ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 358
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
-
Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. -
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
- тері ішіне егу жасауға болатын көрсетілімдер мен қарсы
көрсетілімдер
- тері астына егу жасауға болатын және көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер
- бұлшық етке инъекцияларды енгізу үшін көрсетілімдер және қарсы көрсетілімдер
- бүл инъекцияларды егетін анатомиялық аймақтар
- тері ішіне, тері астына, бұлшық етке егу орындау техникасы
- қолданылған қүралдарды өңдеу
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
-
ампуладан флаконның айырмашылығы, олардан дәрі алу алгоритмі -
антибиотиктердің топтары -
антиботиктерді енгізу жолдары -
инсулин шығару түрі -
инсулин қабылдауға көрсетлілім және қарсы көрсетілімдер -
антибиотиктер және инсулин мөлшерін есептеу.
Антибиотиктерді араластыру және есептеу.
Қажетті заттар:
*Стерильді: бір ретті қолдануға арналған (5-10 мл ) шприц, инъекция үшін 60-80 мл ине, сечениесі 0,8-1,0 мм және дәрілік заттарды жинауға арналған ине.
*Стерильді лоток, төрт қабатты стерильді салфетканы жаю, марлялы тампондар бірінші қабаттың астында және пинцет салфетканың екінші қабатының астында болады.
*70% этил спирті.
*Ампула (флакон ) ерітіндісімен, антибиотикпен флакон.
*Стерильді латексті перчаткалар.
Процедураны орындау.
1.Маска тағу, қолды инъекция жасау үшін дайындау және перчатканы кию.
2.Антибиотиктің және ерітіндінің жарамдылығын тексеру (атын, дозасын, қорабының сыртындағы сақтау мерзімін қарап, оқып тексеру, сыртқы түріне қарап жарамдылығын анықтау).
3.Ампула мойнын (флакон қалпағын) спиртке батырылған тампонмен өңдеу.
Ескерту: ішінде ерітіндісі бар ампуланы немесе антибиотигі бар флаконды әр қайсысын екі қайтара сүрту қажет.
4.Ерітіндісі бар ампуланы ашу және манипуляциялық столға ұқыпты қою. Ескерту: антибиотикті араластыру үшін келесі ерітінділер қолданылады.
-ампулада инъекция үшін су
-ампулада және флаконда (изотоникалық, физиологиялық) 0,9% натрий хлор ерітіндісі
-ампулада және фдаконда 0,25% және 0,5% новокаин ерітіндісі
5.Пакетті ашып шприцті жинау.
6.Шприцке қажетті мөлшерде еріткішті жинау.
Араластыру ережесі.
Пенициллиннің 100 000 ӘБ (0,1 г) немесе стрептомицинге 1 мл ерітінді алынады. Барлық басқа антибиотиктер аннотациясына сәйкес араластырылады.200 000 ӘБ антибиотикті 1 мл ерітіндімен араластыруға болады.
Мысалы: 500 000 ӘБ антибиотикке 5 немесе 2,5 мл ерітіндімен араластыруға болады.
7.Құрғақ антибиотигі бар флаконды сол қолға алады, ал оң қолына еріткіші бар шприцті ұстайды.
8. Флакон орталығынан 90 'бұрышпен пробканы тесу және флаконға инені 1-2 мм енгізу.
Ескерту: флакон ішінде иненің қимылдауы дәрілік заттың зарарсыздығын бұзады. Бұдан науқаста асқынулар кездесуі мүмкін.
9.Флаконға шприцтен ерітіндіні жіберу, флаконды инемен бірге алу, шприцті стерильді лотокқа салып қою.
10. Антибиотиктің толық ерігенінше флаконды жақсылап араластыру.
11.Флаконмен бірге инені шприц конусына кигізу, флаконның төменгі бөлігін жоғары қаратып көтеру, дәрігер тағайындаған парақпен тексеріп, дәрілік заттың қажетті дозасын жинау.
12.Шприц конусынан флаконмен бірге инені алу.
13.Бұлшық етке инъекция жасау үшін басқа стерильді инені шприц конусына кигізу, сағаттың бағыты бойынша беку, инеге қалпағын жабу және шприцтің ішінен ауаны шығарған кезде инеден дәрілік заттың бір-екі тамшысы ғана шығу қажет.
14.Шприцті стерильді лотокқа салу.
Антибиотиктердің дайындалған ерітіндісін сақтау
Пенициллин және басқа топтағы антибиотиктердің көпшілігін араластырып болғаннан кейін бірден енгізу қажет. Оларды мүлдем сақтауға болмайды. Кейбір антибиотиктерді аннотациясына қарай отырып араластырғаннан кейін 24 сағ ішінде мұздатқышта сақтауға болады.
Ескерту: Мұздатқышқа араластырылған ерітіндіні қояр алдын, антибиотиктің аннотациясымен жақсылап танысып алу қажет.
Инсулинді қолдану ерекшелігі.
Инсулин – ұйқы безінің гормоны болып табылады және көмірсу алмасуына айқын әсер етеді. Организм (бұлшық етті, майлы) тіндерініңканінің клеткаларымен глюкозаның бірігуін, клеткалы мембрана арқылы глюкозаның тасымалдануын жақсартады, глюкозадан гликогеннің түзілуін және бауырда оның жиналуын қамтамасыз етеді.
Ескерту: Қант диабетінің орта және ауыр дәрежелі ауырлығын емдеу үшін қолданады.
