Файл: 1. Стандарт Сырты жыныс азаларын карау Масаты сырты жыныс азаларыны жадайын анытау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 314

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





Ескерту




31 Стандарт “Шүйдемен алға қарап жатудағы босану биомеханизмі”

Бірінші сәт:бастың бүгілуі.Бас төбе жігімен жамбастық кіре беріс жазықтығының бір қиғаш өлшеміне қондырыла отырып,иіледі.Кіші еңбек жетекші нүкте болып табылады.Осы себепті бас жамбастан өзінің ең кіші өлшемімен (кіші қиғаш өлшем-9,5см, айналымы-32см)өтеді.

Екінші сәт:бастың іште бұрылуы. Бас жамбасқа түсе отырып шүйдесімен алға қарап іште бұрылыс жасайды.

Үшінші сәт:бастың шалқаюы.Шүйде ойығы қасағаның төменгі жиегіне келіп,бекіту нүктесі пайда болады,осының бойында басы шалқайып,бірінші шүйде,сосын самай,маңдай және беті туылады.

Төртінші сәт:басының сыртта және иықтарының іште бұрылыс жасауы. Иықтары басы секілді жамбасқа қиғаш өлшемімен түседі. Жамбас астауында іште бұрылыс жасап,жамбастың шыға берісінде тік өлшеміне қондырылады. Осы уақытта бас сыртта бұрылыс жасайды,бетімен анасының санына қарап орналасады. Алдыңғы иықтың 1/3 бөлігі қасаға буынының астына келіп бекіту нүктесін құрайды.Бекіту нүктесінің бойында тұлғасы иіледі.Ең алдымен артқы қолы туылады. Содан кейін тұлғасы,алдыңғы қолы,аяғы толық туылады.






Ескерту



32.Стандарт “Шүйдесімен артқа қарап босанудағы биомеханизмі”

Бірінші сәт:бастың иілуі.Бас төбе жігімен жамбастың кіре беріс жазықтығының бір қиғаш өлшеміне түсіп,иіледі. Жетекші нүкте кіші еңбек болып табылады. Бас жамбастан орта қиғаш өлшемінен өтеді(10см,айналымы-33см)

Екінші сәт:бастың іште бұрылуы. Бас жамбасқа түсе отырып шүйдесімен артқа қарап іште бұрылыс жасайды.

Үшінші сәт:екі топтан тұрады:бастың қосымша иілуімен және оның шалқаюымен.Бастың шаш өскен бөлігі шат сүйегінің төменгі бөлігіне келіп бірінші бекіту нүктесін құрайды, соның бойында бас қосымша иіледі. Осы уақытта сегізкөз бен құйымшақ байланысқан буынға шүйде ойығы келіп,екінші бекіту нүктесі түзіледі,осынын бойында бас шалқайып түгел туылады. Ары қарай босану шүйдесімен алға қарап туғандағыдай өтеді.

Төртінші сәт:бастың сыртта, иықтың іште бұрылуы. Иықтары бас секілді жамбасқа қиғаш өлшемімен түседі.Жамбас астауында ішкі бұрылысын аяқтап жамбастан шыға берісте тік өлшемімен орнығады. Осы уақытта бас бетімен анасының санына қарап сыртқы бұрылысын аяқтайды. Шат сүйегінің астына алдыңғы иықтың 1/3-і келіп тіреліп бекіту нүктесі пайда болады,соның бойында баланың тұлғасы иіледі. Бірінші астыңғы қолы туылады. Сосын тұлғасы шалқайып алдыңғы қолы,денесі,аяғы түгел туылады.







Ескерту


33.Стандарт «Босанудың 3 – ші кезеңін белсенді жүргізу»

Мақсаты : босанғаннан кейінгі кезеңде қан кетудің алдын алу (босанудың 3-ші кезеңін

белсенді жүргізу босанғаннан кейінгі қан кетудің деңгейін 2-2,5 есе

төмендетеді).

Ресурстар : босану залының құрал – жабдықтары, шприцте 10 БК окситоцин, жаңа

туылған нәрестеге арналған біріншілік жиынтық.

Іс – қимыл алгоритмі :

1. Нәресте туылғаннан кейін жатырда тағы бір ұрықтың жоқтығын пальпация арқылы

анықтаңыз, екінші ұрық болмаса – 10 БК окситоцинді сан аймағына бұлшық етке

енгізіңіз (нәрестенің алдыңғы иығы туылғанда).

