Файл: Баланы эстетикалы жаынан дамытудаы оны адамгершілік бейнесін, аыл ой абілеттері мен денсаулыын алыптастырудаы музыканы ролі і тарау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 67
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Билет
Музыканы бейнелі орындау не себепті балаларға музыкалық тәрбие беру әдісі деп қарастырылған (ІІІ тарау)
-
Билет
Ән салуға үйретудің міндеттері және сабақ процесіндегі негізгі міндеттерге сипаттама беріңіз
Қазіргі уақытта музыкалық білім беру əдістемесі мен музыкалықпедагогикалық тəжірибе музыка сабағының мазмұны мен ұйымдастырылуын анықтау жолдары мен құралдарына əр түрлі тəсілдерді жүзеге асырудың үлкен тəжірибесін жинақтады. Музыка пəнінің мұғалімі үшін бастапқы мəселе-музыка бойынша оқу бағдарламаларының бірін таңдау туралы мəселе. Оның негізінде жұмыс бағдарламасы құрастырылады, онда мұғалімнің музыкант педагогы ретіндегі жеке тұлғалық ұстанымы жəне осы бағдарлама жүзеге асырылатын педагогикалық шарттары ескеріледі. Барлық мектеп бағдарламалары өз мазмұнымен ерекшеленеді,олардың əрқайсысында оқу тақырыптарында көрініс беретін қандай да бір тақырыптық бағыт ұсынылады. Əр түрлі оқу бағдарламаларында сабақ құрудың логикасы мен барысы сəйкес келмейді, бірақ нақ осы ерекшелік мұғалімді белгілі бір оқу бағдарламасын таңдауда, өзінің жұмыс бағдарламасын əзірлеуде жəне нақты сабақтың тақырыбын құрастыруда бағыттайды. Музыкалық білім беру үдерісін ұйымдастыруда музыка сабағын құру мəселелері үлкен маңызға ие. Болашақ сабақты ұсына отырып, музыка мұғалімі оны тек жоспар – конспектіде немесе əдістемелік өңдеуде ғана емес, оның педагогикалық құрылымының нұсқаларын анық ұғынуы тиіс. Балалардың музыкамен тікелей қарым-қатынасы мұғалімнің алдын ала ойлаған жəне жасаған жоспарына белгілі бір түзетулер енгізеді. Кез келген сабақтың ажырамайтын жəне өзара байланысты қырлары мен Ой-сана-сезімдік, оны жоспарланған ретінде дəл жүргізу мүмкін емес екенін ескеру қажет. Ю. Б. Əлиев атап өткендей, сабақты жоспарлай отырып, мұғалім "тəрбиеленушіге"қайта топтастыру керек, тек осындай қайта топтастыру арқылы ғана сынып шаттыққа əкеледі, ойға, рухани күш-жігерге итермелейді" деп айтуға болады.
Л. В. Горюнова сабақта ең бастысы – рухани тəжірибені қалыптастыру деп санайды, бұл "əрбір сабақта оқушылар тəжірибе мен əсер арқылы көп қырлы өнер, адам сезімінің қанша реңктері мен күйлері оған үн қатады деп сенді".
Сабақтың кез келген тақырыбын нақты іске асыру көптеген шешімдерді болжайды. Сабақтың мазмұны мен ұйымдастырылуын ойлай отырып, мұғалім балаларға музыка түсінігін, оны жан тереңіне дейін қозғағанын білуі тиіс.
Сабаққа деген осындай көзқарас көптеген педагогикалық міндеттерді шешу жолдарын табуға көмектеседі.
Музыкалық білім берудің қазіргі заманғы педагогикасы музыка сабағының ерекшелігі туралы мəселені зерттеуде үлкен тəжірибе жинақтады.
