Файл: 1.Индустрияландыру, жаырту тарихи терминдеріне анытама берііз. Индустрияландыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 1984

Скачиваний: 14

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Дала өркениетінің этникалық сипаты әртүрлі болды. Ол бір халықпен (этноспен) және бір дінмен шектелмеді. Көшпелілер алуан түрлі тілде сөйлейтін (түркілер, моңғолдар, ирандықтар) және түрлі нәсілге жататын (моңғолоидтар, еуропеидтер, аралас нәсіл түрлері) халықтардан құралды. Олардың ұстанған діні де әртүрлі (тәңіршілдік, зороастризм, буддизм, ислам) болды. Оларды «туыстастырған» және біріктірген Ұлы Дала мен көшпелі малшаруашылығы еді.

Ұлы Дала елеулі тарихи оқиғалар алаңы болды. Оны ңтарихы кескілескен шайқастар мен жорықтарға және басқа да әскери-саяси оқиғаларға толы көшпелі мемлекеттер тарихы еді. Оның кейбіреуінің аса ауқымды болғаны соншалықты, бүкіл Ұлы Даланы қамтып, тіпті оның ауқымынан асып та кетті.

Көшпелі халықтар мен мемлекеттер бірде жауласып, бірде күш біріктіріп, одақтас та болып отырды. Жылнамашыларды қызықтыратын да осындай тарихи оқиғалар еді. Шынымен де, өткенге қызығушылық танытатындар үшін маңызыды оқиғаларға толы тарих еді. Көшпелілер бүкіл Еуразияның саясатына ықпал етіп қана қоймай, тіпті олардың саясатын да анықтады.

85. Қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі дала өркениетінің барлық мәдениеттері сабақтастыққа ие және бірыңғай тарихи процесті құрайды деген пікір қалыптасқан. Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.

Мен бұл тұжырыммен келісемін. Өз жауабыма мынандай дәйектер мен дәлелдер келтіремін. Б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықта энеолитте Далада мал шаруашылығы қалыптасты. Жылқын қолғай үйреткенін Ботай мәдениеті дәлелдейді. Ол Солтүстік Қазақстанда орналасқан оны Ботай-Терсек мәдениет деп аталады. Бұл өтпелі мәдениетте аңшылық басым болып, малшаруашылығы енді ғана қолға алына бастады.

Ботайлықтардың жылқы асыру мәдениеті қазақтардың бүгнігі мәдениетіне жылқы өсәру, жылқы еті мен қымызды пайдалануға жалғасты.

Энеолит пен ерте қола дәуіріндегі Көнешұңқыр мәдени-тарихи қауымдастығы б.з.б. 3600-2300 жылдары Ұлы Даланың батысын қамтыды. Егіншілікпен қатар малшылық басым болды. Қола дәуіріндегі өзгерістерге: тұрақты қоынстар, дөңгелекті көлік және қола құю жатады. Қуаңшылық салдарынан шаруашылық түрлері мен мәдениет өзгерді. Арқайым, Сынтасты-алғашқы қалалар болды. Ұлы Далада түсті металл кен көздері көп кездесті. Оның орталығы-Орталық Қазақстан болды. Қазақстандағы қола дәуірді кейде Андрон дәуірі деп атайды. Ғылымда далалық қола мәдениеті мен андрондық мәдени-тарихи қауымдастық деген атау қалыптасты. Андрондық мәдени-тарихи қауымның мәдениеті бір-бірімен тығыз байланысты болды. Оның қатарына: Сынтасты мәдениеті б.з.б. 21-18 ғғ жатады. Ресейдегі Оңтүстік Орал жазығында орналасты. Петров мәдениеті-б.з.б. 17-16 ғғ жатады. Онда қорғаныс орлары көп болды. Алакөл мәдениеті б.з.б. 17-13 ғғ. Олар үлкен жартылай жертөле үйлерде тұрды. Федоров мәдениеті б.з.б. 15-12 ғғ. Алакөлдіктердің дәстүрін жалғастырғандар. Феодоров мәдениетін сарғарылық мәдениет ауыстырды. Оған 200 қоныс пен 40 қорым жатады. Шығыс пен Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын Беғазы-Дәндібай мәдениеті жатты. Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.б. 10-8 ғғ жатады. Жерлеу салттары ұқсас болды. Көшпелілік Даладағы негізгі шаруашылық болып қалыптасты. Б.з.б. І мыңжылдық. Оның басты сипаты: жыл бойы малды жайылымда бағу, белгілі бір жайылымдық аумақты мал жаю үшін көшіп-қону, көшіп-қонуға жұрттың бәрінің қатысуы, малшылық- шаруашылықтың ең негізгі түрі саналуы. Арбаға қос тігіп көшу ортағасырға дейін жалғасты. Осылай, мәдениеттер өзара байланысты, сабақтастыққа ие және бірыңғай тарихи процесті құрайды.


