ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 366
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ситуациялық есептер:
-
Науқасқа вена ішілік егу тағайындалған. Науқас қолын манипуляцияға дайындау қажет. Науқастың қолын егуге қалай дайындайсыз? -
Науқасқа вена ішілік егу тағайындалған, манипулиция өткізуге медбике қолын қалай дайындауы керек?
13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
9 – сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу ағзаларының қызметі бұзылған кезде науқасқа күтім жасау және бақылау жүргізу. Оксигенотерапия.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларды тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіспен, оксигенотерапиямен таныстыру.
тәрбиелік: оқушыларды мейірбикелік жұмыс жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік көмек көрсету, оксигенотерапия жасау қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. -
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)
-
Венаға егуді өткізуге көрсеткіштер мен кері көрсеткіштер -
Венаға егулер орындалатын анатомиялық орындар -
венаға тамшылатып енгізуге болатын көрсеткіштер және кері көрсеткіштер. -
тамшылатып енгізетін дәрілерді енгізу жылдамдығы. -
тамшылатып енгізуге арналған дәрілік заттар қан препаратттары, қан алмастырушылар және оларға қойылатын талаптар. -
тамшылатып енгізуге арналған жүйені толтыру және жүргізу техникасы.
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)
Жоспар:
-
Ентікпе кезінде мейірбикелік үрдіс -
Жөтел кезінде мейірбикелік үрдіс -
оксигенотерапия түсініктемесі
• оксигенотерапия көрсеткіші
• оксигенотерапия өткізу әдістері (бирокамера, оггектік жастық, оттектік баллон)
• мұрын катетр және маска арқылы оттекті беру техникасы
• оксигенотерапия жүмыс істеу барсында техника қауіпсіздігін сақтау ережелері
• оксигенотерапиядан соң болатын асқынулар
Ентікпе, бұл – тыныс алудың күші мен ритмінің бұзылуымен сипатталатын жағдай. Ентігу кезінде тыныс жиілігі мен тереңдігі өзгерісімен айқындалатын тыныс реттелуінің бұзылысы дамиды. Тыныс бұзылысының үш түрін бөледі: инспираторлы, экспираторлы, аралас.
Инспираторлы ентігу қиын дем алумен сипатталады, шулы дем алу пайда болады. Ол көмейдің тарылуында, дауыс желбезегі спазмында, ірі бронхтарды ісікпен қысуында дамиды.
Экспираторлы ентігу. Қиын дем шығарудың қиындауымен сипатталады. Майда бронхтар мен бронхиолалардың қуысы тарылуында, бронхиальды демікпе, обструктивті бронхит, өкпе эмфиземасы сияқты сырқаттарда дамиды.
Аралас ентігу.
Бұндай ентігу өкпенің тыныс беткейінің айқын азаюында дамиды. Ол жедел пневмония, пневмоторакс кезінде уақытша, ал өкпе эмфиземасы кезінде үнемі ұсталып тұрады. Ентігу негізінде тыныс мүшелері сырқаттарында дамитын тыныс жетіспеушілігі жатады. Кенеттен дамыған ентігу, ағзада оттегі жеткіліксіздігі мен көміртегі жиналуымен сипатталатын жағдайды тұншығу дейді. Ұстама түрінде дамитын тұншығуды демікпе (астма ) деп атайды. Бронхиальды демікпе кезінде дамитын тұншығу себебі майда бронхтар спазмы, шырыш қабат ісінуі мен қою қақырық жиналуы.
Бұл кезде дем алу қиын, ұзақ әрі шулы.
Жөтел – тыныс жолдарынан бөгде денелер мен шырышты, қақырықты шығаруға бағытталған қорғаныс – рефлекторлы акт болып табылады. Жөтел рефлексі қақырық септігін тигізеді. Жөтел қақырық шықпаған кезде құрғақ ,ал шықса ылғалды саналады. Құрғақ жөтел тембры жоғары болады.Төсектегі жағдайды ауыстырғанға байланысты шыққан қақырық өкпедегі қуысты процесті көрсетеді.
Қақырық –
жөтелу немесе қақыру кезінде түсетін тыныс жолдарының патологиялық секреті.
Кеуде тұсында ауырсыну плевра қабынуы кезінде дамиды, өкпеде қабыну дамығанда және плевриттерде дамиды. Плевральды ауырсынуға дем алған кезде ауырсыну тән. Ауырсынуды басу үшін науқас беткейлі тыныс алуға мәжбүр болады және жөтелуге қорқады. Ол өзіне ыңғайлы жағдайда, ауырсынатын жағында жатады, бұл кезде плевра үйкелісі төмендеп ауырсыну басылады.
Қан түкіру - қақырықта жіпше тәрізді немесе ал қызыл қан пайда болуы өкпеден қан кетуді көрсетеді.
