ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 1402
Скачиваний: 62
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Зоопсихология - жануарлардың психикалық процестерінің онтогенездегі қалыптасуын, психиканың эволюция процесінде пайда болуын және оның дамуын, адам санасының биологиялық алғышарттарын және оның туылу тарихын зерттейді.
Идентификация – бір нәрсені, біреуді тану барысында субъект объектінің сыртқы мінез-құлық нысандарын, басқа адамның ойларын, сезімдерін, әрекетін өзіне көшіруі.
Идеомоторика - идеялармен берілген сыртқы әрекет. Бұлшық ет қозғалысының сол қозғалысты орындауға өтуі (немесе қозғалысты қамтамасыз ететін жүйке серпіндерінің пайда болуы). Идеомоторика қимыл мүшелерінен түсетін кері байланыс сигналдарымен басқарылады.
Икемділік - субъектінің алған білімдері мен дағдыларының жиынтығы арқылы іс-әрекетті орындауға қатысты меңгерген қабілеті. Икемділік жаттығу арқылы қалыптасады және іс-әрекетті үйреншікті жағдайда ғана емес, сонымен қатар өзгерген жағдайларда да орындауға мүмкіндік жасайды.
Имандылық - ар-ұятты, сенімді медениетті әрекетің көрінісі. Адалдық, инабаттылық, ізеттілік, ізгілік — имандылықтың белгісі.
Импульсивтілік - адам мінез-құлқының ерекшелігі (орнықты нысанда мінез қыры); сыртқы ықпалдық әсерінен немесе эмоцияның әсерінен әрекет ету.
Индивид - жекелей табиғи тіршілік иесі. Ноmо sаріеns түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи шектелу шеңберінен асып шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы өзінің мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі.
Индивидтің өз бетімен дамуы - адамның іс-әрекеттік және басқа да тұлғалық сапаларын оның тұтас мақсатты қызметінің алуан түрлері барысында байыту процесі. Ол түрлі іс-әрекет барысында әлеуметтік тәжірибені игеру мен мәдениетке қол жеткізудің негізі болып табылады.
Индукция – жекеден жалпығы қарай жасалатын ой қорытындысы.
Инженерлік психология - адам мен машина арасындағы ақпараттық өзара әрекеттестік процестері мен құралдарын зерттейтін психология саласы.
Интериоризация - сыртқы әрекеттің ішкі психикалық әрекетке айналу процесі.
Интерио(ре)цепторлар - ішкі мүшелер мен организм ұлпаларындағы жүйкенің аяқталған бөлігі. Интероцепторлар ішкі мүшелер мен жүйкелердің ісәрекетін рефлекторлы реттеуге және гомеостаздың тұрақтылығын ұстап тұру үшін маңызды роль атқарады.
Интроспекция - тұлғаның өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеу.
Иіс талдағышы - мұрын кеңістігіне әсер ететін иісі бар заттарды талдайтын нейрофизиологиялық жүйе. Иіс талдағышы перифериядан (иіс рецепторларынан), арнайы өткізгіш жолдардан (иіс жүйкелері), ми қыртысындағы жүйке құрылымдарынан тұрады.
Кәрілік психологиясы - қартайған адамға тән психологиялық ерекшеліктердің жиынтығын қарастыратын психология саласы. Кәрілік психологиясына тән нышандарға мыналар жатады: уайымшылдық, мақтаншақтық, өткен өмірінің мәнсіз кезеңдеріне өкіну; жастарды, шуды жақтырмау; тыныштық іздеу, ұйқының азаюынан мазасыз болу; сөздері мен істерін қайталай беруі, белгілі деңгейде пессимизм, түңілу.
Кинестезиялық (қозғалыс) түйсіктер - адамның өз мүшелерінің орналасуын, қозғалуын және бұлшық еттерінің күшін түйсінуі. Кинестезиялық түйсіктер бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда болатын арнайы рецепторлық құрылымдардың қозуы нәтижесінде пайда болады.
