Файл: Блім 5блім Биоалуантрлілік. ызыл кітапа енген жануарлар мен сімдіктер. Синтаксис.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 172
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: | 5-бөлім: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер.Синтаксис |
Педагогтің аты-жөні: | Тұрсынбаева М.М |
Күні: | 24.01.2023 |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Заңсыз аң аулау |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 8.1.6.1 -коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: -коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 7 мин. | (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | Оқулық, жұмыс дәптерлері ДК экраны | ||||||||||
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі. | Заңсыз аң аулау туралы өз ойларыңды ортаға салыңдар. | «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | Оқулық, жұмыс дәптерлері ДК экраны | ||||||||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 31 мин. | 1-А-тапсырма. Мәтінді оқып, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдаңдар. | Оқылым: Мәтінді оқып, көтерілген мәселе бойынша ой өрбітеді. | «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК | ||||||||
| Тапсырма. 1.Мәтінді оқи отырып, тақырыпқа сай ғылыми терминдерді теріп жазыңыз. 2.Мәтінде ғылыми деректер қалай берілген? Қай деректерді маңызды дер едіңіз? 3.«Заңсыз аң аулауға қарсымыз!» тақырыбында монолог дайындаңыз. Жоғарыда берілген ғылыми терминдер мен деректерді қолданыңыз. Өз ойыңызды дәлелді әрі жүйелі жеткізіңіз. | | Дескриптор: -Ғылыми терминдерді теріп жазады; -Маңызды деректерді табады; -монолог жазады; Ғылыми терминдерді пайдаланады; -өз ойын дәлелді әрі жүйелі жеткізеді. Жалпы 5 балл | Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК | ||||||||
ӘТН. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері | ||||||||||||
| 1Ғ-тапсырма. Мәтіннен тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді тауып, кестені толтырыңдар.
| Тапсырманы шартына қарай орындайды. | Дескриптор: Тұрлаулы мүшелерді табады; Тұрлаусыз мүшелерді табады. Жалпы – 2балл. | Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК | ||||||||
| Ә-тапсырма. Кестені толтырыңдар.
| Кестені толтырады | Дескриптор: Кесетні толтырады. Жалпы – 2балл. | Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК | ||||||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Мұғалім оқушыларды 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | |
Тексерілді: ___________
24.01.2023
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1458 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесі
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.07.02 № 901 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейдi.
2. Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алу жүзеге асырылатын жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.
Олжалау мақсатымен жануарлар дүниесі объектілерін iздеу, аңду және iзiне түсу, олжалауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда адамдардың қабынан алынған аңшылық атыс қаруымен және аң аулаудың басқа құралдарымен немесе олжаланған аңшылық өнiмiмен, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен не осы Ереженің 20-тармағында көрсетілген аң аулаудың басқа құралдарымен белгіленген аң аулау мерзімнен тыс кезде жүруi аң аулауға теңестiрiледi.
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты (бұдан әрі – рұқсат) жоқ болған кезде көлік құралдарындағы және аялдау орындарындағы жануарлар немесе олардың бөліктері мен дериваттары заңсыз олжаланған өнімге теңестіріледі.
3. Аң аулау мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) кәсiпшiлiк аң аулау;
2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау.
4. Кәсiпшiлiк аң аулау - кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау.
5. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау – спорттық, эстетикалық қажеттiлiктердi қанағаттандыру мақсатында және олжаланған өнiмдi жеке пайдалану үшiн аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау.
Ұлттық аң аулау – аушы жыртқыш құстарды және аң аулайтын иттердің ұлттық тұқымдарын пайдаланып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.
6. Аңшылық алқаптар – бұл аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкiн аң аулау объектiсiн бiлдiретiн жануарлар түрлерiнiң тiршiлiк ортасы болып табылатын аумақтар мен акваториялар.
7. Аңшылық алқаптар:
1) аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтілiп берiлген;
2) аңшылық алқаптардың резервтiк қорындағы аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн
жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекітілiп берiлмеген;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын жүргізуге және аң аулауға жол берiлетiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан жерлер болып бөлiнедi.
8. Егер жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекітіліп берiлген аңшылық алқаптарда жүргiзіледi.
9. Қазақстан Республикасында оның аумағында тұратын немесе келетін, он төрт жасқа толған жеке тұлғалар (бұдан әрі – аңшы) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны және аң аулау құқығына рұқсат беру үшін мемлекеттік баж төленгені туралы белгісі бар аңшы куәлігі мен рұқсаты болған жағдайда осы Ережеде рұқсат етілген олжалау құралдарын, аң аулайтын иттер мен аушы жыртқыш құстарды қолданып аң аулау құқығына ие болады. Бұл ретте аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулау құқығына он сегіз жасқа толған жеке тұлғалардың аңшылық атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсаты болған жағдайда ие болады.
10. Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында бекітіп берілген аңшылық алқаптарда ғана аң аулауға, осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының болған кезде және тұрғылықты елінде берілген олардың аң аулау құқығын куәландыратын құжаты және рұқсаты, сондай-ақ аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге ішкі істер органдарының рұқсаты болған жағдайда құқығы болады.