86. «Ұлы Дала көшпелілерінің мемлекеттілігіне, соның ішінде қазақтарға биліктің «хан – билер – халық» үштігі тән. Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.

Бұл тұжырыммен келісемін. Қазақтарды қоса алғанда, Ұлы Дала көшпелілерінің мемлекеттілігіне биліктің «хан-билер-халық» үштігі тән. Хандардың билігі ауқымды, билердің билігі неғұрлым шектеулі болды. Алайда көшпелілер мемлекетінің демократизмі халыққа да біршама билік берілді. Шағын көшпелі қауымдастықтар (рулар) тәуелсіз болып, Далада еркін көшіп-қоны жүрді. Олар билікке өз көзқарасын билеушіге көшіп келу немесе одан көшіп кету жолымен білдірді. Халық көшіп кетсе, хан биліксіз және мемлекетсіз қалады. Сондықтан халық билік көзі және дәстүрлерді сақтаушы болды. Қазақ хандары халыққа құрметпен қарады, оның игілігі үшін жағдай жасауға тырысты. Дәстүрлі түсінік бойынша, хан халыққа «ананың балаларына» жасайтын қамқорлығын жасауға, ал оның қол астындағылар ханды «өзі үшін әке» деп есептеуге және ұлдары өз әкелеріне бағынғандай бағынуға тиіс болоды. Бұл көшпелі мемлекеттерді шығыстың озбып патшалықтарынан ерекшелендірді.

Тұтастай алғанда, Жошы ұлысы мен алғашқы қазақ мемлекеттерінің саяси құрылымдары Шыңғыс хан империясынан мұар болып қалған автократиялық беліглерге қарамастан, неғұрлым демократиялық институттар болып табылды. Бұл көшпелілердегі мемлекеттілік нысандарының белгілі бір эволюциясын білдіреді.


87. «Кеңестік қазақ автономиясының жариялануы және оның одақтық республикаға өтуі Қазақстан тәуелсіздігі қалыптасуының маңызды тарихи кезеңдеріне айналды». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.

Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР, Қазақстан) Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925) деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды. ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1925—1927), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді. Қазақ АКСР-інің құрылуы қазақ халқы өміріндегі маңызды оқиға болып, ұлттық егемендікті қалпына келтірудің бір сатысына айналды.

Қазақ КСР-і 1936 жылы құрылып, 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғанға дейін өмір сүрді. 1936-1991 жылдар-Қазақстанның кеңестік республикалық мемлекеттілік кезеңі. Республика федерация субъектісіне айналды және формалдызаңдық жағынан егеменді мемлекет ретінде дами бастады. Қазақ КСР-і КСРО-ның әміршіл -әкімшілі жүйесінде өмір сүрді. Өз конституциясы бар Қазақ КСР-інің құрылуы ұлттық егемендікті қалпына келтірудің келесі бір сатысына айналды. Этникалық аумаққа жуықталған аймақта ұлттық- аумақытық мемлекеттілік құрылды, мемлекеттік шегаралар белгіленді, басқарудың заманауи органдары құрылды. Бөлінбейтін кеңестік федерация шеңберінде және кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе жағдайларында қазақ қоғамының жаңғыруы орын алды. Кеңестік қазақ мемлекетінің құырлуы болашақта ұлттық егемендік пен тәуелсіздікке ие болудың мүмкіндігін жасады.

88. «Көшпенділер әлемдік тарихи үдерістердің барысына елеулі әсер етті». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.

Бұл тұжырыммен келісемін. Б.з.б. І мыңжылдықта Ұлы Дала көшпелілері Шығыс пен Батыстың отырықшы- егіншілік өркениетімен тығыз қарым-қатынас жасады. Киммерліктер мен скифтердің Алдыңғы Азияға, парсылардың сақтар мен скифтерге жасаған жорықтары, сақтардың парсы әскері құрамында грек-парсы соғысына, Марафон шайқасына қатысуы, көшпелілердің Александар Македонский әскерімен және қытайлармен соғысы, Ұлы Даланың шығысында көшпелі ғұндар мен юэчжий мемлекеттерінің құрылуы, ғұндардың ықпалымен халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуы- көшпелі өркениеттің әлемдік тарихқа тигізген әсері болып саналады.


89. «Салт-дәстүрлер қазақ халқының рухани және адамгершілік құндылықтарының көрінісі болып табылады». Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.

