Файл: Таырыптар Таырыптар мазмны Таырып тар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 1405

Скачиваний: 62

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қарым-қатынастың интерактивтік жағы - бірлескен әрекетті ұйымдастыруымен оны орындаудағы серіктестердің қарым-қатынастарында анықталады. Адамдардың жұмысты өзара бөлісу, келісім бойынша жұмыс істеуі. Зерттеулердің нәтижесінде өзара әрекеттесулердің түрлері анықталған: достық, бәсекелестік және қақтығыстық (конфликт).

Қарым-қатынастың перцептивтік жағы - қарым-қатынас серіктестері бірін-бірі қабылдап, түсінуімен сипатталады. «Әлеуметтік перцепция» термині алғаш рет 1947 жылы Дж.Брунердің «Қабылдауға арналған жаңа көзқарас» деген еңбегіне енгізілді.

Қиял – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік бейнелерін қайтадан жаңғыртып, өңдеп бейнелеуде көрінетін тек адамға тән психикалық процесс.

Қозу - тірі организмдердің қасиеті, қозатын ұлпаның тітіркендіруге беретін жауабы. Жүйке жүйесі үшін қозу – негізгі функция. Қозу процесі сырқы стимулдың берілген органға тән абсолюттік қозу табалдырығынан асып түсетін белгілі бір қарқындылығында ғана пайда болады.

Қозудың шоғырлану заңы – мидың тар шектелген жерлерінде жүйке процестерінің жинақталуы. Бұл заң бойынша жүйке процестерінің таралуы жүйке жүйесінің функциялы ұйымдасу ерекшеліктеріне байланысты. Мұнда барлық жүйке клеткалары бір-бірімен өздерінің талшықтары арқылы байланысқан.

Қолданбалы психология - психологияның теорияларын, жаңалықтарын, принциптерін тәжірибеде іске асыру саласы.

Құмарлық - адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз дейміз.

Қызығушылық - дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның өзіне тартып, құмарттыратын нәрсенің бәрі қызығушылықтың объектісі болып табылады.

Қылмыстық психология - құқық бұзушылардың психологиялық механизмдері мен олардың психологиялық ерекшеліктерін, қылмыстық топтардың құрылуы, құрылымы, іс-әрекет жасауы және ыдырауы мәселелерін зерттейді.

Лидер – көшбасшысы, жетекші. Топтағы бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруда және топтағы өзара қатынастарды реттеуде шынайы орталық ролді атқаратын беделді тұлға.


Локализация - стимулдың кеңістіктегі орнын анықтайтын перцептивті әрекет.

Медициналық психология - аурулардың пайда болуы және өту барысы, белгілі бір аурулардың адамның психикасына ықпалы, сауықтыру амалдарының оңтайлы жүйесінің қамтамассыз етілуі, ауру адамның микро әлеуметтік ортамен қарым-қатынасының сипаты және олардың басқа жағдайлармен байланысының психологиялық заңдылықтарын қарастырады.

Меланхолик - темперамент типі. Жүйке жүйесі әлсіз, сәл нәрсеге реакция білдіретін, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын, жайбасар адам. Темпераманттердің әрқайсысы жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттерінен туындайтын, адамның тұқым қуалайтын, жеке дара қасиеті.

«Мен» тұжырымдамасы - әркімнің өзін басқалардан ажырата алуынан көрінетін, өзінің жеке тұлға екенін білдіретін ұғым.

Механикалық есте қалдыру - заттар мен құбылыстарды ішкі мағынасын түсінбей жай қайталау арқылы еске сақтау.

Мнемоника - мүмкіндігінше көбірек мәліметтердің есте сақталуын оңайлату үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы, жасанды байланыстар арқылы есте қалдыру әдісі.

Монокулярлық көру - бір көзбен қарау арқылы қашықтықтағы объектіні дұрыс анықтай алу.

Монолог сөз - белгілі бір жоспарға сәйкес, логикалық жағынан сөздің мағыналығы мен мәнерлігінің үйлесімді болуындағы баядамашының, лектордың сөйлеуі.

Моральдық сезімдер - қоғамдық өмірдің талабына сәйкес көрінетін адам сезімдерінің бірі. Оларға: жолдастық, достық, махаббат, адамдық, шыншылдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят, ұлттық мақтаныш және т.б. енеді.

