Файл: Дрістер жинаЫ 1 дріс Таырыбы кіріспе. Материалды нкте механикасы. аралатын мселелер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 734
Скачиваний: 2
| Изотермдік процесс үшін Бойль-Мариотт заңы | Изобаралық процесс үшін Гей-Люссак заңы | Изохоралық процесс үшін Гей-Люссак заңы (Шарль заңы) |
( ) | ( ) | ( ) |
| Изотермиялық процесс | Изобаралық процесс | Изохоралық процесс |
өзара және сыртқы ортамен әрекеттесе-тін және энергия мен зат алмасатын макроскопиялық денелер жиыны.
Тұйық термодинамикалық жүйе – сыртқы ортамен энергия және зат алмасуы орындалмайтын жүйе.
Термодинамикалық параметрлер – жүйенің қасиеттерін сипаттайтын физикалық шамалар. Күй параметрлері ретінде температура, қысым және көлем (меншікті көлем) қарастырылады.
Термодинамикалық процесс – термодинамикалық жүйеде кем дегенде бір параметрдің өзгеруімен байланысты кез келген құбылыс.
Термодинамикалық тепе-теңдік – уақытқа қатысты термодинамикалық жүйенің күйі өзгермейтін жағдай.
Термодинамикалық температуралық шкала (Кельвин шкаласы) судың үштік нүктесіне қатысты бір реперлік нүктемен анықталады.
Температураның практикалық шкаласы (Цельсий шкаласы) екі реперлік нүктемен (1,013105 Па қысымда судың қату температурасы 00С және судың қайнау температурасы 1000С) анықталады.
Үштік нүкте – мұздың, судың және қаныққан будың 609 Па қысымда термодинамикалық тепе-теңдікте болатын температурасы. Кельвин шкаласы бойынша 273,16К.
Температура. Идеал газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы.
МКТ заттың ең қарапайым газ түріндегі күйін түсіндіре алады. Бұл теория тіпті өзінің қарапайым жеңілдетілген түрінде де газ күйіндегі заттың негізгі қасиеттерін және газдағы құбылыстарды түсіндіреді. Газдың өзі құйылған ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы көлем бірлігіндегі молекулалардың санымен, молекуланың массасымен және олардың жылдамдықтар квадратының орташа мәнімен анықталады, яғни
(6.3)
мұндағы
- бір молекуланың ілгерлемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы, сондықтан
(6.4)
Сонымен (6.4) формуласы газдардың кинетикалық теориясының негізгі формуласы деп аталады. 1 моль газдың көлемі V болса, n0 = NA /V бұл формула былай жазылады
; (6.5)
1моль газ үшін газ күйінің теңдеуін пайдаланып, рV = RT. (6.6) – формуланы былайша түрлендіреміз:
(6.7)
Соңғы өрнектен молекулалардың орташа кинетикалық энергиясын анықтауға болады:
(6.8) бұл шама Больцман тұрақтысы деп аталады. (6.8) формулаға Больцман тұрақтысын қойсақ ; (6.9) Газ қысымының молекулалар санына тәуелділігі мына формула арқылы көрсетіледі: р = nkT (6.10) Осы өрнекті түрлендіре отырып, молекулалардың салыстырмалы санын табамыз, ол Больцманның таралу заңы деп аталады. (6.11)Термодинамикалық процесс деп қарастырылатын термодинамикалық жүйенің параметрлерінің өзгеруімен сипатталатын жүйенің күйінің өзгеруін айтады. Берілген жағдайда атомдарының арасындағы өзара әсерлесу күші елеусіз аз болатын газды идеал газ деп атайды. Қалыпты жағдайдағы газдарды идеал газ деп есептеуге болады. Термодинамикалық параметрлер арасындағы байланысты анықтайтын теңдеуді күй теңдеуі деп атайды..температура дене бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясының өлшемі болады, бұл энергия неғұрлым көп болса, дененің температурасы соғұрлым жоғары болады.Сонымен денені қыздырған кезде молекулалардың кинетикалық энергиясы артады да, олар жылдамырақ қозғала бастайды, ол суыған кезде молекулалардың энергиясы азаяды да, олардың қозғалысы баяулайды.
|
| 6.1-сурет |
Бұл Цельсийдiң градустер шкаласыдеп аталады (6.2- сурет). 0-мен 100 нүктелерiнiң аралығын градус деп аталатын теңдей 100 бөлiкке бөлiнген. Сұйық бағанының бiр бөлiкке жылжуы (орын ауыстыруы) температураның 1 градус Цельсийге өзгеруiне сәйкес келедi. Әртүрлi сұйықтардың қыздырылғанда кеңуi (ұлғаюы) бiрдей болмағандықтан, термометрлерде оған сәйкес градуирленген.
|
| 6.2-сурет |
қоспа газдағы жеке газдардың үлесі.
Атмосфералық қысымды металдан жасалған барометр — анероидпен өлшейді. Қазақстанның климаты ыстық, жылы, орта және суық климаттық белдеулерге жатады. Бұл Оңтүстікте - дала мен шөлдің ыстық климаты, биік таулы климат, Орталық және Батыс Қазақстанда - шөл, жартылай шөл, Шығыс Қазақстан мен солтүстікте – далалар және орманды далалар климаттары. Медициналық климатологияда климатты адамның денсаулығының әсеріне байланысты жұмсақ және тітіркендіретін деп бөледі. Жұмсақ климатқа, температураның амплитудасы және басқа метеофакторлардың жылдық, айлық және тәуліктік ауытқулары аз, жылы климат жатады.
Жұмсақ климатқа Бурабайдағы орманды климат, Қырымның оңтүстік жағалаулары жатады. Тітіркендіретін климатқа бейімделу механизмдеріне жоғары талаптар қоятын, метефакторлардың елеулі тәуліктік және мезгілдік амплитудалары тән. Басқа жағынан, бұндай климат ағзаның жаттығуына және оның шынығуына ықпал етеді. Осындай әсері бар климаттарға, көптеген жүйкелік және жүрек тамырлық ауруларды емдеу кезінде қолданылатын, емдік және шынықтырғыш қасиеті бар, тау, солтүстік теңіз жағалауындағы салқын климат және Қазақстанның Сібір бөлігінің континентальды климаттары жатады.
Ауасы таза, ылғалды орташа, ластаушылар мен аллергендері жоқ, ауа - жылу режимі параметрлерінің ауытқулары аз, жылу реттейтін механизмдердің зорлануын тудырмайтын, қатты желдер мен жиі жауындар болмайтын, жақсы инсоляцияланатын жерлер климатотерапия үшін қолайлы болып саналады. Басқа тітікендіргіш климаттар: солтүстіктің суық климаты, дала мен шөлдің ыстық климаты, биік тау климаттары - адам ағзасына өте қолайсыз әсер етеді.
Қайталау сұрақтары
1. Термодинамикалық параметрлер деген не?
2. МКТ-ның алғышарттары қандай?
3. Максвелл таралуының шарттары.
4. Больцман таралуының шарттары.
5. Молекулалардың жылдамдықтар және энергия бойынша таралу функцияларының физикалық мағынасы.
№7 дәріс
Тақырыбы: Термодинамиканың заңдары және оның түсініктері
Қаралатын мәселелер: Идеал газбен жасалатын жұмыс. Термодинамиканың 1-ші бастамасы. Циклдік процесстер түсінігі. Карно циклі. Жылу машиналарының жұмыс істеу принципі және ПӘК-і. Жүйенің энтропиясы. Термодинамиканың 2-ші бастамасы. Идеал газда энтропияның микроскопиялық күймен байланысы.
)
)
)