Толығырақ оқу Л.Гродзенская сабақ драматургиясын құру үшін əртүрлі музыкалық құрылымдарды интерпретациялады: үш бөлшекті форма, рондо, вариация. Əр таңдалған құрылым қандай да бір көркем-педагогикалық міндетке байланысты болды. Бұл музыка немесе музыкалық драматургия күшін түрлендіретін жағдайда, сонаталық форманы қолдануға болады. Барлық ғасырларда жақсылық пен зұлымдықтың күш-жігері өзара күресте өрілгендігін көрсету маңызды,жəне бұл қарсы тұру үнемі музыкалық өнерде көрініс табады. Сабақтың басында осы идеяны ашу үшін оқушылар əр түрлі іс-əрекеттерде: əн айту, музыкалық-пластикалық қозғалыстарда өсіп келе жатқан интриганы бейнелеуге белсенді қатыса аладыбұл экспозиция. Одан кейінгі өңдеу əлдеқайда қиын, өйткені мұғалім рөлі əсіресе үлкен. Ол балаларды музыканы қабылдауға қалай даярлайтынына көп нəрсе байланысты: бұл ең алдымен балаларға түсінікті жəне қызықты сипаттамаларды, ассоциациялар мен салыстыруларды, болашақ қиял мен қиялды көрсететін, күш-жігердің тірі күресін қабылдауға көмектесетін тақырыптарды түрлендіру шеберлігі. Балалар вокалдық, аспаптық жəне пластикалық формадағы тақырыптар мен əуендерді интонациялай отырып, қатыса алатын соңғы реприз.
-
Билет
Мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне музыканы енгізудегі тәрбиешінің ролі (І тарау)
Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпал оқулықтармен де, жақсы әдет – ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау және мадақтау жүйесімен де, ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие. (К. Д. Ушинский)
Шығармашылық жұмыстың өзектілігі: Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының түйісуіне байланысты болады. Музыка жетекшісі мен тәрбиешілер әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлесіп жоспарлап олардың ұғымдары мен әрекеттерінің жалпы мағынасын қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет. Осы тұрғыдан алғанда балабақшадағы тәрбиешінің музыкалық сауаттылық және құзырлығы мәселесі өзектілігін жоймайтыны сөзсіз.
Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, аспаптарды тану қабілеттері бірте – бірте қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі болғандықтан мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі жас ұрпақты жан – жақты дамытып, тәрбие беріп, оның өмірге, еңбекке даярлау бала тәрбиесі жайында отбасына көмектесу педагогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты, әрі қадірлі қоғамдық міндет атқарады.
Шығармашылық жұмыстың мақсаты: Болашақ тәрбиешінің музыка сабағындағы баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін ашу үшін қажетті жағдайлар туғызу және жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің алғашқы түп негіздерін қалыптастыру.
Шығармашылық жұмыстың міндеті:
• Музыка сабағындағы тәрбиеші үнемі жинақы, таза, ұқыпты жүруге, сөйлеген сөзі мәнді, ойлы болуы керек.
•Тәрбиеші музыка сабағында өзінің мінезін, жүріс тұрысын жөнге салып ұйымдастыра білуі керек.
• Арнаулы музыкалық сауаттылық білімін дағдыландырып меңгеруі тиіс.
• Балалармен музыка сабағында сөйлесе біліп көз қарасымен де, ымымен де өз ойын түсіндіре білуі керек.
• Тәрбиеші музыкаға қалыпты қызығушылығын, әр түрлі музыкаға эмоциялық сезгіштігін қалыптастыру және дамыту;
• Би билеу және ән салу дағдыларын қалыптастыра білу;
• Тәрбиеші қарапайым балалар музыкалық аспаптарды тану, музыкалық қабылдауын, есте сақтауын дамыту
-
Билет
Баланың жалпы дамуы үшін музыкалық- ырғақтық қимылдардың маңызы
(Ү тарау)
Музыкалық сүйемелдеуімен орындала¬тын қимылды ойындар музыканың өзі сияқты естуді жеңілдікті және қимылдың икемдігін ,музыкадан алынатын әсерлерге шапшаң және дұрыс жауап берушілік қабілетті дамытады”,- деп жазған болатын белгілі орыс педагогы Е.Н.Водовозова.
Бұл ойды А.П.Усова одан әрі дамытады:”Өсіп келе жатқан баланың бойында ойын,тіл және ойының өзара ұштастық табуында қалайда бір таң қаларлық нәрсе бар.Соған орай, баланың ән айтуы ойынан туындайды деп айтуға толық негізі бар.Баланың ойының тәжірбиесі балалар музыкалық мәдениетінің бастапқы мектебі болып табылады… Балалар үшін орыс биі дегеніміз не деген сұрақтың жауабын да осы ойындардан іздеген жөн болар. Балаға түсінікті әсем ырғақты суретте соларда жаса¬лып, ол ойын түрінде берілген” Бұндай бейнелі сөздерде халықтың тәжірибесіндегі бар жақсылықтың бәрін шеберлікпен пайдаланып балаға береді.
