ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 1400
Скачиваний: 62
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- танымды объективтік болмыстың туындысы деп материалистік тұрғыдан түсінуге негіз болатын ұғым. Психологияда дүниедегі заттардың, соның ішінде жануарлар мен адамның түрлі тітіркендіргіштерге жауап қайтарып әсерленуі (із, таңба қалдыруы, өзгеруі).
Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруы.
Бейресми топ - заңдық тұрғыдан статусы жоқ, мүдделер, достық пен симпатиялар негізінде не прагматикалық пайдалылығы негізінде ықтиярлы түрде біріккен нақты әлеуметтік қауымдастық.
Бейімделу (адаптация) - организмнің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі.
Бейімділік - адамның бір іске икемділігін байқататын қасиет, қабілеттілік нышаны. Бейімділік әрекетті игеру барысында қабілеттің қалыптасуына қарай дами түседі.
Белсенділік - адамның әсер еткен заттарға белсенді қатынасының нәтижесі. Белсенділік адамның күнделікті іс-әрекетте (ойын, оқу, еңбек) кездесетін міндеттерді шығармашылдықпен орындай алу қабілеті. Қажырлылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді.
Бинокулярлық көру - қашықтықтағы объектілерді бақылау арқылы көрудегі, кеңістікте орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көру.
Биографиялық әдіс - адамның хаттары, күнделіктері, өмірбаяны, шығармалық туындылары және қолтаңбалары арқылы зерттеу әдісі
Бихевиоризм - XX ғасырдағы америкалық психологияның басты бағыты. Бихевиоризм психологиясының мақсаты - мінез-құлықты зерттеу болды. Бихевиоризмнің негізінде адам мен жануарлардың мінез-құлқын сыртқы ортаның әсер етуіне организмінің беретін жауабының жиынтығы деп түсіну жатыр. Бихевиоризмнің негізін америкалық психолог Дж. Уотсон (1878-1958) қалады. Ол бихевиоризм термині мен бағдарламасын ұсынды (1913). Бихевиоризмнің ғылыми қалыптасуына В. М. Бехтерев пен И. П. Павловтың еңбектері зор ықпал етті. 1920 жылдары бихевиоризм өзінің шарықтау шегіне жеті.
Білуге құмарлық - адамның санасы мен іс-әрекетіне, көңіл-күйіне із қалдыратын тұрақты, әсерлі сезім. Оған адамның өмір сүрген қоғамы, оның қоғамдағы орны, нақтылы іс-әрекеті зор әсерін тигізеді. Білуге құмарлық - ұнамды қасиет.
Біліктілік - қызметкердің іс-әрекеттің нақты бір түрінде күрделілігі белгілі бір дережедегі еңбек функцияларын орындауға мүмкіндік беретіндей қабілеттерінің даму деңгейі.
Біріккен топ - бірлік нышаны, мүдделер кірігуі мен қоғамдық пікір бірлестігінің нышандарын білдіретін топ. Біріккен топтың жоғары дамыған түрі - қарым-қатынас, құрылымы, тұлғаның ондағы нақты орны айқындалса кооперацияға айналады. Оған сынып, түрлі үйірмелер және тағы басқалар жатады.
Бірінші сигнал жүйесі - сыртқы және ішкі ортадан келетін белгілі тітіркеніс рецепторларға әсер ету нәтижесінде адамның және жануарлардың ми қыртысында қалыптасатын шартты рефлекстік байланыс жүйесі. Сыртқы ортадағы заттар, құбылыстар, өзгерістер организмге түрлі сезім мүшелері (есту, дәм сезу, иіс сезу және т.б.) арқылы тікелей әсер етіп, түрліше түйсіктер тудырады. Мұны академик П. Павловтың ұсынысы бойынша, сыртқы және ішкі өзгерістерді хабарлаудың бірінші жүйесі деп атайды.
Вебер-Фехнер заңы - түйсіну күшінің (Е) тітіркендіргіштің физикалық қарқындылығына (Р) логарифмдік тәуелділігі: Е = k1оgP + с, мұндағы kмен с осы сенсорлық жүйемен анықталатын қайсыбір тұрақтылар. Бұл тәуелділікті Вебер заңының және түйсінулерінің әрең байқалатын айырмашылықтарының субьективтік теңдігі туралы қосымша ұйғарымның негізінде неміс психологі және физиологі Г.Т. Фехнер тұжырымдады.
