Файл: Программалау орта таырыптарыМені Отаным азастан, Адами ндылытар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

1-бөлім. Программалау

(ортақ тақырыптары:«Менің Отаным - Қазақстан», «Адами құндылықтар»)

Мектеп: Ақкөл жалпы орта мектебі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Халменова В.В.

Сыныбы:

Қатысқандар: 12

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Айнымалылар

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.4.2.1 Айнымалыларды қолдану;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, Түсіну, Қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Scratch программалау ортасымен танысып, жұмыс жасайды.

Көпшілік оқушылар:

Scratch программалау ортасында айнымалыларды қолданады.

Кейбір оқушылар:

Scratch программалау ортасында айнымалыларды қолданып, жоба құрастыруды үйренеді.

Бағалау критерийлері

Айнымалы түрлерін ажыратып, Scratch бағдарламасында жоба құрастырады.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология:

Айнымалы – Переменная –Variable,

Жол-Cтрока-String;

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Айнымалы ұғымы саған таныс па?

Scratch –те спрайттарды қалай қозғалтады? Есіңе түсір!

Құндылықтарға баулу

1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады.

2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

4. Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Математика.

Алдыңғы білім

Scratch бағдарламасы туралы ақпарат бар


Сабақтың барысы


Сабақ кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Қызығушылықты ояту:

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

  2. (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру

I - Үшбұрыштар тобы

II – Дөңгелектер тобы

III – Төртбұрыштар тобы


ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!, Жақсы!, Өте жақсы!, Талпын!.


Фигуралар салынған конверт





(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын талқылау.


Айнымалы ұғымы саған таныс па?

- Суретке қарап математика пәнінде айнымалыны қолдану жайлы не айтуға болады(1-сурет)?

- Scratch –те спрайттарды қалай қозғалтады? Есіңе түсір!

- Программада айнымалыны пайдаланып «Жайлаудағы демалыс» жобасын қалай құрастыруға болады?

Бағалау: жауапты бірінші болып дұрыс тапқан оқушыға «жарайсың» деп мадақтау сөзімен ынталандыру







Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Ортақ белгі табу» (немесе «4 сурет 1 тақырып») әдісін қолданып оқушылар алдыңғы сабақты еске түсіре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын логистикалық тізбек негізінде табады.

Мақсаты: жылдам әрі функционалды түрде ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбын логистикалық тізбек негізінде анықтауға мүмкіндік береді.


Бағалау: жауапты бірінші болып дұрыс тапқан оқушыға «жарайсың» деп мадақтау сөзімен ынталандыру.





Сабақтың ортасы

35 мин

(Д) “INSERT” әдісі, оқулықпен жұмыс. Сөздікпен жұмыс.

Оқушылар «Жаңа білім» бөліміндегі ақпаратпен танысып,

кесте бойынша түртіп алу жүйесімен жұмыс жасалады:

W - білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді; және топ ішінде өзара талдау жүргізіледі.

Сонымен қатар оқулықта кездескен сөздіктерді дәптерлеріне жазып жұмыс жасайды.

Айнымалы – Переменная –Variable,

Жол-Cтрока-String;
Мақсаты: оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру.

Тиімділігі: жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды.

Саралау: оқушылардың қажеттілігіне қарай қолдау көрсете отырып түрткі сұрақтар беріледі.










ІІ. Мағынаны тану.

(Ж) Оқушылар алдымен тапсырманы өз бетінше орындау қажет. «Casestudy» әдісі арқылы біріктірілген жұптар дәптерлерін алмасып, интерактивті тақтада берілген жауабымен тексереді.


1-ші тапсырма. Дәптермен жұмыс.

Логикалық айнымалы деген не?

/мәні: ақиқат немесе жалған/.

Сандық айнымалы деген не?

/мәні: 15,20, 1,0, 100, 2.5, 10.2 және т.б.с.с/.

Жолдық айнымал деген не?

/(мәні: so77s, alma, sport12, сәлем, қалам және т.б.с.с/.

Мақсаты: Нақты болған немесе ойдан шығарған жағдаятты талдау, болжау.

Тиімділігі: Өз ойын ашық айта алады. Оқушылардың оқылым, айтылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады.

Саралау: оқушылардың материалды оңай меңгеруі үшін тапсырманы А деңгейінен С деңгейіне дейін күрделендіремін; бұл тапсырма А деңгейіне жатады.

Бағалау: оқушылар өз жұптарының жауаптарын интерактивті тақтадағы бағалау критерийлеріне сәйкес «Бас бармақ » әдісімен бағалайды.







(Ж) Компьютермен жұмыс.

«Үштік» әдісі арқылы біріктірілген жұптар компьютерде отырып «Жайлаудағы демалыс» жобасын жасайды.

2-ші тапсырма. «Жайлаудағы демалыс» жобасы

Самат жазғы демалысын жайлауда өткізді. Ол жайлауда атпен шабуды үйренді. Самат атына мініп күнде әрі- бері 5 рет шауып өтеді. Scratch программалау ортасында осы жобаны құрастыр.

Бағалау: оқушылар бір-бірінің жұмыстарын интерактивті тақтадағы бағалау критерийлеріне сәйкес «От шашу» әдісімен бағалайды.







(Т) «Кластерлер» әдісі бойынша оқушылар постерлерге төмендегі тапсырманы топ ішінде орындап, тақтада қорғап түсіндіру қажет.

3-ші тапсырма.

1-топқа:Scratch программалау ортасында айнымалыларды не үшін қолданады?

2-топқа:Айнымалыларды жобалардың қандай түрлерін құрастыруда пайдаланған тиімді деп ойлайсың?

3-топқа:Айнымалыны пайдаланып, өздеріңе таныс қарапайым жобаның жоспарын ұсыныңдар.

Бағалау: оқушылар бір-бірінің жұмыстарын интерактивті тақтадағы бағалау критерийлеріне сәйкес «От шашу» әдісімен бағалайды.




Сабақтың соңы

5 мин

ІІІ. Ой толғаныс.

Сабақты бекіту

(Д, Ұ) Балалар таратылған стикерларға презентацияда көрсетілген және төмендегі критерийлер бойынша :

- нені білді, нені үйренді;

- не әлі де түсініксіз;

- қандай бағытта жұмыс жүргізу қажеттігі туралы

Өз ойларын жазып плакатка жабыстыру керек.


Мақсаты: кері байланыс жасау арқылы балалардың бүгінгі сабаққа қатысты ой түйінін, пікірін анықтау.

Тиімділігі: мұғалімнің өз ісіне сыни түрде қарау.
Үй тапсырмасы

Программада айнымалыны пайдаланып «Менің Отаным - Қазақстан» жобасын қалай құрастыруға болады?
Мақсаты: өтілген тақырыпты пысықтау.

Бағалау: жауапты бірінші болып дұрыс тапқан оқушыға «жарайсың» деп мадақтау сөзімен ынталандыру