Файл: 1. Стандарт Сырты жыныс азаларын карау Масаты сырты жыныс азаларыны жадайын анытау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 312

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





Ескерту



1. Стандарт “Сыртқы жыныс ағзаларын карау

Мақсаты: сыртқы жыныс ағзаларының жағдайын анықтау.

Қажетті құрал-жабдықтар: гинекологиялық кресло,бір рет қолданыста болатын қолғаптар,жеке жаялық

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Әйелге осы тексерудің қажеттілігін түсіндіріңіз;

2. Әйелді гинекологиялық креслоға жаялық үстіне жатқызыңыз(аяғын,тізе,жамбас,сан буынында бүгіп,бұтын ашып);

3. Бір рет қолданылатын қолғапты киіңіз

4. Сыртқы жыныс ағзаларын,қасағаны қараңыз.

5. Сол қолдың I,II саусағымен үлкен жыныс ернеулерін ашып кезекпен қараңыз; шүртіні,уретраны,қынапқа кіре берісті,бартолин бездерін,артқы жабысқақты және аралықты.

6. Оң қолдың I,II саусағымен үлкен ернеудің төменгі бөлігін оң жағынан сипалап одан кейін сол қолдың I,II саусағымен сол жағын сипалап бартолин бездерін анықтаңыз;

7. Әйелдің тұруын сұраныз;

8. Бір рет қолданыста болған колғаптарды шешіп,инфекцияның алдын-алу шараларының ережесіне сәйкес тастаңыз;

9. Қолыңызды сабынмен жуыңыз;






Ескерту



2. Стандарт. “Жатыр мойнын қос жақтаулы айнамен қарау ”

Тексеру мақсаты: Жатыр мойнының және қынаптың ауруларын анықтау

Құрал жабдықтар: гинекологиялық кресло, гинекологиялық айна, 1 рет қолданылатын резеңке қолғап, жеке жаялық.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Әйелге осы тексерудің қажеттілігін түсіндіріңіз

2. Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызыңыз

3. Қынап пен жатыр мойнын қарау үшін жарықпен қамтамасыз етіңіз.

4. 1 рет қолданылатын резеңке қолғапты киіңіз.

5. Стерилденген үстелден гинекологиялық айнаны алыңыз, сол қолдың 1-2 ші саусақтармен үлкен жыныс ернеулерін ашып,оң қолмен қос жақтаулы айнаны кіші жамбас астауының кіре берісіне оның тік өлшеміне сәйкес жақтаулары бір біріне жабысқан жағдайында енгізіңіз, алдын ала сол қолыңызбен кіші жыныс еріндерін аша отырып, айнаны қынапқа біртіндеп енгізеді, оны кіші астауға кіре берісте көлденең өлшеміне дәлдеп ұстап,бұрыңыз. Айнаны ашыңыз, сосын жатыр мойнын қарау.

6. Қарау барысында: қынаптың шырышты қабатының түсіне, бөліндінің сипатына, патологиялық процестің бар, жоқтығына, жатыр мойнының шырышты қабатының түсіне, патологиялық процеске, жатыр мойнының пішініне, түріне, сыртқы мойын тесігіне мән беріңіз.

7. Айнаны қынаптан алыңыз және дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.

8. Әйелге тұруын өтініңіз.

9. 1 рет қолданылатын резеңке қолғапты шешіп, профилкатикалық инфекциялық ережесіне сәйкес шешіп, тастаймыз.

10. Қолыңызды сабынмен жуыңыз.








Ескерту


3.Көтергіші бар қасық тәрізді айнамен жатыр мойнын қарау.

Тексеру мақсаты: Жатыр мойнының және қынаптың ауруларын анықтау

Құрал жабдықтар: гинекологиялық кресло, гинекологиялық айна, 1 рет қолданылатын резеңке қолғап, жеке жаялық.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Әйелге осы тексерудің қажеттілігін түсіндіріңіз

2.Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызыңыз

3.Қынап пен жатыр мойнын қарау үшін жарықпен қамтамасыз етіңіз.

