Файл: Р. Б. Аккисева Таырып Ата аналармен жмыс жргізудегі жаа дістер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 35
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Балаларды балабақшаға бейімдеуде ата-ана тез тастап кетуі керек. Бала ата-ананың қобалжып тұрғанын білсе оның балабақшаға қалуы қиындайды. Егер ата-анасымен келгенде бала жылап қалса, онда ата-әжелері,немесе туған-туыстары әкелген жөн.
Бастапқы кезде баланы түске дейін қалдырған жөн. Баланың балабақшаға бейімделуі бір апта немесе оданда көп болады.
Қаулы қабылданды:
Тәрбиешінің кеңесі - дербес жұмыстың кең тараған формасы. Өкінішке орай балалары топтан-топқа көшкен сайын ата-аналардың белсендігі төмендей береді. Консультацияның негізі - ата-аналардың сұрақтарына жауап беру. Педагогикалық - психологиялық түрғыдан алып қарағанда консультация ата-ананың бастамасына тәрбиешінің қалауы, осылайша көмек көрсетуге дайын болу, ата-аналарды мазалаған сүрақтарға нақты ақыл — кеңес беру сипатында болуы тиіс.
Ата - аналарға кеңес.
Егер:
-
Баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды. -
Балаға үнемі күлсе, ол бұйығы болып кетеді. -
Баланы мақтап отырса ол өз қадірі үшін ғана оқиды. -
Бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді. -
Бала адалдықта өссе, ол адал болып жетеді. -
Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды. -
Бала кекшілідікте өссе, ол қатыгез болып өседі. -
Бала түсінікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Егер сіз балаңызды жақсы көргіңіз келсе...
Бірінші кеңес.
Баланы ерекше әлпештеп жібермеңіз. Мейлі үйде, мейлі түзде болсын, бала өзін елден ерек екенмін деген сезімде болмауы, басқаларды құрметтеуді ұғынуы жөн. Тіпті әлпештеуге тура келген кейбір жағдайда да оны баланың өзіне сездіруге болмайды.
Баланы орынсыз мадақтай бермеңіз. Бала бір үйлі жан өзімнің соңымнан шырақша үйіріледі дейтін сезімде болмауы керек. Көзінше дәріптеп, мақтауға болмайды.
Екінші кеңес.
Баланың ырқында жүре бермеңіз. Бала не талап қойса, соған елпілдеп, айтқанын да айтпағанын да алып бере беруге болмайды. Өте керекті зат, ақша секілді нәрселерге келгенде қайсысының қажет қайсысының қажет емес екендігін айтып, түсінідіріп қою қажет.
Балабақшадағы баланың киімі
1. Бала балабақшаға таза киіммен келеді.
2. Топта баланың ауыстыратын аяқ киімі болу керек (еденде із қалдыратын қара табанды аяқ киімдер кигізбеуге тырысу қажет)
3. Балабақшада баланың киімдерін сақтайтын арнайы орын бар, оны ата-анасы ретке келтіріп отырады.
4. Балабақшада әрбір балада өзінің жеке тарағы және таза қол орамалы болуы тиіс.
5. Дене шынықтыруға қатысу үшін баланың арнайы дене шынықтыру киімі болуы керек, ол топ тәрбиешісі және басқа ата-аналармен келісіледі. Даладағы дене шынықтыру сабағы үшін бөлек арнайы киімдер болуы керек.
6. Далада серуенге шығу үшін баланың белсенді қозғалысына кедергі болмайтын киімдер болуы керек және ол тез кептіруге болатын, кір көтеретін болғаны жөн.
7. Балалардың киіміне ата-ананың қалауы бойынша жоғалып кетпеуі үшін немесе басқа балалардың киімімен ауысып кетпеуі үшін белгілер қоюға болады.
8. Киім мен аяқ киім ауа райына сәйкес болуы тиіс.
9. Қыста және ылғалды ауа райында баланың қосымша құрғақ қолғабы мен киімдері болғаны дұрыс.
10. Баланың киім салғышында міндетті түрде ауыстыру үшін қосымша құрғақ киімдер жинағы болуы тиіс.
Ата-аналарға кеңес
Баланы топтың күн тәртібіне сәкес алып келіп, алып кету керек – баланың тамақтану, ұйықтау және оқу үрдістеріне құқығын бұзбаңыз.
