Файл: Дрістер жинаЫ 1 дріс Таырыбы кіріспе. Материалды нкте механикасы. аралатын мселелер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 743
Скачиваний: 2
– берілген көлемдегі барлық молекуланың кинетикалық энергиясы. Осыдан, бір молекуланың орташа кинетикалық энергиясы: , (5.13)Термодинамикалық температура - идеал газ молекулаларының ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі. Идеал газдың ішкі энергиясы жеке-жеке молекулалардың кинетикалық энергиясынан құралады. Ішкі энергия күй функциясы боп табылады, оның өзгеруі жүйенің бастапқы және соңғы күйлеріне ғана тәуелді.Идеал газ молекулаларының жылдамдықтары және энергиялары бойынша таралуы туралы Максвелл заңы
Тұрақты температурада тепе-тең күйдегі газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы өзгермейді. Бұл молекулалардың жылдамдық бойынша стационарлық таралуының қалыптасатынын білдіреді және Дж.Максвелл шығарған нақты статистикалық заңмен сипатталады.Максвелл таралуына қолданылатын алғышарттар:- газ өлшемдері бірдей өте көп молекулалардан құралған;- газ температурасы тұрақты;- газ молекулалары үнемі жылулық қозғалыста болады; - қозғалыс кеңістіктің барлық бағытындатең ықтималды; - газ молекулаларына күштік өрістер әсер етпейді. Молекулалардың жылдамдықтар бойынша таралуы Жылдамдықтың шексіз аз интервалына жылдамдықтары және аралығындағы молекулалар сәйкес келеді, таралу функциясы олардың салыстырмалы санын анықтайды: . Яғни, молекулалар жылдамдығының және аралығында болу ықтималдығы -ға тең болады. Дж.Максвелдің идеал газ молекулаларының жылдамдықтар бойынша таралу функциясы газдың табиғатына және температурасына тәуелді: . (5.14) Яғни, молекулалар жылдамдығының және аралығында болу ықтималдығы -ға тең болады. функциясы үшін нормалау шарты: кез келген молекуланың қандай да бір
жылдамдығы бар, сондықтан жылдамдықтардың мүмкін мәндеріне ие болатын молекулалардың барлық үлесінің қосындысы бірге тең:
.
Молекуланың ең ықтимал жылдамдығы:
, орташа жылдамдығы:
, орташа квадраттық жылдамдығы:
.
Молекулалардың жылулық қозғалыс энергиясы бойынша таралуы
Шамасы
шексіз аз интервалға энергиясы
және
аралығындағы
молекулалар саны сәйкес келеді. Молекулалардың жылулық қозғалыс энергиясы бойынша
таралу функциясы:
(5.15)
Идеал газдың бір молекуласының орташа кинетикалық энергиясы:
. (5.16)
Барометрлік формула. Больцман таралуы
Больцман таралуына қойылатын алғышарттар:
- Жердің тартылу өрісі біртекті;
- газ молекулаларына күштік өрістер әсер етеді;
- газ өлшемдері бірдей өте көп молекулалардан құралған:
- барлық молекуланың массасы бірдей; газдың температурасы тұрақты.
Жерден
биіктікте атмосфералық қысым
ал
биіктікте
.
Шексіз аз
өзгерісте газ тығыздығы тұрақты болса, қысымның өзгерісі:
. Идеал газ күйінің теңдеуінен:
. Демек,
, немесе
. Биіктіктің
ден
ге дейінгі аралығында қысымның өзгерісі: 
. Осыдан:
. (5.17)
Атмосфералық қысым қалыпты деп алынғанда:
. (5.18)
Газ қысымының молекулалар концентрациясына тәуелділігі арқылы:
,
. (5.19)
Осы формула сыртқы потенциалдық өріс үшін Больцман таралуы деп аталады.
Қайталау сұрақтары
-
Молекулалар қозғалысының еркіндік дәрежелері деген не? -
Жылу сыйымдылықтарының түрлерін ата және формулаларын жаз. -
МКТ тұрғысынан идеал газдың температурасы мен қысымын анықтау әдісі. -
Газдың ішкі энергиясын қалай анықтауға болады? -
Газ молекулаларының жылдамдық бойынша таралуы түрлері. -
Больцман үлестірілу заңын айт.