Файл: 1.Индустрияландыру, жаырту тарихи терминдеріне анытама берііз. Индустрияландыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 1988
Скачиваний: 14
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Шын мәнінде, тілдің майын тамыза сөйлеп, өзге жұрттарды қызықтыра білсек, кім қазақ тілін үйренуге құштар болмайды? Мәселенің барлығы айналып келгенде өзімізден болып отыр. Арамызда өз тілін жетік білмейтін, ойын анық жеткізе алмайтын, тілдері шұбарланып кеткен бауырларымыз қаншама. Ендігі біздің мақсат – тіл тазалығына ерекше мән беріп, осы бағытта нақты шараларды жүзеге асыру. Сол жолда тізе қосып, жұмыла жұмыс істеу. Заманында орыстың атақты ақын-жазушылары осы тіл тазалығына қатты мән берді. Толстой, Тургенев, Достоевский, Горький және т.б. тілбұзарларды қатты сынға алды. Қазақ зиялылары да бұл мәселені айналып өтпеді. Өйткені мәселенің бұлайша қойылмауына басқадай себеп жоқ еді. Тілді сақтау арқылы ұлттың сақталатынын зиялы қауым өкілдері анық біліп, түсінді. Бұл орайда Мұхтар Әуезов «Әдепті, тәрбиелі, мәдениетті адам, ол – өзінің ана тілінде дұрыс сөйлейі білетін адам» деп тегін айтпаса керек. Ғабит Мүсіреповтің: «Өзінің ана тілін өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа таптайды» деген ұлағатты сөзі бар. Ал Бауыржан Момышұлы айтқандай, ана тілі ұлттың бүгінгі ғана тағдыры емес, ертеңгі де тағдыры демекші, мұндай мәселелерге жете мән беретін кез келді.
Нақты мысалдарға жүгінейік. Тіл тазалығын сақтау деген мәселе сөздерді дұрыс айтудан басталады дедік қой. Олай болса, келе жатырдың орнына – кел атыр, келе жатырмыз деудің орнына – кел атырмыз, келе жатқанды – кел атқан, бара жатсамды – бара атсам, жазып отырмыз – жазып отырық, қарап жатқанда – қарап атқанда, сұрамаймын – сұрамайым, құттықтаймын – құттықтайым, сатып жатыр – сатып атыр. Осылай жалғасып кете береді.
Жоғарыдағы келтірілген сөздер мен сөз тіркестерін оки отырып, тілге катысты көп нәрсені аңғаруға болады.Тілді шала білетін қазақтардың тілінде қазақ тілінің дыбыс үндестігі толық жойылған. Сақталмайды. Қазақ тіліндегі сөздердің көпшілігін ұмытқан. Тілдерінде жоқ. Ұмытылған сөздердің орнына басқа мағына беретін сөздерді қойып айтады. Сондықтан көптеген сөздерді шатастырып алған. Сол сияқты өздері ойдан шығарып, өздерінің арасында қалыптастырып алған сөздер де ұшырасады. Бізге түсініксіз болғанымен өзара айта береді. Кейбір қандастарымыздың қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс айтпай тұрғаны, сөйлесіп түрған кезде бірден байқалады.
Тілін жоғалтып алған адамдардың тілін «диалекті» деп айтуға, оны оңтүстіктің диалектісі, солтүстіктің диалектісі деп оқулықтарға енгізуге болмайды. «Диалекті» деген сөздің өзінің мағынасын дұрыс білу керек. «Диалекті» деген сөз – екі қазақтың бір сөзді біреуінің дұрыс (сонымен), екіншісінің бұзып айтуы (сомен) емес.Тіліміздегі бар сөздерді, әбден қалыптаскан сөздерді, тілімізде жоқ сөздермен алмастыру жақсылыққа апармайды. (Иесі – егесі, ие бол – еге бол, иелік ету – егелік ету, т. б.)
