Файл: Р. Б. Аккисева Таырып Ата аналармен жмыс жргізудегі жаа дістер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 34
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ЖББОМ жалпы білім беретін
№41 орта мектеп жанындағы шағын орталығы
№2 «Балауса» ортаңғы топ тәрбиешісі:
Р.Б.Аккисева
Тақырып: «Ата – аналармен жұмыс жүргізудегі жаңа әдістер»
Қазіргі заманда қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Сол мақсатқа жету үшін балабақшадан шығатын тәрбиеленушіге бүгін берген білім мен тәрбиенің пайдасы, жаңалығы туралы айтуға боларлық оқу – тәрбие процесін қалай ұйымдастыруға болады? Тәрбиеленуші тұлға ретінде бүгінгі күн талабына сай болып , мектеп табалдырығын аттауға дайын болу үшін не істеу керек? Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – бала тәрбиелеудің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс – тәсілдерді кеңінен пайдалану. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста болуы маңызды.Тәрбиенің ең алғашқы негізгі отбасында қаланып, балабақшада одан әрі жалғасады.Отбасының ықпалын өмірдегі ешқандай күшпен салыстыруға болмайды. Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым-қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ата-ана баласын тәрбиелеуді бастамас бұрын, өзінің мінез-құлқына, өміріне баға бере білуі тиіс. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін қателіктер ата-аналардың педогогикалық сауатсыздығынан және тәжірибесіздігінің салдарынан болады. Сондықтан да қазіргі кезде бала тәрбиесін жүзеге асыруда тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға кеңес түріндегі психологиялық-педогогикалық көмек беру өзекті болып отыр.
Ата-аналармен жұмыс жүргізудің алғы шарттары
Әрбір отбасының мақтан түтарлық жақтары болады, әр адам жақсы ата-ана болғысы келеді.Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының қандайда бір қажеттілігіне байланысты болады. Ата-анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата-ананы,яғни отбасының қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу. Баланың жетістіктері туралы ақпарат ата-аналарға бала тәрбиелеудегі өз рөлін жүзеге асыруға ықпал етеді. Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіру.
Мақсаты: Ата-аналармен бірлесе отырып, баланың тұлғасын дамытуға біріңғай білім мен тәрбие беру кеңістігін қалыптастыру. Баланың тұлғалық әрекетінің дамуы үшін отбасында эмонациональды жағдай туғызу,психологиялық жағынан кедергісіз жетілуін қамтамасыз ету үшін ата-анасына көмектесу.Отбасының тәрбиесін, әдістерін, дәстүрді сақтауын ескере отырып, балаларды әлеуметтік ортаға қарым-қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал жасау. Жұмысты ұйымдастыруда іс-әрекеттердің белгілі тәсілдерін қолдану және жаңашылдықты іздеу.
Жұмыс түрлері: Балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында ата-аналармен құрастырылған жылдық жоспар бойынша тәрбиеші мен ата-аналардың бірлескен отырыстары, жүргізілетін әңгімелер, кеңестер, конференциялар, сауалнамалар, анкеталар балаларды рухани – адамгершілікке тәрбиелеудегі қиыншылықтарды анықтауға және тиімді жолдарды таңдауға мүмкіндік беру.Балабақшадағы тәрбиемен баланың отбасындағы тәрбие бағытын өзара байланысының бір бағытта болу нәтижесін жасау. Біз өз жұмысымызда осы өзара байланыстың тиімділігін анықтап, оны жұмыс барысымызды кеңінен қолданамыз.Тәрбиешілермен, ата-аналармен, балалармен тығыз байланыс жасау үшін балабақшамызда балалардың танымдық «Арманым» газеті шығарылады. Қазіргі заман талабына сай жаңа технология әдістерін оқу-тәрбие үрдісіне енгізілді. Бұл қарым-атынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарым-қатынас» деген түсініктермен анықталады.
1.Ұйымдастырушылық: Бала мен отбасы туралы деректер алу, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін анықтау, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алынды. Ата-аналар баланы жан-жақты дамытудың жұмыс жоспарымен таныстырылып, кеңес беру пунктіндегі ата-аналар үшін өткізілетін барлық шараларға қатысу ұсынылды.
