Файл: 1 Ауданны географиялы экономикалы жадайы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 114

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Фосфорит кремний, кремнийлі карбонат және басқа да фосфаттанған жыныстар қабаттарымен ауыспалы орналасқан. Р2О5 мөлшері 10% дейін ауытқып тұрады. Қабат қалыңдығы 4 м.

Төменгі фосфоритті горизонт ең бір өнім литологиялық және қалыңдығы жағынан өзгермелі қабат. Сұр, қоңыр-сұр және қара түсті фосфориттер, тұтас кейде тақта тәрізді ұсақ түйіршікті болып келеді.

Қалындығы 1,5-4,5м аралығында ауытқиды.

Фосфатты кремнилі жыныстар (2) фосфориттер, фосфатты

кремнилер және газды кремнилер ретсіз ауыспалы орналасқан Р2О5 мөлшері 5-15% аралығында ауытқиды, кейде одан жоғары болады. Қабаттың қалыңдығы 8,5-24,5м дейін орналасады.

Орталық фосфоритті горизонт-бұл қабатта

литологиясы, сапасы және қалындығы бойынша өзгермелі. Жұқа фосфатты-кремнийлі сланец қабатшалары кездеседі. Кабаттың қалыңдығы 6-8м дейін, бар кен орны бойынша созылған.

Фосфатты- кремнилі жыныстар (3)

2-горизонттың сипаттамаларымен бірдей болып келеді. Қабат қалыңдығы 3,5-10м дейін.

Жоғарғы фосфаритті горизонт-барлық кен орны бойынша жақсы тұрақталған қабат. Көлемді кейде плитка тәрізді түйіршікті қоңыр-сұр және қара түсті фосфориттер, фосфатты кремнийлі жұқа қабатшалар кездеседі. Қабаттың қалыңдығы 3-12м дейін.

Фосфатты-кремнийлі жыныстар (4) Жұқа карбонатты кремнилі жыныстармен фосфариттер ретсіз ауысқан қабат. Қалыңдығы 0-6м дейін. Карбопатты-темірлі-марганецті горизонтты доломиттер және доломиттенген әктастар марганецпен темірмен қышқылданған белгілері бар әктастардан құралған қабат. Қабаттар толқын тәрізді орналасқан, кейде линза тәрізді фосфориттер кездеседі. Р2О5 мөлшері 0,5-14 %. Қабат қалыңдығы 4 м.

Орта кембрий, амга ярусы Е2 Шолақтау свитасының жоғарғы бетінде қалың біртекті амга ярусының бетінде карбонат
қабаты орналасқан. Алдыңғы жылдары жүргізілген зерттеулерге байланысты амга ярусы 4 горизонтқа бөлшектенген.

а) Доломиттер және доломиттенген әктастар, сұр түсті, кіші түйіршікті фосфариттер немесе карбонатты-темірлі-марганецті қабаттардан жоғары жайғасқан горизонт құрамында Р2О5 бар пачканың қалындығы 12-16м.

б) Доломиттер, ашық-сұр және сұр түсті, кіші түйіршікті, көлемді жайғасқан, пачканың қалыңдығы 60-120м аралығында.

в) Доломиттер, қоңыр-сұр түсті, кіші түйіршікті қалың плиткалы, арасында кремний линзачары кездесетін пачка, қабат қалыңдығы 30-40м.

г) Доломиттер, коңыр түсті, майда түйіршікті жұқа плиткалы құрылған пачка, қабат қалыңдығы 30-50м.

Амга ярусының жыныстарының үстінен жоғары бөлшектенген плиткаланған, ұсақ түйіршік әктастар орналасқан, кейде кремний лпнза тәрізді қабатшалар кездеседі. Горизонттың қалыңдығы 350-550м.
Жоғарғы кембрий
Май ярусының жыныстарының үстінде жоғарғы кембрий жыныстары жайғасқан. Қабат сұр, ақшыл-сұр түсті доломиттерден және доломиттенген әктастардан құралған. Жыныстар ұсақ түйіршікті, қалың плиткалы қабаттың қалындығы 250-350м.