Инсулин – түссіз сұйықтық, 1 мл 40, 80, және 100 ӘБ болады, жиі 5 мл флаконда шығарылады. Қант диабетінің терапиясы кезінде қарапайым инсулин (6-8 сағ) және ұзақ мерзім әсер ететін (12-36 сағ) инсулин қолданылады.
Инсулинді енгізу үшін 1-2 мл сыйымдылықты арнайы шприцті қолданады, онда препаратты нақты дозалау үшін қосымша бөліктері болады. Инсулинді шприцке 1-2 бөлігіне артық алады, енгізу алдында шприцтен ауаны шығарған кезінде шығады және қажетті инсулин мөлшерін енгізеді.
Инсулинді іштің алдыңғы-бүйір бөлігіне, жауырын асты аймағына, санның алдыңғы –сыртқы беткейіне және иықтың үштен бір сыртқы бөлігіне тері астына енгізеді. Теріні спиртпен сүртеді және кептіреді. Инъекция үшін ине өткір болу керек . <Жұлдызша> ережесі бойынша инсулин енгізген орынды сағаттың бағыты бойынша ауыстырып отырады.
Инсулинді аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне 1-3 рет тамақтанудан 15-20 мин бұрын енгізеді. Диабетті кома кезінде ұзақ мерзім әсер ететін инсулинді енгізуге кері көрсетіледі.
Асқынуы: аллергиялық реакциялар (крапивница, Квинке ісігі, анафилактикалық шок ) липодистрофия ( бір енгізген жерге инсулинді тағы енгізу кезінде инъекция орнында атрофия аймақтары немесе тері асты май қабатының гипертрофиясы пайда болады), инсулинге резистенттілігі (сезбеуі) және гипогликемиялық кома (инсулиннің көп дозасын енгізген кезде )пайда болады.
Инсулинді енгізу.
Мақсат: қанда глюкоза деңгейін төмендету үшін инсулин дозасын нақты енгізу.
Қажетті заттар: 1 мл 40 ӘБ (80немесе 100ӘБ ) инсулині бар флакон, еріткіш, 70% спирт, стерильді: лоток, пинцет, мақталы шариктер, бір ретті қолданылатын инсулинді шприц.
Қарсы көрсеткіші: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 62 (70%)
Аудиториялық жұмыс: тәжірибелік машықтарды машықтану
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер:
1. 1мл инсулин ерітіндісі құрайды:
а) 20 ӘБ
б) 40 ӘБ
в) 60 ӘБ
г) 200 ӘБ
2. Антибиотиктерді араластыру үшін қолданады?
а) 5% глюкоза ерітіндісі
б) 2% гидрокарбонат натрий ерітіндісі
в) 10% натрий хлор ерітіндісі
г) 0,9% натрий хлор ерітіндісі
3. 500 000 ӘБ бензилпенициллинді араластыру үшін қандай ерітінді және қанша мөлшерде қолданады?
а) 5,0 мл физиологиялық ерітінді
б) 10,0 мл физиологиялық ерітінді
в) 3,0 мл физиологиялық ерітінді
г) 10 мл дистилденген су
4.Майлы ерітіндіні енгізеді:
а) тері ішіне
б) күре тамырға
в) тері астына
г) артерия ішіне
5. Құрғақ булы шкафта ине және шприцтерді залалсыздандыру тәртібі:
а) 180○C-та 60-мин
б) 200○C-та 45-мин
в) 2 атм (132○C)20-мин
г) 1,1 атм (120○C)45-мин
6.Инсулинді шприц жоқ болған кезде инсулинді қандай шприцпен енгізуге болады?
а) 0,1 мл
б) 1 мл
в) 2 мл
г) 0,02 мл
7.Дәрілік заттарды парентеральді енгізудің басқа енгізуге қарағанда артықшылығы
а) тез емдік әсер беруі және ерітіндінің дәл концентрациясын енгізу
мүмкіншілігі
б) қолданудың қарапайымдылығы
в) тұз қышқылы және асқорыту ферментінің әсерінен ыдырауы
г) дәрілік заттың тез арада әсер етуі
8. Тері астына инъекцияны жасайды:
а) иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы 1/3 бөлігіне
б) бұлшық еттің жоғарғы сыртқы квадранты
в) білектің ішкі беткейіне
г) алдыңғы сан бұлшықетіне
9. Бұлшықетке инъекцияны жасайды:
а) білектің ішкі беткейіне
б) иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы 1/3 бөлігіне
в) бұлшық еттің жоғарғы сыртқы квадранты
г) бұлшық еттің төменгі сыртқы квадранты
-
Инъекция алдында 38°С-қа дейін қай ерітіндіні жылытады?
а) туберкулин
б) инсулин
в) майлы ерітінді
г) бензилпенициллин
Ситуациялық есептер:
1.Егу бөлмесінде бензилпенициллиннің 500 000ӘБ бар. Науқасқа 300 000ӘБ тағайындалды. Медбикенің іс әрекеті қандай?
2.Дәрігер науқасқа инсулиннің 32 ӘБ енгізуді тағайындады. Бөлімшеде инсулинді шприц таусылып қалды. Бұл кезде медбике инсулинді енгізу үшін нені қолданады және дәрігер тағайындаған 1мл инсулинде 80 ӘБ құрайды, инсулиннің қанша мл алады?
13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
6 – сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Антибиотиктерді араластыру. Инсулин мөлшерін есептеу.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларды бұлшықетке дәрі енгізуді, антибиотиктерді еріту, инсулин мөлшерін есептеуге үйрету.
тәрбиелік: оқушыларды жұмыс істеу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда бұлшықетке дәрі енгізу, антибиотиктерді еріту, инсулин мөлшерін есептеу қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: