ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 113
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мазмұны
Кіріспе
I.Геологиялық бөлім
1.1.Ауданның географиялық -экономикалық жағдайы.........................................
1.2.Жүргізілген жұмыстарды талдау және бағалау................................................
1.3.Геофизикалық зерттеулер..................................................................................
1.4. Геохимиялық зерттеулер...................................................................................
1.5.Стратиграфиясы...................................................................................................
1.6.Тектоникасы.........................................................................................................
II.Техникалық-технологиялық бөлім
2.1.Бұрын жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарына талдау.......................
2.2. Бұрғылау жұмыстары.........................................................................................
2.3. Үлгі тастарды сынамалау...................................................................................
2.4. Геофизикалық зерттеулер..................................................................................
2.5. Бұрғылау мақсаты және техникалық жағдайлары..........................................
2.6.Ұңғының конструкциясын жобалау..................................................................
2.7. Жыныс талқандаушы аспаптарды таңдау........................................................
2.8. Бұрғылау тәртібінің технологиялық параметрлерін есептеу.........................
2.9.Гидравликалық есептеулер.................................................................................
2.10. Дөңгелек қимылы саңылаудағы қысымның жоғалуы……………………..
2.11. Бұрғылау кезінде аварияны болдырмау шаралары.......................................
2.12. Жуу сұйыктарына қойылатын шарттар........................................................
2.13.Бұрғыланған тау жыныстары негізінде дайындалған жуу сұйықтары.........
III.Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімі
3.1.Қоршаған орта......................................................................................................
3.2. Жұмыс жағдайлары...................................................................................
IV.Экономикалық бөлім
4.1. Жыныстардың питологиялық сипаттамалары.....................................................
4.2. Бұрғылаудың геологиялық-техникалық жағдайлары......................................
4.3.Жұмыс бірлігінің сметалық құны...........................................................................
Қорытынды
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Еліміздің экономикалық жағдайын көтеру үшін минералды шикізат қорын анықтау жұмыстарын жүргізу керек. Халық шаруашылығына машина жасау, түсті және қара металлургия, құрылысты шикізаттармен қамтамасыз ету қажет.
Осыған байланысты геологиялық барлау жұмыстарына көңіл
бөліп, бұл өндірісті дамытып жетілдіруге ғылыми тұрғыдан қарастырып, жүргізілген жұмыстар экономикалық тиімділігін жоғарлату болып отыр.
Соңғы кезде көп айтылып жүрген еліміздің экологиялық жағдайын да кейінгі жолға қалдырмай, жүргізілетін жұмыстардың тигізетін зиянды әсерлерін азайтып мүмкіндігінше жою жұмыстарын алдыңғы қатарға қою керек.
Қазақстан Республикасында көптеген пайдалы қазындылардың қоры бар; оның өмірдегі маңызы өте зор. Еліміз кен орындарын игеруде дүние жүзі бойынша жетекші орын алады. Осы байлықты дұрыс игеруге жаңа техникалар мен технолгияларды өндіріске ендіруді тез арада қолға алып, өндірістің дамуын тоқгатпау керек.
Сонымен қатар еліміздің пайдалы қазбаларын шет ел компаниялары өндіріп, оның нарыққа шығарғандағы табысының басым бөлігін өздері көріп, елімізге тек салық арқылы пайда түседі. Сондықтан Қазақстан территориясындағы шикізат көздерін өндіруді еліміздің өндірушілері игеруі қажет. Осы тұрғыдан қарағанда біздің дипломдық жобамыз аз болса да кен игеруге өз үлесін қосады деп ойлаймыз.
Жобаны жасау барысында кең көлемді арнайы әдебиеттер пайдаланылды. Жоба анализ, синтез, матемматикалық салыстырмалы және басқа да зерттеу әдістерін қолдану арқылы жазылды.
-
Геологиялық бөлім
1.1.Ауданның географиялық -экономикалық жағдайы
Ақжар фосфорит кен орны Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы мен Жамбыл облысының Сарысу ауданының шекарасында орналасқан. Облыстардың шекарасы Құрттыбұлақ өзенінің бойымен өтеді.