11. Жануарларды олжалау құралдары аңшылық атыс қаруы, аушы жыртқыш құстар, аң аулайтын иттер және аң аулаудың түрiне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған барлық техникалық құралдарды қолдана отырып жануарлар олжаланатын құралдар болып танылады.
12. Аң аулау өнiмдерi болып жануарлардың терiлерi (мамық жүнді тері, тері шикiзаты, құстардың терісі), олардың еті, майы, қауырсыны мен мамығы, бұғы мүйiзi, жұпары, өтi, бас сүйектерi, мүйiздерi (табиғи жолмен тасталған немесе мерт болған жануарлардан басқа), азу тiстерi және жануарлар денесiнiң басқа да бөлiктерi, құстар мен бауырымен жорғалаушылардың жұмыртқалары, сондай-ақ ауланған жануарлардың өздерi танылады.
Аңшылық олжаларын жинау мақсатында жануарлар дүниесінің объектілерін алу кезінде осы Ереженің
2-қосымшасына сәйкес аң аулау хаттамалары және осы Ереженің 3 – 10-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жануарлар түрлеріне олжалау парақтары толтырылады.
13. Аң аулау кезінде аңшылық алқаптарды тұрмыстық және кәсіпшілік қалдықтарымен, тастанды заттармен ластауға жол берілмейді.
2. Аң аулау тәртібі
14. Аң аулау уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлімшелері беретін аң аулауға тиiстi рұқсаттың негiзiнде жүргiзіледi.
Көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде аталық үйректер олжалауға аңшыда алдамшы үйрек немесе тұлыптар болған жағдайда жол беріледі.
15. Кәсiпшiлiк аң аулауға аңшыда мынадай құжаттар:
1) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны және аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгiлеген мемлекеттiк бажды төлегені туралы белгiсi бар аңшы куәлігі;
2) рұқсат;
3) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының рұқсаты;
4) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – белгiленген тәртiппен берiлген оларды тіркеу туралы құжаттар;
5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасалған шарттар;
6) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;
7) кәсiпшiлiк журналы болған кезде жол беріледі.
Кәсiпшiлiк аң аулаудың ұжымдық (топтық) нысаны кезiнде аңшылық шаруашылығы субъектісі рұқсатты пайдалану үшiн жауапты тұлға тағайындайды.
16. Әуесқойлық (спорттық) аң аулауға аңшыда мынадай құжаттар:
1) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны және аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгiлеген мемлекеттiк бажды төлегені туралы белгiсi бар аңшы куәлігі;
2) рұқсат;
3) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;
4) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының рұқсаты;
5) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – белгiленген тәртiппен берiлген оларды тіркеу туралы құжаттар болған кезде жол берiледi.
Тұяқты жануарлар мен аюды әуесқойлық (спорттық) мақсатта аулаудың ұжымдық (топтық) нысаны кезiнде рұқсатты пайдалануға жауапты аңшының деректерi рұқсаттың бет жағына, ал қалған қатысушылардың деректері олардың аңшы куәлiктерiнiң нөмiрлерi көрсетіліп, сырт жағына енгiзіледi.
17. Тұяқты жануарлар мен қоңыр аюды олжалау қорықшының немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен жүргізіледі.
18. Тұяқты жануарлар мен қоңыр аю олжаланғаны туралы белгіні осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген адамдар атып алғаннан кейін, жануарлардың басқа түрлері олжаланғаны туралы белгіні аң аулау аяқталғаннан кейiн күн сайын не келесі аң аулау орнына ауысқан кезде сол күні қорықшы немесе ол болмаған кезде аңшының өзi рұқсатқа, егер бұл рұқсат нысанында көзделген болса, жолдамаға, ал кәсiпшiлiк аң аулау кезiнде – кәсiпшiлiк журналына белгi жасайды.
19. Қасқырларды, шибөрiлердi және сұр қарғаларды олжалауға:
1) жануарлар дүниесiн қорғауды уәкiлеттi органның және оның мамандандырылған ұйымдарының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшылық қызметi қызметтік қаруды пайдаланып және авиа, автомото, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы пайдаланып жүзеге асырған;
2) жануарлардың басқа түрлерiн аулауды аң аулауға берілген рұқсат қолданылатын аңшылық шаруашылығы субъектісінің аумағында жүргізілген (авиа, автомото, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы пайдаланбай) кезде рұқсат талап етiлмейдi.
20. Аң аулау:
1) тегiс ұңғылы аңшылық атыс қаруын;
2) ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын (құстардан басқа);
3) қолдан жасалған құралдарды (қапқандарды, тұзақтарды, салмақты қысқышты, қаусырманы);
4) аң аулайтын иттер мен аушы жыртқыш құстарды қолданып жүргiзiледi.
21. Iрi жыртқыш жануарларды және саны реттелуге жататын жануарларды аң аулау мерзiмiнен тыс кезде олжалау Қазақстан Республикасының