Файл: 1.Индустрияландыру, жаырту тарихи терминдеріне анытама берііз. Индустрияландыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 1987

Скачиваний: 14

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жаһандану- жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі болып табылады.

21. «Монархия», «республика» терминдеріне анықтама беріңіз.

Монархия-билік нысаны, бұл кезде мемлекеттегі билік бір, әдетте мұрагерлікпен берілетін билеушіге тиісті болады.

Республика- мемлекеттік басқару нысаны. Мұнда мемлекеттік биліктің барлық органдары не белгілі бір мерзімге сайланады, не өкілдік мекемелерімен қалыптастырылады. Ал азаматтар жеке және саяси құқықтарды иеленеді. Республика басшысы лауазымы да сайланбалы болып табылады және мұрагерлікке берілмейді (монархиядан айырмашылығы). Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы, сот болып бөлінеді.

22. «Отар», «протекторат» терминдеріне анықтама беріңіз.

Отар-шет мемлекеттің (метрополиясының) билігіндегі, дербес саяси және экономикалық билігі жоқ, тәуелді аймақ.

Протекторат-мемлекетаралық қатынастар түрі. Мұнда бір ел ішкі істерінде автономиялылығын және өз билеуші әулетін сақтай отырып, халықаралық қатынастарда басқа елдің өзінен жоғары екендігін мойындайды.

23. «Репрессия», «ақталу» терминдеріне анықтама беріңіз.

Репрессия- бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді).

Ақталу- әділетсіз сотталғандарды қылмыс құрамы жоқ болғандықтан жауапкершіліктен босату және олардың саяси құқықтарын қалпына келтіру, орынсыз тағылған айыптан ақтап шығару.

24. «Ру», «жүз» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз.

Ру-рулық қоғам — алғашқы қауымның экономикалық, әлеуметтік негізгі ұясы; арғы тегі бір әкеден немесе бір шешеден тараған туыстар тобы.

Жүз-қазақтардың құрамындағы қосымша этникалық этноаумақтық бірлестік (тайпалар одағы). Қазақ тарихында Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз ұғымдары бар.

25. «Материалдық мәдениет», «рухани мәдениет» терминдеріне анықтама беріңіз.

Материалдық мәдениет-баспана, киім-кешек, әшекейлер, қару-жарақ, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, музыкалық аспаптар, ыдыс-аяқ және т.б.

Рухани мәдениет – білімдер мен дүниетанымдық идеялар жүйесі, ол әдеби, көркем, сәулет және өзге де ескерткіштерден көрініс табады.

26. «Антропогенез», «этногенез» терминдеріне анықтама беріңіз.

Антропогонез-түр ретінде адамның шығу тегі, адамның пайда болуы мен оның түр ретінде эволюциясы; палеоантропология пәні.

Этногенез-этностың шығу тегі, этникалық тарихы, этностың пайда болуының тарихи үдерісі.


27. «Репатриация», «депортация» терминдеріне анықтама беріңіз.

Репатриация-тарихи отандастардың отанына қайтуы

Депортация -халықты күшпен қоныс аударту. (лат.-қуу)-1920-1940 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін кезеңінде КСРО-ның бірқатар халықтарын тарихи мекендеген жерлерінен қуу. Депортация ауыр қылмыстардың қатарына жатады.

28. Дәстүрлі (аграрлық) экономика», «жоспарлы (социалистік) экономика» терминдеріне анықтама беріңіз.

Дәстүрлі экономика- сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды дәстүрлер мен ғұрыптар айқындайтын экономикалық жүйе.

Жоспарлы экономика– КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды.

29. «Ақтабан шұбырынды жылдары», «Зарзаман» терминдеріне анықтама беріңіз.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 1725). Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті.

«Зар заман»-ХІХ ғасырда Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталып, патша үкіметі бұрынғы ел басқару тәртібін жойып, 1867-1868 жж. қазақтарды қару жөніндегі ереже бойынша жаңа тәртіп орнатқан кезде туған ағым.