Төмснгі ордовик (О1)

Сұр және қоңыр-сұр түсті доломиттер мен доломиттенген әктастар, көлемі әртүрлі түйіршікті плиткалы қабат горизонт қалыңдығы 300-400м.

Орта ордовик (О2)

Ақшыл сұр, сұр және қоңыр-сұр түсті доломиттер мен әктастар, түйіршектенуі әртүрлі. Қабаттың қалыңдығы 500-600м. Төменгі және жоғарғы ордовик қабаттары кен орнының оңтүстік-шығыс Қоңыртас участігінде ғана болады. Төрттік қабат (Q).

Төрттік жүйенің тау жыныстары кен орнының сай-салалары және тектоникалық жарылыстарды даму аймақтарында кездеседі. Төрттік қабаттың төменгі бөлігі малтатастар және кұмдардан, ал жоғарғы бөлігі малтатастармен карбонатты саздақтардан ауысуымен және қатты жыныстардың сынықтарымен көрсетілген қабаттың қалыңдығы 0,1 -20м дейін өзгереді (1)


1.6. Тектоникасы
Ақжар фосфорит кен орны кіші қара-ой структурасына кіріп, структураның солтүстік-батыс бөлігін қамтиды. Кен орны құрылымына қарай синклиналды, солтүстік қанаты белгілі дәрежеде тектоникалық өзгерген, жарылыстар диагональ және көлденең бағытталған.

Кен орнының оңтүстік-батыс бөлігінде ең ірі кіші қараой жылжымасы Арқалысай участігінің және Шолақтау свитасының

жыныстарын кесіп орналасқан. Жылжыманың ауытқуы 1,5-2,5м арасында.

Екінші ірі жылжу Ақжар кен орнының солтүстік болігінде 100-300м ауытқыған, Арқалысай Жартал синклинасындағы Көкеу кен орнының жағдайына қатысты 2 км ағысқан.

Үшінші ірі жылжу Орталық және Қотыртас участігінде кембрий және ордовик жыныстарын кесіп жатыр.


II.Техникалық-технологиялық бөлім
2.1.Бұрын жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарына талдау
Ақжар фосфорит кен орнының стратиграфиясын, кенді қабаттың таралу аймағын, қалыңдығын, пайдалы кеннің сапасын және негізгі құрамдас элементтердің түрлерімен құрамдық мөлшерін анықтау мақсатында алдын-ала барлау жұмыстары жүргізілді. Кен орнының жоғарғы бөлігі толығымен зерттеліп, барлау жұмыстарын жүргізу кезінде алынған мәліметтер бойынша 1:10000 және 1:5000 масштабты геологиялық карта жасалды. Кен орнының төменгі қабаттарын анықтап және пайдалы кеннің қорын есептеу мақсатымен кеннің төменгі шегіне дейін терең ұңғылар бұрғыланады. Жүргізілген жұмыс мәліметтері бойынша 1:2000 және 1:1000 масштабты геологиялық карта жасалып, фосфорит кеннің қоры С1 категориясы бойынша есептелінеді, бұрғылау жұмыстарының торы бойынша көлбеу 14 ұңғылар бұрғыланған, торы 100 × 80 м.

Бұл жүргізілген барлау жұмыстарынан алынған мәліметтер кен орнының аймағын, кен денесінің ерекшеліктерін, құрамдас жыныстардың түрлерін анықтауға жеткілікті.

Алдын-ала барлау жұмыстарын жүргізуде алынған мәліметтердің негізінде тиянақты барлау учаскелері анықталып, техника-экономикалық доклад (ТЭД) жазылды
(1).
2.2. Бұрғылау жұмыстары
Ақжар фосфорит кен орнын тиянақты барлау жұмысы негізінен ұңғы бұрғылау арқылы жүргізіледі. Барлама жұмыстары 2 профиль бойынша, барлығы бұрғылауда қосымша оқпандар жалпы көлемі 8. Сынамалар кенді денеден 1034 м, ал құрамдас жыныстардан 3-5 м сайын алынады, соның ішінде руда бойынша 273 м, сиятын жыныстарда 761 м.