Галлюцинация - перцептивтік іс-әрекеттің патологиялық бұзылуы; берілген сәтте тиісті сезім органдарына әсер етпейтін объектілерді қабылдауға саяды.
Генетикалық психология - әдетте, даму психологиясы деп аталатын терминнің жақын синонимі ретінде қолданылады. Генетикалық психология көбінесе ересек организм мысалында қарастырылатын құбылыстарға негіз болатын даму процестерін зерттейді.
Геронтология - қартаю процесін және қарт адамдарды зерттеу.
Гуманистік психология – психологияның ең басты пәні бірегей біртұтас жүйе болып табылатын тұлға болуға тиіс деп есептейтін бағыт.
Ғарышкерлік психологиясы - адамның салмақсыздық пен әуе кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу кезіндегі қиыншылық жағдайдағы психологиясын, адамның көңіл-күйімен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.
Дағды - алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттыға беру нәтижесінде автоматты қалыптасуы.
Данышпандық - бүкіл адамзаттың игілігі үшін өшпес, өлшеусіз еңбек етіп, ұлы мәселелерді парасаттылықпен шеше алатын адамға тән психологиялық қасиет.
Дарындылық – үлкен нышаннан туындайтын қабілеттіліктің түрі. Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілетілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі.
Дедукция - жалпыдан жекеге қарай жүргізілетін ой қорытындысы.
Дефектология - аномалиялы балалардың дамуының психологиялықфизиологиялық ерекшеліктері, оларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтары туралы ғылым.
Джеймстің - Лангенің эмоциялар теориясы - америкалық философ және психолог У. Джеймс пен неміс психологі Г. Лангенің XIX ғасырдың 80 - 90-жылдарында бір-бірінен бөлек ұсынған теориясы. Бұл теория бойынша эмоциялардың пайда болуы еріксіз қозғалу саласындағы, сондай-ақ жүрек, қантамыр, секреторлық қызметтің саласындағы өзгерістердің сыртқы әсерлерінен туындайды. Эмоциялық күйініш-сүйініштер осы өзгерістермен байланысты түйсіктердің жиынтығы болып шығады. Джеймстің ойынша, «жылағандықтан мұңданамыз, дірілдегендіктен қорқамыз, күлетіндіктен қуанамыз». Джеймс эмоцияларды перифериялық өзгерістердің кең тобымен байланытырса, Ланге қантамыр-қозғалу жүйесімен - иннервация күйімен және тамырлардың саңылауымен байланыстырды. Осылайша, әдетте, эмоцияның салдары деп қарастырылатын перифериялык, органикалық өзгерістер олардың себебі деп жарияланды.
Динамикалық стереотип - үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмнің төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесінің жасалуы
Дисфазия - мидың зақымдануынан қалыпты сөйлеудің бұзылуы. Синонимі – афазия.
Диффузиялық топ - құндылық-бағдарлылық топтасқандық болмайтын, қатысушыларының қатынастарын ортақтандыра алатын бірлескен іс-әрекеті жоқ қауымдастық.
Егіздік әдіс - біркелкі (гомозиготалық) және әркелкі (гетерозиготалық) егіздердің психологиялық ерекшеліктері мен дамуын салыстыра зерттеу. Егіздік әдіс адамның психологиялық қасиеттері мен мінез-құлық ерекшеліктерінің қалыптасуына тек пен ортаның ықпал деңгейі туралы мәселені ғылыми тұрғыдан шешу мақсатында жүргізіледі.
Елестету, елес - бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс. Елестету субъектінің заттық карекетінің құралдары мен нәтижесін ойша құрудан, проблемалық жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекетті бағдарламай, алмастыратын, тәріздендіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді.
Еліктеу - басқалардың мінез-құлқын не көшіру процесі. Еліктеу ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Адамның өз әрекетін басқаның үлгісімен модельдеуге тырысуы.
Еңбек психологиясы - еңбек қарекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ерік - адамның өз қызметін және әртүрлі психикалық процестерді өзі детерминациялауынан және өзі реттеуінен көрінетін қабілеті. Еріктің негізгі функциялары: түрткілер мен мақсаттарды таңдау, іс-әрекет мотивациясы жеткіліксіз не басы артық болғанда іс-әрекетке деген ниет, ынтаны реттеу, психикалық процестерді адам атқаратын іс-әрекетке барабар жүйе етіп ұйымдастыру, қойылған мақсаттарға жетуде кедергілерден өтетіндей жағдаятта физикалық және психикалық мүмкіндіктерді жұмылдыру.