Таңғы қабылдау - бұл баланы тәрбиешіге тікелей тапсыру және оның хал-жағдайы туралы қысқаша мәлімет беру. Тәрбиеші 09.00-ге дейін топтағы бала санын табелге белгілейді.
Топ өмірін ұйымдастыру жөніндегі ақпарат стендіге ілінген.
Әрбір топ жылдық оқу-тәрбие жұмысының жоспары негізінде бала жасына және мүмкіндігіне сәйкес жұмыс жасайды.
Өз балаңызды жақсы көріңіз және басқа балаларды сыйлаңыз – баланың денсаулығы болмай тұрса балабақшаға алып келмеңіз (тәрбиеші баланы қабылдамауға құқығы бар).
Егер балабақшада бала денсаулығының нашарлағанын сезсе, онда балабақша медбикесі алғашқы көмек көрсетеді, ата-анасын шақырады, өте қажет болған жағдайда «жедел жәрдем» шақырады.
Бала науқастанып келмеген жағдайда немесе демалыста болған жағдайда дәрігерден анықтама алып келуі тиіс (таңертеңгі қабылдау кезінде топ тәрбиешісіне тапсыру керек).
Бала бір күнге қалатын болса алдын ала немесе таңертеңгілік (09.00-ге дейін) тәрбиеші телефон номеріне хабарласып ескерту керек.
Күнделікті серуенге 2 рет шығарылады: «қолайлы киінсеңіз жаман ауа райы жоқ» (қолайсыз ауа райы немесе басқа да жағдайларда серуендеу кейінге қалдырылады).
Балабақшада бала күту бағасы 7500 теңге.
Ақыны айдың 5-ші жұлдызына дейін төлеп отыру керек.
Ата-аналар балабақшаның қамқоршылық кеңесінде өз тобының өкілі арқылы оқу бағдарламасы мен балабақшаның даму жоспарына жақсарту, өзгерту немесе қосымша енгізу бойынша ұсыныс жасай алады
Күн аяз болғанда ата-ананың жеті қателігі:
-
Көбісі баланы жылырақ киіндіру керек деп ойлайды. Қымтап киіндіре берген бала өкінішке орай жиі ауырады. Қозғалыс өздігінен денені қыздырады, баланы «қырық қабат» киіндіру артық болады. Ағзада жылу алмасу бұзылады, нәтижесінде ол ысиды. Сол кезде болмашы желден салқын тиіп қалады. -
Көпшіліктің ойы: жылыны сақтау үшін киім денеде тығыз тұру керек. Суықтан қорғанудың ең сенімді жолы – ауа. Төмен температурадан сақтану үшін, дене айналасында кеңістік болғаны дұрыс екен. Ол үшін жылы, бірақ мүмкіндігінше кең киім болу керек. Ал аяқ киімнің ішінде бас бармақ еркін қозғалатындай болғаны жөн. -
Көпшіліктің ойы: егер бала тоңса ол міндетті түрде айтады. Бала терісінің астындағы майлы қабат өте аз, термореттегіш жүйесі толық қалыптаспаған. Бала әсерді тез байқамауы мүмкін. Баланы бесік-арбада немесе шанада ұзақ уақыт алып жүрмеңіз. Ол қозғалыста емес – ол аяз құшағында жатыр. -
Көпшіліктің ойы: қыс уақытында бір сағат серуен жеткілікті. Бұл мәселеде қатаң тәртіп жоқ. Барлығы баланың шыныққандығына және дала температурасына байланысты. Қысқы уақыттағы ауа қаупі – жоғары ылғалдылық және жел. Егер серуенге шығар алдында баланы жақсылап тамақтандырса балалар суыққа шыдамды болады – көмірсу мен майға бай тамақ ерекше жылу береді. -
Көпшіліктің ойы: егер бала тоңып қалса, онда баланы тезірек жылыту керек. Жылыту керек бірақ жедел түрде емес. Мысалы, егер баланың тоңып қалған саусақтарын батареяға қойса немесе ыстық судың астына тосса – қиын жағдайға тап боласыздар. Екі түрлі температураның жедел араласуынан дененің қатты тоңған жерлері ауруы мүмкін немесе одан да жаман, жүрек жұмысы нашарлауы мүмкін. Ең дұрысы, баланы жылы, құрғақ киіндіріңіз, жамылғы жабыңыз, жылы суға шомылдырыңыз. -
Көпшіліктің ойы: салқын тиген бала серуенге шықпауы тиіс. Егер баланың температурасы жоғары болмаса, серуенге міндетті түрде шығу керек. Науқас баланы апта бойы пәтерде ұстап отыру үлкен қателік. Мүмкін өзіңіз байқаған да боларсыз таза ауада тыныс алуы жеңілдейді, мұрын тазаланады, терең демалуы жақсарады. Егер аздап аяз болса да кедергі емес. Баланың аузымен тыныс алмауын және терлемеуін қадағалаңыз, салқын жел тиіп қалмасын, өте көп қимылдауға жол бермеңіз. -
Көпшіліктің ойы: баланың құлағы тоңғаны өте қиын. Балаға жеңіл-желпі салқын тигенде мұрын жолдары арқылы сұйық өзімен бірге инфекцияны бірге алып мұрыннан оңай ағып кетеді. Осының салдарынан жиі құлақ ауруы да болады, ол құлақтың тоңғанынан емес. Баланың мойынын және желке тұсын жабуға тырысыңыз – дәл осы жерлер жылуды тез жоғалтады.
Қорытындылаи келе
«Мына заманда ең басты мәселе - бала тәрбиесі. Біз балаларға салмақты тәрбие беруіміз керек. Баланың одан әрі білімін жетілдіре отырып, отбасына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруымыз қажет. Бүгінгі қатал өмірде мейірімді әрі өз ісіне берік, сөзі мен ісі қатар жүретін азамат ету біздің міндетіміз.
Мен өзім балалармен жұмыс істегенді ұнатамын. Олардың білмеген нәрсесін түсіндіріп, қашанда бағыт-бағдар көрсетуге даярмын. Жұмыс болғандықтан оның қызығы мен шыжығы да болады. Ең бір қызығы балалар үйінде: «апай бізге былай істе, олай істеме деді»,- деп ата-анасынан гөрі тәрбиешінің сөзіне ғана құлақ асады екен. Тіпті кейбір ата-ана баласының мінез-құлқын, оның икемділігін біліп одан әрі арттыру үшін кеңес алып жатады. Неге десеңіз, қазір ата-аналар жанұясын асырау үшін күнделікті күйбен тіршіліктен шыға алмайды. Көпшілігі баланың киімі бүтін, тамағы тоқ болуын қамтамасыз етіп, баласына қажетті көңіл бөле алмайды. Мысалы: балалал күндізгі уақытта балабақшада болады.Кешкісін ата-анасымен тілдессе тілдесті, тілдеспесе таңын теледидармен бірге атыратыны қаншама?! Солардың арасында кейбір ата-аналар оларға тыйым салмай қатар отырып көретіндерін қайтесіз. Осыдан барып баланың психологиясы бұзылмай қайтеді?
Балаға жақсы мен жаманның, шындық пен өтіріктің, достық пен қастықтың арасын ажыратуға көмектесіп, тәрбиенің негізін салатын біз. Мәселен, менің тобымда 25 бала бар, осылардың барлығы менің балаларым, бәріміз бір үлкен жанұялармыз. Әрине әрбір баланың қзіндік сана-сезімі,ой-өрісі бар. Сондықтанда бәріне бірдей қарауға тырысамыз.
Тәрбиенің негізі балаға үйрету, түсіндіру, сана-сезімін жетілдіру. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегеңдей, біз бүгінгі балаларды жастайынан ұлтшылдыққа, намысшылдыққа, білімділікке тәрбиелеуіміз керек. Бала тәрбиесі – баршаның ісі.Отбасының да, балабақшаның да ең басты мақсат мүддесі біреу ол-заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Ең бастысы – тіліміз бен дінімізді жоғалтпасақ, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болады деп сенемін.
Қолданылған әдебиеттер
-
Сапарғалиев Г. Оқушыларға праволық тәрбие беру туралы. -А., 1988. -
Смайылова М. Тәрбие жүмысын жоспарлау туралы. //Қазақстан мектебі, №10, 1988. 29-30 беттер -
Төлеубеков А. Р. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. -Алматы, 1991 ж -
Ұзақбаева С. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. -А., 1991. -
Ұзақбаева С. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. -А., 1990. -
Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. /Құрастырған Ж. Нүржанова. -Алматы, 1991.