Қазақ қоғамы-осы күнге дейін, көбінесе дәстүрлі, яғни дәстүрмен байланысты қоғам. Дәстүр- қоғамның барлық мүшесіне ұсынылатын, мінез-құлық пен белгілі бір жөн-жоралардың атқарылуынан көрінетін топтық тәжірибе. Дәстүрлі қоғамда жеке тәсілдің мүмкіндігі шектеулі болып табылады. Дәстүрдің әдет- ғұрыптарға қарағанда, өресі әлдеқайда кең, тұтастай қоғамға таралады. Әдет кез келген ортада және кез келген сәтте туындауы мүмкін. Дәстүр-тамырланған, терең әдет. Оның ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырлар бойы берілуі маңызды. Басқа да дәстүрлі қоғам сияқты қазақ қоғамында өмірлік кезеңдерге қатысты (туу-үйлену-өлім) салттар ерекше берік. Әсресе ол ас беру кезінде ерекше байқалады. Ғұрып-нышандық мәні бар бірқатар қалыптасқан іс-әрекеттер қатары. Әдет-адам, топ немесе қоғам қабылдаған мінез-құлықтың қалыптасқан бейнесі. Дәстүр- ұрпақтан ұрпаққа берілетін және қоғамдық қатынастарды реттейтін түсініктер мен ғұрыптар (жоралар) жиынтығы.

Өмірлік кезеңдерге қатысты салттар:

-ана мен баланың денсаулығын, ырыс-берекені қамтамасыз етуге бағытталған және бала босануға байланысты салттар: шілдехана, бесіктой және т.б.;

-балаларға байланысты салттар: тұсау кесу салты, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу;

-үйленуге байланысты салттар: құда түсу, қыз ұзату, неке қиб, келін түсіру, үйлену тойы;

-жерлеу-еске алу салттары: онда мұсылмандық салттар исламға дейінгі салттармен үйлеседі. Еске алу-қайғыру кезеңдерімен ( үші, жетісі, қырқы, жүзі, жылы).

Өмірлік кезең дәстүрлерінен бөлек басқа да салттар, қонақжайлылық әдеттері мен онымен байланысты жора-жоралғылар; өндірістік салттар (мысалы, қымызмұрындық мерекесі, қойларға ен салу жоралғысы, құрбандық шалып, жаңбыр сұрау жоралғысы (тасаттық); үй салған кезде өзара көмек салты (асар) және т.б. салттар бар. Осындай салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мүлтіксіз сақталады және қазақ қоғамын біріктіретін мәдени бірегейліктің нығаюына жағдай жасайды. Салт-дәстүрлер қазақ халқының рухани және адамгершілік құндылықтарының көрінісі болды.

90.«Отырықшы және көшпелі халықтың арасында тығыз экономикалық және мәдени өзара байланыс болды». Сіз бұл туралы не ойлайсыз? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз
.

Қазақстанның ежелгі тайпаларында энеолит, қола және ерте темір дәуірінде көшпелі өркениеттің пайда болып, қалыптасу кезеңінде малшаруашылығы, егіншілік пен қолөнер сияқты шаруашылық бөлініс біртіндеп орныға бастаған еді. Ежелгі тайпалар көшпелі және жартылай көшпелі әмбебап шаруашылық кешенін құрады. Егіншілік өнімі жеткіліксіз болғандықтан, оларға сұраныс артып, далалықтар астықты көрші отырықшылардан және қала тұрғындарынан малға айырбастап алды. Көшпелілер мен отырықшылардың мәдени және дүниетанымдық құндылықтармен алмасуы қатар жүрді. Шаруашылық-экономикалық байланыстар арқылы бір-бірінің мәдениетін байытты. Бұл үрдіс көшпелілер мен отырықшы халықтардың киімдері мен күнделікті өмірінде айқын көрінді.

Отырықшы-егіншілік мәдениет дамыған аймақтарда аз көлемде болса да, малшаруашылығы орын алды. Қазақстан жерінде ежелден мәдени-шаруашылық дәстүрдің екі түрі қалыптасқанын білеміз. Біріншісі- көшпелі малшаруашылығы Қазақстанның негізгі бөлігін қамтыды. Екіншісі- отырықшы-егіншілік оңтүстік аймақтарда тараған. Суармалы егіншілік, қала мәдениеті, қолөнер осы өңірдің негізгі шаруашылық түрін құрады.

  1. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағындағы мемлекеттердің шаруашылық мәдени дәстүрінің жағдайы (Үйсіндер, қаңлылар, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар және т.б.);

  2. Отырықшы халықтар мен көшпелі малшылар арасындағы шаруашылық және сауда байланысы (әл-Омари, әл-Макдиси естеліктері, Шаш қаласы, металл өндіру, Сауран, Алмалық, Янгикент, Испиджаб қалалары және т.б.);

  3. Көшпелілер мен отырықшы тұрғындардың өзара мәдени қарым-қатынастары (ІХ-ХІІІ ғғ отырықшылық мәдениет, қалалардың көбеюі, жатақтар, тұрғын үйлердің салынуы, діни құрылыстардың пайда болуы, Дың ескерткіштері, Жошы хан, Алаша хан, Айша бибі кесенелері, діндердің тарауы, атақты ғұламалар-Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи т.б шығуы ).

Отырықшы және көшпелі халықтың арасында тығыз экономикалық және мәдени өзара байланыс ұзақ ғасырларға созылды.