Клиникалық психология - медициналық психологияның аурулардың пайда болуы мен барысының психикалық факторларын, аурулардың тұлғаларға ықпалын, емдік, шипалық ықпал әсердің психологиялық аспектілерін зерттейтін сала.
Когнитивтік диссонанс теориясы - америкалык, психолог Л.Фестингер ұсынған (1957) және адамның мінез-құлқына когнитивтік элементтер (сенімдер, пікірлер, құндылықтар, ниеттер жөне т.б.) жүйесінің ықпалын түсіндіретін батыс әлеуметгік психологиясы тұжырымдамаларының бірі.
Когнитивтік психология - қазіргі шетелдік психологияның жетекші бағыттарының бірі. Когнитивтік психология XX ғасырдың 50-жылдарының аяғында АҚШ-та үстемдік етіп тұрған бихевиоризмге тән психикалық процестердің ішкі ұйымдастырылуы ролінің теріске шығарылуына реакция ретінде қалыптасты. Когнитивтік психология бихевиоризм мен психоанализді интеллектуалдық немесе менталдық позициядан сынайтын барлық бағыттарды қамтиды.
Конвергенция - бақыланатын объектінің бейнесі екі көзге бірдей мейлінше жақсы көрінетін алаңға келетіндей етіп көздердің қиысуы. Бақыланатын нәрсе неғұрлым жақын болса, конвергенция да көз остерінің қиысуы соғұрлым айқын болуы, демек, екі көз объекті тұрған нүктеден бірдей қашықтықта болып, бірдей конвергенцияланады.
Конвергенция теориясы – неміс психологі В.Штерн енгізген баланың психикалық дамуы туралы теория. Психикалық даму туралы екі теорияның - преформизм (нативизм), баланың дамуындағы ішкі жағдайларға - тұқым қуалаушылыққа және сенсуалистік теория (эмпиризм), біржақтылығын болдырмауға тырысудан туған.
Конформдылық - адамның өз төңірегіндегі топтың ықпал-әсеріне берілгіштігі, көпшіліктің бастапқыда өзі қостамайтын ұстанымдарына сәйкес өзінің мінез-құлық ұстанымдарын өзгертуінен көрінеді.
Корпорациялық топ – тұлға-аралық қарым-қатынас топ мүшелері үшін өзара жеке мәнді сипатта жүзеге асырылатын топ.
Коррекциялық әдіс - психодиагностикалық әдістер негізінде психологтің тұтынушы немесе баланың нақты күйзелістерін, тілектерін, танымдық процестеріннің даму ерекшеліктеріне түзету жұмыстарын таңдау және жүргізу.
Көңіл-күй - индивидтің психикалық өмірінде құптарлық немесе құптамайтын эмоциялық фонда жай немесе әлсіз сапада көрінетін біршама ұзақ, орнықты психикалық күй.
Көңіл-күйге ортақтасу - субъектінің эмоциялық күйінің басқа бір тұлғаның (не әлеуметтік топтың) көңіл-күйіне ұқсауы; бұл орайда субъектінің индивидумдық санасында басқа адамның (не әлеуметтік топтың) ол тап болған оқиғаларға қатынасы бейнеленеді.
Көрнекі – бейнелі ойлау - ойлау түрлерінің бірі. Жағдаяттарды және олардағы өзгерістерді елестетумен байланысты. Көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттың іс жүзіндегі әртүрлі сипаттамаларының бүкіл сан алуандығы неғұрлым толық қалпына келтіріледі. Көрнекі-бейнелі ойлаудың маңызды ерекшелігі заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттен тыс, «ерекше» ұштасуларын анықтау болып табылады.
Креативтілік тестілері - тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерін зерттеп, бағалауға арналған әдістемелер жиынтығы.
Күй - ең жалпылама түрінде кез келген жүйенің оның ортаның координаттық объектілеріне қатынасты жағдайын бейнелейтін сипаттама. Адамның күйі қоршаған орта мен жағдаятқа бейімделудің реттеушілік функциясы болып көрінеді.
Күйгелектік - белгілі бір істің, оқиғаның, құбылыстың байыбына бармай, оның келеңсіз салдарын үлкейте көрсетіп, оған қатысты өзінің жасауға тиісті әрекет жасай алмай, негізсіз абдырауы.
Кішіпейілдік - адамгершілікті көрсететін мінез-құлық; үлкенге, айналасындағы адамдарға иманжүзділік сыйласым көрсетудің көрінісі.
Қабылдау - сезім органдарының рецепторлық беттеріне физикалық тітіркендіргіштердің тікелей әсері кезінде пайда болатын заттардың, жағдаяттар мен оқиғалардың тұтас бейнесі. Қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтас бейнелену процесі. Қабылдауда заттардың түсі, дыбысы, исі, дәмі, түрі және т.б. қасиеттері тұтас күйінде қабылданады. Қабылдау - ми қабығының күрделі анализдік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізінде бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың өзара әрекетінен пайда болған уақытша байланыс жатады.
Қабылдаудағы иллюзиялар – түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдау немесе қабылданатын затты, оның қасиетін барабар емес бейнелеу. Қазіргі уақытта неғұрлым зерттелген, иллюзиялық әсерлер: екі өлшемді контурлы көріністерді көру қабылдауындағы иллюзиялық эффектілер. Олар «оптикалық-геометриялық иллюзиялар» деп аталады. Енді бір түрі: контраст айқындылығының феномені. Мәселен: сүр жолақтың ашық түсті аяда күңгірт, ал қара түсті аяда жарық болып көрінуі.
Қабілеттілік - белгілі бір өнімді іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын тұлғаның жеке дара психологиялық ерекшеліктері. Қабылдау тұлғаның жалпы бағыттылығымен, адамның белгілі бір әрекетке бейімділігінің орнықтылығымен тығыз байланысты. Қабілеттің түрлері: жалпы қабілеттілік, арнайы қабілеттілік, потенциалдық қабілеттілік, актуалдылық қабілеттілік.
Қабілеттілік тестілері - жалпы алғанда қайсыбір мақсатқа жетудің әлеуеттік мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез келген тест. Арнайы, жалпы қабілетерді және көп жақты қабілеттерді мөлшерлеп анықтауға арналған түрлері құрастырылады.
Қажеттілік - адамның дамуы мен өмір жағдайындағы белгілі бір нәрселерге мұқтаждануы; қажеттіліктердің түрлері: биологиялық, әлеуметтік, материалдық, рухани, аффилиациялық (бірігуге), жақындасуға, жетістік, таным және тағы басқа қажеттер.
Қажу - организмнің дене және ақыл-ой жүктемелері ұзақ уақыт әсер еткенде қалыптасатын және жұмыс қабілетінің төмендеуімен сипатталатын күйі. Организмнің әрекетті қамтамасыз ететін психофизиологиялық жүйелері жұмысының үйлесімсізденуінен білінеді. Бұл қан айналысының, тыныстаудың, терморегуляцияның және тағы басқа теңдес емес өзгерулерінен, ал ой еңбегінен қажығанда зейіннің босаңсуынан, ойлау процестерінің баяулауынан, жадтың (қайта жаңғыртудың) қателесулерінен көрінеді.
Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасу, өзара түсінусі, бір-бірін қабылдауы. Қарым-қатынастың үш жағы бар-интерактивті, коммуникативті, перцептивті. Қарым-қатынас деңгейлері – микро, мезо, макро. Қарым-қатынас түрлері - рухани, іскерлік, манипулятивтік, премитивті және тағы басқа.
Қарым-қатынастың коммуникативтік жағы - ақпарат алмасу және оны түсімен анықталады. Қарым-қатынас барысында адресант пен адресат ортақ белгілер жүйесін пайдалану арқылы қарым-қатынас серіктестері бір-бірімен ақпарат алмасады.