2. Кіндікбауды бақылаумен тартып ұстаңыз.

3. Кіндікбауды аралыққа жақын жерден Кохер қысқышымен қысыңыз.Кіндікбау мен

қысқышты бір қолыңызбен ұстаңыз.

4. Екінші қолыңызды әйелдің қасағасынан жоғары орналастырып, жатырды ұстап

тұрыңыз (кіндікбаудан тартқанда жатырды жоғары бағыттаңыз).Бұл жатырдың

сыртқа айналып шығып кетпеуін қамтамасыз етеді.

5. Кіндікбауды тартып ұстап жатырдың жиырылуын күтіңіз (әдетте 2-3 минут).Жатырдың

жиырылғанын сезгенде және кіндікбау ұзарғанда,кіндікбауды өзіңізге қарай төмен

тартыңыз.

6. Егер бірінші толғақ кезінде баланың жолдасы туылмаса, тартуды әлсіретіңіз.

7. Кіндікбауды ақырын ұстап тұрып жатырдың келесі жиырылуын күтіңіз.

8. Жатыр келесі жиырылғанда кіндікбауды тартып, жатырды жоғары бағыттауды

қайталаңыз.

9. Ешқашан жатырды жоғары бағыттамай кіндікбауды төмен тартпаңыз.

10.Бала жолдасы туылғанда оны екі қолмен ұстап қағанақ қабықшалары туылғанша

бұраңыз.

11. Плацентаның бүтіндігіне көз жеткізу үшін оны мұқият қарап шығыңыз.

12. Бала жолдасы туылған соң жатырдың тонусын бағалаңыз және алдыңғы құрсақ

қабырғасы арқылы жатыр жиырылғанша жатырды уқалаңыз.

13. Жатырдың тонусын босанғаннан кейінгі бірінші сағатта әрбір 15 минут сайын, екінші

сағатта әрбір 30 минут сайын тексеріп тұрыңыз.






Ескерту


34.Стандарт «Экламсиядағы акушерканың іс-әрекеті»

Мақсаты: Жедел көмек көрсету.

Қажетті құрал-жабдықтар: ауызкергіш; тілұстағыш; ауа жібергіш; бетперде мен Амбу қапшығы, электросорғыш, оттегі, тонометр, фонендоскоп, секундомер, термометр, көк тамырға салатын катетерлер № 16-18, 25% магний сульфатының ерітіндісі, физиологиялық ерітінді, зәрдің резінке катеторы, корнцангтер, мақта және дәкелік шариктер, дәкелік тығындар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Бос персоналдың мобилизациясын жасаңыз (шақыру) акушер – гинекологты; анестезиологты; лаборантты;

2.Әйелдің жағдайын бағалаңыз: артериялық қан қысымын; тамыр соғысын; дене қызуын; тері жабындығын; дем алуының жиілігін;

3.Науқасты сол қырымен жатқызып, зақымдалудан сақтаңыз, бірақ қатты қыспаңыз.

4.Оттегімен қамтамасыз етіңіз.

5.Ауызкергіштің көмегімен жақты ашып, тілұстағышпен тілді ұстаңыз. Талма аяқталғаннан соң, керек болса ауыз қуысы мен жұтқыншақты тазалаңыз.

6. Перифериялық көктамырға (№,18, 16 катетер) катетеризация жасаңыз.Магнезиалдық терапияны бастаңыз. 7. 25 % - 20 мл магний сульфатын 10-15минут аралығында тіке баяу жіберіңіз (бастапқы дозасы)

8. Егер құрысу қайталанса көктамырға 10мл 25% магний сульфат ерітіндісін тіке баяу

10мин ішінде жіберіңіз

9.Дірілге бейімділік сақталса, көктамырға 2мл диазепам(реланиум,седуксен) ерітіндісін енгізу.

10. 25% - 80,0 мл магний сульфатын 320,0 физиологиялық ерітіндіге қосып к\т тамшылату, минутына 11-22 тамшыдан тамшылату (қолдаушы дозасы)

11. Тәуліктік диурезді анықтау мақсатында қуықты катетерлеу.








Ескерту


35.Стандарт «Вастен белгісін анықтау»

Зерттеу мақсаты: жатырдағы нәрестенің басының клиникалық сәйкес келмеуін анықтау.

