Файл: бекітемін Р жбм лтты тестілеу орталыы рмК директоры.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«БЕКІТЕМІН»

ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры

___________ Р. Т. Емелбаев

«_____»______________2023 ж.



«Көркем еңбек (қыз балаларға арналған)» пәні бойынша

Педагогтердің білімін бағалауға арналған тест спецификациясы

(2023 жылдан бастап қолдану үшін)


  1. Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлерді аттестаттау барысында Педагогтердің білімін бағалау тест тапсырмаларын әзірлеу мақсатында құрастырылған.

  2. Мiндетi: Педагогтердің қызметкерлердің білім деңгейінің біліктілік талаптарға сәйкестігін анықтау.

  3. Мазмұны: «Көркем еңбек (қыз балаларға арналған)» пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу материалдары енгізілген.



Тақырып



Тақырыпша

Оқыту мақсаты

01

Визуалды өнер

01

Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. Натюрморт өнері. Ұлттық сәндік натюрморт

Пейзаж. Табиғатпен үйлесім.

Портрет жанры. Портрет түрлері. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет.

әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау

шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау; таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер; материалдарын, техникаларын пайдалану.

әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету; материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану,бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу мен пайдаланудың тиімді жолдарын анықтау

02

Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар). Сценарий дайындау. Кейіпкерлер мен декорациялар құру. Көркем өнер идеяларын іске асыру. Дыбыс қосу

әлемдік және қазақтың ұлттық мәдениетіндегі дизайн, қолөнер мен өнер туындыларының ерекшеліктерін түсіну уақыт пен басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттің реттілігін анықтау

02

Сәндік-қолданбалы өнер

03

Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері. Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнері. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері (түрлері, стилизация мен мотивтері)

әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау

04

Көркем кестелеу. Кесте түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу. Көркемдік кестемен бұйымды безендіру

әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау, шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

05

Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу. Тоқу тәсілдері мен техникалары. Бұйымның нобайын дайындау. Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау. Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы). Шалма бізбен тоқу. Шалма біз және олардың түрлері. Тоқу тәсілдері мен техникалары

шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау; шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар

06

Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома). Жазбалар түрлері. Жазбалардың тәсілдері мен техникасы. Материалдары және құралдары

тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін сипаттау

07

Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы бұйымдары (ши тоқу, киіз бас) Әр түрлі ұлттық бұйымдар. Құрал-саймандар мен материалдар

тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін сипаттау

08

Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері. Алаша. Кілем тоқу. Гобелен. Қазіргі кілемдер үлгілері. Кілем тоқу материалдары мен құрал жабдықтары

өнер туындыларының тарихи және мәдени шығармаларындағы материалдар мен стильдерді жариялауда көпшілік назарының әсерін қарастыра отырып, салысытрмалы талдауды жасау

09

Тігін бұйымдарының классификациясы. Идеядан өнімге (тігін бұйымдары)

тоқыма материалдары мен бұйымдарының классификациясын, құрамы мен қарапайым тоқылу әдісін сипаттау және білу; тігін машинасының құрылысын, жіп өткізуді сипаттау және білу, машина тігістерін орындау; тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық (үтік) өңдеуге арналған жабдықтарын білу, қол еңбегі құралдарымен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін, еңбек гигиенасының ережелерін білу (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру және тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу)

03

Дизайн және технология

10

Дизайн, киімді макеттеу (қағаз, тоқыма материалдар). Костюм құру (мини-манекенде немесе қуыршақта). Тоқыма материалдарынан бұйым дайындау (авторлық қуыршақ, дамытатын ойыншықтар). Идеяларды құру. Нобай. Түрлі-түсті және фактуралы тоқыма материалдарын зерттеу. Материалдарды, құралдар мен жабдықтарды таңдау және дайындау

өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйеніп және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау; тоқыма бұйымдарын пішу қол еңбегі құралдарымен, тігін машинасында өңдеу; түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым орындау; қауіпсіздік техникасын қадағалау

11

Тоқыма мозаика техникасында тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт) Идеяларды құру. Нобай. Материалды таңдау және дайындау

өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау

12

Өзгеріске ұшырау (трансформация) және тігін бұйымдарды сәндеу (киім, аксессуарлар, бижутериялар). Идеяларды құру. Нобай

өзінің тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, композицияның негізгі заңдылықтарын сақтай отырып, әртүрлі нысандардың дизайны бойынша тапсырмалар орындау; шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау; тоқыма материалдары мен бұйымдарының қасиеттері мен фактурасын анықтау және зерделеу; бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу мен пайдаланудың тиімді жолдарын (немесе әдістерін) анықтау; тігін машинасын қалыпты күйге келтіруді білу және орындау

13

Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясы. Этностильдегі (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері). Этностильдегі бұйымдарды жасау (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері) Бұйымдарды әшекейлеу. Бөлшектерді пішу. Бөлшектерді өңдеу. Бөлшектерді біріктіру мен безендіру. Бұйымды ою-өрнек элементтерімен безендіру

шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы); функционалды (техникалық) және эстетикалық талаптарға сай, дизайн дайындау бойынша тапсырмаларды орындау; бұйым жасауда әртүрлі тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету

14

Заманауи сән әлеміндегі сарындық (стильді) бағыттар (өздігінен ізденіс зерттеулері). «Сән және жеке тұлға үйлесімділігі» эксперименті. Жеке даралық имиджін жасау. Идеяларды жүзеге асыру

қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың құрылғыларын қолдана отырып, тоқыма материалдарын өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану

04

Тамақтану мәдениеті

15

Дұ рыс тамақтанудың негіздері. Ас мәзірін әзірлеу. Асхананың жабдықталуы. Тағам әзірлеуге арналған құралдар-жабдықтар, аспаптар мен ыдыс-аяқтар. Тағам дайындауға арналған құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін зерттеу. Бутербродтар мен сусындардың әзірлену технологиясы. Жемістер мен көкөністерден салаттар әзірлеу технологиясы

тағам әзірлеуге арналған құралдар мен жабдықтарды зерделеу және олардың мүмкіншілігін анықтау; техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану; қол еңбегі құралдарымен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін, еңбек гигиенасының ережелерін білу (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру және тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу)

16

Жартылай дайын өнімдерден тағамдар әзірлеу технологиясы. Тағамдарды жылдам әзірлеудің технологиясы. Десерт әзірлеу технологиясы

Жылдам орындалатын тағамдар мен десерт дайындау технологияларын білу және қолдану.

17

Қазақтың ұлттық тағамдары

қазақ халқы мен әлем халықтарының мәдениетіндегі дастарқан басында өзін-өзі ұстау ережелерін салыстыру және сипаттау; әртүрлі іс-шараға арналған дастарханды безендіру әртүрлі тағамдарды дайындау үшін азық-түліктер, құрал-жабдықтар мен керек-жарақтарын анықтау және таңдау

18

Әлем халықтарының тағамдары

әлем халықтарының және ұлттық тағамдардың жасалу технологияларын қолдану



05

Үй мәдениеті

19

Жеке бастың гигиенасы. Өз-өзіне күтім жасау

Гигиена ережелері. Бөлме ылғалды және құрғақ тазалау жұмысы

жеке басының гигиенасы ережелерін зерделеу және сипаттау, әртүрлі шаш пен тері түрін анықтау; өз бетінше өз-өзіне қарау әрекеттері мен тәсілдерін таңдау және қолдану Тазалау құралдары, тұрғын үйге қойылатын гигиеналық талаптарды зерделеу және сипаттау; шектеулі қолдауда тазалау құралдарымен тәсілдерін таңдау және қолдану.


20

Өсімдік шаруашылығындағы ғылымның рөлі.

Ауыл шаруашылық өндірісінің дамуындағы әдіс –тәсілдерді бағалау.

Мәнмәтіндік тапсырмалар (мәтін, кесте, графика, статистикалық ақпараттар, суреттер және т.б).



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

1. Визуалды өнер: Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. Натюрморт өнері. Ұлттық сәндік натюрморт. Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы. Индустриалды пейзаж. Қала пейзажы. Сызықтық перспектива. Пластикалық пішіндер өнері.. Портрет жанры. Портрет түрлері. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет. Сызықты портрет. Графика. Орындалу техникасы. Дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау (сымнан орындалған портрет). Портреттегі түс. Орындалу техникасы. Заманауи портрет. Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар). Сценарий дайындау. Кейіпкерлер мен декорациялар құру. Көркем өнер идеяларын іске асыру. Дыбыс қосу. Өнердегі заманауи техника мен ғылыми жетістіктер.

2. Сәндік-қолданбалы өнер: Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері. Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнері. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері (түрлері, стилизация мен мотивтері). Көркем кестелеу. Кесте түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу. Көркемдік кестемен бұйымды безендіру. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу. Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу. Тоқу тәсілдері мен техникалары. Бұйымның нобайын дайындау. Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау. Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы). Шалма бізбен тоқу. Шалма біз және олардың түрлері. Тоқу тәсілдері мен техникалары. Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома). Жазбалар түрлері. Жазбалардың тәсілдері мен техникасы. Материалдары және құралдары. Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы бұйымдары (ши тоқу, киіз бас) Әр түрлі ұлттық бұйымдар. Құрал-саймандар мен материалдар. Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері. Алаша. Кілем тоқу. Гобелен. Қазіргі кілемдер үлгілері. Кілем тоқу материалдары мен құрал жабдықтары.