ХХ-ғасырдың басында негізін швейцарлық музыкант-педагог Э.Жак-Далькроз салған ырғақтық тәрбие жүйесі көптеген елдерде кеңінен тарады.Оның әдісі арнайы іріктеп алынған жаттығулар арқылы балалардың бой¬ына музыкалық естуді, есте сақтауды, зейінді, ырғақты, қимылдың әсем мәнерлігін дамыту¬ды көздеді.Бұл жағдайлар көңіл аударарлық, психологияның, музыка танудың ғылыми мағлұматтары негізінде, одан әрі жасалып келе жатқан педагогикада ескеріліп келеді. Музыканың организмнің жалпы қызметіне оңды ықпал жасайтыны дәлелденген. Бұл жөнінде есту және бұлшық еттер түйсігінің өзара бай-ланысына сипаттама бере отырып, И.М. Сече¬нев те жазған болатын. Музыкалық қабілетінің дамуы-естуді және өзінің қимылдарын музы¬камен үйлестіре білуді жетілдіру процесінде жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін бұл іскерліктерді ырғақты жаттығулар, музыкалық ойындар, билер, қол ұстасып әдеттеніп билеу түрінде ,түсінікті әрі қызықты етіп дамытуды мүмкіндігінше ерте бастау қажет. Психолог Б.М.Тепловтың пікірі бойынша, музыканы қабылдау “Музыкалық қозғалыстың уақытша барысында барынша толық күйде немесе аз көлемде бере алатын қандай да бір қимылды әрекеттер арқылы тікелей сүймелденеді”. Тиісті музыкалық шығармаларды іріктеп алу жолымен белгілі бір қимылды әрекеттер тудыруға,ұйымдастыруға және олардың сапасына ықпал жасауға бола¬ды.
Музыка және қимыл.
Түрлі музыкалық шығармалар балалар¬ды сезімдік толғанысқа келтіріп, белгілі бір көңіл күйін келтіреді, соның нәтижесінде қимыл белгілі бір сипатқа ие болады. Мы¬салы, мерекелік марштың салтанатты үні адамды қуантады, жанына жігер береді. Бұл дененің тік ұсталуынан, қол мен аяқтың дәл және нық қимылынан айқын көрініс табады. Керісінше, салмақты, баяу қимылды билер денені бос ұстауға, қимылды асықпай, барын¬ша еркін жасауға мүмкіндік береді. Музыка¬мен қимыл арасындағы байланыс тек қана олардың жалпы сипаттағы үйлесімдігімен шектелмейді. Музыкалық образдың дамуы, бір-біріне қарама қарсы және ұқсас музыкалық құрылымдарды салыстыру, мәнерлік реңк, ырғақтық өрнек ерекшелігі,динамикалық ерекшеліктері,қарқын-осының бәрі қимылдан көрініс таба алады.Көркемдік образ уақытына орай дамытыла отырып, музыкалық мәнерлік құралдарының ұштасу және алмасып оты¬руы көмегімен беріледі. Сондай-ақ қимыл да уақытқа қарай жетіледі: оның сипаты, бағыты өзгереді, өренктен құрылым жетіледі, оның жеке дара және топтық жүйелігі ауы¬стырылып отырады. Қарама-қарсылық және қайталаушылық принціпі музыкада қимылдың қарама-қарсылық және оның қайталаушылық жағдайына сәйкес болады. Жеңіл ырғақтар, көңіл аудару, қол соғу, аяқпен тақылдату арқылы жасаса, динамикалық, қарқынды сәттер –бағытын өзгертумен белгіленеді.
Алған дағдыларын бекітуде бағытталған және бұнын алдындағы сыныптарда жүргізілген жұмыстың белгілі бір қорытындысы болып табылады. Түзету ырғағы көмекші мектепте айтарлықтай орын алады. Сол себепті үйрету барысында мектеп жүйесіндегі сабақтастық туралы айтудың өзі қиын. Алай¬да мектептегі сабақтарға қажетті эстетикалық, ақыл-ой қабілеттерін, адамгершілік-еріктік сапаларын дамытуда ырғақтың қабілетін бағалаған жөн.