Ес - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Еске түсіру - ұзақ мерзімдік жадтан қажет ақпаратты іздеумен, қалпына келтірумен және алумен байланысты ақыл-ой ерекеті. Еске түсіру еске алудың ырықты нысаны ретінде көрінеді.
Есте сақтау, есте қалдыру - материалдың жадта сақталуын қамтамасыз ететін процестердің жалпылама атауы. Есте сақтаудың нетижелілігі, ең алдымен, жаңа материалды ұғынылған байланыстар жүйесіне кіріктіру мүмкіндігіне қарай анықталады. Есте сақтау процестерінің іс-әрекет құрылымындағы орнына байланысты ерікті және еріксіз есте сақтау болып бөлінеді.
Жалпы психология - неғұрлым жалпы психологиялық зандылықтарды, психологияның теориялық принциптері мен әдістерін, оның негізгі ұғымдары мен санаттық құрылысын анықтайтын теориялық және эксперименттік зерттеулер.
Жан - адам мен жануарлардың психикасына тарихи тұрғыда өзгеріп отырған көзқарасты бейнелейтін ұғым; дінде, идеалистік философия мен психологияда жан материалдық емес, денеден тәуелсіз, тіршілік пен таным бастауы. "Жан" ұғымының шығуы ұйқы, естен тану, өлім және тағы басқа жағдайларды қарадүрсін-материалистік тұрғыдан ұғынған алғашқы қауымдық адамның анимистік түсініктерімен байланысты.
Жас дағдарыстары - онтогенездің қауырт психологиялық өзгерістерімен сипатталатын, уақыты жөнінен біршама, ұзақ емес ерекше кезеңдері. Жас дағдарыстары жас тұрғысындағы бір сатыдан екіншісіне өтумен байланысты пайда болуы мүмкін және оның әлеуметтік қатынастар, сана саласындағы жүйелі сапалық түрленумен байланысты.
Жас психологиясы - адам психикасының дамуын және оның жас тұрғысынан әртүрлі кезеңдерге ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы. Жас психологиясы бала психологиясын, ересек адамның жекелей даму психологиясын және геронтологиялық психологияны (қарттық психологиясын) қамтиды.
Жасқа қатысты сензитивтілік - белгілі бір психологиялық қасиеттер мен процестердің дамуы үшін қажет жағдайлардың белгілі бір жас кезеңіне тән оңтайлы ұштасуы.
Зейін - адамның санасының айналадағы объектілердің, болып жатқан құбылыстар мен процестердің ішінен керектісін бөліп алып, назарын тұрақтатуы.
Зеректік - адамның белгілі бір ақпаратты қабылдау, санасына сіңіру және қорыту қабілетінің жоғарылығы. Зерек адам дамудың логикалык қағидаларының жетегімен бұрын жүріп көрмеген жолмен нысанаға жете алады, шығарып көрмеген есепті шығарады, шешіп көрмеген түйінді шешеді.
Зиялылық - адамның мәдениетке, парасатқа, түсінуге ден қоюшылығынан, мәдениеттің құндылығы мен қажеттілігін түйсінуінен көрінетін қасиеті.
Зият, парасат (интеллект) - индивидтің ақыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты құрылымы. 3ият ақпаратты мақсатты бағытты қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. 3ият функциялары: оқуға деген қабілеттілік; символдармен операция; қоршаған болмыстың заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік.
Зият тестілері (тест интеллекта)- индивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтауға арналған психологиялық диагностика әдістемелері. Зият тестілерінің көпшілігінде сыналушыға арнаулы бланкте тестінің міндеттері солардан құрастырылған терминдер мен ұғымдар арасындағы нұсқауда көрсетілген логикалық топтастыру, ұқсастыру, қорыту және тағы басқа қатынастарды анықтап белгілеу ұсынылады. Сыналушы өзінің шешімдерін жазбаша түрде, не бланкіде бар бірнеше варианттың біреуіне белгі қойып хабарлайды. Тестілер есептеріндегі дұрыс орындалғандарының санына қарап сыналушының ойдағыдай өткені анықталады және зияттылық коэффициенті шығарылады.