3. Дизайн және технология: Тоқыма материалдарының классификациясы мен сипаттамалары. Материалдардың түрлері мен қасиеттерін зерттеу.Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал-жабдықтар мен құрылғылар. Тігін бұйымдарының классификациясы. Идеядан өнімге (тігін бұйымдары). Дизайн, киімді макеттеу (қағаз, тоқыма материалдар). Костюм құру (мини-манекенде немесе қуыршақта). Тоқыма мозаика техникасында тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт) Идеяларды құру. Нобай. Материалды таңдау және дайындау. Тоқыма материалдарынан бұйым дайындау (авторлық қуыршақ, дамытатын ойыншықтар). Идеяларды құру. Нобай. Түрлі-түсті және фактуралы тоқыма материалдарын зерттеу. Материалдарды, құралдар мен жабдықтарды таңдау және дайындау. Өзгеріске ұшырау (трансформация) және тігін бұйымдарды сәндеу (киім, аксессуарлар, бижутериялар). Идеяларды құру. Нобай. Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясы. Этностильдегі (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері). Этностильдегі бұйымдарды жасау (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері) Бұйымдарды әшекейлеу. Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны. (тұтас жеңдер). Халықтық пішім негізінде киім үлгісінде бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу. Бөлшектерді өңдеу. Бөлшектерді біріктіру мен безендіру. Бұйымды ою-өрнек элементтерімен безендіру. Заманауи сән әлеміндегі сарындық (стильді) бағыттар (өздігінен ізденіс зерттеулері). «Сән және жеке тұлға үйлесімділігі» эксперименті. Жеке даралық имиджін жасау. Идеяларды жүзеге асыру.



4. Тамақтану мәдениеті: Дұрыс тамақтанудың негіздері. Ас мәзірін әзірлеу. Асхананың жабдықталуы. Тағам әзірлеуге арналған құралдар-жабдықтар, аспаптар мен ыдыс-аяқтар. Тағам дайындауға арналған құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін зерттеу. Бутербродтар мен сусындардың әзірлену технологиясы. Жемістер мен көкөністерден салаттар әзірлеу технологиясы. Қазақ халқы мен түрлі халықтардың және де қоғамдық тамақтану орындарындағы дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері. Жартылай дайын өнімдерден тағамдар әзірлеу технологиясы. Тағамдарды жылдам әзірлеудің технологиясы. Десерт әзірлеу технологиясы. Қазақтың ұлттық тағамдары, Әлем халықтарының тағамдары.

5. Үй мәдениеті: Жеке бастың гигиенасы. Өз-өзіне күтім жасау. Гигиена ережелері. Бөлмені ылғалды және құрғақ тазалау жұмысы.
5. Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының қиындығы: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: базалық деңгейде (A) – 26 %; орташа деңгейде (B)60 %; жоғары деңгейде (C) 14 %.

Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, түсушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.

Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.

Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.
6. Тест тапсырмаларының формалары: Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған жабық формадағы тест тапсырмалары.
7. Тест тапсырмаларын орындау уақыты: Бір тапсырманы орындаудың орташа ұзақтығы 1,5 – 2 минутты құрайды.
8. Бағалау:

Аттестация кезінде тестілеудің жиынтық балы есептелі
неді. Төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға0 балл алады.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбелері».

2. Көркем еңбек:жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушыларына арналған оқулық (қыз балаларға арналған нұсқа) +CD/ Р.Ш. Алимсаева, И.А. Резвенкова, Н.А. Якупова, О.С. Лосенко, Е.Е. Велькер, Көкшетау «Келешек-2030» 2017.
3. Көркем еңбек:жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушыларына арналған оқулық (қыз балаларға арналған нұсқа) +CD/ Р.Ш. Алимсаева, И.А. Резвенкова, Н.А. Якупова, О.С. Лосенко, Е.Е. Велькер, Көкшетау «Келешек-2030» 2018.

4. Көркем еңбек:жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушыларына арналған оқулық (қыз балаларға арналған нұсқа) +CD/ Р.Ш. Алимсаева, И.А. Резвенкова, Н.А. Якупова, О.С. Лосенко, Е.Е. Велькер, Көкшетау «Келешек-2030» 2017.

5.Көркем еңбек (қыздарға арналған): жалпы білім беретін мектептің 7-сынып мұғаліміне арналған нұсқаулық / Б.Ж. Дүйсенова, С.А. Жолдасбекова, Ж.С. Құлбекова және т.б. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017.

6. Көркем еңбек:жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушыларына арналған оқулық (қыз балаларға арналған нұсқа) +CD/ Р.Ш. Алимсаева, Е.Е. Велькер, О.С. Лосенко, И.А. Резвенкова, Көкшетау «Келешек-2030» 2018.

7. Көркем еңбек:жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларына арналған оқулық (қыз балаларға арналған нұсқа) +CD/ Р.Ш. Алимсаева, Е.Е. Велькер, Көкшетау «Келешек-2030» 2019.



КЕЛІСІЛДІ:

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрлігінің 

Орта білім беру комитеті

_______________ ______________

(қолы) (Т.А.Ә)

«____» _______________ 2023 ж.