Файл: Блім 5блім Биоалуантрлілік. ызыл кітапа енген жануарлар мен сімдіктер. Синтаксис.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 173

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
заңнамасы талаптарының негiзiнде жүргiзiледi.
      22. Жолдаманың қолданылу аумағынан тыс жерде аң аулайтын иттердi iздеп, шақыру кезінде аңшы аңшылық атыс қаруының оғын алып, бөлшектейді.
      23. Жолдаманың қолданылу аймағынан тыс жерде жараланған тұяқты жануарлардың, аю мен қасқырлардың iзiне түсуге және оларды жинап алуға жараланған жануар аңшылық алқаптарында жүрген аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкiлеттi тұлғасының келісімiмен жол берiледi.
      24. Аң аулау аяқталғаннан кейiн, аң аулау аралығындағы үзiлiстерде, бiр жерден екiншi жерге көшкен кезде, сондай-ақ уәкiлеттi тұлғалар аңшының аң аулауының заңдылығын тексеруi кезiнде аңшылық атыс қаруы оғы алынған күйге келтiріледi.
      Мылтық қарудың оқ ұясында және оқшантайында оқ болмаған кезде оғы алынып тасталған болып есептеледi.
      25. Ен салынған (сақина, микрочип салынған) құстарды немесе сүтқоректiлердi олжалау кезiнде олжалаудың күнi мен орны көрсетiлген ақпарат, сақина, микрочип және басқа да белгiлер кейіннен ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органға одан әрі беру үшiн аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкiлеттi тұлғасына немесе уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесіне беріледі.
      26. Мына жағдайларда:
      1) аңшы куәлігінсіз;
      2) аңшы куәлігінде тиісті жылға аң аулау құқығына рұқсат беру үшін Қазақстан Республикасының салық 
заңнамасында белгілеген мемлекеттік баждың төленгені туралы белгісіз;
      3) iшкi iстер органдарының аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген рұқсатынсыз, ал шетелдiк азаматтарға - iшкi істер органдарының Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге аңшылық атыс қаруын әкелуге және әкетуге берген рұқсатынсыз;
      4) Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзiлмеген аушы жыртқыш құстармен;
      5) егер уәкілетті орган өзгеше белгілемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында;
      6) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта;
      7) қолданылуы осы Ережеде көзделмеген олжалау құралдарымен;
      8) тегiс ұңғылы аңшылық қаруын қолданып, елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен іргелес аумақтарда, олардың айналасында екі шақырым және ойық ұңғылы аңшылық қаруын қолданып үш шақырым радиуста;
      9) уәкілетті органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;
      10) өнiм жинау аяқталғанға дейiн ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;
      11) Қазақстан Республикасының 

заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берiлетiн аумақтарды қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;
      12) қозғағышын iске қосып, авиа-, авто-, мотокөлiк құралдарын, қарда жүретiн техниканы (қасқыр аулауды қоспағанда), шағын көлемдi кемелердi, әуесқойлық (спорттық) мақсаттарда;
      13) алкогольмен немесе есірткі заттармен масаю немесе өзге де түрдегі интоксикация жағдайындағы адамның;
      14) мүшкiл және дәрменсіз күйге ұшыраған (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалаған, су айдындары арқылы жүзіп өту кезінде, көктайғақта, аштықтан тұралаған, жылым суларды паналаған суда жүзетiн құстарға) жануарларға;
      15) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлеріне (оларды Қазақстан Республикасы 
заңнамасына сәйкес олжалау жағдайларынан басқа);
      16) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, су тышқанына аңшылық қаруды қолданып;
      17) кейiннен қалпына келтiре отырып, аң аулайтын иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;
      18) өзен құндызы тұрғызған бөгеттерді бұзып;
      19) түнгi көздеуіштерді және дыбыссыз атуға арналған құрылғыларды, лазерлiк нысана көрсеткiштерді қолданып;
      20) жарықтандыру аспаптарын қолданып;
      21) дыбыс шығарғыш электрондық құрылғыларды қолданып;
      22) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектiлерiн иммобилизациялауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және алдын алу жұмыстарын жүргiзу үшiн садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа);
      23) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;
      24) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған иір ойықты салмалы (қосалқы) ұңғыны қолданып;
      25) бос жерлерді, су бетiндегі өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсімдiктерді түбiрiмен қопарып және жойып;
      26) өздiгiнен атылатын қаруды, қысқышты, қаусырманы, қапсырманы, кескiштi қолданып, құлама, аулау орларын құрып, адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, сүңгі құс желiмін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;
      27) торларды қолданып; су құю арқылы iнінен шығарып (уәкiлеттi органмен келісiм бойынша жабайы жануарларды мекенiн ауыстыру немесе оларды қолда ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда);
      28) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолданып, уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келiсім бойынша тышқан тектес кемiргiштердi (саршұнақтарды, сұр егеу құйрықтарды, аламандарды) жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда;
      29) жануарлар түрлерін рұқсатта көрсетілген мөлшерден тыс және рұқсатта көрсетiлмеген жануарлардың басқа түрлерiн олжалау жолымен;
      30) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз;
      31) басқа елдерден әкелінген аушы жыртқыш құстарды пайдалана отырып аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлеріне;
      32) бүйірден (сақинадан) от алатын оққа арналған бес бүтін оннан алты миллиметр калибрлі иір ойықты қаруды қолданып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға;
      33) қорықшының немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектор бастап жүрмей тұяқты жануарлар мен қоңыр аюға;
      34) көктемгі аң аулау кезінде аталық үйректі алдамшы үйрексіз немесе тұлыпсыз аулау;
      35) тыныштық аймақтары мен өсімін молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады.