Ұңғының диаметрі жобаланған тереңдікке 76 мм болып қабылданады. Себебі алдыңғы жүргізілген бұрғылау жұмыстарының мәліметтері бойынша фосфорит кені өте майда жарықшақты болғандықтан кіші диаметр (59 мм) кезінде керннің шығыны азайып, сапасы нашарлайды.

Осыған қоса каротаж жұмыстарын жүргізу үшін ұңғының диаметрі 76 мм кем болмауы тиіс.

Бұрғылау жұмыстарын жүргізу негізінде Жаңатас ГБЭ-сы жыныстардың бұрғыланғыш категориясын анықтауда хронометриялық жұмыстар жүргізді.

1986 ж. САИГИМС Ақжар кен орнының жыныстарына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жыныстардың тектоникалық үгілуге ұшырап, белгілі дәрежеде өзгеріп қайта кварц -карбонат цементінде құрылған шөгінді жыныстардың комплексі деген анықтама берді.

Ақжар кен орнының геологиялық қимасындағы жыныстардың ауысуы төменде көрсетілген:

Саз тастар.

Доломиттер мен кремни кесектері.

Кремнилі доломиттер.

Кремниленген доломиттер.

Кремниленген әк тастар.

Кремнилі әк тастар.

Кремнилі фосфориттер.

Фосфатты-кремнилі сланецтер.

Көлемді кремни.

Кремни.

Кремни линзалары кездесетін доломиттер.

Кремнилі сазды сланецтер.

Кварцты құмтастар және кварцты —корбонатты құмтастар.

Бұрғылаудың орташа терендігін 210 м, ал жыныстардың орташа бұрғыланғыш категориясы 9, 09. Ұңғы бұрғылаудың негізгі көлемі бұрғылау күрделігіне байланысты 3-ші топқа кіреді. Керн сапасымен мөлшері мәліметтер алуға жеткілікті болу үшін ұ
ңғының диаметрі 76 мм болып қабылданады. Ұңғыны бұрғылау УКБ-200/300С қондырғысымен жүргізіледі. Бұрғылау бұлқыны НБ-3 120/40. Барлық ұңғылар тік бағытта бұрғыланады.
2.3. Үлгі тастарды сынамалау
Сыннан өткізу деп ұңғыдан алынған пайдалы қазынды мен жыныстардың заттық құрамын зерттеу. Барлау ұңғы барлау арқылы жүргізіледі, алынған керн материалдары сыннан откізіледі. Сыннан өткізілген түрі инструкциялық талапқа сай кери орнының зерттелуіне және алдыңғы жүргізілген жұмыстардың нәтижесіне байланысты етіп алады. Керн сынамалары кенқабатынан, кендіқабат аймағынан және құрамдас жыныстардан алынады. Өзінің тағамдалу мақсаты және сипатына байланысты сынау төмендегідей бөлінеді:

Геохимиялық сынау.

Бос жыныстарды сынау.

Пайдалы және құрамдас жыныстарды сынау.

Техникалық-технологиялық және заттық сынау.

Сынама барлық бұрғылау көлемі бойынша алынады. Кенді қабаттан сынама әр бір метр сайын, 240 м - 240 сынама. Құрамдас қабаттардан 1440 м — 288 сынама. Біртекті қабаттардың қалыңдығының өзгеруіне байланысты сынаманың ұзындығы 0,5 м — 3 м өзгеріп отырады, орташа ұзындығы 2 м қалыңдығы өзгермелі қабаттар ең үлкен және ең кіші сынамалары жеке-жеке қарастырылады. Сынаманың ұзындыктарын жеке қарастыру, фосфорит пачкасының қорын анықтаудың дәлдігін, кеннің таралуын шектеуге жеңіл. Алынған шамаларды өңдеу Жаңатас ГБӘ ұсаттқыш цехінде механикалық тәсілмен жүргізіледі. Сынаманың өңдеу схемасы 3.1 суретте көрсетілген (8).

Сынаманы зерттеу үшін керн осі бойынша 1/2 бөлікке кесіледі. Сынаманың сапасын, құрамын анықтау үшін керннің теориялық қажетті салмағы анықталады.

Q=1/2 * Пd2 /4* 1* d1 =1/2 * 3,14 *0,062/4 *2*2,6=0,0075=7,3