4.1 рет қолданылатын резеңке қолғапты киіңіз.

5.Стерилденген үстелден гинекологиялық айнаны алыңыз, сол қолдың 1-2 ші саусақтармен үлкен жыныс ернеулерін ашып, қасыққа ұқсаған айнаны жанбас астауының тік өлшемі бойынша қынаптың артқы қабырғасын бойлай артқы қуысқа дейін енгізу , қынаптың артқы қабырғасына айнаны басыңыз, айнаның тұтқасын сол қолына ауыстырыңыз , оң қолыңызбен жамбас астауының тік өлшемі бойынша қынаптың алдыңғы қабырғасын бойлай көтергішті енгізіңіз, көлденең өлшеміне бұрыңыз, жатыр мойнымен қынапты қараңыз.

6. Қарау барысында: қынаптың шырышты қабатының түсіне, бөліндінің сипатына, патологиялық процестің бар, жоқтығына, жатыр мойнының шырышты қабатының түсіне, патологиялық процеске, жатыр мойнының пішініне, түріне, сыртқы мойын тесігіне мән беріңіз.

7. Айнаны қынаптан алыңыз және дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.

8.Әйелге тұруын өтініңіз.

9.1 рет қолданылатын резеңке қолғапты шешіп, профилкатикалық инфекциялық ережесіне сәйкес шешіп, тастаймыз.

10.Қолыңызды сабынмен жуыңыз.







Ескерту


4. Стандарт. Бимануальды тексеру

Тексеру мақсаты: Ішкі жыныс мүшелерінің жағдайын бағалау.

Құрал жабдықтар: гинекологиялық кресло, жеке жаялық ,1 рет қолданылатын резеңке қолғап.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Әйелге осы тексерудің мақсатын түсіндіріңіз.

2. Қуықты босатудың қажеттілігін түсіндіріңіз.

3. Әйелді гинекологиялық креслоға жаялық үстіне арқасымен ( аяғын тізе, жамбас сан буынында бүгіп, бұтын ашып) жатқызыңыз.

4. Тексеру барысында тыныштық қалыпта болуын түсіндіріңіз.

5. 1 рет қолданылатын резеңке қолғапты киіңіз.

6. Сол қолдың 1ші 2 ші саусағымен үлкен жыныс ернеулерін ашыңыз.

7. Оң қолдың 2,3 ші саусағын қынапқа енгізіңіз(бас бармақ қасаға қарап орналасуы керек).

8. Оң қолдың саусағын қынапқа енгізіп, қынаптың және қынап күмбездерінің жағдайларын анықтаңыз.

9. Сауақтарды жатыр мойнының астына енгізе отырып, сол қолды құрсақ үстіне орналастырып саусағымен жатырды басып тексеріңіз.

10. Жатырды сипалай отырып оның орналасуын, көлемін, пішінін, тығыздығын, қозғалыстығын, ауру сезімін анықтаңыз.

11. Сыртқы және ішкі саусақты жатырдың бұрышынан жамбастың беткейлі бөлігіне дейін ауыстырыңыз. Жатыр түтігін, аналық бездің, көлемін, пішінін, ауырсыну сезімін, қозғалысын анықтаңыз.

12. Оң қолдың көмегімен жамбастың ішкі беткейін (сегізкөз ойысын, мүйісін) сипаңыз.

13. Оң қолды жатырдан шығара отырып, оны мұқият қарап оның қосалқы бөліктерін жамбас қуысын қараңыз.

14. Қолғапты шешіп оны профилактикалық инфекциялық ережесіне сәйкес тастаймыз.

15. Қолыңызды сабынмен жуыңыз.








Ескерту


5..Стандарт «Қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу»

Мақсаты: микроскопиялық тексеруге материал алу.