Аударма сөздердің дұрыс аударылмай жазылуы да (кітаптарда, көшедегі жарнамаларда), соны жазған адамдардың тілдерінде сөздік қорының жоқтығынан, қазақ тілінің дыбыс үндестігін білмеуінен. Тілдері сөздік қорға бай болмағандықтан, дұрыс балама сөздерін таба алмайды, не қазақ тілінің дыбыс үндестігіне салып жаза алмайды. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне салып айту арқылы, аудармай-ақ тілімізге қаншама сөздерді енгіздік. Бәтіңке, төпли, сөмке, пойыз, шопыр, шемішке, бедіре, зауыт, тауар, т.б. Орыс тілінде айтылатын «один раз», «два раза» деген сөздердің өзін, «бір рез, екі рез» деп казақ тілінің дыбыс үндестігіне салып, қазақ тіліне енгіздік. Ведроны – бедіре (шелек), семечканы шемішке (шекілдеуік) дегеннен ұтылған жоқпыз. Керісінше, тіліміздегі бар сөздерге (шелек, шекілдеуік) қосымша балама сөздер енгіздік. Тілімізді байыттық, жаңа сөздермен толықтырдық. Ал қазақ тілінің казіргі жағдайы мүлде басқаша. Енді тілімізді байытқанды қойып, тіліміздегі бар сөздерді жоғалта бастадық. Бар сөздерді жоқ сөздермен (түсініксіз сөздермен), өзбекше, орысша сөздермен айту, жазу арқылы тілімізді бұза бастадық. Тілді бұзып сөйлеу – оны аяққа таптау деген сөз, таптау деген – жою деген сөз.
78. «Ресей империясының қазақ даласындағы әкімшілік реформалары көшпелі шаруашылықтың құлдырауына алып келді» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
1867-1868 жылдардағы реформаның жалпы алғанда отаршылдық сипаты басым болды. Ол реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдісінің толық аяқталғанын көрсетті. Қазақстанның кең-байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті. Патша үкіметі бұдан былай қазақтардың жерін кез келген сылтаумен оп-оңай тартып ала беретін болды. Мұның ақыры дала тұрғындарының ежелгі атамекен жерлерінен айырылып қалуына, сөйтіп қайдағы бір құнарсыз және тұзы бетіне шығып жатқан сортаң жерлерге ығыстырылуына жеткізді. Құнарлы жерлер ішкі Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары мен қазақтарға, шенеуніктерге берілді. Патша үкіметінің Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңды-солды емін-еркін пайдалануы бұл өлкені Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.
Патша үкіметі қазақтардың ежелгі дәстүрлі қоғамын күйретті. Болыстар мен уездер құру кезінде рулық ерекшеліктер ескерілмеді. Дәстүрлі билер сотының құқықтары елеулі түрде қысқартылды.
Реформалар Батыс Сібір аумағында ежелден бері тұратын қазақтардың жағдайына да келеңсіз әсерін тигізбей қала алмады. 1880 жылғы 22 қазанда Тобыл және Томск губернияларының қазақтарын Құлынды даласына көшіру қолға алынды. Ол жақта қазақтар үшін 1 миллион десятина құнарсыз жер бөлінді. Құлынды қазақтарына үй басы 6 сом мөлшерінде түтін салығы салынды. Бұл отырықшы орыс шаруалары төлейтін салық мөлшеріне тең болып шықты.
XIX ғасырдың 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформаларын жүзеге асырудың одан әрі жалғасуы қазақ өлкесін Ресей империясының отар ретіндегі шет аймағына түпкілікті айналдырды . Өлкеге басшылық жасау бір орталыққа бағындырылды. Реформаларды жүзеге асырудың аяқталуы патша үкіметінің шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аудару үрдісін арттыра түсті. 1902 жылы шаруа бастығы деген жаңа лауазым енгізілді. Олар өздерінің мәртебесі жағынан қазақтың болыстарынан жоғары түрды. Шаруа бастықтары қоныс аудару мәселелері бойынша біржақты бағыт ұстап, орыс шаруаларының мүддесін қорғаумен ғана айналысты. Жергілікті байырғы тұрғындардың өтініш-талаптарымен санаспады. Сондықтан да қазақтар өздерінің үндеулері мен петицияларында бұл қызметті жоюды ұдайы талап етумен болды.
79. «Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының бағыттарының бірі Қазақстан аумағына жіберілген ғылыми және әскери экспедициялар болды» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
Келісемін, иә, шынымен де келген экспедициялар отаршылдық саясаттың бағыттарын ұстанды.