Іс-әрекет алгоритмі.

1. Босанушы әйелге зерттеудің мақсатын түсіндіріңіз.

2. Оны төсекке аяғын тік создырып жатқызыңыз.

3. Босанушы әйелдің жанына тұрып, шатына алақаныңызды ашып қойып, содан кейін баланың басына қарай сырғытпа қимылмен қолды қимылдатыңыз.

Егерде қолдың саусақтары жоғарыға жылжығанда симфиздін жоғары тұрған нәрсеге тірелсе, онда ол баланың басы болып есептеледі. Ол симфизге тіреліп тұрады бірақ түсе алмайды, яғни оның өлшемі жамбастын өлшемімен сәйкес келмейді. Бұндай жағдай Вастеннің белгісі оң деп есептеледі.

Егерде саусақтың қабырғасы жоғарыға жылжытқанда симфиздің жоғарғы бөлігінен нәрестенің басына сырғып еркін қойылса онда бұл Вастеннің теріс белгісі болып табылады. Бұл баланың басының өлшемімен және ананың жамбас кіре беріс өлшемінің сәйкес келуін куәландырады.

Егерде қолдың саусақтарын кедергісіз шатының үстінен нәрестенің басымен бір жазықтықты қалдырып, симфиздің жоғары жағына ілгерілесе, сонымен қатар симфиздің беті және нәрестенің басы жатырдың шыға берісіне толық бекітілсе, бір жазықтықта орналасса-бұл Вастен тепе-тең болып табылады. Ол жатыр мен бастың сәл сәйкессіздігін куәландырады, ол нәрестенің басының жақсы конфигурациясы мен жақсы босану қызметі болса жеңеді. Тарылған жамбастан баланың басы еркін шығуына негіз бар.






Ескерту


36.Стандарт «Жамбаспен келгендегі босану биомеханизмі»

Жамбасымен келген ұрықтың босану каналымен жүруі жатыр мойнының толық ашылуы аяқталған соң басталады.

1. Құйрығы көлденең өлшемімен жамбастың бір қиғаш өлшеміне орнығады (linea intertrochanterica). Құйрығы қиғаш өлшемімен жамбасқа түседі, осы кезде алдыңғы құйрығы артқы құйрығынан төмен түсіп жетекші нүкте рөлін атқарады, онда босану ісігі орналасады.

2. Құйрығы жамбасқа түсе отырып іште бұрылыс жасайды, жамбас түбінде ол тік өлшеміне орнығады. Алдыңғы құйрығы шатқа, артқы құйрығы сегізкөзге қарап орнығады.

3. Сосын құйрығы тесіп, жарып шығады. Бірінші алдыңғы құйрығы жарып шығады, ол шатқа тіреліп, бекіту нүктесін құрайды. Бекіту нүктесінің бойында тұлғасы қатты бүйіріне иіліп, артқы құйрығы туылады, содан кейін артқы құйрығы толық туылады. Жамбасы туылғаннан кейін тұлғасы түзеліп, бала кіндігіне дейін, сосын жауырынының төменгі бұрышына дейін туылады, бұл кезде ол сәл арқасымен алдына қарай бұрылады.

4. Иығы көлденең өлшемімен жамбастың кіреберісінің қиғаш өлшеміне түседі. Жамбастан шығарда тік өлшеміне ауысады. Алдыңғы иығы шатқа тіреледі, бірінші артқы иығы, содан соң алдыңғы иығы туылады.

5. Бас бүгілген күйі жамбастың қиғаш өлшеміне түседі, шүйдесімен алға қарап іште бұрылыс жасайды. Шүйде ойығы шатқа тіреліп, бекіту нүктесі орнайды.

Жыныс ернеуінің бірінші иегі, сосын беті, маңдайы, төбесі және желкесі туылады. Басы кіші қиғаш өлшемімен туылады, дереу жарып шығуы арқасында өзінің дөңгелек пішінін сақтап қалады.

Аяқпен келгенде жыныс ернеуімен бір немесе екі аяғы көрінеді. Алдыңғы жүретін алдыңғы аяғы шатқа қарайды. Аяғы тізесіне дейін туылғанда құйрығы жамбасқа түседі. Одан кейінгі босану механизмі жоғарыдағыдай болады.