Ресустар: гинекологиялық кресло, гинекологиялық айналар, фолькман қасықшасы немесе зонд, әйнек, лабораторияға жолдама,бір рет қолданатын қолғаптар, жеке жөргек.

Іс-қимыл алгоритмі:

1. Әйелге осы тексерудіңқажеттілігінтүсіндіріңіз.

2. Әйелдігинекологиялық креслоғажөргектөсепжатқызыңыз.

3.Жатыр мойын қарауғажеткіліктіжарықпенқамтамассызетіңіз.

4.Бір рет қолданатынқолғап киіңіз.

5. Құралдарды дайындаңыз: гинекологиялық айна, фолькман қасықшасы,әйнек.

6.Гинекологиялық айнаны енгізіңіз.Фолькман қасықшасымен немесезондпен қынаптың артқы күмбезінен бөлінді алып әйнекке жағыңыз.

7. Қынаптан гинекологиялық айнаны абайлап шығарыңыз да, 3% хлорамин ерітіндісіне салыңыз. Егер бір рет қолданатын айна қолдансаңыз, оны контейнерге салыңыз.

8. Әйелдің тұруын өтініңіз.

9. Бір рет қолданатын қолғапты шешіңіз, инфекцияның алдын алу ережесін сақтай отырып тастаңыз.

10.Қолыңызды сабынмен жуыңыз.

11.Жолдама жазыңыз:

- кабинет номері

-аты-жөні, тегі

- жасы

- жұмыс немесе оқу орны

- жағынды не үшін алынды (қыныптың тазалық дәрежесіне жағынды)

- күні

- акушерка немесе дәрігердің қолы.

12. Жағындыны лабораторияға жіберіңіз.





Ескерту



6. Стандарт «Онкоцитологияға cervex – brush – ты қолданып жағынды алу»

Тексерудіңмақсаты :онкологиялық аурулардың ерте диагностикасы.

Ресурстар :Гинекологиялық кресло, залалсызданған жөргек, бүйрек пішінді

дәкелік тығын, әйнек, 96% - ды этил спирті немесе наркозға

арналған эфир, бекіткіш .

Іс – қимыл алгоритмі :

1 Пациенттен тексеруге келісім алады.

2 Гинекологиялық креслоға жеке залалсызданған жөргек төсейді.

3 Пациентке гинекологиялык креслоға шалқасынан жатуға және аяқтарын аяқ

ұстағышқа орналастыруғакөмектеседі .

4. Қолдыәдістердіңбіреуіменөңдейді.

5. Бүйрекпішінділотокқа бір жұп қолғап, Куско айнасын, пинцет, 4 – 6 дәкелік

тығын салады.

6. Әйнекдайындалады (жуып, спирт немесе эфирмен сүртіп кептіреді ),

бекіткіш,қораптағы Cervex – Brush.

7. Залалсызданғанқолғаптаркиеді.

8. Оңқолға Куско айнасыналады.

9. Солқолдыңсұқжәне бас бармағыменжыныс еріндерінашады.

10. Айнанықынаптыңортасынадейін жабық күйіндеенгізеді.

11. Айнаны көлденеңіненорналастырыпқынап күмбезіне дейіненгізеді.

12. Айнаныашады.

13. Айнаны винт арқылы бекітеді.

14. Жатырмойнын, қынаптыңқабырғаларынқарайды.

15. Визуалдыжатырмойнықалыптыболса, оның бетіндегішырыштың мөлшерін

бағалау керек.

16. Егер шырыштың мөлшерікөп болса, оны жұмсақмақта тампонымен

абайлап сүртеді.

17. Cervex – Brush қорабын ашады.

18.Cervex – Brush – тықынапқа визуалды бақылаумен енгізеді және оның конусын

абайлап жатыр мойны түтігіне бағыттайды.

19. Cervex – Brush – тың конусын цервикалды түтіккеенгізгенсоң, оныңқылтандарын

жатырмойныныңбетінежақындатыпсағаттілібойыншаүш жәнесағаттіліне

қарсыекіреттолықайналымжасайды.