3. Аң аулауды жүргiзу мерзiмдерi


      27. Жануарлардың таралымдарын сақтау, олардың өсiмiн молайтуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және шаруашылық пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасында осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес аң аулау мерзiмдерi белгiленедi.
      Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері аң аулауды ашу туралы және өңiрдiң табиғи-климаттық жағдайларына байланысты осы Ережеде белгiленген мерзiм шегiнде көктемгі аң аулаудың басталуын күнтiзбелiк 15 күнге дейiн неғұрлым кеш мерзiмге ауыстыру туралы да шешiм қабылдайды.




Бөлім:

5-бөлім: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер.Синтаксис

Педагогтің аты-жөні:

Тұрсынбаева М.М

Күні:

24.01.2023

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның Қызыл кітабы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.5.1 -перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру

8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

-перифразаның әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады;

- тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолданады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Қызыл Кітап өлеңінің

1 бөлімін оқып беремін.

Сол бойынша сұрақтар қоямын.

«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

1-А-тапсырма. Мәтінді оқып, қажетті ақпаратты табыңдар.

Оқылым:

Мәтінді оқып, қажетті ақпаратты табады.


«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК




Тапсырма.

Мәтін бойынша

5 сұрақ құрастырыңыз. Сұрақ құрастыру барысында перифразаның түрлі тәсілдерін қолдануды ескеріңіз.




Дескриптор:

-перифраза тәсілдерін қолданады;

- мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

Жалпы 5 балл

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК

ӘТН. ПЫСЫҚТАУЫШ




2-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен пысықтауыш болатын сөйлемдер құраңдар. Кестені толтырыңдар.

Дара

күрделі









Тапсырманы шартына қарай орындайды.

Дескриптор:

Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрайды.

Жалпы – 5балл.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК



мысал

анықтауыш

Пысық

тауыш










3Б-тапсырма. Кестедегі сөздер анықтауыш пен пысықтауыштың рөлін атқаратындай сөйлем құраңдар.

Берілген сөздерді пайдаланып, анықтауыш пен пысықтауышқа сөйлем құрайды.

«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды

1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.



Тексерілді: ___________

24.01.2023






Сабақтың тақырыбы: «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктер

Бөлім:

5-бөлім: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер.Синтаксис

Педагогтің аты-жөні:

Тұрсынбаева М.М

Күні:

9.01.2023

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.О5 - перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

8.Ж/1 - Тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру;

ӘТН.8.1. Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

-перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

- Тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құрады;

-Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

1.Биоалуантүрлілік дегенді қалай түсінесің?

2. Қоршаған орта туралы не айтар едің?

3.Осы мәселе қай пәнде айтылады?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.



Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, қажетті ақпаратты табыңдар.

Оқылым:

Мәтінді оқып, қажетті ақпаратты табады.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-Биоалуантүрлілік, қоршаған орта туралы сұрақтарға жауап береді.


Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК




Тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша 2 жуан сұрақ, 2 жіңішке сұрақ құрастырыңыз.

Перифраз  — құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі. Мысалы, орман патшасы (арыстан дегеннің орнына), дала кемесі (комбайн), қара алтын (көмір), пәниден бақи кетті, аққу ұшып көлге кетті (өмірден өтті),

Жуан сұрақ

Жіңішке сұрақ









Дескриптор:

Әр сұрақ 1 балмен бағаланады.

Жалпы 4 балл

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК



Ә) Жаңа тақырып бойынша тақырыпты ашатындай ерекше тұжырымдамалық карта жасаңдар.

Тұжырымдамалық карта (постер) жасайды.

Дескриптор:

Тұжырымдамалық карта жасайды.

-ерекшелігіне назар аударылады.

Жалпы - 1 балл.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК

ӘТН. Бастауыш және өзіне тән белгілер



3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар. Ол сөздердің қай сөз табынан екенін анықтаңдар.

Тапсырманы шартына қарай орындайды.

Дескриптор:

Тиісті сөздерді қояды;

Қай сөз табынан екенін анықтайды.

Жалпы – 2 балл.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды

1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.