Файл: уен ойнап трады. Сахнаны екі жаынан Кн мен Тн шыады. ЖерАна ортада. Крініс Кн.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 46

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ҚАЗАҚИ МИКРОВОЛНОВКА

Бір табақты аласыз, оның үстіне екінші табақты жабасыз. Үстін әдемілеп отырып қоламтамен жабасыз. Ішіндегі нан піскенде апаң «әй, жүгірмек, анау күйіп барады» деген дыбыс шығарады.

МАГНИТОФОН

Ешқандай дыбыс күшейткішсіз- ақ дауысы көрші ауылға естілетін магнитафондар қазақтарда көп болған. Әсіресе, халық арасында кеңінен танымал болған маркалары: Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса т.б.

МҰЗДАТҚЫШ

Ертеде қазақтар жер үйде тұрған. Сол үйдің терезесінен немесе киіз үйдің іргесінен азық салынған дорбаларын қыстың күні шығарып қойса, ешқандай да бұзылмайды. Мұндай тоңазытқыштарды осы күнге дейін жатақханаларадан көруге болады.

ТЕЛЕВИЗОР

Қазақтарда телевизор сонау заманнан-ақ болған. Киіз үйдің іргесін түріп қойып ауылдың тірлігін бақылап жатсаңыз одан комедияны да, трагедияны да сериал түрінде көруге болады.

ҚЫСҚАСЫ, ӨЗІМІЗДІҢ АҚЫЛДЫЛЫҒЫМЫЗҒА, КЕМЕҢГЕРЛІГІМІЗГЕ ЕШ ШЕК КЕЛТІРМЕГЕН ДҰРЫС БОЛАР. Ең бастысы, осы жетістіктерді сәтімен пайдалан білсек болғаны.

Сіздермен бірге болған мен Еркежан – Қарлығаш.
Би немесе ән
Теледидар өшіріледі.
Жігіт: Бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді.

1-жүргізуші. Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен балалар,

Сол себептен сіздерге қоятын сұрақтар бар.

Сұрақтар :

1) Наурыз төл дегенді қалай түсінесің?

(Наурыз төлі)

2) Наурыз көже қалай жасалады?

(7 немесе 9 тағам түрі)

3) Наурызша деген қандай мағына береді?

(Наурыз айында жұп-жұқа қиықша қырбық жауған қар

4) Сүттен жасалатын тағамды ата?

(құрт, ірімшік, қатық,қаймақ т.б)

5) Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады?(наурызкөк)

6) Наурыз айында бірінші өсетін өсімдік? (бәйшешек)

1) Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)

2) Жыл басының алғашқы сүті қалай аталады? (уыз)

3) Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?  (  21 наурыз)

4) Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? ( Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)


5) Наурызнама – деген не?(шат – шадыман, ойын-сауық )

6) Ұлттық ойындарды ата? (алтыбақан,ауыдарспақ, қыз қуу, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек,тоғазқұмалақ)

Көрініс . Наурызнамада.

Кешке ойын-сауық жалғасуда.

Жігіт: Біздің еліміз тәуелсіздік алғалы бері 24 жыл болды. Содан бері қазақ елі бір ел астында түрлі ұлттар мен ұлыстармен  бейбіт өмір сүруде. 

 Қыз: Бұл біздің қонақжайлығымызды, ауызбіршілігімізді білдірмейді емес пе? Наурыз мерекесін тек қазақ елі емес, әлемнің барлық түкпіріндегі қазақтар да, өз отанымыздағы басқа ұлттар да тойлайды.
Қыз – жігіттер жиналып, бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындардай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Жігіт: - Сізді көріп сермеді жыр құлашын,

Кеудемде бір қамданып тұрды лашын.

Наурызда жөн сұрау айып емес,

Амансың ба?! Атың кім Құрбыласым!

Қыз: - Жыр дегенің әнің бе жер тепкізген,

Жөн сұрайтын бар ма адам еркек бізден.

Жас кезінде атам ат сұрамай-ақ,

Сыйлық беріп әжемді селт еткізген.

Жігіт: - Не десең де теңсіңдер, еріктерің,

Сый жинауға алаңға келіп пе едің?

Өйтетіндей ескеріп ерте тұрып,

Өзің маған «Ұйқыашар» беріп пе едің?

Қыз: - Бейтанысқа біз қашан «таян» дедік,

Қозы келсе болар ма Баян да ерік.

Ұйқың әлі, жігітім, ашылмаса,

Тұрмын ба мен түсіңде аян беріп?

Жігіт: - Ағаттығым болды-ау бұл бір істеген,

Ендігіде жөніммен дұрыс келем.

Наурызың, құрбылас, құтты болсын,

Танысармыз «бір көрген біліс» - деген... 


Қыздар жігіттерге «ұйқыашар» береді. Содан кейін жігіттер қыздарға «селтеткізер» ұсынады.
Ән. Бақыт құшағында – Айсұлу,Аяулым

Би.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жердің тойы – Наурызым!

Елдің тойы – Наурызым!

Төлдің тойы – Наурызым!

Көңіл тойы – Наурызым!

Көктем тойы – Наурызым!

Ең соңына:

-Наурыз құтты болсын,

-Дендеріміз сау мықты болсын!

-Наурыз тойы келе берсін,

- Барлық халық бақытты бола берсін!

-Еліміздің несібесі көп болсын.


-Халқымыз көбейіп тоқ болсын!

-Қош сау болыңыздар халайық,

-Көріскенше күн жарық болсын!