30. «Археологиялық мәдениет», «тарихи-мәдени ескерткіш» терминдеріне анықтама беріңіз.

Археологиялық мәдениет- бір аумаққа және дәуірге жататын және ортақ белгілері бар материалдық ескерткіштер кешені

Тарихи-мәдени ескерткіш-тарихи және саяси оқиғалармен, ауызша тарихи іліммен, халықтық мәдениетпен байланысты ескерткіш.


31. Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін сипаттаңыз.

Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі: Қазақ халқы Ресей империясы құлағаннан кейін алғаш рет 1920 жылы 26 тамызда Автономиялық Қырғыз КСР деген атпен жаңадан құрылған Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының құрамына енді. Орынбор жаңадан құрылған Автономиялық республиканың астанасы болды. 1924-25 жылдары Орталық Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу жүргізіліп, 1925 жылы маусымда РКФСР бағынуында қазақ халқы бар барлық аумақтар біртұтас автономиялық Қазақ АКСР-іне біріктірілді. 1929 жылы астана Қызылордадан Алматыға көшірілді. Қазақ АКСР-і 1936 жылы ақпанда Қазақ АКСР-і болып аталып, сол жылы (жылдың аяғында) РКФСР құрамынан шығып, Қазақ КСР деген атпен одақтық республика мәртебесін алды. Республика 1991 жылдың желтоқсанына дейін, Қазақстан Республикасы тәуелсіз біртұтас қазақ мемлекеті болып жарияланғанға дейін Кеңестік республика ретінде КСРО құрамында болды.

32. XIX-ХХ ғасырдың басында Қазақстан аумағында жұмыс істеген білім беретін оқу орындарының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

XIX-XX ғасырдың басында Қазақстанда халыққа білім беру ісі діни және зайырлы бағытта жүргізілді. Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Бірақ XX ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мектептер мен медреселер қоғамның өскелең талаптарын қанағаттандырмағандықтан мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жәдидшілдер еді. Медреседе жұмысқа тек 40 асқан адамдарды алатын.

XX ғасырдың бас кезінен жаңа әдісті мектептер қалыптаса бастады. Алайда олар елге кең көлемде тарай алмады(1917 жылы-100 мектеп). Патша үкіметі оларды панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп саналып, олардың ашылуына қарсылық көрсетті. Қазақ зиялыларының едәуір бөлігі жаңа әдісті мектептерде білім алып шыққандар болатын.

1813 жылы Омбыда, 1825 жылы Орынборда әскери училищелер ашылды. Кейіннен Сібір және Неплюев кадет корпустарына айналды. Омбы кадет корпусын Ш.Уәлиханов тамамдады. Бұл оқу орындарында қазақ балаларын қабылдауға шек қойылды. Казак станицаларында, бекініс-қамалдарда діни ішркеулер және казактардың балалары оқитын мектептер ашылды. Мектепте шала сауатты дъяктар сабақ берді. Зайырлы мектептер өте аз болды. 1850 жылы Орынборда оқу мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылды. 1861 жылы Троицкіде орыс-қазақ мектептері ашылды. 1883 жылы Орынбор губерниясының Ор қаласында тұңғыш рет қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі ашылды.1885 жылы уездерде ауылшаруашылық мектептері ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары үшін көшпелі аулы мектептері ашылды. Дала өлкесінде 1901 жылдан бастап ауыл мектептері көбейе бастады. Омбы қаласы-далалық өлкенің ірі орталығы болды. 1789 жылы Омбыда Азия мектебі ашылды. 1872 жылы Омбыда мұғалімдер семинариясы құрылды. 1882 жылы Омбыда техникалық училище ашылды. Ресей империясының жоғары оқу орындарында қазақ студенттері оқыды. Олардың саны 100-ге жуық болды. 1920-1930 жж Қазақстанда сауатсыздықпен күресетін оқу орындары ұйымдастырылды. 1924 жылы «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. 1930 жылы жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу енгізілді. 1920-1921 жж 2410 мектептер болды. Жазу 1929 жылы латын, 1940 жылы кириллицаға ауысты.Оқулықтар жазыла бастады. 1928 жылы Қазақ педагогикалық институты ашылды. Алматы мал-дәрігерлік институты 1929 жылы ашылды. 1930 жылы ауыл шаруашылығы институты ашылды. 1931 жылы Алматы медицина институты құрылды. 1934 жылы ҚазМУ ашылды. ҰОС қарсаңында 20 ЖОО орны, 118 арнаулы кәсіптік оқу орны болды.


33. Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Ботай-Терсек мәдениеті -адамзат тарихындағы жылқы өсірушілердің алғашқы мәдениеті. Ботай қонысы б.з.б. 3700-3100 жылдары өмір сүрді. Ботай мәдениеті- мыс тас дәуіріне жататын ескерткіш. Ежелгі адамдардың алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі Еуразия жылқы өсірушілердің ғажайып мекені. Орналасқан аумағы – Солтүстік Қазақстан облысы, Иманбұрлық өзені бойында тұр. Ботай қалашығына арнайы экспедициялар ұйымдастырып, қазба жұмыстарын жүргізілді, 158 елді мекеннен 120 мыңға жуық зат табылды. Шаруашылық құралдары тұрақта көп кездескен. Көбіне алуан түрлі тастан, саз балшықтан, сүйектен жасалған. Ботайлықтардың жылқы асыру мәдениеті Ұлы Дала көшпелілер өркениетінің қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Олардың бұл мәдениеті болашақтағы қазақтардың көшпелі өркениетінің тікелей негізі саналды. Осы мәдениеттің жұрнағынан қазақтардың бүгінге дейінгі мәдениетіне тән белгілерді көруге болады (жылқы өсіру, жылқы еті және қымызды пайдалану). Б.з.б. ІІІ мыңжылдықта Ботай мәдениеті өз ерекшелігін жоғалытты. Оған себеп-қуаңшылық.

34. Ақ Орда мен Қазақ тарихи сабақтастығын анықтаңыз.

Ақ Орда мемлекетінің этникалық құрамына кіретін рулар мен тайпалар, кейіннен құрылған Қазақ хандығының этникалық ядросын құрады. Бұл жайлы белгілі башқұрт ғалымы Ахмед Зәки Уәли былай деп жазады: "Барақ хан өлтірілгеннен кейін (1428 ж.) Көк Орда мен Ақ Ордада шейбани әулетінен шыққан Мақмұдқожа хан мен Әбілқайыр күшейіп, Барақ ұрпақтарын қуғындай бастады. Әбілқайыр оларға тиеселі жерлерді тартып ала бастады, бұл әрекет Есен Бұғаға ұнамады. Әбілқайырдан зорлық көрген Керей мен Жәнібек сұлтандар қарамағындағы халықтармен моғол ханы Есен Бұғаның қарамағына көшіп барды. Осында көшіп келген Ақ Орда халқының өкілдері "қазақтар" деп атала бастады. Сөйтіп, олар күшті Қазақ хандығының негізін қалады. Хандықтың басында Керей хан мен Жәнібек сұлтандар тұрған еді".

Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығы тарихи ақиқат еді. Ақ Орда Жошы ұлысынан таарлды. Жошы ұлысындағы ру-тайпалар кейін қазақ хандығының ьасты рулары болды. Ақ Орда ханы Орыс хан біріктірген орасан аумақ қазақатардың этникалық аумағы және болашақ Қазақ хандығының мемлекеттік аумағы. Сондықтан Орыс ханның ақ ордасы бірінші қазақ мемлекеті болып есептеледі.

35. Қазақстанның киелі ескерткіштерін сипаттаңыз.