20. Қылтандықынаптаншығарады.

21. Қылтанғаалынғанзаттыәйнеккеұзынабойынасызыпжағады(қылтанныңекі

жағын дақолданады).

22. Жағындыныбекіткішпен бекітеді.

23. Айнаныңвинтіншешеді.

24. Айнанышығарады.

25. Айнаныдезинфекциялықерітіндігесалады.

26. Пациентке тұруұсынылады, гинекологиялықкресло дезинфекциялықерітіндімен

өңделеді.

27. Қолғаптардышешіпдезинфекциялықерітіндіге салады.

28. Қолдысабынмен немесе антисептикпен жуып, кептіреді.






Ескерту




7.Пациенттерді гормоналдық контрацепция әдісімен таныстыру.

Гормондық әдістер – бұл эстроген мен прогестерон, немесе тек прогестерон гормоны қолданылатын контрацептивтік әдіс.

• Екі гормон да етеккір айналымы кезінде ұрық жасушасының әйелдің аналық безінен шығуына (овуляцияға) кедергі келтіруге бағытталады. Оған организмнің басқа гормондарының деңгейіне әсер ету арқылы қол жеткізіледі.

• Прогестиндер сперманың (шәуеттің) жатырға түсіуіне кедергі келтіреді, ол үшін әйелдің жатырының маңайындағы сілемейді қою және жабысқақ етеді.

Таблеткалар жүктілікті болдырмас үшін бірнеше бағытта жұмыс істейді. Ұрықтануға қарсы таблеткалар овуляцияны тежейді, ұрық жасушасының аналық безден шықпауына ықпал етеді. Сондай-ақ, олар цервикалдық сілемейдің жағдайын өзгертіп, қоюырақ етеді, бұл сперманың (шәуеттің)жатырға жету үрдісін қиындатады. Ұрықтануға қарсы таблеткалар сондай-ақ, эндометрийдің жеткілікті дамуына – ұрықтанған ұрық жасушасын қабылдап, өсіруге мүмкіндік бермейді.

Бұл контрацепция әдісі жыныстық жолмен берілетін аурулардан қорғаныс бермейді.

Гормондық контрацепцияның түрлері:

• Эстроген мен прогестерон гормондары біріктірілген ұрықтануға қарсы, овуляцияны тежейтін таблеткалар.

• Прогестерон гормоны бар ұрықтануға қарсы таблеткалар, «мини-пили» деп аталады.

• Импланттар – шағын стерженьдер, хирургиялық жолмен тері астына орнатылады, олар овуляцияға қарсы үздіксіз прогестерон мөлшерлемесін шығарады.

• Тері пластырьлары (ОртоЭвра) иықта, бөкседе, немесе басқа ыңғайлы жерде орналастырылады. Олар ұдайы прогестерон мен эстроген шығарады. Басқа гормондық әдістер секілді оларды қолдану үшін рецептінің қажеті жоқ.

• Іншек сақинасы (НоваРинг) – икемді сақина, ені 2 см жуық, іншектің ішіне орналастырылады. Ол прогестерон мен эстроген шығарады.





Ескерту




8. Стандарт «Қынапты бүркіп жуу».

Мақсаты: - емдік

- гигиеналық

Көрсетілімдері: - операцияға дайындық

- жатыр мойны мен қынаптың қабынуы

Аурулары - кольпит

- эндоцервицит

- жатыр мойны эрозиясы

- жатыр қосалқыларының созылмалы аурулары.
Қарсы көрсетілімдері:

 Ішкі жыныс мүшелерінің жедел қабыну процесстері

 Жатырдан қан кету

 Етеккір

 Жүктілік

Ресурстар:

 Залалсызданған қолғаптар

 Эсмарх ыдысы немесе көлемі 1,5-2 литрлік шыны немесе пластмасса ұштығы бар спринцовка

 Емдік ерітінді

 Гинекологиялық айналар

 Корнцанг

 Залалсызданған шариктер

Іс – әрекет алгоритмі:

1. Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріңіз.

