,0-5,1)*1012/л, Әйелдер (3,7-4,7)*1012/л. Лейкоциттер (4-9)*109/л. Тромбоциттер (180-320)*109/л.
Қанның негізгі қызметтері
1) Тасымалдау
2) Тыныс алуға қатысу
3) Қоректендіру
4) Экскрециялық
5) Қорғаныштық
6) Гуморалдық реттеуге қатысу
7) Рефлекстік реттеу
8) Креаторлық байланыстарды қамтамасыз ету
9) Гомеостаз тұрақтылығын қамтамасыз ету
10) Дене температурасын сақтау
Қанның физико - химиялық қасиеттері
1) Түсі – эритроциттер ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар түзуіне байланысты.
2) Дәмі – тұзды, құрамында NaCl көп болуына байланысты.
3) Иісі – құрамында тез буланатын май қышқылдарына байланысты.
4) Қанның меншікті салмағы – 1,050-1,064
плазманың меншікті салмағы – 1,024-1,032
формалық элементтердің
меншікті салмағы – 1,089-1,098
Қанның меншікті салмағы негізінен қан құрамындағы эритроциттердің аз-көптігіне байланысты (физиологиялық және патологиялық
5) Қанның тұтқырлығы – 4-5 (қан жасушалары мен плазмадағы ірі молекулалық заттардың деңгейіне байланысты).
6) Осмостық қысымы – 290-310 мОсм/л
Қанның құрамындағы тұздар (электролиттер) мөлшеріне байланысты туындайтын қысымды осмостық қысымы дейді. Қанның осмостық қысымы негізінен NaCl иондарына байланысты.
7) Онкотикалық қысымы – 3,0-4,0 мосм/л
Қанның құрамындағы белок молекулары тудыратын қысымды онкотикалық қысымы дейді. Қанның онкотикалық қысымы аз, бірақ оның қан мен тін арасындағы су алмасу үрдістерін реттеуде маңызы зор.
8) Қан реакциясы (рН) вена қанында – 7,36
артерия қанында – 7,42
Қан құрамындағы сутегі (Н+) мен гидроксил (ОН-) иондарының ара-қатынасына байланысты. Өте тұрақты көрсеткіштердің бірі, 0,1-0,2 мөлшерге өзгерсе қауіпті
26. Эритроциттер. Саны. Қызметтері.Эритроцит санының өзгеруі.
Эритроциттердің саны (адам қанының әр литрінде): ерлерде – (4,0-5,1)*1012, әйелдерде – (3,7-4,7)*1012.
Эритроцитоз – эритроциттер санының көбеюі.
Эритроцитопения – эритроциттер санының азаюы
Эритроциттердің қызметі:
1) Тыныс алу, оттегіні өкпеден ұлпаларға және көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасымалдайды.
2) Қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қатысады (Hb буфері).
3) Ұлпалардан өкпеге суды тасымалдайды.
4) Біріншілік осмостық ауытқуларды қалпына келтіруге қатысады, олар микроосмометрлер тәрізді әсер көрсетеді (Х.Қ. Сәтпаева).
5) Кейбір улы заттарды адсорбциялайды.
6) Қанның ұюына қатысады.
7) Қан тобын анықтайды.
27. Гемоглобин. Қанның түсті көрсеткіші. Қалыпты көрсеткіштері.
Гемоглобин – күрделі белок, хромопротеид,
96% глобин және 4% гем молекуласынан тұрады. Әрбір гем молекуласында 2 валентті темір атомы болады. Гемоглобиннің бір молекуласы О2-нің 4 молекуласымен байланысады. (1г. Гемоглобин -1,34мл. О2 )
Қанның түсті көрсеткіші (ҚТК) – эритроциттердің гемоглобинмен қанығу дәрежесі немесе эритроциттегі гемоглобиннің саны. Қалыпты жағдайда ҚТК – 0,86-1,05 тең болады.