Қазақстан Ресей империясының құрамына қосылғаннан бастап өлкеде ғылыми зерттеу үдерісі басталды. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелерден басқа, жеке адамдар да айналысты. Ресейлік көптеген зерттеушілер қазақ фольклоры, генеалогиялық (шежірелік) және этнографиялық материалдар негізінде іргелі еңбектер жазды.
Ресей ғалымдары өз зерттеулерінде өлкені отарлау мүддесін басшылыққа алды. Қырғыз-қайсақ экспедициясын құрған И.К. Кириллов «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы» атты еңбек жазды. Онда автор қазақ пен қарақалпақ жерін егжей-тегжейлі сипаттады: табиғат жағдайын, пайдалы қазба байлықтарын және сауда жолдарын көрсетіп берді. Ол Ресейдің Орта Азия халықтары және қазақтармен сауда-экономикалық байланыстар орнатудың мүмкіндіктері мен оның пайдалы екенін дәлелдеді. Қазақстанды ХVІІІ ғасырда кешенді зерттеудің алғашқы әрекеттері М.В. Ломоносовтың есімімен байланысты. Ол өлке аумағын зерттейтін ғылыми экспедициялар ұйымдастырудың және географиялық карта жасаудың бастамашысы болды.
1768–1774 жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін академик, табиғат зерттеушісі П.С. Паллас басқарды. Экспедиция бағыты Солтүстік-Батыс, Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстан жерлері арқылы өтті. Бұл экспедиция жұмысының нәтижесі ретінде П.С. Палластың «Ресей империясының әртүрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат» атты үш бөлімнен тұратын еңбегі жарық көрді (СПб., 1773). Еңбекте қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жөнінде құнды материалдар бар. Зерттеуші И.Г. Георги Қазақстан аумағына дербес экспедиция ұйымдастырды. 1796 жылы ол «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың тұрмыс салттары, тұрғын жайлары, киімдері және басқа да есте қаларлық дүниелерінің суреттемесі» атты еңбегін жариялады. Кітапта қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары, сондай-ақ шаруашылық өмірінің ерекшеліктері туралы құнды деректер келтірілген. Қазақтарды «ақыл-ой жағынан қызыққыш және білуге құмар» деп сипаттайды.
Кіші жүз аумағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі П.И. Рычков құнды еңбектер жариялады. Өзінің іргелі еңбектерінің арқасында «Орынбор өлкесінің Колумбы» деген даңққа бөленді. Ол кезде Орынбор өлкесіне Кіші жүз жерлері де қарайтын. П.И. Рычков «Орынбор тарихы» және «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы» атты құнды еңбектерін жазды. Ол еңбектерде қазақтардың Еділ-Жайық өңіріне Хақназар ханның билігі тұсында келгені жөнінде, Кіші жүз қазақтарының Ресейдің құрамына өтуінің барысы туралы баяндайтын деректер бар. Автор Орынбор қаласының, Жайық пен Орынбор шегаралық шептерінің салынуын, Ресейдің Орта Азия және қазақ даласымен сауда-саттық байланыстарының қалай орнағанын бастан-аяқ баяндайды. Ол Орынбордан Бұхараға бара жатқан көпестерге жергілікті халықтардың тарихы жөнінде, тіпті араб тілінде жазылған болса да, әдебиеттер ала келуге тапсырыс беретін. ХVІІІ ғасырдың аяқ кезінде орыс офицері И.Г. Андреевтің «Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы» еңбегі жарық көрді. Автор Сібір шегаралық шебінде ұзақ уақыт қызмет етіп, қазақ халқының өмірі мен тұрмысын зерттеген еді. Өзінің кітабында Орта жүздің тарихы мен шегарасы туралы мәлімет қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары кеңінен суреттеледі. Сондай-ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткені туралы айтылады.
Ресейлік көптеген зерттеушілер Г.Ф. Миллер, В.И. Татищев және басқалар қазақ халқы туралы іргелі еңбектер жазды. Мәселен, Г.Ф. Миллердің «Сібір тарихында» құнды деректер кездеседі.