2. Гинекологиялық креслоны дезерітіндімен өңдеңіз.

3. Жеке жаялықты төсеп, әйелді соның үстіне жатқызыңыз.

4. Эсмарх ыдысын 1,5-2 литр биіктікке штативке бекітіңіз

5. Залалсызданған қолғапты киіңіз.

6. Техникасын сақтай отырып қныапқа гинекологиялық айнаны енгізіп, қынап пен жатыр мойнын ашыңыз.

7. Қынапқа эсмарх ыдысының ұштығын енгізіп, кранды ашыңыз.

8. Қынап қабырғалары мен қынап күмбездерін жуыңыз.

9. Құрғақ стерильді мақта шариктерімен қынап қабырғаларын құрғатыңыз

Техникасын сақтап гинекологиялық айнаны алып тастаңыз







Ескерту



9. Стандарт «Қынапты былау»

Мақсаты: емдік

Көрсетілімдері: - жатыр мойны мен қынаптың қабыну аурулары:

• кольпит

• эндоцервицит
Қарсы көрсетілімдері:

 Ішкі жыныс мүшелерінің жедел қабыну аурулары

 Жатырдан қан кету

 Етеккір

 Жүктілік

Ресурстар:

 Қолғаптар

 Екі жақтаулы гинекологиялық айна

 Емдік ерітінді

 Мақта шариктері

 Корнцанг

Іс – әрекет алгоритмі:

1. Гинекологиялық креслоға жеке жаялықты төсеп, пациентті жатқызыңыз.

2. Стерильді қолғаптарды киіңіз.

3. Техникасын сақтай отырып екі жақтаулы гинекологиялық айнаны енгізіп, ашыңыз және бекітіңіз.

4. Жатыр мойыны көрінетіндей етіп қынапты ашыңыз.

5. Қынапқа ерітіндінің алғашқы порциясын құйыңыз да, айнаны төмен еңкейтіп бірден төгіңіз.

6. Ерітіндінің екінші порциясын құйып қынапта 10-15 минутқа қалдырыңыз.

7. 10-15 минуттан соң ерітіндіні төгіңіз.

8. Құрғақ дәке шариктерімен қынап қабырғаларын құрғатыңыз.

Техникасын сақтай отырып гинекологиялық айнаны алып тастаңыз







Ескерту



10. Стандарт ʺҚынаптық тығынʺ

Мақсаты: емдік

Көрсетілімдер: -операцияға дайындық

-қабыну аурулары

Ресурстар: - дәкелі-мақталыʺқұйрықтыʺ

- екі жақтаулы гинекологиялық айна

- Эсмарх ыдысы немесе спринцовка

- қолғаптар

- дәке шариктері

-емдік заттар (ерітінді,май,эмульсия және т.б)

-корнцанг
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Гинекологиялық креслоға жеке жаялықты төсеп,пациентті жатқызыңыз.

2. Стерильді қолғаптарды киіңіз.

3. Екі жақтаулы гтнекологиялық айнаны абайлап енгізіңіз және қынапты ашып,айнаны бекітіңіз.

4. Спринцовкадағы ерітіндімен қынапты жуыңыз.

5. Қурғақ стерильді шарикпен қынап қабырғаларын құрғатыңыз.

6. Корнцангпен дәкелі-мақталы тығынды алып,оған май жағыңыз және қынапқа енгізіңіз.

7. Тығынды корнцанген ұстап тұрып,гинекологиялық айнаны шығарыңыз.

8. Корнцангты тығыннан алып,тығынның ʺқұйрығын ʺ сыртқа шығарыңыз.

9. Әйелге тығынды 10-12 сағаттан кейін,ʺқұйрығынанʺ тартып алып тастауын түсіндіріңіз.