Өкпеден қан кету кезінде жөтелгенде қан шығады, ол ал қызыл түсті, көпіршікті, сілтілі реакциялы болады. Өкпеден кеткен қаннан асқазан қаны ерекше болады: қан тағаммен араласқан, қошқыл түсті, қышқыл реакциялы, кейде ұйып қалған болады. Қызыл иектен, мұрын – жұтқыншақтан қан кетуден ажырату үшін ауыз қуысын, тамағын мұқият қарау керек. Қызыл иектен, мұрын – жұтқыншақтан, бадамша безінен кеткенг қанды сұйықтық қоңыр түсті болады.
Оксигенотерапия (оттегімен емдеу)- емдеу мақсатында оттегін қолдану. Ол организмде оттегі жетіспейтін жағдайда өте тиімді. 40-50 % оттегі бар газ коспасын жұту кан тамырындағы канды бюіршама тез толтьырып қалыпқа келтіреді. Оттегімен жүргізген емнен кейін сыркаттың көңіл- күйі көтеріліп, көгеруін азайтады, тыныс алуы неғұрлым сирек әрі терендей түседі, ентікпесі кетіп, жақсарады. Атмосфералык ауамен белгілі бюір катынаста оттегі ылғалдануы титіс. Оттегімен емдеу үзақ та үздіксіз болуы тиіс. Оттегін тиімді және үнемді пайдалану қажет. Оттегін кеп беруден қашык болу керек, себебі жоғарғы концентрациядағы (70 % жоғары) оттегі жүрек- қан тамыры жүйесіне және дем алуға теріс әсер етеді.
Оттегін мұрын катетрлері аркылы оттегі жастығынан, оттегі палаталарының көмегімен тікелей балоннан немесе орталык оттегі станциясынан беруге болады.
Оксигендік терапия көрсеткіштері:
Науқастарды уланған жағдайда (артериялык қан кысымды оттектік денгейі төмендеген) оксигендік терапия тағайындалады. Тыныс алу булшық еті паралич жөне окпенің желденуі, бузылуы кезінде, дәрілік заттардың мөлшерін көп кабылдағанда, өкпе ісігінде ауыр инфекциялық ауруларда, жүректің әр түрлі этиологиялык зақымдануына гипоксия дамиды. Тыныс алғанда оттектін 40-50 % құрамына газдык қоспаны косқанда артериялық кан кысымы жағдайға дейін жоғарлайды. Оттектік терапия қолданылғаннан соң науқас жағдайы жақсарып, көгеру төмендеп терең тыныс алу сирейді. Ентігу азайьщ жүрек соққысы жақсарады.
Оттегін ингаляциялық өдіспен енгізу. Оттегін қолданудын алдында тыныс жолдарыньщ өткізгіштігіне, онда қакырықтың немесе күсық массасының жиналмағанына көз жеткізу қажет.
Оттегін ингаляциялык жолмен енгізу үшін мынадай аппаратуралар: редуктормен қамтамасыз етілген оггегі бар баллон, оттегі жастығы шүмегі және мундштукті резеңке түтік болуы қажет. Жастықты толтырған кезде редуктордың вентилі мен жастыктың шүмегін жабады, ауызды қүрғатпау және оттегін ылғалдау үшін дымқыл дәкемен ораған мундштук кигізеді. Мундштукты сырқат аузынан 4-5 см қашықтау үстап, резенке түтікке жіберетін клапанды біртіндеп ашу керек. Жоғары кысымның салдарынан оттегі шығады да, дем алған кезде тыныс алу жолына түседі. Оттегінің түсу жылдамдығын түтіктегі шүмекпен әрі оттегі түгел шыкканша жастықтың бұрыш- бүрышын басу жолымен реттейді. Әдетте сырқаттар минутьына 4-5 л берілетін оттегін жақсы қабылдайды. Жастықтағы оттегі 4-7 минутқа жетеді, ал содан сон оны артық сақталған жастықпен ауыстырады немесе қайтадан оттегімен толтырады.
Берілген тәсілмен ендіру кезінде отгегін ылғалдау жеткіліксіз, ол ауыз куысы мен мұрынның шырышты кабатын кептіреді, сондықтан оттегін мүрын катетрлері арқылы енгізу дүрыс.
Оттегіні мүрын катетрі арқылы беру.
Бүл мақсат үшін № 10 катетрлер немесе тиісті үзындығь- мен диаметрдегі пластмасса түтікшелер қолданады, олар V- тәрізді ұштыктың екі шетіне кигізіледі, ал үшіншісі кез келген оттеп кезінде (оттегі жастығына, оттегін берудің орталықтанған жүйесінің шүмегіне ) қосылады. Алдын ала катетрлерді қайнатады, вазелин майымен майлайды да, төменгі мүрын
жолымен жүткыншактын артқы артқы кабырғасына дейін құсу рефлексін болдырмайтындай етіп кіргізеді. Отгегін ылғалдағыш арқылы (Бобров аппараты ) 2-3 л/мин жылдамдықпен береді.
Беру жылдамдығын оггегі көпіргішінің ылғалдағыш арқылы өту тездігі бойынша бақылауға болады. Отгегін маска арқылы беру. Маскалар металдан және пластмассадан жасалған болады.
