Файл: 1.Индустрияландыру, жаырту тарихи терминдеріне анытама берііз. Индустрияландыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 1983
Скачиваний: 14
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
11 сынып Қорытынды Мемлекеттік Аттестаттау Қазақстан тарихы билеттерінің жауабы Асанбекова Г.С.
1.«Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз.
«Индустрияландыру»-аграрлық қоғамнан индустриялық, экономикада өнеркәсіптік өндіріс басым болатын қоғамға қарай жеделдетіп өту үрдісі.
«Жаңғырту»- заманауи талаптарға жауап беретін қайта құрулар үдерісі, қоғам өмірінің әртүрлі жақтарының жаңаруы.
2. «Сауатсыздықты жою», «қызыл отау» «иммиграция» терминдеріне анықтама беріңіз.
«Сауатсыздықты жою»- кеңес өкіметінде сауатсыздықты жою бағытында жүргізілген іс-шара.
«Қызыл отау»- кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы қыз-келіншектердің сауатын ашу үшін ұйымдастырылған киіз үй.
«Иммиграция»-қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп келуі.
3. «Шовинизм», «толеранттылық» терминдеріне анықтама беріңіз.
«Шовинизм»- нәсілдік артықшылықты насихаттайтын және ұлттық жауласу мен жеккөрініштікті қоздыратын, неғұрлым реакцияшыл ұлтшылдық.
«Толеранттылық»- төзімділік (лат. tolerantia-шыдамдылық, шыдау, қабылдау) әлеуметтанушылық ұғым; өзге дүниетанымға, тұрмыс салтына, мінез- құлық пен әдет-ғұрыптарына төзімділікті білдіреді.
4. «Полиэтникалық қоғам», «депортация» терминдеріне анықтама беріңіз.
«Полиэтникалық қоғам»-бірнеше этникалық және ұлттық топтардан, диаспоралардан тұратын қоғам.
«Депортация» - (лат.-қуу)-1920-1940 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін кезеңінде КСРО-ның бірқатар халықтарын тарихи мекендеген жерлерінен қуу. Депортация ауыр қылмыстардың қатарына жатады.
5. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мәдениетінің негізгі бағыттары мен жанрларын анықтаңыз.
20-50-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттің дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, З.Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және әртістер жұмыс істеді.
Бұл кезеңде Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә.Қастеев керемет туындылар жазды. Ол жазған көптеген акварель туындылар «Ескі және жаңа тұрмыс» деген топтама ретінде белгілі. Суретші туындыларынан ұлттық ерекшелікке, адам жанына терең үңілуге, тарихқа, халықтың салт-дәстүріне деген шынайы көзқарасы анық байқалады. Ә.Қастеев жазған мыңнан астам картиналар мен суреттер «республиканың көркемсурет қолжазбасы» деп бекер аталмаған. Соғысқа дейінгі кезеңде Ә.Ысмайылов, X. және К.Қожықовтар, Б.Сәрсенбаев, О.Таңсықбаев сияқты қазақ суретшілері жұртшылыққа кеңінен танымал болды. Соғыс жылдарында Қазақстанда ұлттық көркемсурет өнерінің дамуына зор үлес қосқан Украина, Белоруссия, Ленинград және Мәскеуден келген суретшілер жұмыс істеді.
Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері де үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майдандағы кеңестік әскерлердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына өзіндік жарқын із қалдырды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы - патриотизм және Отанды қорғау. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Қазақстан композиторлары 300-ден астам музыкалық шығармалар: опералар, симфониялар, әскери-патриоттық әндер жазды. Соғыс жылдарында опера өнері дами түсті. 1942 жылы Е. Брусиловскийдің «Гвардия, алға!», 1944 жылы А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» опералары қойылды. Соғыстан кейінгі жылдарда Е. Брусиловский мен М. Төлебаевтың «Амангелді», А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Төлеген Тоқтаров», М. Төлебаевтың «Біржан - Сара» опералары жазылды. 1949 жылы осы операның авторларына және негізгі партиясын орындаушыларға КСРО Мемлекеттік сыйлықтары тапсырылды. 1940 жылы «Көктем» атты алғашқы қазақ балеті қойылды. Соғыс жылдарында Қазақ музыкалық театрының балетіне Г. Березова жетекшілік етіп, сахнада әлемге әйгілі артистер өнер көрсетті. 1942 жылы маусымда Галина Уланова Алматыда алғаш рет театр сахнасына шықты.
Республикада жаңа театрлар ашыла бастады. 1937 жылы Қызылордада Корей музыка-драмалық театры, ал 1944 жылы Алматыда Балалар мен жасөспірімдер театры ұйымдастырылды. 1937 жылы Қазақ театры академиялық театрға айналды, бірқатар актерлер республиканың халық және еңбек сіңірген артистері атақтарын алды.
Соғыстан кейінгі жылдары жазба әдебиет те дамыды. Д. Әбілев, Ө. Сәрсенбаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Ө. Шәріпов, Ә. Әбішев, Ғ. Мұстафин қазақ кеңес әдебиетінің танымал шеберлеріне айналды. Әдеби жанр түрі көп болғанымен, тақырыптарды таңдау аясы шектелді. Көркемөнер мен әдебиетті жаңғыртпақ болған өнер адамдарының шығармашылығына шек қойылды. 20-30-жылдардағы қуғын-сүргінге ұшырап, таптық методологияға негізделген әдебиет социалистік құрылыстың тек жақсы жақтарын, халықтың социалистік жасампаз өмірін, халықтар достығын, жаңа қоғамдық қатынастарды бейнеледі.
Соғыстан кейінгі уақытта әдебиетшілер шығармашылығы қатаң идеологиялық бақылауға алынды. Соған қарамастан 40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың басы Қазақстан кеңестік әдебиетінің гүлденген кезі болды. 1947 жылы М. Әуезовтің «Абай» романының 2-томы басылып шықты, 1948 жылы, С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», 1949 жылы Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романдары жарық көрді. 1949 жылы «Абай» романы үшін М. Әуезовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы беріліп, роман жазушыға дүниежүзілік даңқ әкелді. 50-жылдардың басында қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков және т.б. шығармалары жарық көрді.
Соғысқа дейінгі уақытта қазақ киносы да қалыптасты. 1938 жылы Қазақстанда тұңғыш көркем фильмдер студиясы ашылды. 1938 жылдың соңында Алматы кинохроника студиясы ұйымдастырылып, қазақтың тұңғыш дыбысты деректі фильмі «Жамбыл ата» көрерменмен табысты. Осы жылы «Ленфильм» киностудиясында қазақстандық кинематографистердің алғашқы көркем фильмі- «Амангелді» түсірілді. 1941жылы Мәскеу және Ленинград киностудиялары Қазақстан астанасына қоныс аударып, олар Алматы көркем фильмдер киностудиясымен бірігіп көптеген фильмдер түсірді. Олардың қатарына «Екі жауынгер», «Илья Муромец» және т.б. фильмдерді жатқызуға болады. 1945 жылы Алматы көркем фильмдер киностудиясы тұңғыш рет өз күшімен «Абай әндері» фильмін жарыққа шығарды. Білім беру ісіне келсек, 1920-1940 жж елде «Сауатсыздықпен күресті» жүргізді, 15-50 жас аралығындағыларды жаппай оқытты. 1949 жылы жетіжылдық, 1962 жылы сегізжылдық білім беру іске қосылды. 1972 жылдан бастап, орта білім беруге көшірілді.1928 жылы тұңғыш ЖОО ашылды, ҚазПИ Абай атындағы, 1929 жылы Алматы мал-дәрігерлік институт, 1930 жылы ауыл шаруашылығы институты, 1931 жылы Алматы медицина институты, 1934 жылы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университет ашылды.
Мәдениет саласы мектептер, университеттер, кітапханалар, театрлар, филармония, кинтеатрлар, мәдениет үйлері, стадиондар, спорт сарайлары, цирк, ботаникалық бақтар мен саябақтардан тұратын қалалық қоғамдық мәдени орта жасалды. Кеңес заманында Қазақстан мәдениетінде рухани ізденістерге бөгет жасайтын атеизм болды. Бірыңғай ойлау жүйесі шығармашылық еркіндікті шектеді, жасампаздарды қатаң шектеулерге ұшыратты. Мәдениетке идеологиялық бақылау орнатылды. Кеңестік цензура қатаң болды. Мемлекет ізденімпаздықты қолдамады.
6. «Аң стилі», «полихромдық стиль» терминдеріне анықтама беріңіз.
«Аң стилі»- Б.з.б VІІІ ғасырдан бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу - аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы - аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу.
«Полихромдық стиль» -қолданбалы өнер түрлерінде, сондай-ақ сәулет, мүсіндеу өнерінде жиі қолданылатын безендіру тәсілі. Басты ерекшелігі – беріліп отырған негізді (яғни затты, қабырғаны, т.с.с.) әр түсті материалдарды пайдалану арқылы сәндеу болып табылады.
7. «Референдум», «Конституция» терминдеріне анықтама беріңіз
.
Референдум — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтың дауысына салу.
Конституция, Ата Заң— Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы болып табылады.
8. «Полиэтнос», «моноэтнос» терминдеріне анықтама беріңіз.
«Полиэтнос»-бірнеше этникалық және ұлттық таоптардан, дасипоралардан тұратын қоғам.
«Моноэтнос» -құрамы бір ғана этникалық топтан тұратын ұлттық құрылым.
9. «Этногенез», «этнос» терминдеріне анықтама беріңіз.
«Этногенез»- этностың шығу тегі, этникалық тарихы. Әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы.
«Этнос»-ортақ белгілері (шығу тегі, тілі, мәдениеті, шаруашылық қызметінің үлгісі, аумағы, сыртқы түрі, менталитеті мен өзіндік санасы) бойынша біріккен, адамдардың тарихи қалыптасқан, орнықты жиынтығы.
10. «Рабад», «киіз үй» терминдеріне анықтама беріңіз.
Рабад- ортағасырлық қалалардың қарапайым халық тұратын шеткі бөлігі.
Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі. Көшіп-қонуға ыңғайлы үй. Киіз үй кеңістігі бес бөлікке бөлінеді: ошақ, қонақтарға арналған орын, ер адамдарға арналған, әйелдерге арналған бөлік, босаға. Киіз үйдің орталығы-ошаққа арналған орын. Киіз үйдің күмбезі- Аспанның, шаңырақ- Күннің, ошақ пен киіз үйдің дөңгелек кеңістігі Жердің нышанын білдіреді.
11. «Доктрина», «зайырлылық» терминдеріне анықтама беріңіз.
Доктрина- іс-әрекет жасауға бағыт беретін нақты нұсқаулар жиынтығы.
Зайырлылық -мемлекеттің діннен, діннің мемлекеттен бейтараптылығы және ар-ождан бостандығы. Зайырлылық сипаты — ізгілік пен қажеттілік болып табылады.
12. «Ирредента», «диаспора» терминдеріне анықтама беріңіз.
«Ирредента»- өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ түрлі себептермен өзге ел құрамына еніп, сонда қалып қойған этникалық топ.
«Диаспора»- өзінің тарихи шығу тегінен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бір бөлігі «этникалық қауымдастық».
13. «Шежіре», «дәстүр»» терминдеріне анықтама беріңіз.
Шежіре-тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Қазақтардағы тектанушылық ілімі, ру тарихы.
Дәстүр- ұрпақтан-ұрпаққа берілетін және қоғамдық қатынастарды рететйтін түсініктер мен салттары жиынтығы.
14. «Автохтонды халық», «этнос» терминдеріне анықтама беріңіз.
«Автохтонды халық»-белгілі бір аймақтың ежелгі жергілікті халқы. Мысалы, қазақтар Қазақстанда автохтонды ұлт болып саналады.
«Этнос»- ортақ белгілері (шығу тегі, тілі, мәдениеті, шаруашылық қызметінің үлгісі, аумағы, сыртқы түрі, менталитеті мен өзіндік санасы) бойынша біріккен, адамдардың тарихи қалыптасқан, орнықты жиынтығы.
15. «Мәдени-генетикалық код», «ұлт» терминдеріне анықтама беріңіз.
«Мәдени-генетикалық код»- бір этнос, ұлт немесе өркениет адамдарын байланыстыра отырып, тіл мен нышандардың көмегімен ұрпақтан-ұрпаққа берілетін рухани құндылықтар, түсініктер, тәжірибе мен дәстүрлер.
«Ұлт»- 1) мәдениеттің ортақтығынан көрініс табатын, тілдің, аумақтың, экономикалық өмір мен психикалық қалыптың ортақтығы негізінде пайда болатын, адамдардың тарихи жағынан қалыптасатын орнықты қауымдастығы;
2) ел, мемлекет.
16. «Ақсүйек», «қарасүйек» терминдеріне анықтама беріңіз.
Ақсүйек — қазақтардағы артықшылықтарға ие топ, оған Шыңғыс хан ұрпақтары-сұлтандар мен дінді таратушылар-қожалар кірді.
Қарасүйек – ру-тайпалық жүйемен біріккен көшпелі қазақтар. Ақсүйек тобына жатпайтын жай халық, қара халық. Қарасүйектер мүліктік және жеке бас құқығы бар ерікті тұлғалар деп танылған.
17. «Революция», «реформа» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз.
Революция-түбегейлі төңкеріс, мысалы, 1917 жылғы 27 ақпандағы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы; 1917 жылғы қазандағы төңкеріс;
Реформа- өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.
18. «Жәдидшілдік», «пантүркизм» терминдеріне анықтама беріңіз.
«Жәдидшілдік»- ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресей империясындағы мұсылмандар арасындағы қоғамдық-саяси, ағартушылық, рефоромашылық қозғалыс.
«Пантюркизм»-түркі халықтары мекендеген мемлекеттерде тараған мәдени және саяси ағым. Оның негізінде түркілердің этникалық, мәдени және тілдік ортақтығы ретінде саяси топтасу қажеттігі туралы идеялар. ХІХ ғасырдың соңында пайда болды.
19. «Тоталитаризм», «демократия» терминдеріне анықтама беріңіз.
«Тоталитаризм»-мемлекеттің қоғам мен адам өмірінің барлық жақтарына толық (төтенше) бақылау жасауына ұмтылатын саяси режім.
«Демократия»-мемлекет саяси құрылысының түрі. Бұл кезде халық биліктің заңдық және атқарушылық функцияларын тікелей немесе өз өкілдері арқылы жүзеге асады.
20. «Интеграция», «жаһандану» терминдеріне анықтама беріңіз.
Интеграция- келісілген мемлекетаралық экономика мен саясат негізінде ұлттық шаруашылық жүйелердің жақындасу және кірігу үдерісі.