Кен орнының рельефі параллельді созылған кіші бөктерлі болып келеді. Абсолюттік биіктік белгісі 480 (Құрттыбүлақ өзенінің деңгейі) —не 650м —ге дейін (оңтүстік —шығыс бөлігі),биіктіктің салыстырмалы өзгеруі 60-115 м дейін. Ауданның ашылуы қанағаттанарлық, сейсмикалығы төмен, сырғымалар мен опырылу белгілері жоқ. Карстық өзгерістер мен опырылумен айқындалады, дәлел ретінде оңтүстік-шығыс Қотыртас участігіндегі ұзындығы
6 м, қимасы 1,85 м2 үңгірді айтуға болады. Ауданның климаты күрт континентальді жаз айлары ыстық, қүрғақ, қысы суық, қар аз түседі; наурыз,сәуір айлары жаңбырлы болып келеді. Маусым, шілде, тамыз айлары өте ыстық 35°-40°С. Температураның жылдық ауытқуы 86° С-ге дейін.
Ауданның өсімдік өсу жағдайы өте нашар, кей жерлерде ғана бұталар мен шөптер өскен. Өсімдік қабаты аз, жері құрғақ. Өсімдіктер маусым айына дейін өсіп, кейін күннің ыстығынан күйіп, жер беті сұрғылт-сарғыш түске боялады. (1) Бұлақтар мен өзендердің төңіректерінде жусан, жыңғыл, баялысы, кей жерлерде ағаштар өседі. Ауданның бөлік өтімділігі қанағаттанарлық. Жан-жануарлар әлемі көбінесе ауыл-шаруашылық мал-жандар. Киіктер мен арқарлар үйірлері де кездеседі. Көп тарағаны тасбақалар, әр түрлі жыландар, қасқырлар мен қорқау қасқырлар. Энцефалиттік кауіптілік жоқ. Гидрогеологиялық жағдайы Үшбас өзені, Құрлыбұлақ өзені мен бұлағы және басқа да кіші бұлақтармен байланысты. Жұмыс учаскелерін сумен қамтамасыз сту үшін бұлақтарды қолданады.
Ірі және жақын елді-мекен Жаңатас қаласы (50 мың адам тұрады). Жаңатас Г.Б.Э-нан кен орнының оңтүстік-шығыс бөлігінен 90 км аралықта Қаратау үгіту-сұрыптау және байыту комплексі орналаскан.
Жаңатас қаласын және фосфорит кенішін электр қуатымен қамтамасыз ету үшін Жамбыл ГРЭС-нен екі параллель желі тартылған.
Байланыс жолдары: Ақжар кен орны Жаңатас қаласы және экспедиция базасымен 6 км қара жолмен және 14 км 1-класс асфальт жолмен байланысқан. Жаңатас, Қаратау, Жамбыл, Сарысу аудан орталығымен асфальт және темір жолдарымен байланысқан.
1.2.Жүргізілген жұмыстарды талдау және бағалау
1936 жылы ЦНИГРИ лабораториясының жүргізілген зерттеулерінен бұл кен орнында фосфориттер бар екені анықталып, Кіші Қаратау кен орны ашылды. 1937 жылы Қаратау ауағында Қаратау экспедициясы Безруковтың жетекшілігімен іздеу жұмыстары жүргізіліп 45-тен артық кіші және артық ірі фосфориттер кен орындары анықталды, осының ішінде Ақжар кен
орны да бар. 1957 жылы фосфорит кен орындарын анықтауға жалпы-іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді. (1)
Осы кезде 4 канава және 2 колонкалы бұрғылау ұңғысы қазылды.
1968-1973 жылдары ауданның 1:5000 масштабы геологиялық картасы түсірілді, жүргізілген канавалардың жалпы көлемі 2835 м3 .
1985-1986 жылдары іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді.
Жер бетіне шығып жатқан фосфорит қабаттарын бағалауда 48 канава, жалпы көлемі 4334 м3, ал тереңдігі қабаттарды ашу үшін 44 ұңғы, жалпы колемі 11340 м3 жүргізілді.
Кеннің қорын бағалау С2 категориясымен және ресурсы Р1, анықталды. Кеннің технологиялық қасиеттерін анықтау үшін Ақжар кен орнында 5 сынама (үшеуі канавадан, 2-і ұңғыдан) алынды. Екі технологиялық сынама лабораторияның электротермиялық өңдеуге жіберілді. 1985 жүргізілген жұмыстарының нәтижесі бойынша геологиялық материалдар негізінде Жаңатас ГБЭ кен орны бойынша ТЭД (технико-экономикалық доклад) жазылды.
1.3.Геофизикалық зерттеулер
1951 жылы Волков экспедициясының Жоңғар партиясы 1:50000 масштабы аэрорадияметриялық іздеу жұмыстары жүргізілді.
Геофизикалық жұмыстар комплексі: 1958 жылы Геофизтрестің Турлан экспедициясы гамма, эманациялық, металлометриялық түсіру және судағы аудан мөлшеріне зерттеу жүргізді.
1958 жылы бұрғыланатын ұңғыларды жыныстардың радиоактивтігін анықтау мақсатымен фосфориттер кен орындарына геофизикалық жұмыстар басталды. Ұңғылардағы жүргізілген гамма-каротаж нәтижелері бойынша фосфорит қабаттары жақсы айқындалып, олардың радиоактивтігі жоғары екені анықталды. Радиоактивтігі төмен болған жағдайда фосфорит кені көрінбейді. Осыған байланысты бұл әдіс кең орын алмайды.
ГКЗ кеңесі бойынша ядролық-физикалық каротаж комплексі жүргізіліп алынған нәтижелерінің сапасына байланысты осы әдісті негізгі етіп қабылдайды.
Қолдану әдісі қарастырылғаннан кейін Кіші Қаратау бассейіндегі фосфориттің кұрамындағы компоненттерді анықтау жұмысы жүргізіледі.
1.4. Геохимиялық зерттеулер
1973-1974 жылдары Қаратау бассейінің солтүстік-батыс бөлігінде геохимиялық жұмыстар жүргізіліп, микроэлементтердің таралу заңдылықтары мен литологиялық өзгешеліктері анықталады.
Қаратау типті фосфорит кен орындарының геохимиялық зерттеулердің нәтижелерін жақсарту мақсатымен Ақжар, Бүркітті, Түйесай кен орындарында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Алынған нәтижелер алдыңғы кезде Қаратау фосфорит бассейнінің солтүстік —батыс бөлігінің нәтижелерімен салыстырды.
Екінші мақсат-Қаратау бассейнінің жекелеген аудандарында геолого-геохимиялық алдын-ала ізденіс жұмыстары 1:50000, 1:10000 масштаб бойынша жүргізу болды.
1.5.Стратиграфиясы
Өте көне төменгі вонд (V1) қабаттары Құрттыбұлақ көздерінің аймағында кездеседі. Литологиялық жағынан алқызыл және жасыл-сұр кұмтастар мен кейде саз тастар қабаттарынан тұрады. Төменгі кембрий Шолақтау свитасының (cht )қабаттары литологиялық құрамына байланысты (төменнен жоғары қарай) горизонттарға бөлінген.
Төменгі доломиттер :
фосфатты-кремнийлі жыныстар (1)
фосфориттер (төменгі горизонт)
фосфатты-кремнийлі жыныстар (2)
фосфориттер (орталық горизонт)
фосфатты-кремнийлі жыныстар (3)
фосфориттер (жоғарғы горизонт)
фосфатты-кремнийлі жыныстар (4)
карбонатты-темірлі-марганецті горизонт.
Төменгі доломиттер горизонтына қарай сериясының қабатында үзілусіз линза тәрізді кремнимен араласып жайғасқан. Фосфаттану мөлшері аз, Р2О5 мөлшері 0,5-3%, қабат қалыңдығы 6-18м дейін. Кремнилі горизонт-жайғасу және құлау бұрышына байланысты орталық бөлігінде тұрақты, басқа бөліктерінде диагональ және көлденең жарықшалармен кесілген. Литологиялық жағынан фосфатты кремнийлі сұры, қызғыт-сұры, қара түске боялған, құрылысы жасырын түйіршікті, түтас, кейде тақталы текстуралы, әртүрлі түсті жарықшалы.
Горизонттың фосфаттануы аз шамада, Р2О5 2-3% , ал горизонттың
жоғарғы болігінде 4-7%, Горизонттың қалындығы 3,4-27,7 м дейін, орташа қалыңдығы 6-14 м.
Фосфатты-кремнийлі жыныстар (1)