Отгегін масканын көмегімен енгізу ашық жартылай жабық немесе жабық жүйемен іске асырылады. Ашык жүйе кезінде маска аурудың бетіне тығыз тимейді және жүтатын газ қоспасы оттегіне бай атмосфералық ауа (оттегі 30 % жуық) болып табалды. Дем қоршаған ортаға еркін шығарылады. Мүндай тәсілде оттегін мөлшерлеу дәл емес, тиімділігі де шамалы.
Жартылай жабык әдісімен оггегін ингаляциялағанда шығарылатын газ қоспасының тек бір белігі ғана қоршаған ортаға шығады. Оттегін неғүрлым тиімді пайдалануға жүйеге дем алу қабының араластырғыш камерасын- қосқаннан кейін кол жетеді. Маска сырқаттын бетіне газ шықпайтьындай тығыз кигізіліп, резенке тарткыштармен үстатылады. Таза оттегімен дем алып, шығарылған ауаның 3/1 жуығы камераға қайтып оралады.
Анда - санда дем алу камерасын сұйык түрге айналған бу суынан босату қажет. Бүл әдістің кемшілігі - дем алатын қоспада көмір қышқылының көбею мүмкіндігі , клапан мен дем алу қабыньщ әрекетінен туатын жүрек пен өкпе ауруына жағымсыз дем алуға қосымша кедергілер болмағаны жен. Кем дегенде 8 л/мин оттегі тасқынын қолдана отырып кемір қышқылының аса артық жиналуын болдырмауға болады. Бүл жүйге шағынды өлшеу кұралын (дебитометрді) қосып оттегінің түсуін бірқатар дәл бақылауға болады, бұл оттегімен емдеуді жеңілдетеді.
Оттегін балоннан беру . Оттегін тікелей балоннан колдану процедураны бірқатар жеңілдетеді және оттегімен емдеуі үзак уакыт бойы үзбей өткізуге мүмкіндік береді. Медициналық отегі бар балонның сыйымдылығы 40 л және 150 атм қысыммен газ тәрізді оттегі бар. Оттегі 2-3 атм қысыммен ғана қолдануға болатындықтан баллонға қысымды азайтуға арналған арнайы прибор редукторды жалғайды. Редуктордын кос камерасы мен екі манометрі бар, олардың ішінен баллонға жақын түрғаны онын ішіндегі қысымды көрсетеді. Сондықтан манометрмен баллондағы оттегінің мөлшерін біледі. Төменгі қысым камерасына жасалған екінші манометр сыркатқа беріліп отырған оттегінің қысымын көрсетеді. Ол бүрандамен 1-2 атм-ға реттеп қойылады. Орталықтандырған жүйемен палаталарға оттегін беру неғүрлым ынғайлы болып табалды.
Оттегі баллонын пайдалануда кысылған газ тәрізді оттегі маймен, тоң маймен, мұнаймен жанасқанда оларға тез қосылып түтанып жарылатынын есте сақтау қажет. Баллондар сакталатын бөлімде шылым тартуға қатан тыйым салынады. Майланған ескі- кұсқы заттарды огтегі бар баллондармен бірге бір белімде үстауға болмайды. Оттегі кондырғыларына кіріп-шығып жүретін адамның қолдары, киімдері, аспаптары май және сырмен ластанбауы тиіс. Баллонды ұрып соғудан қорғау кажет. Оны салқын жерге қабырғаға іліптік қалыпта сақтайды. Балонның вентилін ашқанда оған бетьін каратып түруға болмайды, себебі көздің мырышты қабатына оттегінің күшті ағымы тисе, күйдіріп, көзді зақымдайды. Оттегі баллондары бар әрбір бөлмеде өрттен сактану максатында колайсыз оқиғаларды болдырмауға арналған өрт сөндіргіштер болуы тиіс.
Қазіргі кезде ауруханалардын типтік жобаларында азотгың шала тотығы мен оттегін орталықтандырып беру қаралған. Оттегі тікелей сырқат төсегіне әкелінген, ал медициналык
қызметкерлер балонның ішіндегіні, оларды тасымалдау мен ауыстырылып түруын қадағалаудан босатылған. Газдың шығыны да азайады.
Қазіргі өнеркәсіп орындары газдарды орталықтандырып беруге арналған станциялардың екі типін: автоматы басқару станциясын және қолмен басқару станциясын бақылайды. Бірқатар ауруханаларда газ берудін неғұрлым казіргі заманғы жүйесі бар. Бір орындағы кондырғылар «М »белгісі бар және көк түске боялған бір катар үлкен оттегі баллондарынан түрады, себебі тек медициналық оттегіні пайдалануға болады. Олар күнінің тікелей түсетін сәулесінен корғалған, бөлек түратын немесе аурухана үйінін сырт жағына (қабырғалар) орнатылған металл шкафта сақталады және темір қапсырмамен қабырғаға мұқият бекітіледі.