Қазақстанның киелі жерлеріне діни ғибадат орындары: Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық-мұражайы, Қожа Ахмет Ясауи кесенелері, Арыстан Баба, Бекет ата кешені сияқты ұлттық мақтаныш орындарын жатқызуға болады. Екінші мысал - Баянауыл мен Шығыс Қазақстан облысындағы үңгірлер, Алатау таулары, Алтайдағы Белуха тауы, Ұлытау. Бұл қасиетті орындар тарихи мақтаныш. Сондай-ақ Қазақ хандығының ірі ортағасырлық қалалары мен астаналары Сығанақ, Отырар, Сауран, Сарайшық, Тараз. Бір ескерткішке тоқталсақ, онда Бабаджа Хатун кесенесі (Х-ХV ғ) Айша биге арналған кесененің құрылысы туралы аңыздармен байланысты. Аңыз бойынша, Айша бибі қайтыс болғаннан кейін оның күтушісі Бабаджа хатун оның қамқоршысы болады, ал қайтыс болғаннан кейін оны қыздың кесенесінен жиырма қадам жерде жерлейді. Адал әйел үшін арнайы кесене тұрғызып, оны Бабаджа хатун кесенесі деп атады. Бұл екі ғимарат қажылық жасайтын мұсылмандар үшін керемет ескерткіштер мен қасиетті орын. Бүгін кесенеге әйелдер ерлі-зайыптылық бақыт пен ұрпақ сұрап келеді. Келесі бір үлгісі - Ибраһим ата кесенесі. Кесене Қожа Ахмет Яссауидің әкесіне арналып тұрғызылған. Сол заманда ол кісі де діни тұрғыдан үлкен тұлға саналған, осы өңірлерге танымал уағызшы болған. Бүгінде бұл ескерткіштер қазақ халқының рухани байлығы, баға жетпес қазынасы болып саналады.

36. Көшпенді киіз үй құрылысының ерекшеліктерін сипаттаңыз. Неге қазақтарда киіз үйдің конус тәрізді емес, жарты шар тәрізді түрі таралғанын түсіндіріңіз.

Киіз үй жай ғана өмір сүруді қамтамасыз ететін баспана ғана емес, сондай-ақ ол материалдық мәдениеттің көрінісі, көшпелілік дәуірдегі қазақтардың баспанасы бөлшектеніп тасымдалданатын киіз үй. Бұл көшпелілердің жыл бойы көшіп-қонуға жарамды тамаша өнертабысы. Іші- жазғы аптап ыстықта салқын, қысқы суық ызғырықта жылы.Ол жылдам жиналады, бөлшектенеді және оңай тасымалданады. Жарты шар тәрізді киіз үйдің таралу себебі, Қазақстан климатымен байланысты болды, дөңгелек төбесі- шаңырақ пен шаңырақты ұстап тұратын иілген күмбездік- уықтары ыңғайлы, әрі бері кыстау үшін жасалған. Шаңырақ арқылы жарық сәулесі толықтай киіз үйге түсіп, шам қызметін атқарады.

37. Қазақ халқының ұлт – азаттық күресінің бірінші кезеңін сипаттаңыз. (XVIII ғасырдың аяғы – XIX ғасырдың бірінші жартысы).

Ұлт – азаттық қозғалыс отар елдерге тән құбылыс. Оның негізгі мақсаты – ұлтты езгіден азат ету, отаршылдық билікті жою арқылы дербестікке қол жеткізу. XVIII– XIX ғасырларда қазақ халқы сырттан төнген экспансияға қарсы үздіксіз күрес жүргізді. XVIII ғасырдың алғашқы ширегінде Жоңғар хандығымен, кейін Цинь империясымен, одан бөлек Орталық Азия хандықтарымен өз тәуелсіздігі үшін әрдайым күрес жүргізіп, ең соңында Ресей империясымен бетпе - бет келді.