Файл: ызылорда аласы кімдігіні 2023 жылы 13 атардаы 1637.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қызылорда қаласы әкімдігінің
2023 жылғы «13» қаңтардағы № 1637
қаулысымен бекітілген № 2 қосымша
Қызылорда қаласы әкімдігінің
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлімнің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.
Бөлімге қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
4. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
6. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
7. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
9. Бөлімнің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексі 120016, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Мұстафа Шоқай көшесі, № 147.
11. Бөлімнің толық атауы - Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
12. Бөлімнің жұмыс режимі:
дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден
15.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
13. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
14. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
15. Бөлімге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлімнің өкілеттіліктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Бөлімнің мақсаттары мен өкілеттіктері
16. Мақсаттары:
1) жер қатынастары саласында және агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту мәселелерi жөнiндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту, жер заңнамасын орындау;
3) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында мемлекеттің мүддесін қорғау.
17. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
қала әкімдігіне қаланың агроөнеркәсіп кешенін және ауыл аумақтарын дамытудың негізгі бағыттары және жер қатынастарын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
жергілікті атқарушы органдардан меншік нысандарына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардан, мекемелер, басқармалар, комитеттерден бөлім құзыретіне жататын сұрақтарды шешуге қажетті материалдарды белгіленген тәртіп бойынша сұратуға және алуға;
ауыл шаруашылығы техникалары мен машиналарға мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беруге, оларды тіркеуге және қайта тіркеуге;
жыл сайын техникалық байқау, жүргізу куәліктерін беруге және машиналардың кепілін тіркеуге, қайта тіркеуге техникалардың сенімхат негізінде басқаруға;
тіркелген техникаларға анықтамалар беруге.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаралған басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
өндiрiлген өнiмнiң сапасын және бәсекеге қабілеттілігiн арттыру жағдайында агроөнеркәсiптiк кешен салаларының дамуын экономикалық ынталандыру ретiнде жүзеге асыру;
тұқым шаруашылығын дамыту;
мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің және биопрепараттардың құнын арзандату;
жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көп жылдық көшеттерiн отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);
ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
жер комиссиясының хаттамалық шешімдерін бөлімнің интернет-ресурсында ай сайын орналастыру;
Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауаптар беру;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастырады.
Мемлекеттік органдар өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушiлері болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүзеге асырады және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақытылы қабылдау;
18. Функциялары:
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
8) облыстық маңызы бар қалалардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) жер сауда-саттығын (аукциондарын) жүргізуді ұйымдастыру;
11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
12) қаланың жер балансын жасау;
13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
16) ҚР Жер кодексінің 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу;
17) ҚР Жер кодексінің 71-бабына сәйкес қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
19) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
20) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
22) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) есептілік ұсыну;
23) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
24) көрме-жәрмеңкелер ұйымдастыру;
25) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;
26) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден және асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдау;
27) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бағалау туралы деректерді қабылдап, қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар ету;
28) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
29) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
30) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Бөлім басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
19. Бөлімді басқаруды бiрiншi басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
20. Бөлімнің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
21. Бөлімнің бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
22. Бөлімнің бiрiншi басшысының өкiлеттiктері:
1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде қала әкімі мен жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына есеп береді;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Бөліміді бiлдiредi;
3) еңбек қатынастары мәселелерi өз құзыретiне жататын Бөлімнің қызметкерлерiн заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
5) еңбек қатынастары мәселелерi өз құзыретiне жататын Бөлімнің қызметкерлерiне заңнамада белгiленген тәртiппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
6) бұйрықтарға қол қояды;
7) Бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
8) шарттар жасасады;
9) сенімхаттар береді;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
11) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
12) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
13) Бөлімнің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
14) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
15) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
16) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
18) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
23. Бөлімнің бiрiншi басшысы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.