Файл: деу Мамандыы Емдеу ісі 0301000 Курсы 3 Семестрі 6.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 362

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Венаға егу жасау (венепункция).

Бұл процедураны жасау алдында:

  • Науқасты психологиялық тұрғыда дайындаңыз;

  • Ыңғайлы етіп отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;

  • Шынтақ астына кленкалы жастықшаны қойыңыз;

  • Венепункцияға белгіленген нүктеден шамамен 5 см жоғары қол қарына резенкалы жгутты байлаңыз (оның бос ұштары инъекция нүктесіне қарама - қарсы жаққа қарай бағытталуы керек). Жгуттың дұрыс байланғанын тексеріңіз: шыбық артериясында пульс өзгермеуі тиіс және жгут байланған қолдың төменгі бөлігі сәл көгеріңкі (цианозды) болуы керек;

  • Науқастан жұдырығын бірнеше рет ашып - жұмып, соңында қысып ұстауын сұраңыз. Шынтақтың бүгілу аймағындағы толықсыған қан тамырын ұстап табыңыз;

  • Қан тамыры үсті және айнала терісін спиртке батырылған тампонмен жақсылап сүртіңіз;

  • Инъекция нүктесінен 5 см төменірек көк тамырды және жұмсақ ұлпаны сол қолдың үлкен саусағымен өзіңізге қарай кере тартыңыз;

  • Инені 45° бұрышты бағытпен, кесіндісін жоғары қарата, көк тамыр бойымен венепункция белгіленген нүктеден 1,5 см қашықтықта ұстаңыз(№10 сурет);

  • Сұйықтықты инеден тамшылатып ағызып көріңіз (бұл ауаның жүйеден толық шыққандығын куәландырады, ауа эмболиясын болдырмау үшін керек). Сұйықтық құю жүйе қысқышын жабыңыз;

  • Инені тері астына енгізген соң, оның бұрышты бағытын кішірейтіп, теріге параллельге жақын бағытта инені көк тамырға бағыттап(№1сурет), ұзындығының 1/3 бөлігін тамырға енгізіңіз(№11б сурет). Түтікте қан көрінгеннен кейін қысқышты ашыңыз;

  • Жгуты шешіп, науқастан жұдырығын ашуын сұраныңыз;

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

Аудиториялық жұмыс: тәжірибелік машықтарды манекенде, муляждарда машықтану

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Тесттер:

1. Дәрі-дәрмекті парентеральді енгізудің басқа енгізулерге қарағанда артықшылығы:

А) тез емдік әсер беруі және ерітіндінің дәл концентрациясын енгізу

мүмкіншілігі

Б) қолданудың қарапайымдылығы

В) тұз қышқылы және асқорыту ферментінің әсерінен ыдырауы

2.Бір ретті қолданылатын шприцтер зауыттан қанша сыйымдылықта шығарылады:

А.1, 2, 5, 10, 20 мл

Б.1, 5, 10, 15, 20 мл

В.3, 5, 10, 15 мл

Г.2, 5, 10, 15, 20 мл

3.Шприц құралған:

А.корпус, конус, ұштықтан

Б.цилиндр конусымен, поршень

В.поршень, конус, ұштықтан

Г.ұштықтан, қалпақтан, цилиндрден

4.Люэр шприцінің сыйымдылығы:

А) 5-10 мл

Б) 15-20 мл

В) 10-20 мл

Г) 1-20 мл

5.Крафт-пакеттегі шприцті жинау тәртібі кезінде іс-әрекеттің кезектілігін келтір:

А)Шприцті жоғары қаратып поршенін жайлап итеріп ауаны шығарыңыз;

Б)Поршенді тұтқасынан ұстап, шприцтің цилиндріне енгізіңіз;

В)Дайын жиналған шприцті крафт-қалтаның стерильді іш жағындағы қалтасына салыңыз;

Г)Шприц асты конусқа ине канюлясын бұрай тығыз кигізіңіз;

Д)Крафт қалтаны ашып, шприцті алыңыз;

Е)Дәрілік затты сорып алу үшін инені канюлясынан ұстап, шприц асты конусына, ине ұшына қолыңызды тигізбей кигізіңіз;

6. Сәйкестікті келтір:

Инъекция: шприцтің сыйымдылығы:

1.тері астына А) 1,0 мл

2.бөксе бұлшықетіне Б) 2,0 мл

3.тері ішілік В) 5,0 мл

4.көк тамырға Г) 10,0 мл

7. Сәйкестікті келтір:

Инъекция: иненің ұзындығы:

1.тері астына А) 1,5 см

2.бөксе бұлшықетіне Б) 2,5 см

3.тері ішілік В) 6,0 см

8. Көк тамырға инъекция жасау үшін иненің ұзындығы

А) 60, 80 мм

Б) 80, 100 мм

В)15, 20 мм

Г) 40, 60 мм

Д) 20, 40 мм

9. Венаны абайсыз тесуде тері атында көкшіл дақ пайда болды. Не болды?

А) ваненың бітелуі

Б) венаның тесілуі

В) венаның қабынуы

Г) асептика және антисептиканы сақтамауы

Д) инфильтраттың пайда болуы

10. Медбике науқастың көк тамырына 10 % - ды кальций хлорид ерітіндісін енгізу барысында ерітінді тері астына кетті. Медбике не істеуі қажет?

А) венаны тауып, ерітіндіні енгізуді жалғастыру

Б) ерітіндіні енгізуді тоқтатып, науқасты палатасына алып бару

В) ерітіндіні енгізуді тоқтатып, новокаин ерітіндісімен блокада жасау,

қыздырма компресс қою

Г) науқасты тыныштандырып, ерітіндіні енгізуді жалғастыру

Д) ерітіндіні енгізіп, ауруын басатын ерітінді енгізу

Ситуациялық есептер:

  1. Науқасқа вена ішілік егу тағайындалған. Науқас қолын манипуляцияға дайындау қажет. Науқастың қолын егуге қалай дайындайсыз?

  2. Науқасқа вена ішілік егу тағайындалған, манипулиция өткізуге медбике қолын қалай дайындауы керек?

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады

14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет

8 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Венаға дәрі енгізу алгоритмі, венадан қан алу, венаға тамшылатып дәрі құю және венаға жасалынатын пункциялар, дәрі енгізу кезінде туындайтын асқынулар.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға венаға егу, дәрілік препараттарды венаға тамшы түрінде енгізуді үйрету.

тәрбиелік: оқушыларды жұмыс істеу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда венаға егу, венаға дәрілік препараттарды тамшы түрінде енгізу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.

8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • ампуладан флаконның айырмашылығы, олардан дәрі алу алгоритмі

  • антибиотиктердің топтары

  • антиботиктерді енгізу жолдары

  • инсулин шығару түрі

  • инсулин қабылдауға көрсетлілім және қарсы көрсетілімдер

  • антибиотиктер және инсулин мөлшерін есептеу.

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:

  • Венаға егуді өткізуге көрсеткіштер мен кері көрсеткіштер

  • Венаға егулер орындалатын анатомиялық орындар

  • венаға тамшылатып енгізуге болатын көрсеткіштер және кері көрсеткіштер.

  • тамшылатып енгізетін дәрілерді енгізу жылдамдығы.

  • тамшылатып енгізуге арналған дәрілік заттар қан препаратттары, қан алмастырушылар және оларға қойылатын талаптар.

  • тамшылатып енгізуге арналған жүйені толтыру және жүргізу техникасы.