Мұрат (идеал) - адамның өмірден өнеге іздеуінен, біреуді үлгі тұтып қастерлеуінен байқалатын қасиет. Мұрат – кісінің алдына қойған аса ардақты, ең асыл мақсаты.

Мүдде - алға мақсат қойып, сол мақсатқа жету әрекетінің негізі. Мүдде - тұлғаның іс-әрекетің мақсатын ұғынуға бағыттылығын қамтамассыз ететін танымдық қажеттіліктің көріну нысаны.

Мінез - адамның өмірлік бет алысын білдіретін, оның бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы жеке дара қасиеті.

Мінез бітістері - өмір барысында біртіндеп қалыптасатын мінез ерешеліктері. Адамның айналасына, басқаларға қатынасын білдіретін: адамгершілік, қайырымдылық, адалдық, қатыгездік, зымияндық, сотқарлық және тағы басқа жағымды және жағымсыз мінез бітістері кездеседі.

Мінез-құлық - адамның генетикалық ерешеліктеріне байланысты болып, өмір жағдайларына сәйкес және солардың ықпалымен байқалып отыратын тұрақты психикалық ерекшеліктердің жиынтығы.



Мінезтану – адам мінезін зерттейтін психология ғылымының бір саласы. Оның негізін салушы ежелгі грек оқымыстысы Феофраст.

Нақты топ - бір-бірімен өзара қарым-қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмыла кіріскен адамдардың өмір сүріп тұрған бірлестігі. Нақты топ қысқа және ұзақ мерзімді болуы, сонымен қатар оған кіретін адамдардың саны аз не болмаса көп болуы мүмкін.

Негативизм - субъектінің басқа индивидтердің немесе әлеуметтік топтардың талаптары мен күтулеріне әдейі қарама-қарсы іс-әрекеттерінен көрінетін мотивацияланбаған мінез-құлық.

Нышан - қабілеттіліктің қалыптасуының алғы шарты болып табылатын организмнің анатомиялық-физиологиялық және негізінен орталық жүйке жүйесінің ерекшеліктері. Баланың ата-анасына ұқсап туылуы анатомиялық нышан, ал жүйке жүйесінің ерекшеліктері физиологиялық нышан деп аталады. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің мазмұндылығына қарай түрлі қабілеттіліктер қалыптасады.

Ой қорытындысы - бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығарудағы

ойлау формасы. Оның түрлері: дедукция, индукция, аналогия.

Ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Олигофренопсихология - миының жетілмегендігі ауыр нысандағы адамдардың психикалық дамуын және оны түзеу мүмкіндіктерін зерттейтін арнаулы психологияның тарауы. Олигофренопсихология - адамдардың психикалық ақыл-ой мешеулігінің себептерін (жүйке жүйесінің туа біткен кемістігін, аурудың не жарақаттанудың салдарын) анықтайды, психологиялық ерекшеліктерін, кемістіктің білінуінің нысандары мен дәрежесін зерттейді.

Онтогенез - жеке организмнің туылғаннан бастап тіршілігін жойғанға дейінгі даму процесі. Бұл терминді 1866 жылы неміс биологы Э.Геккель ұсынды.

Ореол (құрметтік) эффектісі - адам туралы ақпарат тапшы болған жағдайларда ол жайындағы жалпы бағамдаушылық әсердің оның қылықтары мен тұлғалық сапаларын қабылдауға тарауы. Адам туралы бірінші әсерді қалыптастырып, даму кезінде құрметтік эффект позитивті жағымды бағалау немесе негативті теріс нысанында болады.

Өзін-өзі бағалау - адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігі.


Өнер психологиясы - суреткерлік әрекеттің психологиялық механизмдерін және адам өнер туындыларын жасау және ұғыну кезіндегі тұлғалық көрінісінің ерекшеліктерін зерттейтін психологиядағы бағыт.

Парапсихология – адамдардың психологиясы мен мінез-

құлықтарындағы ғылыми негізі беймәлім гипноз, елестету сияқты айрықша құбылыстарды зерттейтін психология саласы. Парапсихология – экстрасенсорлық қабылдау, телепатия, түс көру сияқты табиғи айқындалмаған, функциялық қызметті тиянақсыз психикалық құбылыстар туралы мәлеметтердің жиынтығы. Парапсихологиялық көріністер XIX ғасырдың соңғы кезінен бастап арнай ғылыми объек ретінде зерттеле бастады.

Патологиялық психология - ауырған адамның психикалық қызметі мен қасиетінің, мінез-құлқының ауытқу заңдылықтарын зерттейтін медициналық психологияның тармағы.

Педагогикалық психология - адамда оқыту мен тәрбиелеу барысында оның болмысының даму заңдылықтарын зерттейтін, танымдық қызметі мен қоғамдық қасиеттерін жүйелейтін психология ғылымының саласы. Педагогикалық психология терминін орыс педагогі П.Ф.Каптерев енгізген. Педагогикалық психологияның тармақтары: тәрбие, оқыту және ұстаз психологиясы

Практикалық ойлау - мақсат қоюмен, жоспарлар, жобалар жасаумен байланысты және көбіне уақыт тапшы жағдайда өрістейтін, ойлаудың түрі.

Проприорецептивті түйсік - дененің кеңістікте орналасу мен қозғалыстірек аппараттарының күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін түйсік түрі

Психика - объективті шындықты психикалық процестер арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті. Психика сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді.

Психикалық детерминизм - барлық психикалық актілер мен көріністердің өзіндік себебі мен мағынасы бар және олар бұрынғы нәрселердің күйіне тәуелді дейтін біржақты көзқарас.

Психикалық процестер - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі.

Психикалық қасиет - тұлға ерекшеліктері, бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы (мінез, темперамент, қабілет, дүниетаным, сенім, талғам т.б.) ерекшеліктер.

Психикалық қылып (күй) - адамның түрлі көңіл күйінің тұрақты компоненттері. Психикалық қылып-психикалық процестің динамикалық көрінісін және индивид психикасының белгілі бір қалыптасқан кезі мен көрінісін айқындайтын ұғым.


Психодиагностика - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық түрғыдан талдайтын, адамның психологиялық ерекшеліктері туралы дұрыс мәлемет беретін ізденіс аумағы.

Психолингвистика - адамның сөйлеу қабілетінің қалыптасу мен бір қалыпты өтуін зерттейтін психология мен лингвистика аралығындағы ғылым саласы. Психолингвистика терминіне америкалық ғылымдар Ч.Осгуд пен Т.Сибеок ғылыми мағынасын енгізді.

Психология - психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Психологияның зерттеу салалары сан алуан, олар психофизиология, зоопсихология, салыстырмалы психология, педагогикалық психология, жас ерекшелік психологиясы, еңбек психологиясы, патопсихология, инженерлік, спорт психологиясы және т.б. «Психология» терминін ғылымға енгізген Х.Вольф.

Психофизиология - психиканы оның нейрофизиологиялық субстратымен бірлікте зерттеуге бағытталған, психология мен нейрофизиологияның тоғысуындағы пәнаралық зерттеулер саласы. 1830 жылы француз философы Н.Массиас ұсынған бұл бағыт нейрофизиология мен жалпы психология аралығынан орын алады.

Пікір - бір нәрсенің беймәлім жағын ақиқат не жалған деу тұрғысынан мақұлдайтын немесе теріске шығаратын ой формасы.

Регрессия - психикалық дамудың төменгі сатысына, бұрынғы жетілмеген түріне оралуын білдіретін ұғым. Регрессия психикалық даму сатысының белгілі бір күйін ұйымдастыратын шарттың жетіспеуінен немесе бұзылуынан қалыптасады.

Реминесценция - алғаш есте қалдырған материалды кешігіп еске түсіру.

Реминисценция терминін 1907 жылы серб ғалымы В.Урбанчич ұсынған.

Ресми топ – бұйрық, жарлық, штат кестесі және тағы басқа ресми құжаттар негізінде құрылады. Ресми топ заңдық тұрғыдағы статусы бар, мүшелері қоғамдық еңбек бөлінісі жағдайында олардың еңбегін ұйымдастыратын әлеуметтік тапсырысты іс-әрекетпен біріккен нақты не шартты әлеуметтік қауымдастық.

Ретикулярлық формация - импульстерді таратып, тежеп, күшейтіп, оларды ми қыртысына жіберіп отыратын нерв ткані

Референттік топ - нақты не шартты әлеуметтік қауымдастық; индивид онымен өзін эталон ретінде қатыстырады және өзінің мінез-құлық мен өзін-өзі бағамдауында оның пікірлерін, құндылықтары мен бағалауларын бағдарға алады.