-
Билет
Музыкалық-ырғақтық қимылдардың түрлеріне сипаттама беріңіз (Ү тарау)
Ырғақ қимыл , ритм (грек. Rhythmus – үйлесімділік, réo – ағу) – музыкалық дыбыстардың зандылық өлшемде алмасуы. Ы. – музыка, поэзия, бейнелеу өнері мен архитектурада негізгі мәнерлеу және түр тудыру құралдарының бірі. Музыкада музыкалық мелодияның ырғақтық құрылысы музыкалық заңдылықтармен айқындалады. Ырғақтың өлшем үлестерінің тегеурінді (әлді) және тегеурінсіз (әлсіз) түрлері болады; олардың ауысып келіп отыруы метр өлшемін түзеді. Дыбыстардың бір ырғаққа құрылуы музыкалық шығармалардың жақын немесе алшақ жаткан бөліктерінде кездесе береді. Осыған орай музыкалық формалардың музыкалық фразаларын, сөйлемдерін, кезеңдерін және одан да ірі бөлімдерін кұру заңдылықтары туады. Әрбір музыкалық жанрларға және ұлт музыкасына тән ырғақтық формалар мен қайырмалар болады. Кейбір музыкалық жанрларының өзіндік ырғақ ерекшелігі болады. Мысалы, мазурка, полька, лезгинка, т.б. Сондай-ақ, ырғақтың көркемдік құрал ретінде музыкалық образдарды айқындаудағы маңызы бар. Ырғақтың архитектурада, әсіресе архитектура ансамбльдер салу ісінде үйлесім тауып, жалпы көрінісінің үнасымды болуына ырғақ елеулі әсер етеді. Ырғақ сән және қолданбалы өнерде, әсіресе ою-өрнекте кеңінен қолданылады.[1
-
Билет
Баланың есту қабілеті мен дауысының ерекшеліктерінің маңызы қандай?
. Баланың есту қабілеті мен даусының ерекшеліктері
Ән салу — дыбыс жасаудың күрделі процесі, онда есту мен дауысты үйлестіру, яғни ән айту интонациясы (дыбысты дәл шығару) мен есту, дене тітіркеністерінің өзара әрекеттері өте маңызды орын алады. Музыка үнін есіне алғанда адамның жай толқып қана қоймай, сонымен қатар әрқашан да сезім дүниесіне күш түсіріп, сол үнді «іштей» әндететінін атап керсете отырып, орыс физиологы И. М. Сеченов бұған қоса баланың дыбысқа инстинкті еліктегіш келетінін айтқан. Ол былай деген: «Санаға айқын жатталған дыбыс немесе дыбыстар тобы бала үшін өлшем сияқты қызмет етеді, ол өз үнін осы өлшемге шамаластырады және онымен әбден ұқсастырғанға дейін тағат таппайды».
Балалар ересек адамдардың сөйлеу және ән салу интонациясына еліктейді, малдың, құстардың даусын айнытпай салуға тырысады. Мұндайда есту қабілеті дыбыстың дұрыс, бұрыс еместігін аңғартады.
Есту мен дауыстың өзара байланыстылығын көптеген ғалымдар зерттеп келеді. Балалар даусының табиғатын зерттеуші доктор Е. И. Алмазов дамыған есту қабілетінің дұрыс және дауыс интонациясы үшін айрықша маңыздылығын атап көрсетеді. Балалардың ән салудағы кемшіліктерін талдай келіп, оның себептерін (есту. Мүкістігі, тамағы кесел, есту мен дауыс арасында байланыстың, жоқтығы) атайды және бұл кеселдерді дәрігер дер кезінде қарап емдеуі қажет дейді.
Егер оқыту дұрыс жолға қойылса, есту қабілеті қалыпқа келеді. Балалар бақшасындағы кіші топтарда балалардың назары әуенді дәл қайталауға: екі -үш нота негізінде жазылған қарапайым, шағын қайырмалар мен әндер айтуға аударылады. Тәрбиешінің әсерлі дұрыс орындаған әні мен дыбысы жүйеге келтірілген аспап үні әрқашан да үлгі бола алады. Бала тыңдайды, сонан соң жеке дауыстық интонацияға «ілескендей» болып, ересек адаммен бірге қосылып ән айтады. Бірте-бірте есту қабілеті тиянақтанады да, соның нәтижесінде лад — биіктігін есту қабілеті дамиды.
Мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалар әуендік естуді дамытатын үздіксіз жаттығулардың барысында қалыптасатын кейбір алғашқы биік дыбыс пен ырғақ жөніндегі түсініктермен танысады, әуеннің биіктеп — төмендеуін анықтайды, биіктігі, ұзақтығы әр түрлі дыбыстарды салыстырады, ннтервалдарды, шағын әндерді айтады. Баланың есту қабілетін үннің дұрыс шығуын үнемі бақылайды.