2. Үйретуші кезең: Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық, дене және сөйлеу тұрғысынан дамуы, жалпы білімін кеңейту, отбасында баламен жұмыс істеудің кейбір тәсілдеріне үйрету, әрбір баланың жалпы және жеке - типологиялық барабар комуникативтік мінез-құлық ерекшеліктеріне қарай отбасы жағдайында қалыптастыру мүмкіндіктерімен таныстыру, ата- ананың отбасында баламен қарым-қатынас жасау негіздерін меңгеруіне ықпал жасау, бала мінез-құлқындағы жеке бастық өзгерістерін саналы түрде бағалауға байланысты біліктерін қалыптастыру мақсатында ата-аналармен «Ғажайып алаң» ток-шоуы, «Баланың басты ұстазы –ата-ана!» тақырыбында дөңгелек үстел, «Адамның бақыты – балада» атты баяндама және т.б. тақырыптар таңдап алынып, балабақшада ол проблема жыл бойы практикалық қырынан жүргізіледі. Осындай жағдайда ғана конференция өз атына лайық қорытынды болып шығады.
Ашық есік күндері немесе ата-аналар күніүлкен дайындықпен өтеді. Әдетте оны тоқсанның басында, немесе каникул күндерінде өткізген тиімді. Бұл күнге арнайы тақырыпқа сай безендіріледі, кезекшілік ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама түзіледі. Осындай кездесулер. Балалар бұл жайында ата-аналарына қалай оқып, қалай жүріп тұратындығын айтады, үйренген дағдылары мен шеберліктерін көрсетеді. Мерекені ұйымдастырудың нұсқалары көп болуы мүмкін, ең бастысы оларды ұйымдастырғада ата-аналардың назарын балабақшаға, тәрбие жұмыстарына аудару болуы керек.
Балабақшадағы ата-аналарының жиналысы — дәстүрлі жұмыс формасы болғанымен оны өткізудің әдістемесі жетілдіруді қажет етеді. Ата-ана жиналысын ұйымдастыруда, оның проблемалық тақырыбын айқымдап алудың маңызы зор. Мысалы тақырыпты таңдап алған соң, оны өткізуге дайындауда ата-аналармен алдын ала сұрақ-жауап өткізуге болады. Ол сұрақтар мынадай болуы тиіс.
Сіз қандай ата-анасыз?
Сауалнама
1. Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
4. Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?
8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?
12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?
13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:
1. Әрқашан жасаймын, келісемін - 3 ұпай
2. Кейде ғана келісемін - 2 ұпай
3. Келіспеймін - 1 ұпай
0-16 - Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
17-30 - Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиелік қабілет бар, тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
31-39 - Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
№2 «Балауса» ортаңғы тобының ата – аналармен ұйымдастырылған
жылдық жоспары
Мақсаты: Ата-аналарға педогогикалық білім беру; олардың педогогикалық мәдениетін көтеру; бала тәрбиелеуде оларға көмек көрсету болып табылады.
Мерзімі | Өткізілетін іс-шара | Жауапты |
Қыркүйек | 1.Топты безендіру (ата - аналармен) (жаңа оқу жылының оқу жоспарымен таныстыру) 2. Кеңес: «Жан-жақты бала тәрбиесі» 3.«Ата-ана ұстамының бала дамуына әсері» | Р.Б. Аккисева Н.Б. Шайлимбекова |
Қазан | 1Сауалнама: Тақырыбы: «Бала және отбасы» 2.Көрме: «Алтын күз» 3.Ойын сауық бағдарламасы. Тақырыбы: «Алтын күз» | Н.А.Болтина Р.Б.Аккисева |
Желтоқсан | 1.«Қиын бала деген кім?» 2.«Ата-аналар мен бала арасындағы сыйластық» 3.«Жаңа жыл» мерекесіне байланысты ата-аналар бұрышын безендіру. 4.Көрме: «Тәуелсіздік жолында» 5. Ашық есік Тақырыбы: «ҚМТҚ бойынша І тоқсан алған білімдері» қайталау | Психолог Н.Б. Шайлимбекова Н.А.Болтина Р.Б.Аккисева |
Қаңтар | 1.«Баланы адамгершілікке тәрбиелеудегі ата –ананың ықпалы» 2.Сауалнама: «Отбасындағы баланың ролі». | Р.Б.Аккисева |
Ақпан | 1.Ата- ана жиналысы Тақырыбы: «Балаларды тәрбиелеуде отбасының ролі.» 2.Сауалнама: «Өз балаңыз туралы не айтасыз?» | Н.А. Болтина Р.Б.Аккисева |
Наурыз | 1.Ашық есік Тақырыбы: «Балаларды тәрбиелеуде сюжетті ролді ойынның маңызы» 2.8 наурыз мерекесіне ұйымдастырылған ертеңгілікті тамашалау. Тақырыбы: «Мерекеңмен Анашым!» 3.Ертеңгілік: «Ұлыс оң болсын..» | Н.А.Болтикова |
Сәуір | 1.Кеңес: «Егер балаңыз ауырып қалса..» 2.Сауалнама: «Балаңыздың бойында қандай өзгеріс байқадыңыз?» 3.Ата- анамен жұмыс: Тақырыбы: «Серуен аланың қалай безендіреміз?» | Р.Б.Аккисева Н.А. Болтикова |
Мамыр | 1.Кеңес: «Балаңызбен қарым қатынасыңыз дұрыс па?» 2. Ата- анамен жұмыс Тақырыбы:«Жаз бізге не сыйлайды?» | Р.Б.Аккисева |
Ата-аналар жиналысы хаттамасы:
№2 «Балауса» ортаңғы тобы
Күні: 24.10.2016жыл
Барлығы - 30 бала
Қатысқаны -18
Себептісі – 9
Ата - аналар жиналысының төрайымы:
Күн тәртібінде:
1. «Балабақшамен ата -ана арасындағы байланыс ». (Баяндама А.К.Арконова)
«Бала тәрбиесі отбасынан басталады.» (Баяндама Р.Б.Аккисева)
«Баланың балабақша өміріне бейімделуі» Педагог - психолог Н.Б.Шайлимбекова
Тындалды:
1 – мәселе бойынша сөзді № 2 «Балауса» «Балабақшамен ата-ана арасындағы байланыс» тобының тәрбиешісі Р.Б.Арконова алды. Ата - аналар жиналысының тақырыбы . Осы тақырыптың бағыты бойынша сауалнама таратылды. Сауалнамаға 18 ата –ана жауап берді.
І - бөлім бойынша тәрбиеші А.К. Арконова «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері» тақырыбында баяндама оқыды.
ІІ - бөлім. Баяндама төңірегінде сұрақтар қойылып ата - аналар жауап берді.
ІІІ - бөлім. «Ассоциация» жазу арқылы ата - аналар өз пікірлерін білдіреді.
ІV - бөлім. «Педагогикалық ойын» кесте толтырды.
V - бөлім. «Мәреге кім бірінші жетеді?» Ата - аналар тақтадағы қағаздарды толтыру арқылы өз балаларын мадақтайды.
VII - бөлім. «Сіз қандай ата - анасыз?» ата - аналарға сауалнамалар таратылып беріледі. Сауалнамада 8 сұрақ қарастырылған. Сауалнама сұрақтарына байланысты жауаптар алынып, ата - аналар туралы білдік.
VIII- бөлім. Толғаныс парағы «Жанұя типтері». Ата -аналар кесте бойынша сұрақтарға музыка әуенін тыңдай отырып жауап берді. Отбасындағы бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігін білдік.
1–топ бойынша сөзді РахымжановаА.Б.алды.Бүгінгі сіздердің көтеріп отырған тақырыптарыңыз ата - аналарды ойландырып қана қоймайды, балаларын отбасында дұрыс тәрбие беру жолдарын қарастырады деп ойлаймын. Жиналысқа үлкен, өте жақсы деп бағалай аламын.
Сөз алды:
а) Әлидің анасы Аидарханова Әсел Сәбитқызы сөз алды. Әлиге берілген тапсырмаларды, тақпақтарды үйде орындап, баламның дамып келе жатқаның көріп отырмыз.
б)Иманәлінің анасы Аянбаева Данагүль Серікқызы сөз алды. Иманәлі үйге келгенде балабақшадағы өткен іс-әрекеттерін бәрін қайталап айтып береді.
Тыңдалды:
3- мәселе бойынша сөзді балабақша педагог психолог Н.Б.Шаилимбекова алды.
«Ата-ана ұстамының бала дамуына әсері» тақырыбында баяндама оқыды.